22 Қараша 2013, 10:18
Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің үш дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
Отбасы
Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі - Анасы - Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.
Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.
Спорт
Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.
Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретіндеГиннестің рекордтар кітабына енген.
Лондон Олимпиадасы
Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ретінде ресейлік Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде берген сұхбаттарында Иванов Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов 2010 жылғы Әлем чемпионы. Сол жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен Әлем чемпионатында Ильин мен украиналық Артем Ивановтың көтерген салмақтары бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда жеңілдеу болғандықтан жеңімпаз ретінде аталды. Ресейлік Александр Иванов тек төртігші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін тағы бір әйгілі атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді. Сондықтан негізгі екі атлетпен бірге ирандық жас дарын да чемпиондықтан үмітті болатын. Алайда маңызды салмақты көтере алмады. Әлемнің мықты атлеттерінің арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.
Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық, ресейлік және корей спортшысы бірдей 185 кг салмақты көтерді. Өз салмағының аздығына байланысты Иванов - бірінші, Ильин-екінші, Ким Мин Жае - үшінші болды.
Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын орнатты. Екі сайыс қорытындысы бойынша 418 кг көтеріп Илья әлем рекордын екінші рет жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекордын Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді.
Ресейлік "Советский спорт" газеті өз спортшысының Илья Ильин деп аталатын "терминаторға" жеңілгендігін айтыпты.
Қос сайыс бойынша соңғы көрсеткіштер келесідей болды: . Илья бұл жетістіктерінің мүмкін болуына ресейлік екі атлеттің көрсеткен бәсекелестігінің арқасында жеткенін айтады. Егер олар болмағанда әлемдік рекордқа бару қиын болар еді деп мәлімдеді.