Юрий Мельниченко

25 Қараша 2013, 10:41

Юрий Васильевич Мельниченко - Қазақстандық грек рим күресінің палуан, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Үш дүркін Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстаннның жеті дүркін чемпионы, 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасының күрес федерациясы мен ассоциациясының вице президенті. 1972 жылы Қырғызстанда дүниеге келді. Ұлты - украйндық. Грек-рим күресінен7 Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының сондай-ақ, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әрі жаттықтырушы. 1996 жылы Атлантада алауын жаққан XXVI жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық Құрамасы тұңғыш рет Тәуелсіз ел ретінде қатысты. 24 жасар Юрий Мельниченко үшінде аталған Олимпиада оның бұған дейінгі сынға түскен боз кілем бәсекелерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі болатын. Сондықтан 57 келіде ел намысын қорғау сеніп тапсырылған жерлесіміз алыстағы Америкаға тас-түйін дайындықпен барған еді. Алғашқы белдесуінде Юрий Мельниченко 2 дүркін әлем чемпионы ресейлік Александр Игнатенкомен кездесті. Қарсыласы осыған дейін екі олимпиадаға қатысып үлгерген тәжірибелі балуан. Бірақ, жерлесіміздің жеңіске деген айрықша жігері мен шындалған шеберлігі өз дегенін істеді. Қарсыласын қапсыра құшақтап доғадай иіле лақтырған жерлесімізге төрешілер ең жоғары баға 5 бал берді. Мұнымен тоқтамаған Юрий белдесуді 10:0 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші-үшінші айналымда қазақ балуаны тиісінше Еуропаның экс-чемпионы украиндық Руслан Хакимовпен және әлем біріншілігінің жүлдегері румын Мариан Сандуды айқын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал, ақтық сынға шығу жолында Барселона олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы тегі түрік, Алмания азаматы Иылдызбен күресті. Әккі қарсыласынан 3:0 есебімен айласын асырып, құрама қоржынына кем дегенде күміс медальді олжалап қойды. Алайда, кеудеде атойлаған алдаспан намыс Юрий Мельниченкоға қол созымда тұрған алтынға шешуші ұмтылыс жасауды бұйырды. Әрине, бұл бұйрықты орындау оңай шаруа емес еді. Өйткені, ақтық айқаста жерлесімізді жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі әлем чемпионы Деннис Хоол күтіп тұрған болатын. Бүкіл Америка жұртшылығы үміт артқан бітіспес бәсекелесін өзге емес дәл Атланта боз кілемінде қапы қалдырып, есесін қайырған Юрий Мельниченко тарихи жеңіске жетеді. Барселона Олимпиадасынан кейін бұрынғы Одақты құраған республикалардың барлығы халықаралық жарыстарға өз алдына тәуелсіз мемлекет ретінде қатыса бастады. Осы бір аумалы-төкпелі қиын кезең мен даңқты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыханов Юрий Мельниченконың үлкен спорт пен жеке өміріндегі болашағын Қазақстанмен байланыстыруына үлкен ықпалын тигізді. Барлық қажетті жағдай жасалған «Дәулет» кәсіпкой спорт клубында Дәулет Тұрлыханов пен атақты ресейлік бапкер Геннадий Сапуновтын жіті бақылауымен жаттыға бастаған Юрий Мельниченко енді ересектер бәсекесінде жаңа асуларды бағындыруға білек сыбана кіріседі. Төккен тері ақталып, 1994 жылы Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады. Дереккөз: wikipedia

Юрий Васильевич Мельниченко - Қазақстандық грек рим күресінің палуан, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Үш дүркін Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстаннның жеті дүркін чемпионы, 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасының күрес федерациясы мен ассоциациясының вице президенті.

1972 жылы Қырғызстанда дүниеге келді. Ұлты - украйндық.

Грек-рим күресінен7 Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының сондай-ақ, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әрі жаттықтырушы.

1996 жылы Атлантада алауын жаққан XXVI жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық Құрамасы тұңғыш рет Тәуелсіз ел ретінде қатысты. 24 жасар Юрий Мельниченко үшінде аталған Олимпиада оның бұған дейінгі сынға түскен боз кілем бәсекелерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі болатын. Сондықтан 57 келіде ел намысын қорғау сеніп тапсырылған жерлесіміз алыстағы Америкаға тас-түйін дайындықпен барған еді.

Алғашқы белдесуінде Юрий Мельниченко 2 дүркін әлем чемпионы ресейлік Александр Игнатенкомен кездесті. Қарсыласы осыған дейін екі олимпиадаға қатысып үлгерген тәжірибелі балуан. Бірақ, жерлесіміздің жеңіске деген айрықша жігері мен шындалған шеберлігі өз дегенін істеді. Қарсыласын қапсыра құшақтап доғадай иіле лақтырған жерлесімізге төрешілер ең жоғары баға 5 бал берді. Мұнымен тоқтамаған Юрий белдесуді 10:0 есебімен өз пайдасына шешті.

Екінші-үшінші айналымда қазақ балуаны тиісінше Еуропаның экс-чемпионы украиндық Руслан Хакимовпен және әлем біріншілігінің жүлдегері румын Мариан Сандуды айқын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ал, ақтық сынға шығу жолында Барселона олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы тегі түрікАлмания азаматы Иылдызбен күресті. Әккі қарсыласынан 3:0 есебімен айласын асырып, құрама қоржынына кем дегенде күміс медальді олжалап қойды.

Алайда, кеудеде атойлаған алдаспан намыс Юрий Мельниченкоға қол созымда тұрған алтынға шешуші ұмтылыс жасауды бұйырды. Әрине, бұл бұйрықты орындау оңай шаруа емес еді. Өйткені, ақтық айқаста жерлесімізді жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі әлем чемпионы Деннис Хоол күтіп тұрған болатын.

Бүкіл Америка жұртшылығы үміт артқан бітіспес бәсекелесін өзге емес дәл Атланта боз кілемінде қапы қалдырып, есесін қайырған Юрий Мельниченко тарихи жеңіске жетеді.

Барселона Олимпиадасынан кейін бұрынғы Одақты құраған республикалардың барлығы халықаралық жарыстарға өз алдына тәуелсіз мемлекет ретінде қатыса бастады. Осы бір аумалы-төкпелі қиын кезең мен даңқты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыханов Юрий Мельниченконың үлкен спорт пен жеке өміріндегі болашағын Қазақстанмен байланыстыруына үлкен ықпалын тигізді.

Барлық қажетті жағдай жасалған «Дәулет» кәсіпкой спорт клубында Дәулет Тұрлыханов пен атақты ресейлік бапкер Геннадий Сапуновтын жіті бақылауымен жаттыға бастаған Юрий Мельниченко енді ересектер бәсекесінде жаңа асуларды бағындыруға білек сыбана кіріседі. Төккен тері ақталып, 1994 жылы Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады.

Дереккөз: wikipedia

Бөлісу: