22 Қараша 2013, 05:39
Грекия елінің ақыны Еврипид туралы жалпы мәлімет
Еврипид (біздің заманымызға дейінгі 480—406) — үшінші трагедия ақыны. 92 (тоқсан екі) драмалық шығарма жазған, бізге содан 17 (он жеті) трагедиясы мен 1 сатиралық драмасы жеткен. Оның трагедиялары әр түрлі саяси көзқарастарға және қазіргі заман туралы ойларға толы. 35 жылдық шығармашылық өмірінде үлкен табысқа жеткен емес, бар-жоғы бес рет бірінші бәйге алған. Соғыс атаулыға қарсы жазылған патриоттық шығармаларында ("Троя әйелдері,"Андромаха"Геракл"Гераклидтер") антикалық дәуірдің демократиялық идейларына қатты көңіл бөлді. Еврипид жасаған бейнелер мен сюжеттерден кейін көптеген әдебиетшілер үлгі алды. Драматург кейіпкерлерін шындық өмірге жақындатты. Оның жағымды кейіпкерлері байлыққа қызығушылық қылмыс жасауға апаруы мүмкін деген ой айтады. Ол соғыстың адамдарға, әсіресе әйелдер мен балаларға қаншама қайғы-қасірет әкелетінін көрсетеді ("Гекуба "Троя әйелдері"). Соғысты тек өз елінің тәуелсіздігін сақтау үшін ғана бастауға болады, — деп есептейді Еврипид.
Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді. Танымал трагедияларының бірі — «Медеяның» сюжеті аргонавтар туралы аңыз-мифтен алынған.
Афиндықтарға Еврипидтің адамдардың өмірін, ойын, мінезін барынша айқын көрсетуі, миф пен дінге жеңіл қарауы ұнамады. Еврипид атақ пен даңққа тек өлгеннен кейін ие болды. Тек біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдан бері ұлы трагедия ақыны деп аталып келеді.
Трагедия
Трагедияларын қою үшін Еврипид те Софокл сияқты үш актерді қолданды. Мұнда хор көріністің дамуымен тығыз байланысты болған жоқ. Кейде хор әні драматургтің ойлары мен көзқарастарын көрсетеді. Кейіпкерлер тілі жеңілдеп, тұрмыстық сахналар енгізілді.
Мысалы: өлім, ауруды көрсету, ғашық әйелдің уайымы, сахнаға балалардың I шығуы және тағы басқалары.
Грекияның классикалық трагедиясының даму үрдісі Еврипид I шығармашылығымен тоқталады. Ежелгі Грекияда трагедия саласында бұдан кейін үлкен шығарма жазылмады. Трагедия ақырындап тек оқуға арналған әдеби жанр ретінде қалыптасты. Оның орнын біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдың ортасында дами бастаған тұрмыстық драма — жаңа аттикалық комедия басады. Еврипид шығармаларында қаһармандық I тақырып бәсеңдейді де, керісінше, адам психологиясына, қоршаған ортаға деген қызығушылық күшейе түсті.
kk.wikipedia.org