Өмірмен жанды байланыс

28 Қараша 2013, 20:22

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Т.Әлжан    Өмірмен жанды байланыс                          Уақыт тезінен өткен тарих көшін бағамдау-адамзаттың парызы. Өткенге көз жіберіп, құндылықтарды танып, білу тәуелсіз мемлекет үшін аса қажет. Рухымызды биіктетер рухани мұра сабақтастығының бүгін де, ертең де заман ағымынан өшпейтіні анық. Жалпы табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындыларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім- тәрбие беретін ғылыми, мәдени және рухани мекеме-музейдің бұл ретте маңызы зор. Сондықтан да бүгінгі күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде қайталанбас аса құнды, бағалы жәдігерлер сақталуда. Сондай жәдігерлердің бірі  бір ғасырдан астам тарихы бар қабырға сағаты.       Бұл қабырға сағаты Қызылорда қаласының тұрғыны Маланино отбасында 38 жыл тұрған. Мұнан соң оның ағасы Жилиновскийдің үйінде 60 жылдай сақталған. Шамамен 130 жылдық тарихы бар қабырға сағаты осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1979 жылы 26 желтоқсанда, сол кездегі құны 75 сомға сатып алынып, облыстық музейге өткізілген. Кітап № 4, КЗМ КП 3121.       Жалпы сағаттың шығу тарихын қысқаша айта кететін болсақ, уақытты санаудың ең қарапайым құралы-күн сағаты болған. Оны жасап алудың еш қиындығы жоқ еді: жазық алаңқайдың ортасына қазықша қағылады; күн ашықта әлгі қазық қазіргі сағаттардың уақыт көрсететін бөліктеріне сәйкес сызылып қойылған алаңқайға өзінің көлеңкесін түсіріп тұрады. Күн бойы көлеңке үздіксіз жылжып отырады, сөйтіп оның жылжу қалпына қарап, адамдар күн мезгілін анықтаған. Бірақ мұндай сағаттар бұлтты күндері немесе түнде уақыт көрсете алмайтын еді. Сондықтан да адамдар уақыт анықтаудың басқа жолдарын қарастыра бастайды. Сөйтіп су сағаты ойластырылып табылған болатын.            Су сағаттары немесе клепсидра. Негізгі механизмі құм сағаттар тәрізді. Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшылап құйылып тұратын. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары көтеріліп немесе төмен түсіп, уақыттың дәл мезгілін білдірген. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсете беретін-тек суын еселеп отыруды ұмытпасаң, болғаны. Ал құм сағаты болса, осы заманға дейін пайдаланылып келеді. Мұнда құм екі шыны сауыттан олардың тұтасқан тар мойыны арқылы бір-біріне алма-кезек сыздықтап, сусып ағып тұрады.             Механикалық сағаттар жөніндегі алғашқы деректі ғалымдар ежелгі византиялық қолжазба нұсқалардан тапты. Бұл кезең 578 жылмен тұспа-тұс келеді. Алғашқы механикалық  сағаттардың тек бір ғана-сағаттық тілі болған. Ал механикалық гирлі (кір тасты) мұнара сағаты 996 жылы  және Милонда 1335ж, 1348-1364 жылдары Италияда жасалған. Россияда алғашқы мұнара сағаты, 1404 жылы Мәскеу Кремльіне орнатылды. Периодты процестерге байланысты сағат, күн сағаты, су сағаты, құм сағаты, шпинделді, маятникті, балансирлі, кварц және атом сағаты болып, ал жасалу түріне қарай қалта сағаты, үстел сағаты, қабырға және мұнара сағаты болып көрсетіледі.        Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты. Маятник (ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша) бірқалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады. Бұған қоса, сағаттың барлығында да энергия көзі болып табылатын ең қажетті бөлшек болуға тиіс. Ол - салма тас, не болат серіппе, немесе электр батареясы.       ХҮІІІ ғасырдың ІІ-жартысында Россияда сол кездегі мықтыларымыз, конструкторшылар, инженер механиктер Кулибин, Волосков, Собакиндердің ойлап тапқан ерекше механизмдер мен автоматиканың дамуына көп әсер етті. Әсіресе «Планеталық» қолға ұстайтын жаңа жүйелік сағатты шығарды. Сағаттың ерекшелігі сол -ол да бұрыңғыдай сағат, минут пен секундтан басқа ай мен апта, жылдық мезгілі және ай фазасының мерзімі, күннің шығуы мен батуын көрсетіп тұрады.       Енді музей қорында сақталған І ғасырдан астам тарихы бар қабырға сағаты туралы айта кететін болсақ, уақыт көрсеткіш бұл дүние ХІХ ғасырдың соңында Мәскеу қаласында орналасқан Щвецарь компаниясының «Мозер» фирмасынан шығарылған. Сағаттың ұзындығы 84 сантиметр, ал ені 30 сантиметр болатын төрт бұрышты сопақша келген ағаш қорапқа бекітілген. Сағат көрніп тұру үшін қораптың бетін әйнекпен бекітіп, ашпалы-жаппалы етіп жасаған. Сағаттың өз пішіні домалақ күн тірізді, оның циврблоты рим цифрмен жазылса, оған қоса төменгі тұсында жәй реттік нөмірімен жазылған. Ағаш қораптың алдыңғы жағында және шеттерінде сары жезден (сымнан) геометриялық гүл тәрізді ою-өректерімен өрнектеліп безендірілген. Сағат балансирлі, гирлі (кір тасы) әсерімен қозғалысқа келеді. Сағаттың артқы жағында «Мозер Москва» деген арнайы дөңгелек мөрі басылған.      Музейде сақталған тарихи сағат бір бұл ғана емес, мұнда ескі үлгідегі қолға ұстайтын сағат, теміржолда пайдалану үшін жасалған қабырға сағаты және кеме сағаты, қалта сағаттардың неше түрлері сақталуда.       Талай тарих сындарында көмескеленіп қала жаздаған құндылықтармен мәдени мұраларды ұрпаққа жеткізер-музейді мәдениеттің ғибадатханасы десек артық емес.   Пайдаланған әдебиеттер:   1. "Қазақ совет энциклопедиясы"  9 том, 605-606 бет.     2. «Большая советская энциклопедия» 47 том, стр. 56-60      

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Т.Әлжан

 

 Өмірмен жанды байланыс

                  

      Уақыт тезінен өткен тарих көшін бағамдау-адамзаттың парызы. Өткенге көз жіберіп, құндылықтарды танып, білу тәуелсіз мемлекет үшін аса қажет. Рухымызды биіктетер рухани мұра сабақтастығының бүгін де, ертең де заман ағымынан өшпейтіні анық. Жалпы табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындыларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім- тәрбие беретін ғылыми, мәдени және рухани мекеме-музейдің бұл ретте маңызы зор. Сондықтан да бүгінгі күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде қайталанбас аса құнды, бағалы жәдігерлер сақталуда. Сондай жәдігерлердің бірі  бір ғасырдан астам тарихы бар қабырға сағаты.

      Бұл қабырға сағаты Қызылорда қаласының тұрғыны Маланино отбасында 38 жыл тұрған. Мұнан соң оның ағасы Жилиновскийдің үйінде 60 жылдай сақталған. Шамамен 130 жылдық тарихы бар қабырға сағаты осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1979 жылы 26 желтоқсанда, сол кездегі құны 75 сомға сатып алынып, облыстық музейге өткізілген. Кітап № 4, КЗМ КП 3121. 

     Жалпы сағаттың шығу тарихын қысқаша айта кететін болсақ, уақытты санаудың ең қарапайым құралы-күн сағаты болған. Оны жасап алудың еш қиындығы жоқ еді: жазық алаңқайдың ортасына қазықша қағылады; күн ашықта әлгі қазық қазіргі сағаттардың уақыт көрсететін бөліктеріне сәйкес сызылып қойылған алаңқайға өзінің көлеңкесін түсіріп тұрады. Күн бойы көлеңке үздіксіз жылжып отырады, сөйтіп оның жылжу қалпына қарап, адамдар күн мезгілін анықтаған. Бірақ мұндай сағаттар бұлтты күндері немесе түнде уақыт көрсете алмайтын еді. Сондықтан да адамдар уақыт анықтаудың басқа жолдарын қарастыра бастайды. Сөйтіп су сағаты ойластырылып табылған болатын.    

       Су сағаттары немесе клепсидра. Негізгі механизмі құм сағаттар тәрізді. Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшылап құйылып тұратын. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары көтеріліп немесе төмен түсіп, уақыттың дәл мезгілін білдірген. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсете беретін-тек суын еселеп отыруды ұмытпасаң, болғаны. Ал құм сағаты болса, осы заманға дейін пайдаланылып келеді. Мұнда құм екі шыны сауыттан олардың тұтасқан тар мойыны арқылы бір-біріне алма-кезек сыздықтап, сусып ағып тұрады.       

     Механикалық сағаттар жөніндегі алғашқы деректі ғалымдар ежелгі византиялық қолжазба нұсқалардан тапты. Бұл кезең 578 жылмен тұспа-тұс келеді. Алғашқы механикалық  сағаттардың тек бір ғана-сағаттық тілі болған. Ал механикалық гирлі (кір тасты) мұнара сағаты 996 жылы  және Милонда 1335ж, 1348-1364 жылдары Италияда жасалған. Россияда алғашқы мұнара сағаты, 1404 жылы Мәскеу Кремльіне орнатылды. Периодты процестерге байланысты сағат, күн сағаты, су сағаты, құм сағаты, шпинделді, маятникті, балансирлі, кварц және атом сағаты болып, ал жасалу түріне қарай қалта сағаты, үстел сағаты, қабырға және мұнара сағаты болып көрсетіледі. 

      Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты. Маятник (ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша) бірқалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады. Бұған қоса, сағаттың барлығында да энергия көзі болып табылатын ең қажетті бөлшек болуға тиіс. Ол - салма тас, не болат серіппе, немесе электр батареясы.

      ХҮІІІ ғасырдың ІІ-жартысында Россияда сол кездегі мықтыларымыз, конструкторшылар, инженер механиктер Кулибин, Волосков, Собакиндердің ойлап тапқан ерекше механизмдер мен автоматиканың дамуына көп әсер етті. Әсіресе «Планеталық» қолға ұстайтын жаңа жүйелік сағатты шығарды. Сағаттың ерекшелігі сол -ол да бұрыңғыдай сағат, минут пен секундтан басқа ай мен апта, жылдық мезгілі және ай фазасының мерзімі, күннің шығуы мен батуын көрсетіп тұрады.

      Енді музей қорында сақталған І ғасырдан астам тарихы бар қабырға сағаты туралы айта кететін болсақ, уақыт көрсеткіш бұл дүние ХІХ ғасырдың соңында Мәскеу қаласында орналасқан Щвецарь компаниясының «Мозер» фирмасынан шығарылған. Сағаттың ұзындығы 84 сантиметр, ал ені 30 сантиметр болатын төрт бұрышты сопақша келген ағаш қорапқа бекітілген. Сағат көрніп тұру үшін қораптың бетін әйнекпен бекітіп, ашпалы-жаппалы етіп жасаған. Сағаттың өз пішіні домалақ күн тірізді, оның циврблоты рим цифрмен жазылса, оған қоса төменгі тұсында жәй реттік нөмірімен жазылған. Ағаш қораптың алдыңғы жағында және шеттерінде сары жезден (сымнан) геометриялық гүл тәрізді ою-өректерімен өрнектеліп безендірілген. Сағат балансирлі, гирлі (кір тасы) әсерімен қозғалысқа келеді. Сағаттың артқы жағында «Мозер Москва» деген арнайы дөңгелек мөрі басылған.

     Музейде сақталған тарихи сағат бір бұл ғана емес, мұнда ескі үлгідегі қолға ұстайтын сағат, теміржолда пайдалану үшін жасалған қабырға сағаты және кеме сағаты, қалта сағаттардың неше түрлері сақталуда.

      Талай тарих сындарында көмескеленіп қала жаздаған құндылықтармен мәдени мұраларды ұрпаққа жеткізер-музейді мәдениеттің ғибадатханасы десек артық емес.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. "Қазақ совет энциклопедиясы"  9 том, 605-606 бет.

  

 2. «Большая советская энциклопедия» 47 том, стр. 56-60

 

 

 

Бөлісу: