Қазақтың қорғаныс жарақтары

28 Қараша 2013, 20:13

Жүздеген жылдар бойы әлемде Ұлы дала көшпелілерінің жауынгерлік өнеріне  теңесер халық болмағаны тарихтағы ақиқат. Оның басты себебі көшпелілердің әскери ісі деңгейінің биік дәрежеде болуымен қатар соғыс кезінде пайдаланған қару жарақтарының бірқатар артылықшылықтарында еді. Қару жарақтың дамуына еліміздің аумағында әр кезеңдерде мекен еткен көшпелі тайпалар мен халықтардың барлығы да өз үлестерін қосты. Сол халықтардың тарихи мұрагері болып саналатын қазіргі қазақ халқында ғана сан ғасырлар бойы көшпелілер пайдаланған қару жарақтардың барлық сипаттары сақталып қалды. Солардың ішінде қорғаныс жарақтарын ерекше айтуымызға болады. Қорғаныс жарақтарына негізінен сауыт кіреді. Қазақтар сауыттың бірнеше түрін жасаған. Атап айтқанда көбе сауыт, шығыршықты сауыт (кіреуке сауыт, зере сауыт, бек сауыт), тақталы сауыт (береңгілі сауыт), жалаңқат сауыт, қаттама сауыт. .(Ахметжан Қ. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы.- Алматы:Алматыкітап, 2006.- 130-141 б.  ) Қазіргі уақытта Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында  кіреуке сауыттың үш түрі бар. Бұл сауыттардың жасалу ерекшелігі дөңгелек металл шығыршықтардан өрілген. Зерттеулерге сүйенсек  қазақ жауынгерлері жиі қолданған сауыттың негізгі түрі болған. Белгілі зерттеуші Қалиолла Ахметжанның айтуынша тамаша техникалық және қорғаныс қасиетіне байланысты кіреуке Шығыс жауынгерлерінің ең көп қолданған сауыт түрі болған. Кіреуке шығыршықтары болат сымнан кесіліп алынып, дөңгелене иіліп, ұштары шегемен немесе пісіріп дәнекерлеу арқылы бекітілді. Шығыршықтарының ішкі диаметрі «көз» деп аталған. Сонымен қатар қазақтар шығыршық көздерінің көлеміне сәйкес торғай көз, шөже көз және бадана көз деп аталатын үш түрін айырған екен.(Ахметжан Қ. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. – Алматы:Алматыкітап, 2006. - 133-137 б.) Бірінші сауыттың шығыршықтары темірден тұтас шабылып алынған. (1-сурет) Өрімінде тек бір түрі ғана қолданылып өрілген. Кіреукелерінің диаметрі 0,7-0,9 см. Кіреуке көздерінің өлшеміне байланысты сауыт торғай көз кіреукелерден жасалған екен (2-сурет) Сауыттың ұзындығы 75-80 см аралығында, ені жеңдерімен бірге алғанда 100-105 см, бел тұсында 65-70 см, Етегіне жырым салынбаған. Сауыттың салмағы 8 - 9 кг. Сауыттың жағасы болмағандықтан кіреуке сауыттың ең көп кездесетін түріне жатады. Сауыт (түгендеу нөмірі КЗМ КП 67/1) музей қорына 1968 жылы өткізілген. Ғылыми зерттеу барысында сауыттың пайдаланған мерзімі ХҮІІІ ғасыр деп көрсетілген. (№1 түсім кітабы) Екінші сауыттың шығыршықтары темірден тұтас шабылып алынған  (3-сурет) Бұл сауыттың да өрімінде шығыршықтардың бір түрі ғана қолданылған.  Сауыттың ұзындығы – 80 см. Кеуде тұсымен жеңін қоса есептегенде 110 см. Кіреукелерінің диаметрі 0,8-0,9 см. Артынан және алдынан 15-20 см жырымдары бар. Сауыттың салмағы – 7-8 кг. Бұл сауыттың да жағасы жоқ. Сауыт (түгендеу нөмірі КЗМ КП 67) музей қорына 1968 жылы қабылданған. Арнайы зерттеулерден кейін сауыт ХҮІІІ ғасырмен мерзімделген. Үшінші сауыт қазіргі уақытта жасалған (4-сурет). Сауыттың авторы  Қызылорда қаласының тұрғыны қолөнер шебері Б.Жақыпов. Сауыт (түгендеу нөмірі -  КЗМ КП 6452) музей қорына 2005 жылы өткізілген. (№ 17 түсім кітабы) Сауыттың ұзындығы – 75-80 см. Кеуде тұсын жеңімен қоса есептегенде 105 см. Кіреуке шығыршықтарының диаметрі 1,2-1,3 см. Кіреуке көзінің өлшеміне байланысты бадана көз кіреуке деп атайды. Мұндай кіреукенің берік болғандығы жөнінде ауыз әдебиетінде: “Таямай атса оқ өтпес, Шуақ шықса, күн өтпес. Жағасы алтын, жеңі жез, Бадана көзді ақ сауыт, Бекітіп соққан Ер Дәулет” (“Қобыланды батыр”) деп жырға қосқан. Кейбір деректерде сауыттың бұл түрі кейін орыстарға ауысып, олар мұны түркі тіліндегі өз атауымен “бадана” немесе “байдана” деп атаған (Айбын энциклопедиясы.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»  2011.- 880 б) Сауыттың төменгі жағының оң және сол жағында 15-20 см жырымдары бар. Салмағы 12-15 кг   Кіреукені тоқығанда шеберлер сауыттың беріктігін ғана емес, әсемдігін де ескеріп отырған. Сондықтан әшекей ретінде кіреуке өрімінде түсті металдан жасалған шығыршықтар да пайдаланылды. Ауыз әдебиетінде жағалары алтын шығыршықтан өрілген, жеңдері жез шығыршықтардан өрілген кіреуке сауыттар айтылады. Бірақ мұндай кіреуке сауыттар сирек кездеседі. Қазақтар кіреуке сауытты ХІХ ғасырға дейін қолданған. Қазіргі уақытта кіреуке сауыттар жеке адамдардың коллекцияларында кездеседі. Ал,  белгілі қазақ батырларының сауыттары киелі дүние ретінде саналып ұрпақтарының қолында сақтаулы.   Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Археология және этнография бөлімінің  ғылыми қызметкері О.Избастева                                                                                                               

Жүздеген жылдар бойы әлемде Ұлы дала көшпелілерінің жауынгерлік өнеріне  теңесер халық болмағаны тарихтағы ақиқат. Оның басты себебі көшпелілердің әскери ісі деңгейінің биік дәрежеде болуымен қатар соғыс кезінде пайдаланған қару жарақтарының бірқатар артылықшылықтарында еді. Қару жарақтың дамуына еліміздің аумағында әр кезеңдерде мекен еткен көшпелі тайпалар мен халықтардың барлығы да өз үлестерін қосты. Сол халықтардың тарихи мұрагері болып саналатын қазіргі қазақ халқында ғана сан ғасырлар бойы көшпелілер пайдаланған қару жарақтардың барлық сипаттары сақталып қалды. Солардың ішінде қорғаныс жарақтарын ерекше айтуымызға болады.

Қорғаныс жарақтарына негізінен сауыт кіреді. Қазақтар сауыттың бірнеше түрін жасаған. Атап айтқанда көбе сауыт, шығыршықты сауыт (кіреуке сауыт, зере сауыт, бек сауыт), тақталы сауыт (береңгілі сауыт), жалаңқат сауыт, қаттама сауыт. .(Ахметжан Қ. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы.- Алматы:Алматыкітап, 2006.- 130-141 б.  )

Қазіргі уақытта Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында  кіреуке сауыттың үш түрі бар. Бұл сауыттардың жасалу ерекшелігі дөңгелек металл шығыршықтардан өрілген. Зерттеулерге сүйенсек  қазақ жауынгерлері жиі қолданған сауыттың негізгі түрі болған.

Белгілі зерттеуші Қалиолла Ахметжанның айтуынша тамаша техникалық және қорғаныс қасиетіне байланысты кіреуке Шығыс жауынгерлерінің ең көп қолданған сауыт түрі болған. Кіреуке шығыршықтары болат сымнан кесіліп алынып, дөңгелене иіліп, ұштары шегемен немесе пісіріп дәнекерлеу арқылы бекітілді. Шығыршықтарының ішкі диаметрі «көз» деп аталған. Сонымен қатар қазақтар шығыршық көздерінің көлеміне сәйкес торғай көз, шөже көз және бадана көз деп аталатын үш түрін айырған екен.(Ахметжан Қ. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. – Алматы:Алматыкітап, 2006. - 133-137 б.)

Бірінші сауыттың шығыршықтары темірден тұтас шабылып алынған. (1-сурет) Өрімінде тек бір түрі ғана қолданылып өрілген. Кіреукелерінің диаметрі 0,7-0,9 см. Кіреуке көздерінің өлшеміне байланысты сауыт торғай көз кіреукелерден жасалған екен (2-сурет) Сауыттың ұзындығы 75-80 см аралығында, ені жеңдерімен бірге алғанда 100-105 см, бел тұсында 65-70 см, Етегіне жырым салынбаған. Сауыттың салмағы 8 - 9 кг. Сауыттың жағасы болмағандықтан кіреуке сауыттың ең көп кездесетін түріне жатады. Сауыт (түгендеу нөмірі КЗМ КП 67/1) музей қорына 1968 жылы өткізілген. Ғылыми зерттеу барысында сауыттың пайдаланған мерзімі ХҮІІІ ғасыр деп көрсетілген. (№1 түсім кітабы)

Екінші сауыттың шығыршықтары темірден тұтас шабылып алынған  (3-сурет) Бұл сауыттың да өрімінде шығыршықтардың бір түрі ғана қолданылған.  Сауыттың ұзындығы – 80 см. Кеуде тұсымен жеңін қоса есептегенде 110 см. Кіреукелерінің диаметрі 0,8-0,9 см. Артынан және алдынан 15-20 см жырымдары бар. Сауыттың салмағы – 7-8 кг. Бұл сауыттың да жағасы жоқ. Сауыт (түгендеу нөмірі КЗМ КП 67) музей қорына 1968 жылы қабылданған. Арнайы зерттеулерден кейін сауыт ХҮІІІ ғасырмен мерзімделген.

Үшінші сауыт қазіргі уақытта жасалған (4-сурет). Сауыттың авторы  Қызылорда қаласының тұрғыны қолөнер шебері Б.Жақыпов. Сауыт (түгендеу нөмірі -  КЗМ КП 6452) музей қорына 2005 жылы өткізілген. (№ 17 түсім кітабы) Сауыттың ұзындығы – 75-80 см. Кеуде тұсын жеңімен қоса есептегенде 105 см. Кіреуке шығыршықтарының диаметрі 1,2-1,3 см. Кіреуке көзінің өлшеміне байланысты бадана көз кіреуке деп атайды. Мұндай кіреукенің берік болғандығы жөнінде ауыз әдебиетінде: “Таямай атса оқ өтпес, Шуақ шықса, күн өтпес. Жағасы алтын, жеңі жез, Бадана көзді ақ сауыт, Бекітіп соққан Ер Дәулет” (“Қобыланды батыр”) деп жырға қосқан. Кейбір деректерде сауыттың бұл түрі кейін орыстарға ауысып, олар мұны түркі тіліндегі өз атауымен “бадана” немесе “байдана” деп атаған (Айбын энциклопедиясы.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»  2011.- 880 б) Сауыттың төменгі жағының оң және сол жағында 15-20 см жырымдары бар. Салмағы 12-15 кг  

Кіреукені тоқығанда шеберлер сауыттың беріктігін ғана емес, әсемдігін де ескеріп отырған. Сондықтан әшекей ретінде кіреуке өрімінде түсті металдан жасалған шығыршықтар да пайдаланылды. Ауыз әдебиетінде жағалары алтын шығыршықтан өрілген, жеңдері жез шығыршықтардан өрілген кіреуке сауыттар айтылады. Бірақ мұндай кіреуке сауыттар сирек кездеседі.

Қазақтар кіреуке сауытты ХІХ ғасырға дейін қолданған. Қазіргі уақытта кіреуке сауыттар жеке адамдардың коллекцияларында кездеседі. Ал,  белгілі қазақ батырларының сауыттары киелі дүние ретінде саналып ұрпақтарының қолында сақтаулы.

 

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі

Археология және этнография бөлімінің

 ғылыми қызметкері

О.Избастева                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

Бөлісу: