Гераклдың дүниеге келуі

22 Қараша 2013, 06:14

Орталық Грекияның батысындағы Акарнанияда өмір сүрген телебойлар тайпасы ұрлап кеткен малын Электрионға қайтарып беру арқылы ержүрек Амфитрион сұлу Алкменаны әйелдікке алады. Алкмена Амфитрион патшадан өз ағаларын өлтірген Птерелай патшадан кек алуын сұрайды. Амфитрион әскер жинап, телебойлар патшасы Птерелайға қарсы аттанғанда, Алкмена сұлудың көркіне ғашық болған найзағай құдайы Зевс Амфитрионның кейпіне еніп, Алкменаға келеді. Алкмена Зевс пен Амфитрионнан егіз ұл туады. Зевс Алкмена босанатын күні бүкіл құдайларды жинап алып, «бүгін дүниеге келетін ұл өзінің барлық туысқандарына билік жүргізетін патша болатындығын» жариялайды. Зевстың жердегі сұлу Алкменаға есі кетіп, ғашық болып жүргенін білетін Гера оған қатты ызаланып: - Найзағай тәңірісі, сен бүгін дүниеге келетін бала сенің Персей әулетіңдегі барлық туысқандарыңа билік жүргізетіндігіне уәде бер!- деп Олимптегі барлық құдайлардың көзінше уәдесін алады да, өзінің алтын күймесімен ұшып отырып, Аргосқа жетеді. Аргосқа келіп, Гера Сфенелдің толғатып отырған әйелін тездетіп босандырып, әлжуаз, аурушаң Эврисфейді дүниеге келтіреді де, дереу Олимпке қайта оралып, оны Зевске хабарлайды. Бұл хабарды естіген Зевс Гераның өзін алдап соққанын жақсы түсінеді. Гера өзінен уәде беруін талап еткен уақытта ақыл-ойын алдамшылық құдайы Атаның билеп алғандығына ызаланып, әйел құдай Атаны шашынан бұрап ұстап алады да, Олимптен лақтырып жібереді. Сол күннен бастап алдамшылық құдайы Ата жерде адамдар арасында өмір сүріп келеді. Бірақ, әрине Зевс өзінің берген уәдесінен танып кете алмады. Ол өз баласының Эврисфейге қызмет ететінін, қандай қорлықтар мен ауыр азаптарды басынан кешіретіндігін білді. Гераға қарап: «Енді сенің Алкменадан туған ұлдың маңдайына қырсық үймелетіп, қыр соңынан қалмасыңды білемін. Бірақ, ол бәріне де төзіп, бәрін де жеңіп шығады, сенің жасаған қастандық әрекеттерің оның даңқын асырғаннан басқа ештеңе бітірмейді. Ол құлақ естіп, көз көрмеген ерліктер жасайды, жеңістен жеңістерге жетеді. Ал жердегі дәм-тұзы таусылған кезде мен оны Олимпке алдырамын, содан кейін оны ажалсыздар қатарына өзің-ақ қабылдайсың. Сондықтан оның аты «даңқты батыр» дегенді білдіріп, Геракл болсын!»** деп баласына ат қояды да, Герамен келісімге келіп, өз баласын өмір бойы Эврисфейге бағынбайтын етіп шарт жасасып, тек Эврисфей тапсырмасымен он екі ерлік жасайтын болып келіседі. kk.wikipedia.org

Орталық Грекияның батысындағы Акарнанияда өмір сүрген телебойлар тайпасы ұрлап кеткен малын Электрионға қайтарып беру арқылы ержүрек Амфитрион сұлу Алкменаны әйелдікке алады. Алкмена Амфитрион патшадан өз ағаларын өлтірген Птерелай патшадан кек алуын сұрайды. Амфитрион әскер жинап, телебойлар патшасы Птерелайға қарсы аттанғанда, Алкмена сұлудың көркіне ғашық болған найзағай құдайы Зевс Амфитрионның кейпіне еніп, Алкменаға келеді. Алкмена Зевс пен Амфитрионнан егіз ұл туады. Зевс Алкмена босанатын күні бүкіл құдайларды жинап алып, «бүгін дүниеге келетін ұл өзінің барлық туысқандарына билік жүргізетін патша болатындығын» жариялайды. Зевстың жердегі сұлу Алкменаға есі кетіп, ғашық болып жүргенін білетін Гера оған қатты ызаланып: - Найзағай тәңірісі, сен бүгін дүниеге келетін бала сенің Персей әулетіңдегі барлық туысқандарыңа билік жүргізетіндігіне уәде бер!- деп Олимптегі барлық құдайлардың көзінше уәдесін алады да, өзінің алтын күймесімен ұшып отырып, Аргосқа жетеді. Аргосқа келіп, Гера Сфенелдің толғатып отырған әйелін тездетіп босандырып, әлжуаз, аурушаң Эврисфейді дүниеге келтіреді де, дереу Олимпке қайта оралып, оны Зевске хабарлайды. Бұл хабарды естіген Зевс Гераның өзін алдап соққанын жақсы түсінеді. Гера өзінен уәде беруін талап еткен уақытта ақыл-ойын алдамшылық құдайы Атаның билеп алғандығына ызаланып, әйел құдай Атаны шашынан бұрап ұстап алады да, Олимптен лақтырып жібереді. Сол күннен бастап алдамшылық құдайы Ата жерде адамдар арасында өмір сүріп келеді. Бірақ, әрине Зевс өзінің берген уәдесінен танып кете алмады. Ол өз баласының Эврисфейге қызмет ететінін, қандай қорлықтар мен ауыр азаптарды басынан кешіретіндігін білді. Гераға қарап: «Енді сенің Алкменадан туған ұлдың маңдайына қырсық үймелетіп, қыр соңынан қалмасыңды білемін. Бірақ, ол бәріне де төзіп, бәрін де жеңіп шығады, сенің жасаған қастандық әрекеттерің оның даңқын асырғаннан басқа ештеңе бітірмейді. Ол құлақ естіп, көз көрмеген ерліктер жасайды, жеңістен жеңістерге жетеді. Ал жердегі дәм-тұзы таусылған кезде мен оны Олимпке алдырамын, содан кейін оны ажалсыздар қатарына өзің-ақ қабылдайсың. Сондықтан оның аты «даңқты батыр» дегенді білдіріп, Геракл болсын!»** деп баласына ат қояды да, Герамен келісімге келіп, өз баласын өмір бойы Эврисфейге бағынбайтын етіп шарт жасасып, тек Эврисфей тапсырмасымен он екі ерлік жасайтын болып келіседі.

kk.wikipedia.org

Бөлісу: