Олимпті бағындыру

25 Қараша 2013, 10:40

2009 жыл ·         3 қыркүйек ·         6 қыркүйек ·         7 қыркүйек ·         9 қыркүйек ·         11 қыркүйек Италияның Милан қаласында өткен әлем чемпионатында Серік Сәпиев жартылай финалға дейін қарсыластарын оңай жеңді десе болады. Габондық Уго Миеникуені, әзірбайжандық Емил Махаррамовты айқын басымдықпен тізе бүктірді. Серіктің 1/8 финалда украиндық Тарас Шелестюкке қарсы өткізген ойыны сәл қиындық туғызды. Бірінші раундта сауатты қарсы шабуылдаған Тарас Шелестюк 2:5 есебімен жеңеді, алайда қалған раундтарда Серік ойын қарқынын үдете түсіп, Тарас Шелестюкті жойқын соққылардың астына алады. Сөйтіп Серік екінші раундты 9:4 есебімен, ал үшінші раундты 5:4 есебімен жеңеді. Келесі қарсыласы қырғыз елінің өкілі Абадулла Баймұратовтың секунданты екінші раундта-ақ ойыннан бас тартады. Жартылай финалда ресейлік Андрей Замковойға 10:16 есебімен жеңіліп қалады. Бұл күні қазақ боксшысы өз-өзіне мүлдем ұқсамады, көп соққылар жіберіп алған Серік бірінші раундта 2:8 есебімен жеңіледі. Екінші раундта Серік өз ойын өрнегін тапқандай болып көрінген. Сауатты шабылдап, сауатты қорғана білген Серік екінші раундты 5:3 жеңгенімен, шешуші раундта 3:5 жеңіліп қалады. Қазақ боксының соңғы жылдардағы жарқын жұлдыздарының бірі - Серік Сәпиев үшінші рет әлем чемпионы атағынан осылайша қол үзеді. "Мен қатты жеңіске жеткім келді, кей тұстары асығыстық таныттым, оңай соққыларды көп жіберіп алдым. Әдетте бір-екі соққы жіберіп алсам, келесі жолы сол соққылардан қалай қорғану керек екендігін тез ұғатынмын. Бұл чемпионатта өкінішке орай бұлай болған жоқ. Бейне бір гипнозда жүргендей болдым" - деп, өз жеңілісін осылайша түсіндірді. Алайда өзінің қарсыласынан басым екенін және шаршы алаңда кездесудің қайта сәті түссе өзінің шебер боксшсы екенін дәлелдеймін деген Серік, сол күні менің жолым болмады деп өз ойын түйіндеді. Лондон Олимпиадасы Бакуда өткен Бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Серик Сәпиев Лондон олимпиадасына жолдама алады. AIBAрейтингісінде өз салмақ жәрежесінде жоғары орында тұруына байланысты, Серік Олимпиада ойындарын 1-айналымнан емес, 2-айналымнан бастайды. ·         3 тамыз 2-айналымда жапондық Ясухиро Сузуки 25-11 есебімен оңай жеңіп, ширек финалға жолдама алады. ·         8 тамыз Ширек финалда венесэуалалық Габриэль Маэстре Перезпен кездесіп, 20:9 есебімен айтарлықтай оңай жеңіске жетті. ·         10 тамыз Жартылай финалда Серик Миланда өткен Бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалған ресейлік Адрей Замковоймен кездесіп жеңіске жетті. ·         14 тамыз Финалда шаршы алаң иесі Фредди Эвансқа жолыққан Серік, қарсыласын 17:9 есебімен тізе бүктірді. Серік бұл жеңіске қол жеткізу үшін 17 жыл аянбай тер төкті - деп, Александр Стрельников бапкер ағынан жарылды. Қазақ боксының ғана емес, әлем боксының жарық жұлдызына айналып үлген Серік Сәпиев Олимпиаданың ең үздік боксышы атанып, Баркер кубогын қанжығасына байлады.  

2009 жыл

·         3 қыркүйек

·         6 қыркүйек

·         7 қыркүйек

·         9 қыркүйек

·         11 қыркүйек

Италияның Милан қаласында өткен әлем чемпионатында Серік Сәпиев жартылай финалға дейін қарсыластарын оңай жеңді десе болады. Габондық Уго Миеникуені, әзірбайжандық Емил Махаррамовты айқын басымдықпен тізе бүктірді. Серіктің 1/8 финалда украиндық Тарас Шелестюкке қарсы өткізген ойыны сәл қиындық туғызды. Бірінші раундта сауатты қарсы шабуылдаған Тарас Шелестюк 2:5 есебімен жеңеді, алайда қалған раундтарда Серік ойын қарқынын үдете түсіп, Тарас Шелестюкті жойқын соққылардың астына алады. Сөйтіп Серік екінші раундты 9:4 есебімен, ал үшінші раундты 5:4 есебімен жеңеді. Келесі қарсыласы қырғыз елінің өкілі Абадулла Баймұратовтың секунданты екінші раундта-ақ ойыннан бас тартады. Жартылай финалда ресейлік Андрей Замковойға 10:16 есебімен жеңіліп қалады. Бұл күні қазақ боксшысы өз-өзіне мүлдем ұқсамады, көп соққылар жіберіп алған Серік бірінші раундта 2:8 есебімен жеңіледі. Екінші раундта Серік өз ойын өрнегін тапқандай болып көрінген. Сауатты шабылдап, сауатты қорғана білген Серік екінші раундты 5:3 жеңгенімен, шешуші раундта 3:5 жеңіліп қалады. Қазақ боксының соңғы жылдардағы жарқын жұлдыздарының бірі - Серік Сәпиев үшінші рет әлем чемпионы атағынан осылайша қол үзеді. "Мен қатты жеңіске жеткім келді, кей тұстары асығыстық таныттым, оңай соққыларды көп жіберіп алдым. Әдетте бір-екі соққы жіберіп алсам, келесі жолы сол соққылардан қалай қорғану керек екендігін тез ұғатынмын. Бұл чемпионатта өкінішке орай бұлай болған жоқ. Бейне бір гипнозда жүргендей болдым" - деп, өз жеңілісін осылайша түсіндірді. Алайда өзінің қарсыласынан басым екенін және шаршы алаңда кездесудің қайта сәті түссе өзінің шебер боксшсы екенін дәлелдеймін деген Серік, сол күні менің жолым болмады деп өз ойын түйіндеді.

Лондон Олимпиадасы

Бакуда өткен Бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Серик Сәпиев Лондон олимпиадасына жолдама алады. AIBAрейтингісінде өз салмақ жәрежесінде жоғары орында тұруына байланысты, Серік Олимпиада ойындарын 1-айналымнан емес, 2-айналымнан бастайды.

·         3 тамыз 2-айналымда жапондық Ясухиро Сузуки 25-11 есебімен оңай жеңіп, ширек финалға жолдама алады.

·         8 тамыз Ширек финалда венесэуалалық Габриэль Маэстре Перезпен кездесіп, 20:9 есебімен айтарлықтай оңай жеңіске жетті.

·         10 тамыз Жартылай финалда Серик Миланда өткен Бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалған ресейлік Адрей Замковоймен кездесіп жеңіске жетті.

·         14 тамыз Финалда шаршы алаң иесі Фредди Эвансқа жолыққан Серік, қарсыласын 17:9 есебімен тізе бүктірді. Серік бұл жеңіске қол жеткізу үшін 17 жыл аянбай тер төкті - деп, Александр Стрельников бапкер ағынан жарылды. Қазақ боксының ғана емес, әлем боксының жарық жұлдызына айналып үлген Серік Сәпиев Олимпиаданың ең үздік боксышы атанып, Баркер кубогын қанжығасына байлады.

 

Бөлісу: