Эгей өнері

22 Қараша 2013, 03:44

Археологиялық зерттеулер бойынша б.з.д. IV мыңжылдықта Балқан түбегі мен Эгей теңіз аралын, Орта Азияның батыс жағалауын эгейліктер жайлаған. Ежелгі Эгей мәдениетінің гүлденуі б.з.д. II мыңжылдықта пайда болды. Эгей мәдениетінің орталығы б.з.д. ІII—II мыңжылдықтарда Крит аралының бас қаласы Кносс болған. Сол себепті "Кносс Мииостыц резиденциясы" деп жазылған. Белгілі деректемеде Крит сәулет өнеріндегі ең танымал ескерткіш Кносс сарайы болып табылады. Кезінде ағылшын археологі А.Эванс XX ғасырдың басында қазба жұмыстарын жүргізді. Сарай алаңының аумағы — 16 000 шаршы метр. Мұның ішіндегі тіреуіш колонналардың ағаштан жасалғаны, сарайда су құбырын жүргізу жүйесі де ойластырылғаны дәлелденген. Оның қабырғасына сәндік суреттер салынған, б.з.д. II мыңжылдықта Крит шеберлері әр түрлі бояуларды қолдана білген. Атап айтқанда: қара, ақ, қызыл, сары, көк және жасыл. Кносс сарайының қабырғасы аңдардың суретімен безендірілген (мысық, маймыл, елік). Қабырғаға жазылған көркем суреттерде діни және мифологиялы кейіпкерлер мен табиғат көріністері қиял-ғажайып ертегі сияқты бейнеленген. Кескіндеме түрлері монументті фрескалармен безендірілген, онда акробат, бұқаның үстінде секіріп жүрген адамдар салынған (б.з.д.1500 жыл). Олардың еркін қимыл-әрекеттері шынайы кескінделген. Бейнелеуші қыздар мен ұлдардың дене бітімін әдемі көрсетуге тырысқан. Бұл суреттен бұқалармен ойын көрсету сол кездегі діни нанымдармен тікелей байланысты екендігі айқын байқалады. Мүсін үстінде ұсақ пластикалық жұмыстар пайда бола бастаған.  Ежелгі грек мифтері төңірлік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты Құдайлар ұрпағы болып есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая-аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды. Басқа да ежелгі заман халықтарының аңыздары мен хикаялары сияқты, ежелгі грек мифтері де уақыт өткен сайын біртіндеп пайда болған. Табиғи және қоғамдық ортаның құбылыстарын өзінше бейнелеп, хикаялармен толықтырыла отырып, эпикалық поэмалар ("Илиада", "Одиссея", "Теогония", т.б.) фабуласына көтерілген. Бірте-бірте Грекияның әр түрлі аймақтарында белгілі бір Құдай немесе қаһарман хақындағы тұтас хикаялар циклі қалыптасқан. Крит аралында бұқаға айналып, Финикия патшасының қызы Еуропаны ұрлап әкеткен Құдай —Зевс туралы әңгімеленеді. Ал Крит патшаларының түпкі тегі осы Еуропадан тараған, олардың ішіндегі ең көрнектісі Минос болатын. Бір қатар аңыз-хикаялар соның есімімен байланысты. Пелопоннестің солтүстік-батысындағы аңыз-ертегілердің кең танымал қаһарманы — Пелопс. Грекияның бүкіл оңтүстік түбегі соның есімімен аталады. Арголидада Зевс ұлы Персей туралы әңгімелеген. Микен қаласының билеушісі Атрей мен оның ұрпақтары туралы, әсіресе кіші Азия қаласы Трояны басып алғаны туралы айтылады. Еліне қайтып оралған соң, өз әйелі Клименестра мен оның сыбайластарынан, опасыздықпен әкесін өлтірген басқа да адамдардан кек алуы жайлы хикаялар да осы жерде пайда болған. Беотида Фивы қаласының негізін салған Кадм мен оның ұрпақтары туралы аңыздар циклі туған. Олардың ішіндегі есімі ең кең тарағаны Эдип патша еді. Ол өз еркінен тыс, тағдыр бұйрығымен сұмдык қылмыстар жасап, сол қылмыстарын ауыр азаппен өтеген. Аттикада теңіз Құдайы Посейдонның ұлы деп есептелген Тесей патша туралы хикаялар тараған. Тесей Аттиканы Крит патшасы Миностың құлдығынан азат етеді де, оны біріктіріп, Афиныны мемлекеттің астанасы жасайды. Ақырында солтүстіктегі Эпирден жер-жердің бәріне Зевстің құдіретті ұлы Геракл туралы, оның ерліктері, қайғылы тағдыры жайлы әңгімелер айтыла бастайды. Сөйтіп, оның Крит аралын бағындырғаны, Олимпте Зевстің құрметіне ойындар ұйымдастырғаны, бейтаныс елдерге жасаған саяхаттары, өзі қайтыс болған соң тәңіріге айналғаны жайлы аңыздар тараған. kk.wikipedia.org

Археологиялық зерттеулер бойынша б.з.д. IV мыңжылдықта Балқан түбегі мен Эгей теңіз аралын, Орта Азияның батыс жағалауын эгейліктер жайлаған.

Ежелгі Эгей мәдениетінің гүлденуі б.з.д. II мыңжылдықта пайда болды. Эгей мәдениетінің орталығы б.з.д. ІII—II мыңжылдықтарда Крит аралының бас қаласы Кносс болған. Сол себепті "Кносс Мииостыц резиденциясы" деп жазылған.

Белгілі деректемеде Крит сәулет өнеріндегі ең танымал ескерткіш Кносс сарайы болып табылады.

Кезінде ағылшын археологі А.Эванс XX ғасырдың басында қазба жұмыстарын жүргізді. Сарай алаңының аумағы — 16 000 шаршы метр. Мұның ішіндегі тіреуіш колонналардың ағаштан жасалғаны, сарайда су құбырын жүргізу жүйесі де ойластырылғаны дәлелденген.

Оның қабырғасына сәндік суреттер салынған, б.з.д. II мыңжылдықта Крит шеберлері әр түрлі бояуларды қолдана білген. Атап айтқанда: қара, ақ, қызыл, сары, көк және жасыл. Кносс сарайының қабырғасы аңдардың суретімен безендірілген (мысық, маймыл, елік). Қабырғаға жазылған көркем суреттерде діни және мифологиялы кейіпкерлер мен табиғат көріністері қиял-ғажайып ертегі сияқты бейнеленген. Кескіндеме түрлері монументті фрескалармен безендірілген, онда акробат, бұқаның үстінде секіріп жүрген адамдар салынған (б.з.д.1500 жыл). Олардың еркін қимыл-әрекеттері шынайы кескінделген. Бейнелеуші қыздар мен ұлдардың дене бітімін әдемі көрсетуге тырысқан. Бұл суреттен бұқалармен ойын көрсету сол кездегі діни нанымдармен тікелей байланысты екендігі айқын байқалады. Мүсін үстінде ұсақ пластикалық жұмыстар пайда бола бастаған. 

Ежелгі грек мифтері төңірлік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты Құдайлар ұрпағы болып есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая-аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды.

Басқа да ежелгі заман халықтарының аңыздары мен хикаялары сияқты, ежелгі грек мифтері де уақыт өткен сайын біртіндеп пайда болған. Табиғи және қоғамдық ортаның құбылыстарын өзінше бейнелеп, хикаялармен толықтырыла отырып, эпикалық поэмалар ("Илиада", "Одиссея", "Теогония", т.б.) фабуласына көтерілген.


Бірте-бірте Грекияның әр түрлі аймақтарында белгілі бір Құдай немесе қаһарман хақындағы тұтас хикаялар циклі қалыптасқан. Крит аралында бұқаға айналып, Финикия патшасының қызы Еуропаны ұрлап әкеткен Құдай —Зевс туралы әңгімеленеді. Ал Крит патшаларының түпкі тегі осы Еуропадан тараған, олардың ішіндегі ең көрнектісі Минос болатын. Бір қатар аңыз-хикаялар соның есімімен байланысты.

Пелопоннестің солтүстік-батысындағы аңыз-ертегілердің кең танымал қаһарманы — Пелопс. Грекияның бүкіл оңтүстік түбегі соның есімімен аталады. Арголидада Зевс ұлы Персей туралы әңгімелеген. Микен қаласының билеушісі Атрей мен оның ұрпақтары туралы, әсіресе кіші Азия қаласы Трояны басып алғаны туралы айтылады. Еліне қайтып оралған соң, өз әйелі Клименестра мен оның сыбайластарынан, опасыздықпен әкесін өлтірген басқа да адамдардан кек алуы жайлы хикаялар да осы жерде пайда болған. Беотида Фивы қаласының негізін салған Кадм мен оның ұрпақтары туралы аңыздар циклі туған. Олардың ішіндегі есімі ең кең тарағаны Эдип патша еді. Ол өз еркінен тыс, тағдыр бұйрығымен сұмдык қылмыстар жасап, сол қылмыстарын ауыр азаппен өтеген.

Аттикада теңіз Құдайы Посейдонның ұлы деп есептелген Тесей патша туралы хикаялар тараған. Тесей Аттиканы Крит патшасы Миностың құлдығынан азат етеді де, оны біріктіріп, Афиныны мемлекеттің астанасы жасайды. Ақырында солтүстіктегі Эпирден жер-жердің бәріне Зевстің құдіретті ұлы Геракл туралы, оның ерліктері, қайғылы тағдыры жайлы әңгімелер айтыла бастайды. Сөйтіп, оның Крит аралын бағындырғаны, Олимпте Зевстің құрметіне ойындар ұйымдастырғаны, бейтаныс елдерге жасаған саяхаттары, өзі қайтыс болған соң тәңіріге айналғаны жайлы аңыздар тараған.

kk.wikipedia.org

Бөлісу: