Қосымша№ 1 - «ПРЕЗИДЕНТ жəне ХАЛЫҚ» газеті (№ 11 (237), 12 наурыз, жұма, 2010жыл, 6 бет)

21 Қараша 2013, 10:03

Ертеректегі жаугершілік замандарда елі мен жері үшін шайқасқан сарбаздардың атақ-даңқтары аспандап, тұғырлы тұлғаға айналғандары қаншама. «Алтын кездік кын түбінде жатпайды» демекші аттары кейіндеп барып əйгілі болғандары да баршылық. Олардың қатары іздестіру мен сұрастыру арқылы толығып жатқанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Іздеушісі бардың ізі өшпейді ғой. Тіған ел мен жердің жоғын жоқтап жүрген жандардың бірі – Ғалымжан Жүсіпұлы Найманов. Ол елдің санасына енді ғана сіңісті бола бастаған Бəйімбет батыр туралы көптеген деректер жинады. Оның батыр бабасы жөніндегі ой-толғамдары оқыған жанды бей-жай қалдырмайды. Төменде Ғалымжан Наймановтың Бəйімбет батыр туралы материалын жариялап отырмыз. Ғалымжан Найманов, инженер ХVIII ғасырдың орта шенінде Абылай ханның заманында халқы үшін қан кешкен батырлардың бірі Төбетұлы Бəйімбет батыр.Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай сыяқты əйгілі қолбасы болмаса да жоңғарлармен шайқастарда алдыңғы саптан көрінген қайтпас қаһармандардың бірі болыпты. Қайтыс болған кезінде ақ жуып арулап, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің іргесіне жерленіпті. Ұрпақтары кеңес кезеңінде көп қуғын-сүргінге ұшыратылыпты. Тарих туралы əңгіме қозғалған тұста шежірені еске алмау мүмкін емес. Бəйімбет ауылының бұрынғы ақсақалдарының айтуынша Күрсары Керейден Есеналы мен Еспол, Есполдан Дуадақ пен Төбет. Төбеттен төрт ұл туған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен. Бəйімбет батырдың Қарақожа, Биқожа, Байқожа, Қожагул, Көлбай, Елшібай, Тайкелтір деген жеті баласы болыпты. Білетіндердің айтуынша 17-19 ғасырларда Керейдің Күрсары руы (Сақал, Бурас, Дуадақ, Төбет, Сары аталары) арғындармен (Атығай руы), уақ жəне қыпшақтармен араласып бірге Есіл өзенінің бойында, Көкшетау маңайы жəне Ертіс өзенінің бойында Железинка бекінісінен Омбы бекінісіне дейін көшіп-қонып жүріпті. Кейін орыстың отарлаушы өкіметі бұл маңға Железинка, ары қарай Омбы бекіністерін салған. Ал Бəйімбет атамыздың кейінгі ұрпақтары қазырғы Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Қызылту (қазіргі Ақжар) ауданында Кіші жəне Үлкен Қарой деген жерді мекендеп келген. Тарихи деректерге сүйенсек1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Голощекин қазақ даласында үш миллион қазақты жойып құртып жібергені тарихтан белгілі. Бəйімбет атамыздың тұқымы Ресейге қоныс аударуымен ғана аман қалды. Өйткені байлар, қажы-молдалар тізімге алынып қудалана бастайды. Бəйімбет елінің діншіл ақсақалдары ақылдасып Омбы облысының Назыбай ауданына көшуге шешім қабылдайды. 1929-33 жылдары Назыбай ауданына Бəйімбеттің «Алтыншы ауылы» жəне Бостандық ауылы қоныстанады, аралары небəрі 8 шақырым. Екі Бəйімбет ауылын екі қажының ауылы деп те атайды, өйткені Бəйімбет елінде Алжапар қажы, Жапар қажы, Хұсайын, Сатыбалды, Темірғали молдалардың абыройы өте жоғары болған. Себебі оларды елдің адамдары ғана емес, Тюмень жəне Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарының азаматтарыда қатты құрметтеген. Бəйімбет елін батырлар, қажылар көп шыққан ел деп мақтайды, ынтымақты, үлгүлі ел дейді. Бəйімбет атамыздың Қарақожа, Биқожа, Байқожа ... балаларының ерлігі аңыз етіп айтылады. Тақырыпты дəріптеп жүретін Əльжапар қажы, Құсайын, Əбілмəжын, Сатыбалды моллалар. Бəйімбет атамыз өсиеті бойынша Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген екен. Ол уақытта кез келген адам кесене іргесіне жерленбейтін. Осының өзі Бəйімбет атамыздың Абылай ханның сенімді əскербасыларының бірі болғанын дəлелдейді. Бізге жеткен деректерге қарағанда бабамыз қыстың қырау кезінде қайтыс болыпты. Мəйіті көктемге дейін сақталынып, күн жылынғасын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жеткізілген. Бəйімбет батыр 16-18 жасында атқа қонып, ағасы Өтебаймен жəне серіктерімен бірге ел еркіндігі жолындағы шайқасқа шығады. Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылады. Бəйімбет батыр да, ағасы Өтебай да 1751-1753 жылдары Абылай ханның жоңғарларға қарсы бірнеше шешуші шайқастарына қатысады. Ерлігімен қолбасшының сенімді серіктерінің біріне айналады. Тарихшылардың айтуынша осы жылдары жоңғарлар Керей-Уақтың тұрған жері Көкшетау маңына басып кірген екен. Елдегі ақсақалдардан естіген мына бір əңгіме сол уақыттың жаугерлік сипатынан сыр шертеді: «Жоңғарлар қыс түсе Көкшетауға тұяқ іліктіріпті. Жолындағы қазақ ауылдарында үрерге ит қалдырмай қырып келе жатқан көрінеді. Дұшпан Бəйімбет батырдың қонысына жақындады деген хабар келеді. Батыр атамыз сонда шұғыл шешім қабылдайды:«Қалмақтарға қарсы өзіміз бірінші соғыс ашайық» - дейді ол. Жоңғарлардың тоқтаған жері бір көлдің маңайы екен. Суы жаңадан қатып, мұзы жарқырап жатқан көрінеді. Бəйімбет атамыз сарбаздарының аттарының тұяғына киіз оратады. Əскерін бөліп, бір тобын көлдің сыртында тасада қалдырып, өзі бастаған екінші топпен жоңғарларға тарпа бас салады. Соғыса жүріп əдейі кейін ығысқанда атқа мінген жоңғарлар соңдарынан көлдің үстімен шаба қуады. Бірақта аттары тайғанақтап, ұрыса алмайды. Мұз үстінде аттары нық тұрған Бəйімбет батырдың жауынгерлері жауын ойсырата жеңеді». Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде киелі саналғандықтан хандар, сұлтандар, билер,  батырлар ғана жерленгені бəрімізге мəлім. Міне, осы Түркістанда халқының  бостандығы жəне тəуелсіздігі жолында құрбан болған адамдармен қатар Бəйімбет атамыздың да сүйегі жатыр. Жүсып-қажы Сатыбалды ұлы: «1979 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатса да ішіне кіруге рұқсат алып Бəйімбет бабамыздың жатқан жерін көріп, дұға жасадым» - деп айтып еді. Алайда арада жыл өткен соң Абзал Сатыбалды ұлы мен Ғалымжан Жүсіп ұлы 2008 жылдың тамыз айында əдейілеп кесенеге барғанда Бəйімбет атамыздың орнын таба алмады. Тақтада хандардың, сұлтандардың, билердің, батырлардың, барлығы 140 адамдардың тізімі жазылған екен, бірақта сол тізімде Бəйімбет бабамыздың есімі көрсетілмепті.Кесенені реставрациялауға байланысты қазба жұмыстарын жүргізгенде көп сүйектер орнынан қозғалған. Содан мыңнан астам адамның сүйектері кесененің бір бөлмесінің табанына жерленген. Сірə біздің Бəйімбет бабамыздың сүйегі де соларға қосылып кетсе керек. Алдағы уақытта бабамыздың атын тірілтіп, кесенеге қайта жазылса құба құп болар еді. Бұдан біздің де мерейіміз өсіп, рухымыз асқақтай түспей ме. Күрсары Керейден тараған Бəйімбет батыр есімі туған елінің еркіндігі жолында қатерге бас тіккен, өмірін құрбан еткен жан ретінде қастерлеуге лайық. Қазақстан егемендік алғанда Бəйімбет атамыздың ескерткіші немесе қола мүсіні Көкшетау өңіріндегі Үлкен Қаройда немесе Ресейдің Бəйімбет ауылында тұрса артықтық етпес. Ал Бəйімбет батырдың қазіргі ұрпақтарының борышы батыр бабамыздың өмірі мен ерлік істері жөніндегі деректерді құнттап жинақтау, мүмкін болса жеке кітап етіп шығару деп ойлаймын. Бəйімбет бабамыздың ұрпақтары баршылық жəне аталарымыздан келе жатқан əдет-ғұрып, салт-дəстүр, мұсылманшылықты жалғастыруда. Бала кезімізден есімізде қалғаны, біздің Бəйімбет елі Наурыз, айт мерекелерін қатты құрметтеп, дəріптейтін. Бір ай бұрын дайындалып, балаларға жақсы киім-кешек əперəп, үйдің жасауларын жаңартып, дəмді тамақтар дайындайтын. Жаз айларында ел екіге бөлініп, бірін бірі күтіп үлкен тойға – мейрамға айналдыратын. Ат шаптыру, қыз қуу, күрес ойындары қызықты өтетін. Күрес болғанда балуандар өздерінің арғы батыр аталарының аруақтарын атайды: «Бəйімбет, Қарақожа, Биқожа, Байқожа атамның аруақтары қолдай көр» - деп. Қазақтың ертеден бір Аллаға сыйынғанымен көнеден келе жатқан діни түсініктері бойынша əр адамның айқаста, жорықта, түрлі қиын жағдайларда қолдап, жебейтін аруақтары болады деп есептеген. Келесі өсіп келе жатқан ұрпақтардың міндеті барды жоғалтпай, сапа жағынан толықтыру, атамыздың мұраларын зерттеу жəне бір-біріне туысқандық көмек беру деп ойлаймын. Осы дерек-дəйектемелердің соңына шам алып түсер бір зерделі зерттеуші табылып, кесененің тізімінде атамыздың есімі орын алады деген үміттеміз. Бұл – біздің Бəйімбет бабамыздың аруағы алдындағы азаматтық борышымыз. Қазақта мақал бар: «Құс ұясында не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген. Бəйімбет бабамыздан қаншама ұрпақ тарады, жан-жақта тарыдай шашылып өздерінше өмір сүріп жатыр жəне көбі өз тегін, тілін білмейді де. Оларды дұрыс тəрбиелеу үшін жəне қаржылық мəселені шешу үшін Республикалық қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін құру қолға алынуда.

Ертеректегі жаугершілік замандарда елі мен жері үшін шайқасқан сарбаздардың атақ-даңқтары аспандап, тұғырлы тұлғаға айналғандары қаншама. «Алтын кездік кын түбінде жатпайды» демекші аттары кейіндеп барып əйгілі болғандары да баршылық.

Олардың қатары іздестіру мен сұрастыру арқылы толығып жатқанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Іздеушісі бардың ізі өшпейді ғой. Тіған ел мен жердің жоғын жоқтап жүрген жандардың бірі Ғалымжан Жүсіпұлы Найманов. Ол елдің санасына енді ғана сіңісті бола бастаған Бəйімбет батыр туралы көптеген деректер жинады. Оның батыр бабасы жөніндегі ой-толғамдары оқыған жанды бей-жай қалдырмайды. Төменде Ғалымжан Наймановтың Бəйімбет батыр туралы материалын жариялап отырмыз.

Ғалымжан Найманов,

инженер

ХVIII ғасырдың орта шенінде Абылай ханның заманында халқы үшін қан кешкен батырлардың бірі Төбетұлы Бəйімбет батыр.Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай сыяқты əйгілі қолбасы болмаса да жоңғарлармен

шайқастарда алдыңғы саптан көрінген қайтпас қаһармандардың бірі болыпты. Қайтыс болған кезінде ақ жуып арулап, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің іргесіне

жерленіпті. Ұрпақтары кеңес кезеңінде көп қуғын-сүргінге ұшыратылыпты. Тарих туралы əңгіме қозғалған тұста шежірені еске алмау мүмкін емес. Бəйімбет ауылының

бұрынғы ақсақалдарының айтуынша Күрсары Керейден Есеналы мен Еспол, Есполдан Дуадақ пен Төбет. Төбеттен төрт ұл туған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен. Бəйімбет батырдың Қарақожа, Биқожа, Байқожа, Қожагул, Көлбай, Елшібай, Тайкелтір деген жеті баласы болыпты. Білетіндердің айтуынша 17-19 ғасырларда Керейдің Күрсары руы (Сақал, Бурас, Дуадақ, Төбет, Сары аталары) арғындармен (Атығай руы), уақ жəне қыпшақтармен араласып бірге Есіл өзенінің бойында, Көкшетау маңайы

жəне Ертіс өзенінің бойында Железинка бекінісінен Омбы бекінісіне дейін көшіп-қонып

жүріпті. Кейін орыстың отарлаушы өкіметі бұл маңға Железинка, ары қарай Омбы

бекіністерін салған. Ал Бəйімбет атамыздың кейінгі ұрпақтары қазырғы Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Қызылту (қазіргі Ақжар) ауданында Кіші жəне Үлкен Қарой деген жерді мекендеп келген. Тарихи деректерге сүйенсек1925-1933 жылдары

Қазақстанды басқарған Голощекин қазақ даласында үш миллион қазақты жойып

құртып жібергені тарихтан белгілі. Бəйімбет атамыздың тұқымы Ресейге қоныс

аударуымен ғана аман қалды. Өйткені байлар, қажы-молдалар тізімге алынып қудалана бастайды. Бəйімбет елінің діншіл ақсақалдары ақылдасып Омбы облысының Назыбай ауданына көшуге шешім қабылдайды. 1929-33 жылдары Назыбай ауданына Бəйімбеттің «Алтыншы ауылы» жəне Бостандық ауылы қоныстанады, аралары небəрі 8 шақырым. Екі Бəйімбет ауылын екі қажының

ауылы деп те атайды, өйткені Бəйімбет елінде Алжапар қажы, Жапар қажы, Хұсайын,

Сатыбалды, Темірғали молдалардың абыройы өте жоғары болған. Себебі оларды

елдің адамдары ғана емес, Тюмень жəне Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарының азаматтарыда қатты құрметтеген. Бəйімбет елін батырлар, қажылар көп шыққан ел деп мақтайды, ынтымақты, үлгүлі ел дейді.

Бəйімбет атамыздың Қарақожа, Биқожа, Байқожа ... балаларының ерлігі аңыз

етіп айтылады. Тақырыпты дəріптеп жүретін Əльжапар қажы, Құсайын, Əбілмəжын,

Сатыбалды моллалар.

Бəйімбет атамыз өсиеті бойынша Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген екен. Ол уақытта кез келген адам кесене іргесіне жерленбейтін. Осының өзі

Бəйімбет атамыздың Абылай ханның сенімді əскербасыларының бірі болғанын дəлелдейді. Бізге жеткен деректерге қарағанда бабамыз қыстың қырау кезінде қайтыс болыпты. Мəйіті көктемге дейін сақталынып, күн жылынғасын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жеткізілген. Бəйімбет батыр 16-18 жасында атқа қонып, ағасы Өтебаймен жəне серіктерімен бірге ел еркіндігі жолындағы шайқасқа шығады. Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылады. Бəйімбет батыр да, ағасы Өтебай да 1751-1753 жылдары Абылай ханның жоңғарларға қарсы бірнеше шешуші шайқастарына

қатысады. Ерлігімен қолбасшының сенімді серіктерінің біріне айналады. Тарихшылардың айтуынша осы жылдары жоңғарлар Керей-Уақтың тұрған жері

Көкшетау маңына басып кірген екен. Елдегі ақсақалдардан естіген мына бір əңгіме сол уақыттың жаугерлік сипатынан сыр шертеді:

«Жоңғарлар қыс түсе Көкшетауға тұяқ іліктіріпті. Жолындағы қазақ ауылдарында үрерге ит қалдырмай қырып келе жатқан көрінеді. Дұшпан Бəйімбет батырдың қонысына жақындады деген хабар келеді. Батыр атамыз сонда шұғыл шешім қабылдайды:«Қалмақтарға қарсы өзіміз бірінші соғыс ашайық» - дейді ол. Жоңғарлардың тоқтаған жері бір көлдің маңайы екен. Суы жаңадан қатып, мұзы

жарқырап жатқан көрінеді. Бəйімбет атамыз сарбаздарының аттарының тұяғына киіз оратады. Əскерін бөліп, бір тобын көлдің сыртында тасада қалдырып, өзі бастаған екінші топпен жоңғарларға тарпа бас салады.

Соғыса жүріп əдейі кейін ығысқанда атқа мінген жоңғарлар соңдарынан көлдің

үстімен шаба қуады. Бірақта аттары тайғанақтап, ұрыса алмайды. Мұз үстінде аттары

нық тұрған Бəйімбет батырдың жауынгерлері жауын ойсырата жеңеді». Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде киелі саналғандықтан хандар, сұлтандар, билер,  батырлар ғана жерленгені бəрімізге мəлім. Міне, осы Түркістанда халқының  бостандығы жəне тəуелсіздігі жолында құрбан болған адамдармен қатар Бəйімбет атамыздың да сүйегі жатыр. Жүсып-қажы Сатыбалды ұлы: «1979 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатса да ішіне кіруге рұқсат алып Бəйімбет бабамыздың жатқан жерін көріп, дұға жасадым» - деп айтып еді. Алайда арада жыл өткен соң Абзал Сатыбалды ұлы мен Ғалымжан Жүсіп ұлы 2008 жылдың тамыз айында əдейілеп кесенеге барғанда Бəйімбет атамыздың орнын таба

алмады. Тақтада хандардың, сұлтандардың, билердің, батырлардың, барлығы 140

адамдардың тізімі жазылған екен, бірақта сол тізімде Бəйімбет бабамыздың есімі

көрсетілмепті.Кесенені реставрациялауға байланысты қазба жұмыстарын жүргізгенде көп сүйектер орнынан қозғалған. Содан мыңнан астам адамның сүйектері кесененің бір бөлмесінің табанына жерленген. Сірə біздің Бəйімбет бабамыздың сүйегі де соларға қосылып кетсе керек. Алдағы уақытта бабамыздың атын тірілтіп, кесенеге қайта жазылса құба құп болар еді. Бұдан біздің де мерейіміз өсіп, рухымыз асқақтай түспей ме.

Күрсары Керейден тараған Бəйімбет батыр есімі туған елінің еркіндігі жолында

қатерге бас тіккен, өмірін құрбан еткен жан ретінде қастерлеуге лайық. Қазақстан

егемендік алғанда Бəйімбет атамыздың ескерткіші немесе қола мүсіні Көкшетау

өңіріндегі Үлкен Қаройда немесе Ресейдің Бəйімбет ауылында тұрса артықтық

етпес. Ал Бəйімбет батырдың қазіргі ұрпақтарының борышы батыр бабамыздың өмірі

мен ерлік істері жөніндегі деректерді құнттап жинақтау, мүмкін болса жеке кітап етіп шығару деп ойлаймын. Бəйімбет бабамыздың ұрпақтары баршылық жəне аталарымыздан келе жатқан əдет-ғұрып, салт-дəстүр, мұсылманшылықты жалғастыруда. Бала кезімізден есімізде қалғаны, біздің Бəйімбет елі Наурыз,

айт мерекелерін қатты құрметтеп, дəріптейтін. Бір ай бұрын дайындалып, балаларға жақсы киім-кешек əперəп, үйдің жасауларын жаңартып, дəмді тамақтар дайындайтын. Жаз айларында ел екіге бөлініп, бірін бірі күтіп үлкен тойға – мейрамға айналдыратын. Ат шаптыру, қыз қуу, күрес ойындары қызықты өтетін. Күрес болғанда балуандар өздерінің арғы батыр аталарының аруақтарын атайды:

«Бəйімбет, Қарақожа, Биқожа, Байқожа атамның аруақтары қолдай көр» - деп. Қазақтың ертеден бір Аллаға сыйынғанымен көнеден келе жатқан діни түсініктері

бойынша əр адамның айқаста, жорықта, түрлі қиын жағдайларда қолдап, жебейтін

аруақтары болады деп есептеген.

Келесі өсіп келе жатқан ұрпақтардың міндеті барды жоғалтпай, сапа жағынан толықтыру, атамыздың мұраларын зерттеу жəне бір-біріне туысқандық көмек беру

деп ойлаймын. Осы дерек-дəйектемелердің соңына шам алып түсер бір зерделі

зерттеуші табылып, кесененің тізімінде атамыздың есімі орын алады деген үміттеміз.

Бұл – біздің Бəйімбет бабамыздың аруағы алдындағы азаматтық борышымыз.

Қазақта мақал бар: «Құс ұясында не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген. Бəйімбет

бабамыздан қаншама ұрпақ тарады, жан-жақта тарыдай шашылып өздерінше өмір

сүріп жатыр жəне көбі өз тегін, тілін білмейді де. Оларды дұрыс тəрбиелеу үшін жəне

қаржылық мəселені шешу үшін Республикалық қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін

құру қолға алынуда.

Бөлісу: