Бүгін - Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні

3 Желтоқсан 2013, 09:45

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы 1983-1992 жылдардағы мүгедектер онжылдығының аяқталуына орай 3-желтоқсанды мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Өмірде сау бала мен сал баланы бөліп жаруға болмайды. Олардың барлығына бірдей көзқарас танытуымыз қажет. Тағдырдың маңдайға жазғаны сол болса одан ешкім қашып  құтыла алмайды. Атаулы күні - тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды. Мүгедек жандарға тосырқап қараудың орнына, керісінше мейірім-шапағатпен қараған жөн болар. БҰҰ мәліметтері бойынша ғаламшар тұрғындарының әр 10-ыншысының яғни 600 миллионының мүмкіндігі шектеулі. Олардың 490 мыңға жуығы - қазақстандықтар.

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы 1983-1992 жылдардағы мүгедектер онжылдығының аяқталуына орай 3-желтоқсанды мүгедектер күні деп жариялады.

Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Өмірде сау бала мен сал баланы бөліп жаруға болмайды. Олардың барлығына бірдей көзқарас танытуымыз қажет. Тағдырдың маңдайға жазғаны сол болса одан ешкім қашып  құтыла алмайды.

Атаулы күні - тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды. Мүгедек жандарға тосырқап қараудың орнына, керісінше мейірім-шапағатпен қараған жөн болар.

БҰҰ мәліметтері бойынша ғаламшар тұрғындарының әр 10-ыншысының яғни 600 миллионының мүмкіндігі шектеулі. Олардың 490 мыңға жуығы - қазақстандықтар.

Бөлісу: