Дегенмен де тайпалық көсемдердің Трояға қарсы жасаған грек жорығы, қаланы коршауға алуы, көптеген каһармандардың, әсіресе Одиссейдің бастан кешірген оқиғалары мен михнаттары туралы поэма мейлінше мол таралған.
Гректер соқыр жырау Гомерді осы поэмалардың авторы деп есептейді. Гомер поэмалары бірнеше ұрпақка ауыздан-ауызға тарап жетті. Тек б.з.д. VI ғасырда ғана ол поэмалар Афиныда жазылып алынып, әдеби шығармаларға айналған. Гомер поэмасының қаһармандары — Ахилл, Одиссей, Гектор, Агамемнон, Менелай, Парис, Телемах, Приам, Нестор, Андромаха, Елена, Пенелопа және т.б. ерте заманда-ақ ел арасында кеңінен мәлім болған.
Олар кескіндеу мен мүсіндеу өнерінде де бейнелене бастады. Поэма эпизодтары Помпейден табылған қабырғалардағы сыр суреттің бейнелі композицияларының немесе қираған ескі қалаларда сақталып қалған аумақты мозаикалық шығармалардың тақырыбы болған. Б.з.д. IV ғасырда өмір сүрген грек философы Платонның өзі-ақ Гомер поэмаларының ежелгі грек қоғамының мәдени өмірі үшін ерекше маңызы болғанын атап көрсетеді. Гомер есімі жұртқа кеңінен тарағанына қарамастан, осы уақытқа дейін ақынның өмір сүрген уақыты, туған жері белгісіз болып қала берді. Осынау тамаша ақынның туған жері аталуы үшін де ежелгі Грекияда жеті қала таласқан.
Гомер жөнінде өмірбаяндық деректердің жоқтығы ежелгі грек тарихы мен әдебиетін зерттеуші ғалымдардың ақынның нақты тарихи өмір сүргеніне күмән келтіруіне де негіз болган. Уақыт өткен сайын ауызекі түрде біреуден-біреуге таралып отырған "Илиада" мен "Одиссеяның" бастапқы мәтініне бірқатар қосымшалар енгізілген.
Б.з.д. V ғасырдағы Афины драматургтері Эсхил, Софокл, Еврипид трагедияларындағы басты образдар Құдайлар болып табылады. Ежелгі гректің көптеген ақындары өз шығармаларында мифтік хикаяларды баяндаған. Рим империясы заманында өмір сүрген грек және рим авторлары да шығармаларында ежелгі гректердің бірқатар мифтік хикаяларын келтірген.
Жоғарыда атап айтылғандай, антикалық, әсіресе ежелгі грек өнерінің көптеген шығармаларында Құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген. Грек мифологиясы грек өнерінің тек арсеналы ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге оның негізін де қалады.
Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады.
Еуропаның әр түрлі елдерінің жазушылары, суретшілері мен музыканттары грек мифологиясының эпизодтарын қайтадан өз шығармаларына сюжет ете бастады. Мифтік сюжеттерге италия суретшілері Сандро Боттичеллидің ("Венераның тууы", "Көктем" картиналары), Тицианның (" Айна алдындағы Венера" картинасы және басқалары) кейбір шығармалары арналған. Аса көрнекті италия мүсіншісі Бенвенуто Челини өзінің ғажайып Персей мүсіні үшін де сюжетті көне грек мифологиясы образынан алды.
XVII—XVIII ғасырларда Еуропа өнері қайраткерлерінің ежелгі грек мифологиясы сюжетін пайдалануы одан әрі өрістей түсті. Ежелгі грек мифологиясынан алынған сюжеттерге аса көрнекті фламанд, француз, голланд суретшілері
Рубенс ("Персей мен Андромеда", "Венера мен Адонис" және басқалары),
Ван Дейк ("Марс пен Венера"),
Рембрандт ("Даная", "Палада Афинының басы"),
Пуссен ("Жаңғырық пен Нарцисс", "Сатир мен Нимфа", "Полифем табиғат аясында", "Геракл табиғат аясында" және басқалары),
Бернини ("Аполлон мен Дафна") және басқа көптеген суретшілер картиналар жазды.
Грек мифологиясынан алынған сюжеттер негізінде У.Шекспирдің "Троил мен Крессида" пьесасы, "Венера мен Адонис" поэмалары жазылған, мифологиялық каһармандардың есімдері Шекспирдің басқа да көптеген шығармаларынан кездеседі. XII ғасырдың екінші жартысында аса көрнекті француз драматургтері Корнель мен Расин де грек мифологиясынан алынған сюжеттерге шығармалар жазды.
XVII—XIX ғасырларда орыс жазушылары, суретшілері мен музыканттары да өз шығармаларына сюжет іздеген кезде, көбінесе ежелгі грек мифологиясының образдары мен эпизодтарына назар аударған. Ресейде 1755 жылы қойылған ең алғашкы опералардың бірі — "Цефал мен Прокрис" еді. Опера либреттосын Сумароков, музыкасын сарай сазгері Арайа жазған болатын.
Кейінірек Сумароков басқа да аңыздық эпизодты фабула ретінде ала отырып "Альцеста" операсының либреттосын, "Нарцисс" комедиясын жазды. XVIII ғасырдың аяғында орыстың талантты сазгері Фомин ежелгі грек мифологиясының сюжетін пайдалана отырып, "Орфей" мелодрамасын тудырды. Аса көрнекті орыс мүсіншісі Ф.Толстой гректің ұйқы құдайы Морфейдің тамаша бюстін жасады, ал суретші К.П.Брюллов өзінің кейбір картиналарын антикалық мифология сюжеттеріне арнап салды ("Аполлон мен Диананың кездесуі", "Сатурн мен Нептун Олимпте").
XVIII—XIX ғасырлардың аяғы мен XX ғасырдың басында аса көрнекті орыс суретшілері
В.А.Серов ("Еуропаны ұрлау", "Одиссей мен Навсикая"),
М.А.Врубель ("Пан") ежелгі грек мифологиясының жекеленген эпизодтары мен образдарына назар аударды. Антикалық мифологиямен танысу тек дүниетанымды кеңейтіп қана қоймайды, сонымен бірге оқырманға көркемдік эстетикалық ләззат береді.
kk.wikipedia.org

-