Мелеагр туралы миф

22 Қараша 2013, 09:12

Олимпиялық құдайларға аса бай құрбандық шалған калидондық патша Ойней, тек Артемиданы ған назарына алмағандықтан, аң құдайы – сол елге қаhарлы жабайы қабан жібереді. Мейірімі жоқ, қаhарына мінген аң бүкіл Калидон төңірегінің тозаңын шағарады, ағаштарды түбірімен жұлып, жүзімдіктер мен жеміс-жидекті жапырумен болады, тіпті адамдарды да аямайды. Осы қайіпті аңды аулауға Ойнейдің ұлы Мелагр, бас болып, Грекияның көптеген ұлы батырларын жинайды. Осы аңның көзін құрту үшін Афинадан, Спартадан, Мессения мен Ферыдан, Иолктан, Аркадия мен Фессалиядан батырлар қатысады. Жоғарыда айтып кеткен жалпыгрекиялық фольклор санатына кіреді деуіміздің себебі де сол. Мелеагр туған кезде анасы Алфеяға тағдыр құдайлары мойралар (грек мифологиясында мойралар мен орлар Зевс пен Фемиданың қыздар болып сипатталады, соған қарағанда олардың генезизінде әлдебір ортақ туысқандық байланыс болуы мүмкін, адам тағдырын болжайтын, алдын-ала жазып қоятын ерекше қасиеттері бар. Қазақтағы «маңдайына жазылған», «тағдырдың жазуы») дегенге келеді келіп, біреуі оған: «Сенің балаң шырақтың мына бас жанып біткенде өледі» — дейді. Алфея пілтені сол сәтінде өшіреді де, оны қобдиға тығып, сақтап қояды. Мелеагр көптеген ерлік жасап аты шығады. Аргонавтылар сапарына да қатысып, қаhармандық игі істер атқарады. Артемиданың қаhарлы қабаны калидондықтардың әбден зығырданын қайнатқаннан кейін, аңға шыққандарға «кімде-кім қабанды өлтірсе, басы мен терісі сол адамға тиесілі» дегенді естіген батырлар, әрқайсысы да қабанды өлтіруге құлшына кірісіп, атсалысады. Аңшылардың ішінде әсіресе көзге түскені аркадылиялық аңшы қыз Атланта еді. Ол бірінші болып қабанды жаралағандықтан, Мелеагр орман тағысының басы мен терісін Атлантаға ұсынады. Бірақ, Мелеагрдың нағашы ағасы Плексип бұл таңдауға қарсы шығып, Атлантаның қолындағы олжаны тартып алғаны үшін, қаны басына шапқан Мелеагр нағашы бауырын сол заматта-ақ жайратып салады. Баласына ыза болған Алфея қобдидан шырақ пілтесін алып, от қойып, жағып жібереді. Шырақ пілтесі жанып бітіп, күлге айналасымен Мелеагр да өледі. Кейін есін жиған Алфея істеген ісіне назаланып, өзіне-өзі қол салады. «Жоғарыдағы миф – аналық құқық уақытының сарқыншағы, шешесінің інісі оның ең жақын туысқаны есептелгендіктен, ең жақын туысты өлтіргені үшін кек алу қажет еді. Гректерде ежелгі уақытта аналық құқық болғандығының дәлелі ретінде Мелеагр туралы мифті Ф.Энгельс өзінің «Отбасы, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде пайдаланды» деп жазады Н.А. Кун өзінің осы аңыз жөніндегі пікірінде. cl.rushkolnik.ru

Олимпиялық құдайларға аса бай құрбандық шалған калидондық патша Ойней, тек Артемиданы ған назарына алмағандықтан, аң құдайы – сол елге қаhарлы жабайы қабан жібереді. Мейірімі жоқ, қаhарына мінген аң бүкіл Калидон төңірегінің тозаңын шағарады, ағаштарды түбірімен жұлып, жүзімдіктер мен жеміс-жидекті жапырумен болады, тіпті адамдарды да аямайды. Осы қайіпті аңды аулауға Ойнейдің ұлы Мелагр, бас болып, Грекияның көптеген ұлы батырларын жинайды. Осы аңның көзін құрту үшін Афинадан, Спартадан, Мессения мен Ферыдан, Иолктан, Аркадия мен Фессалиядан батырлар қатысады. Жоғарыда айтып кеткен жалпыгрекиялық фольклор санатына кіреді деуіміздің себебі де сол.

Мелеагр туған кезде анасы Алфеяға тағдыр құдайлары мойралар (грек мифологиясында мойралар мен орлар Зевс пен Фемиданың қыздар болып сипатталады, соған қарағанда олардың генезизінде әлдебір ортақ туысқандық байланыс болуы мүмкін, адам тағдырын болжайтын, алдын-ала жазып қоятын ерекше қасиеттері бар. Қазақтағы «маңдайына жазылған», «тағдырдың жазуы») дегенге келеді келіп, біреуі оған: «Сенің балаң шырақтың мына бас жанып біткенде өледі» — дейді. Алфея пілтені сол сәтінде өшіреді де, оны қобдиға тығып, сақтап қояды.

Мелеагр көптеген ерлік жасап аты шығады. Аргонавтылар сапарына да қатысып, қаhармандық игі істер атқарады.

Артемиданың қаhарлы қабаны калидондықтардың әбден зығырданын қайнатқаннан кейін, аңға шыққандарға «кімде-кім қабанды өлтірсе, басы мен терісі сол адамға тиесілі» дегенді естіген батырлар, әрқайсысы да қабанды өлтіруге құлшына кірісіп, атсалысады. Аңшылардың ішінде әсіресе көзге түскені аркадылиялық аңшы қыз Атланта еді. Ол бірінші болып қабанды жаралағандықтан, Мелеагр орман тағысының басы мен терісін Атлантаға ұсынады. Бірақ, Мелеагрдың нағашы ағасы Плексип бұл таңдауға қарсы шығып, Атлантаның қолындағы олжаны тартып алғаны үшін, қаны басына шапқан Мелеагр нағашы бауырын сол заматта-ақ жайратып салады. Баласына ыза болған Алфея қобдидан шырақ пілтесін алып, от қойып, жағып жібереді. Шырақ пілтесі жанып бітіп, күлге айналасымен Мелеагр да өледі. Кейін есін жиған Алфея істеген ісіне назаланып, өзіне-өзі қол салады. «Жоғарыдағы миф – аналық құқық уақытының сарқыншағы, шешесінің інісі оның ең жақын туысқаны есептелгендіктен, ең жақын туысты өлтіргені үшін кек алу қажет еді.

Гректерде ежелгі уақытта аналық құқық болғандығының дәлелі ретінде Мелеагр туралы мифті Ф.Энгельс өзінің «Отбасы, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде пайдаланды» деп жазады Н.А. Кун өзінің осы аңыз жөніндегі пікірінде.

cl.rushkolnik.ru

Бөлісу: