Әскери мансап

21 Қараша 2013, 09:44

        Атақты француз екі дүниежүзілік соғысқа да қатысты. 1916 жылы наурызда ауыр жараланған оны  қаруластары өлдіге санап, майдан даласына қалдырып кетіпті. Сол жерді мұқият сүзіп жүрген ұқыпты немістер әлі де тыныстап жатқан жас сардарды тұтқынға алады. Тұтқыннан бес рет қашып шығады, амал не, еліне жете алмай, қайта-қайта қолға түскен. Тіпті болмағасын, оны жау Пруссиядағы ешкім қаша алмайтын Кронах түрмесіне қамайды. Мұнда келешек орыс маршалы Тухачевскиймен бірге отырған. Тұтқында болу сағын сындырмапты. Керісінше неміс тілін меңгеріп, кейін сол елдің баспасөзі материалдарының негізінде «Жау жағындағы алауыздық» деген бірінші кітабын 1924 жылы бастырып шығарады. «Қылыштың ұшында» атты екінші кітабы 1932 жылы жарық көрген. Бірінші соғысты капитан шенінде аяқтаған Шарль екінші соғысты генерал шенінде қарсы алды. Соғысқа дейін танк корпусына жетекшілік еткен ол  қатаң талапшылдығымен көзге түсіпті .Алдағы соғыстың позициялық емес, маневрлық болатынын көре білген санау лы қолбасшылардың бірі-осы генерал.Неміс нацизмінің «бөрікпен ұрып алатын» қарсылас емес, аса қауіпті жау екенін талай ескерткен оның  орынды болжамдарын сол кезде ешкім құлағына да ілген жоқ....       Тағы да қайсар қолбасшының айтқаны тұп-тура келді. Жедел қимылдаған жау екі айдың ішінде үш елді тізе бүктіріп, Парижге таяп келді. Ш.Голль басқарған француз әскерлерінің Сомма өзені бойындағы жанкешті қарсыласуы жағдайды өзгерте алмады. Әдетте саудагерлерше соғысатын ағылшындар масқара болып жеңіліп, Дюнкерктен еліне үдере қашты. Күші де мол, қару-жарағы да жеткілікті бола тұра, рухы түскен ел басшылары, генералитет, парламент Отан қорғауды емес, дұшпанға бас июді жақтап шықты. Жалғыз генерал Шарль ғана отандастарының сатқындығы мен намыссыздығына жаны күйіп, 1940 жылдың 16 маусым күні Англияға кетті. Осыдан екі күн бұрын, «Ашық қала» деп жарияланған Парижге неміс әскерлері емін-еркін енген болатын... Француздардың дәстүрлі одақтасы ағылшын астанасы - Лондонға келген елу жастағы генерал тыным таппады. Ол 18 маусым күні ағылшын радиосынан сөйлеп, кеудесінде «отаншылдық оты бар, сүйікті Франция үшін жанын қиюға даяр жандарды» өзінің төңірегіне топтасуға шақырды. Сол-сол-ақ, жау басып алған  Отаны мен әзірге дін аман осы елдің отарлары- Алжир, Вьетнам, Гвиана... тағы басқаларынан қашып-пысып келген жүздеген мың қандастары жинала бастады. Осында елдестерінен Шарль «Азат Франция» ұйымын құрып, жаңа әскер жасақтады. Ал ағылшын-американ одақтастары оларды мұздай қаруландырды. Өз елінде бұрынғы ұстазы маршал Петен басқарған қуыршақ үкімет Ш.де Голльді сыртынан өлім жазасына кескен-ді... 1944 жылдың аяғында туған елі азат етілгеннен кейін әскери мансабы доғарылып, саяси өмірі басталған-ды... Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

        Атақты француз екі дүниежүзілік соғысқа да қатысты. 1916 жылы наурызда ауыр жараланған оны  қаруластары өлдіге санап, майдан даласына қалдырып кетіпті. Сол жерді мұқият сүзіп жүрген ұқыпты немістер әлі де тыныстап жатқан жас сардарды тұтқынға алады. Тұтқыннан бес рет қашып шығады, амал не, еліне жете алмай, қайта-қайта қолға түскен. Тіпті болмағасын, оны жау Пруссиядағы ешкім қаша алмайтын Кронах түрмесіне қамайды. Мұнда келешек орыс маршалы Тухачевскиймен бірге отырған. Тұтқында болу сағын сындырмапты. Керісінше неміс тілін меңгеріп, кейін сол елдің баспасөзі материалдарының негізінде «Жау жағындағы алауыздық» деген бірінші кітабын 1924 жылы бастырып шығарады. «Қылыштың ұшында» атты екінші кітабы 1932 жылы жарық көрген.

Бірінші соғысты капитан шенінде аяқтаған Шарль екінші соғысты генерал шенінде қарсы алды. Соғысқа дейін танк корпусына жетекшілік еткен ол  қатаң талапшылдығымен көзге түсіпті .Алдағы соғыстың позициялық емес, маневрлық болатынын көре білген санау лы қолбасшылардың бірі-осы генерал.Неміс нацизмінің «бөрікпен ұрып алатын» қарсылас емес, аса қауіпті жау екенін талай ескерткен оның  орынды болжамдарын сол кезде ешкім құлағына да ілген жоқ....      

Тағы да қайсар қолбасшының айтқаны тұп-тура келді. Жедел қимылдаған жау екі айдың ішінде үш елді тізе бүктіріп, Парижге таяп келді. Ш.Голль басқарған француз әскерлерінің Сомма өзені бойындағы жанкешті қарсыласуы жағдайды өзгерте алмады. Әдетте саудагерлерше соғысатын ағылшындар масқара болып жеңіліп, Дюнкерктен еліне үдере қашты. Күші де мол, қару-жарағы да жеткілікті бола тұра, рухы түскен ел басшылары, генералитет, парламент Отан қорғауды емес, дұшпанға бас июді жақтап шықты. Жалғыз генерал Шарль ғана отандастарының сатқындығы мен намыссыздығына жаны күйіп, 1940 жылдың 16 маусым күні Англияға кетті. Осыдан екі күн бұрын, «Ашық қала» деп жарияланған Парижге неміс әскерлері емін-еркін енген болатын...

Француздардың дәстүрлі одақтасы ағылшын астанасы - Лондонға келген елу жастағы генерал тыным таппады. Ол 18 маусым күні ағылшын радиосынан сөйлеп, кеудесінде «отаншылдық оты бар, сүйікті Франция үшін жанын қиюға даяр жандарды» өзінің төңірегіне топтасуға шақырды. Сол-сол-ақ, жау басып алған  Отаны мен әзірге дін аман осы елдің отарлары- Алжир, Вьетнам, Гвиана... тағы басқаларынан қашып-пысып келген жүздеген мың қандастары жинала бастады. Осында елдестерінен Шарль «Азат Франция» ұйымын құрып, жаңа әскер жасақтады. Ал ағылшын-американ одақтастары оларды мұздай қаруландырды. Өз елінде бұрынғы ұстазы маршал Петен басқарған қуыршақ үкімет Ш.де Голльді сыртынан өлім жазасына кескен-ді... 1944 жылдың аяғында туған елі азат етілгеннен кейін әскери мансабы доғарылып, саяси өмірі басталған-ды...

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: