Одиссея

21 Қараша 2013, 12:25

“Одиссея” – көне грек эпосы. Гомердің «Одиссея» (гр. Ὀδύσσεια, Odýsseia) атты екінші поэмасының тақырыбы – Троя соғысынан қайтып келе жатқан Итака аралының патшасы Одиссейдің басынан кешкен шытырман оқиғалары. «Одиссеяның» негізгі сюжеті – «күйеудің оралуы». Аңыздарда осындай сюжет көп кездеседі: күйеуі ұзақ таңғажайып саяхаттан үйіне келгенде, оның әйелі басқа біреуге күйеуге шығайын деп тұрған жерінде, тойдың бей-берекетін шығарады. Гомердің поэмасында Одиссейдің жоғында оның сенімді әйелі Пенелопаға көптеген батырлар құда түседі, сол себептен оның ұлы Телемах шыдай алмай әкесін іздеуге кетеді. Бұл жерде поэмаға екінші сюжет қосылады: «әкесін іздеген ұл» туралы. Бұл сюжет бойынша әкесінің жоғында туған ұлы оны іздеуге кетеді ; әкесі мен ұлы кездеседі, бірақ бір бірін танымай, ұрыс бастайды. Бір варианттарында бұл сюжет қайғымен - әкесінің немесе ұлының өлімімен аяқталады. Басқа варианттарда екеуінің татуласуымен бітеді. «Одиссеяда» бұл сюжет жартылай берілген - әкесі мен ұлының кездесуі, ұрысқа дейінгі сюжет алынған. «Одиссея» «Илиаданың» жалғасы екені белгілі, себебі онда Троя соғысынан кейінгі оқиғалар баяндалады. «Илиададай» «Одиссея» 24 кітапқа бөлінген. «Одиссеяның» құрылысы (композициясы ) «Илиададан» күрделі. «Илиаданың» сюжеті бір ізді келсе, «Одиссеяның» әңгімесі әрекеттің ортасынан басталады. «Илиададан» гөрі «Одиссеяда» бас кейіпкер бейнесіне ерекше көңіл аударылған. Толығырақ... Одиссей өз үйіне 10 жыл бойы сапар шегіп, жолда көптеген қауіп-қатерді жеңеді.Ол өзі мен серіктерін үңгірінен шығармай қойған жалғызкөзді құбыжық – циклоп Полифемнен айласын асырады.Одиссей циклоптың көзін ағызады да, жауынгерлер қойлардың терісін жамылып, үңгірден шығып кетеді, себебі циклоп оларды сипап көргенде қой екен деп қалады. Одиссей жолдастарымен бірге отанына қарай ұзақ жүреді.Бір күні ол сиқыршы әйел Цирцея тұратын аралға келіп түседі. Ол Одиссейдің барлау жасауға жіберілген бірнеше серігін шошқаға айналдырып жібереді.одиссейді батырға Гермес – сауда құдайы әрі жолаушылардың жебеушісі берген, сиқырдың күшін жоятын ғажайып тамыр құтқарады.Одиссей жолдастарын адам қалпына қайтаруға Цирцеяны мәжбүр етеді, бірақ теңізшілер өз үйлеріне сапарларын жалғастырғанға дейін аралда тағы да бір жылды өткізеді. Одиссей – сиреналардың әнін тыңдап, тірі қалған жалғыз адам.Ол ескек есушілердің құлақтарына балауыз тығындап, уақытша саңырау етіп қояды.Ал өзін бағанға таңып байлап қоюды бұйырады. Қыз бейнелі құстардың елжіретер тәтті әнін естіген Одиссей теңізге күмп беріп, аралдағы сиреналарға жүзіп кетуге деген шексіз құштарлық сезімін бастан кешеді, бірақ мықты арқандар жібермей қалады. Одиссейдің кемесі теңізде біріне-бірі соғыла жүзіп жүрген жартастардың арасынан аман – сау өтеді.Сондай-ақ ол Сцилла мен Харибда атты құбыжықтардың арасындағы тар бұғаздан да жүзіп өтіп кетеді.Алты басты қанқұйлы Сцилла жағадағы үңгірде өмір сүрген.Ол кемеден Одиссейдің алты жолдасын ұстап алып үлгерді.Харибда – қорқынышты су иірімі түріндегі құбыжық, бұғаздың қара суын күніне үш рет жұтып алып, үш рет қайта шашады екен. Одиссей феактар тұратын Схерия аралына жетеді.Батыр Феакия патшасының сарайына келіп, өз есімін айтады.Феактар оны жедел жүзетін кемемен отанына жеткізіп салады. Одиссей үйінде жиырма жыл болған жоқ.Ол ақырында Итакаға қайтып оралғанда, үйіне байқатпай кіріп кетсін деп, әйел құдай Афина оны қайыршыға айналдырады.Бұл кезде әйелі оның ескі садағын атудан сайыс ұйымдастырып жатқан.Афинаның ықпалымен Пенелопа жеңімпазға күйеуге шығуға уәде береді.Одиссей сайысқа қатысады да, жеңімпаз атанады.Содан соң Афинаның көмегімен барлық күйеусымақтардың сазайын береді. kk.wikipedia.org

Одиссея” – көне грек эпосы. Гомердің «Одиссея» (гр. ὈδύσσειαOdýsseia) атты екінші поэмасының тақырыбы – Троя соғысынан қайтып келе жатқан Итака аралының патшасы Одиссейдің басынан кешкен шытырман оқиғалары. «Одиссеяның» негізгі сюжеті – «күйеудің оралуы». Аңыздарда осындай сюжет көп кездеседі: күйеуі ұзақ таңғажайып саяхаттан үйіне келгенде, оның әйелі басқа біреуге күйеуге шығайын деп тұрған жерінде, тойдың бей-берекетін шығарады. Гомердің поэмасында Одиссейдің жоғында оның сенімді әйелі Пенелопаға көптеген батырлар құда түседі, сол себептен оның ұлы Телемах шыдай алмай әкесін іздеуге кетеді. Бұл жерде поэмаға екінші сюжет қосылады: «әкесін іздеген ұл» туралы. Бұл сюжет бойынша әкесінің жоғында туған ұлы оны іздеуге кетеді ; әкесі мен ұлы кездеседі, бірақ бір бірін танымай, ұрыс бастайды. Бір варианттарында бұл сюжет қайғымен - әкесінің немесе ұлының өлімімен аяқталады. Басқа варианттарда екеуінің татуласуымен бітеді. «Одиссеяда» бұл сюжет жартылай берілген - әкесі мен ұлының кездесуі, ұрысқа дейінгі сюжет алынған.

«Одиссея» «Илиаданың» жалғасы екені белгілі, себебі онда Троя соғысынан кейінгі оқиғалар баяндалады. «Илиададай» «Одиссея» 24 кітапқа бөлінген. «Одиссеяның» құрылысы (композициясы ) «Илиададан» күрделі. «Илиаданың» сюжеті бір ізді келсе, «Одиссеяның» әңгімесі әрекеттің ортасынан басталады. «Илиададан» гөрі «Одиссеяда» бас кейіпкер бейнесіне ерекше көңіл аударылған.


Толығырақ... Одиссей өз үйіне 10 жыл бойы сапар шегіп, жолда көптеген қауіп-қатерді жеңеді.Ол өзі мен серіктерін үңгірінен шығармай қойған жалғызкөзді құбыжық – циклоп Полифемнен айласын асырады.Одиссей циклоптың көзін ағызады да, жауынгерлер қойлардың терісін жамылып, үңгірден шығып кетеді, себебі циклоп оларды сипап көргенде қой екен деп қалады. Одиссей жолдастарымен бірге отанына қарай ұзақ жүреді.Бір күні ол сиқыршы әйел Цирцея тұратын аралға келіп түседі. Ол Одиссейдің барлау жасауға жіберілген бірнеше серігін шошқаға айналдырып жібереді.одиссейді батырға Гермес – сауда құдайы әрі жолаушылардың жебеушісі берген, сиқырдың күшін жоятын ғажайып тамыр құтқарады.Одиссей жолдастарын адам қалпына қайтаруға Цирцеяны мәжбүр етеді, бірақ теңізшілер өз үйлеріне сапарларын жалғастырғанға дейін аралда тағы да бір жылды өткізеді. Одиссей – сиреналардың әнін тыңдап, тірі қалған жалғыз адам.Ол ескек есушілердің құлақтарына балауыз тығындап, уақытша саңырау етіп қояды.Ал өзін бағанға таңып байлап қоюды бұйырады. Қыз бейнелі құстардың елжіретер тәтті әнін естіген Одиссей теңізге күмп беріп, аралдағы сиреналарға жүзіп кетуге деген шексіз құштарлық сезімін бастан кешеді, бірақ мықты арқандар жібермей қалады. Одиссейдің кемесі теңізде біріне-бірі соғыла жүзіп жүрген жартастардың арасынан аман – сау өтеді.Сондай-ақ ол Сцилла мен Харибда атты құбыжықтардың арасындағы тар бұғаздан да жүзіп өтіп кетеді.Алты басты қанқұйлы Сцилла жағадағы үңгірде өмір сүрген.Ол кемеден Одиссейдің алты жолдасын ұстап алып үлгерді.Харибда – қорқынышты су иірімі түріндегі құбыжық, бұғаздың қара суын күніне үш рет жұтып алып, үш рет қайта шашады екен. Одиссей феактар тұратын Схерия аралына жетеді.Батыр Феакия патшасының сарайына келіп, өз есімін айтады.Феактар оны жедел жүзетін кемемен отанына жеткізіп салады. Одиссей үйінде жиырма жыл болған жоқ.Ол ақырында Итакаға қайтып оралғанда, үйіне байқатпай кіріп кетсін деп, әйел құдай Афина оны қайыршыға айналдырады.Бұл кезде әйелі оның ескі садағын атудан сайыс ұйымдастырып жатқан.Афинаның ықпалымен Пенелопа жеңімпазға күйеуге шығуға уәде береді.Одиссей сайысқа қатысады да, жеңімпаз атанады.Содан соң Афинаның көмегімен барлық күйеусымақтардың сазайын береді.

kk.wikipedia.org

Бөлісу: