Қазақстан Президенті астаналық оқушылармен кездесті

1 Желтоқсан 2012, 15:02

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің орта оқу орындары мен мектептерінің көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлады BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астанадағы «Ақорда» резиденциясында өткен кездесуге Қазақстанның барлық өңірінен келген оқушылар, «Оқушы – көшбасшы» зияткерлік конкурсына қатысушылар, олимпиада жеңімпаздары қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға құттықтау сөз арнады. «Сіздер еліміздің тәуелсіздігі кезеңінде дүниеге келдіңіздер. Қазақстан да сіздердей жап-жас. Жастығына қарамастан бізді әлем таниды және барлық мемлекет пен халықаралық ұйымдар мойындаған. Біз бүгінде экономикасы орнықты және тұрақты елміз. Сіздер Қазақстанның дамуының, оның үлкен жетістіктерінің куәсісіздер. Қазақстан жерінде жаһандық іс-шаралар өтуде. Біз жақында ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығына ие болдық. Бұл отандық экономиканың дамуына, ииновациялық дамуға, орнықты экология мен «жасыл» экономиканы енгізуге зор мүмкіндіктер береді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан «Стратегия-2030» бағдарламасы жоспарлы түрде іске асырылып жатқанына тоқталды. Барлық міндеттер мен мақсаттар табысты орындалуда. Қазіргі уақытта 2050 жылға дейінгі стратегиялық жоспарлау міндеті тұр. Президент еліміздің ұзақ мерзімге арналған дамуының түрлі сценарийін ертерек жоспарлау қажеттігін айтып өтті. «Сіздер жақсы кезеңде өмір сүріп жатырсыздар. Мемлекет жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасап жатыр, өйткені, ХХІ ғасырдағылым мен білімнің деңгейі кез келген елдің әлемдік экономикадағы орнын анықтайды. Сіздер өз болашақтарыңыз - өз қолдарыңызда екенін, әркім өз бақытының ұстасы екенін есте ұстауларыңыз керек. Сіздердің қазіргі басты міндеттеріңіз – жақсы білім алу. Сондықтан мен шетелде мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы туралы бастама көтердім. Қазіргі кезде 8 мыңнан астам қазақстандық шетелде білім алды. Олардың көпшілігі бүгінде мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарады. Олар – бірнеше тіл білетін, білімді және даярлықтан өткен мамандар. Ал біздің елімізде қоғамды біріктіру ісінде мемлекеттік тіл ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық білуі қажет», – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Кездесу барысында мектеп оқушылары Нұрсұлтан Назарбаевты мемлекеттік мерекемен – Тұңғыш Президент Күнімен, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқын Астананың жеңіп алуымен құттықтады. «Менің ата-анам жиі айтады: Сіз қарапайым халыққа не қажет екенін жақсы білесіз. Өйткені, Сіз өзіңіз халықтан шыққан адамсыз, жұмысшыдан Президентке дейінгі жолдан өттіңіз», – деді Астанадағы №6 мектеп-гимназияның оқушысы Полина Чаюк. №35 мектеп-гимназиясының оқытушысы Әділ Сегізбай Мемлекет басшысына «Назарбаев Университетіне» түскісі келетін ой-арманын білдірді. «Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында бұтағы берік, тамыры мықты Бәйтерек секілді бүгінде Қазақстанның тұғыры нық тұр. Мен Сіз Америкада болған кезіңізде АҚШ Президенті Джордж Буштың «Джордж Вашингтон Америка үшін қандай болса, Сіз Қазақстан үшін сондайсыз» дегенін білемін. Джордж Вашингтон Америка мемлекетін құрды, ал Сіз, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің Тәуелсіздігімізді құрдыңыз», – деді Ә.Сегізбай Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Жұлдыз Қанафина Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген шығармаларын оқығанын, «Қазақстан жолы» еңбегі өзінің ең сүйікті кітабы екенін айтты. «Сіздің барлық кітаптарыңыз өте мазмұнды, оларда көптеген маңызды проблемалар көтеріліп, шешу жолдары қарастырылған. «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы» - бәрінде де Сіз біздің еліміздің қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін және Қазақстан орнықты және тұрақты даму жолына түсу үшін қандай тағдырлы шешім қабылдауға тура келгенін жан-жақты бейнелеп жаздыңыз», – деді Ж.Қанафина. Оқушылар «Қазақстандық жол» кітабының әлемдік экономикадағы заманауи үрдістердің даму қисыны ескерілген жаңа басылымы бола ма?» деген сұрақ қойып, оған нақты жауап алды. -«Әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың жағымсыз салдарлары және оларды еңсеру туралы мен түрлі сұхбат, мақала және баяндамаларымда әлденеше рет айттым. Біздің 2007-2009 жылдардағы әлемдік дағдарыс кезеңіндегі жұмыстарымыз оларды төл тарихымыз бен болашақ ұрпағымыз үшін жазып қалдыруға лайықты деп ойлаймын. Мемлекетіміздің енді 20-30 жыдан кейінгі дамуы қандай болатынын талдау және жоспарлау қажет», - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жас буынды «Ғаламтор ұрпағы» деп атайтынына тоқталды. Бірақ ақпараттық технологияларға ғана байланып қалуға болмайды, өмірлік барлық саласында белсенді болу маңызды. «Кітап оқып, ғылыми зерттеулерге, түрлі жаңалықтар мен идеяларға қызығушылық таныту керек, Мен «кітап оқитындар теледидар немесе Ғаламтор қарайтындарды басқаратын болады» деген сөзге терең ден қоямын», - деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларға әлемдік экономиканың үрдістері мен жаһандық экономикалық тұрақсыздықты еңсерудегі Қазақстанның іс-қимылы туралы әңгімелеп берді. «Бүгінде экономиканың озық технологиялар мен инновацияларға негізделген жаңа түрлері пайда болып, олар арқылы білім экономикасы жасалуда. Мұның барлығы елдер арасында бәсекелестіктің күшеюіне алып келеді. Мәселен, «ЭКСПО» әлемдік көрмесін өткізу барысында 100-ден астам ел инновациялық, экологиялық және техникалық бүкіл стандарттарға сай келетін өз өнімдерін әкеледі. Тағы бір маңызды үдеріс – қоршаған ортаға түсетін күші азайту барысында өндірістің тиімділігін арттыратын «жасыл экономика» құру. Бәсекеге қабілеттілігімізді арттыра түсу үшін Қазақстан жаңа жаһандық талаптарға сай болу жолында жұмыс істеуге тиіс», - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев барлық экономикалық өзгерістер мен әлеуметтік бағдарламалар қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын атап өтті. Физика олимпиадасының жүлдегері, Павлодар қаласындағы №8 мектеп-лицейінің оқушысы Иван Сенюшкин «Назарбаев университетіндегі» Мемлекет басшысының инновациялық-индустриялық дамудың маңызы туралы лекциясы есінде қалғанын айтты. Ол жақсы оқып, олимпиадаларда жеңіске жете беруге уәде етті. «Менің физик болғым келеді және физика, математика пәндерінен халықаралық олимпиадаларға қатысып жүрмін. Физикада Ньютонның, Фарадейдің, Эйнштейннің заңдары бар. Ал мен үшін басты заң – Сіздің қазақстандық жастарға берген батаңыз: оқу, еңбек ету және жеңіске жету», - деді И.Сенюшкин. Химия олимпиадасының алтын медалінің иегері, Тараз қаласындағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы Қайрат Әшім Қазақстан Президенті өмір сүріп, еңбек еткен орындарда – Шамалғанда, Қаскелеңде, Теміртауда және Украинада болғанын әңгімеледі. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары Қазақстанда жасалған игіліктің бәрі қазақстандық балалар мен жастар үшін жасалғанын атап өтті. «Әрқашан алға қойған мақсаттарыңа жетіңдер. Қиындықтардан қорықпаңдар. Өмірдегі басты қағидаларың осы болсын. Мен сендерге биіктерге батыл ұмтылуды тілеймін. Біздің Отанымызды – Қазақстанды сүйіңдер, нағыз патриот болыңдар. Өздеріңнің қазақстандық екендеріңді мақтан тұтыңдар», - деді Елбасы. Кездесу қорытындысында Қазақстан Президенті оқушыларға жақсы оқып, алға қойған барлық мақсаттарына жете беруді тіледі.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің орта оқу орындары мен мектептерінің көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлады BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадағы «Ақорда» резиденциясында өткен кездесуге Қазақстанның барлық өңірінен келген оқушылар, «Оқушы – көшбасшы» зияткерлік конкурсына қатысушылар, олимпиада жеңімпаздары қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға құттықтау сөз арнады.

«Сіздер еліміздің тәуелсіздігі кезеңінде дүниеге келдіңіздер. Қазақстан да сіздердей жап-жас. Жастығына қарамастан бізді әлем таниды және барлық мемлекет пен халықаралық ұйымдар мойындаған. Біз бүгінде экономикасы орнықты және тұрақты елміз. Сіздер Қазақстанның дамуының, оның үлкен жетістіктерінің куәсісіздер. Қазақстан жерінде жаһандық іс-шаралар өтуде. Біз жақында ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығына ие болдық. Бұл отандық экономиканың дамуына, ииновациялық дамуға, орнықты экология мен «жасыл» экономиканы енгізуге зор мүмкіндіктер береді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан «Стратегия-2030» бағдарламасы жоспарлы түрде іске асырылып жатқанына тоқталды. Барлық міндеттер мен мақсаттар табысты орындалуда. Қазіргі уақытта 2050 жылға дейінгі стратегиялық жоспарлау міндеті тұр. Президент еліміздің ұзақ мерзімге арналған дамуының түрлі сценарийін ертерек жоспарлау қажеттігін айтып өтті.

«Сіздер жақсы кезеңде өмір сүріп жатырсыздар. Мемлекет жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасап жатыр, өйткені, ХХІ ғасырдағылым мен білімнің деңгейі кез келген елдің әлемдік экономикадағы орнын анықтайды. Сіздер өз болашақтарыңыз - өз қолдарыңызда екенін, әркім өз бақытының ұстасы екенін есте ұстауларыңыз керек. Сіздердің қазіргі басты міндеттеріңіз – жақсы білім алу. Сондықтан мен шетелде мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы туралы бастама көтердім. Қазіргі кезде 8 мыңнан астам қазақстандық шетелде білім алды. Олардың көпшілігі бүгінде мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарады. Олар – бірнеше тіл білетін, білімді және даярлықтан өткен мамандар. Ал біздің елімізде қоғамды біріктіру ісінде мемлекеттік тіл ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық білуі қажет», – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында мектеп оқушылары Нұрсұлтан Назарбаевты мемлекеттік мерекемен – Тұңғыш Президент Күнімен, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқын Астананың жеңіп алуымен құттықтады.

«Менің ата-анам жиі айтады: Сіз қарапайым халыққа не қажет екенін жақсы білесіз. Өйткені, Сіз өзіңіз халықтан шыққан адамсыз, жұмысшыдан Президентке дейінгі жолдан өттіңіз», – деді Астанадағы №6 мектеп-гимназияның оқушысы Полина Чаюк.

№35 мектеп-гимназиясының оқытушысы Әділ Сегізбай Мемлекет басшысына «Назарбаев Университетіне» түскісі келетін ой-арманын білдірді.

«Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында бұтағы берік, тамыры мықты Бәйтерек секілді бүгінде Қазақстанның тұғыры нық тұр. Мен Сіз Америкада болған кезіңізде АҚШ Президенті Джордж Буштың «Джордж Вашингтон Америка үшін қандай болса, Сіз Қазақстан үшін сондайсыз» дегенін білемін. Джордж Вашингтон Америка мемлекетін құрды, ал Сіз, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің Тәуелсіздігімізді құрдыңыз», – деді Ә.Сегізбай

Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Жұлдыз Қанафина Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген шығармаларын оқығанын, «Қазақстан жолы» еңбегі өзінің ең сүйікті кітабы екенін айтты.

«Сіздің барлық кітаптарыңыз өте мазмұнды, оларда көптеген маңызды проблемалар көтеріліп, шешу жолдары қарастырылған. «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы» - бәрінде де Сіз біздің еліміздің қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін және Қазақстан орнықты және тұрақты даму жолына түсу үшін қандай тағдырлы шешім қабылдауға тура келгенін жан-жақты бейнелеп жаздыңыз», – деді Ж.Қанафина.

Оқушылар «Қазақстандық жол» кітабының әлемдік экономикадағы заманауи үрдістердің даму қисыны ескерілген жаңа басылымы бола ма?» деген сұрақ қойып, оған нақты жауап алды.

-«Әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың жағымсыз салдарлары және оларды еңсеру туралы мен түрлі сұхбат, мақала және баяндамаларымда әлденеше рет айттым. Біздің 2007-2009 жылдардағы әлемдік дағдарыс кезеңіндегі жұмыстарымыз оларды төл тарихымыз бен болашақ ұрпағымыз үшін жазып қалдыруға лайықты деп ойлаймын. Мемлекетіміздің енді 20-30 жыдан кейінгі дамуы қандай болатынын талдау және жоспарлау қажет», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жас буынды «Ғаламтор ұрпағы» деп атайтынына тоқталды. Бірақ ақпараттық технологияларға ғана байланып қалуға болмайды, өмірлік барлық саласында белсенді болу маңызды.

«Кітап оқып, ғылыми зерттеулерге, түрлі жаңалықтар мен идеяларға қызығушылық таныту керек, Мен «кітап оқитындар теледидар немесе Ғаламтор қарайтындарды басқаратын болады» деген сөзге терең ден қоямын», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларға әлемдік экономиканың үрдістері мен жаһандық экономикалық тұрақсыздықты еңсерудегі Қазақстанның іс-қимылы туралы әңгімелеп берді.

«Бүгінде экономиканың озық технологиялар мен инновацияларға негізделген жаңа түрлері пайда болып, олар арқылы білім экономикасы жасалуда. Мұның барлығы елдер арасында бәсекелестіктің күшеюіне алып келеді. Мәселен, «ЭКСПО» әлемдік көрмесін өткізу барысында 100-ден астам ел инновациялық, экологиялық және техникалық бүкіл стандарттарға сай келетін өз өнімдерін әкеледі. Тағы бір маңызды үдеріс – қоршаған ортаға түсетін күші азайту барысында өндірістің тиімділігін арттыратын «жасыл экономика» құру. Бәсекеге қабілеттілігімізді арттыра түсу үшін Қазақстан жаңа жаһандық талаптарға сай болу жолында жұмыс істеуге тиіс», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық экономикалық өзгерістер мен әлеуметтік бағдарламалар қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын атап өтті.

Физика олимпиадасының жүлдегері, Павлодар қаласындағы №8 мектеп-лицейінің оқушысы Иван Сенюшкин «Назарбаев университетіндегі» Мемлекет басшысының инновациялық-индустриялық дамудың маңызы туралы лекциясы есінде қалғанын айтты. Ол жақсы оқып, олимпиадаларда жеңіске жете беруге уәде етті.

«Менің физик болғым келеді және физика, математика пәндерінен халықаралық олимпиадаларға қатысып жүрмін. Физикада Ньютонның, Фарадейдің, Эйнштейннің заңдары бар. Ал мен үшін басты заң – Сіздің қазақстандық жастарға берген батаңыз: оқу, еңбек ету және жеңіске жету», - деді И.Сенюшкин.

Химия олимпиадасының алтын медалінің иегері, Тараз қаласындағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы Қайрат Әшім Қазақстан Президенті өмір сүріп, еңбек еткен орындарда – Шамалғанда, Қаскелеңде, Теміртауда және Украинада болғанын әңгімеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары Қазақстанда жасалған игіліктің бәрі қазақстандық балалар мен жастар үшін жасалғанын атап өтті.

«Әрқашан алға қойған мақсаттарыңа жетіңдер. Қиындықтардан қорықпаңдар. Өмірдегі басты қағидаларың осы болсын. Мен сендерге биіктерге батыл ұмтылуды тілеймін. Біздің Отанымызды – Қазақстанды сүйіңдер, нағыз патриот болыңдар. Өздеріңнің қазақстандық екендеріңді мақтан тұтыңдар», - деді Елбасы.

Кездесу қорытындысында Қазақстан Президенті оқушыларға жақсы оқып, алға қойған барлық мақсаттарына жете беруді тіледі.

Бөлісу: