21 Қараша 2013, 09:42
Шекті руының ішіндегі Бейімбет
Кіші хүз ханы Əбілқайырды Барақ сұлтан өлтірген соң таққа талас басталды
Əбілқайырдың əйелі Бопай ханша жəне оның балалары, Нұралы сұлтанды Əбілқайырдың орнына таққа отырғызу заңды құбылыс деп есептеді. Əбілқайырдың тірі кезінде оның тым орысшылдығын құптамаған бірсыпыра билер мен старшындар , осы ұрымтал шақты тиімді пайдаланып қалуға тырысты. Сөйтіп, Əбілқайыр хан өлген соң, Шыңғыс əулетінің ежелден келе жатқан атақты жəне өте көп таралған бұтағынан шығатынын, негізгі аргумен деп есептеген,сонымен бірге Əбілқайырдың баласы Нұралы хан тағына отырса , Кіші жүздің орысқа бодандығы одан əрі тереңдей түселді деп санаған Кіші жүздің шөмекей - балы, шекті __________- кішкене, төртқара, қарасақал сияқты іргелі руларының бірсыпыра өкілдері Қайып ханның баласы Батыр сұлтанды хан тағына сайлаған болатын. Сөйтіп, хан тағына Батыр сұлтанның таласқаны Əбілқайыр əулетінің үлкені Нұралы сұлтанның хан тағына отыруына үлкен қауіп туғызды.
1748-жылы 21-қыркүйекте Нұралы сұлтан анасы Бопай ханшаның үйіне келді . Осы
сапарда Нұралы сұлтанға, оны хан тағына отырғызуды қолдайтын 400- ден астам Кіші жүздің билері, старшындары жəне батырлары еріп келген болатын.Олардың осы сапардағы негізгі мақсаттары Бопай ханшаға Əбілқайыр қазасына байланысты көңіл білдіру, сонымен бірге осы сын сағаттарда өздерінің Əбілқайыр ханның əруағына адал екендіктерін білдіріп, Нұралы сұлтанды қолдайтындықтарына Əбілқайырдың əйелі мен балаларын сендіру еді . Кіші жүздің негізгі билері мен старшындары жəне батырларының қолдауына ие болған соң, Нұралы сұлтан Ресей патшайымына, өзін əкесінің орнына, хан етіп бекітуді өтініп 1748-жылы 5 - қазанда хат жолдады.
Бопай ханша да Нұралыны əкесінің орнына хан дəрежесінде бекітуге жəрдем сұрап,
бригадир Тевкелевке өтініш хат жіберді.
Сонымен бірге Орта жəне Кіші жүздің атақты билері мен беделді батырлары өздерінің
Нұралы сұлтанды қазақ халқының бұрыннан сақталып келе жатқан дəстүрі бойынша əкесі Əбілқайырдың орнына хан сайлағандарын қағаз жүзінде растап, императрица Елизаветаға хат жазған болатын. Осы хатқаШекті руының атынан Бейімбет батырда өз қолын қойып, таңбасын басқан болатын. Енді осы тарихи маңызы зор хаттың мазмұнымен оқушы қауымды таныстырайық :
1748-жылғы 5-қазанда Кіші жəне Орта жүздердің билері мен
батырларының Нұралы сұлтанды Орта жəне Кіші жүздердің
ханы етіп бекіту туралы Елизавета патшайымға жазған хаты.
... Біз, төменде қол қоюшылар, қырғыз-қайсақтың Орта жəне Кіші жүз билері мен батырлары
жəне барлық атақты адамдары, біздің өзіміздің мəлімдемізді келесі тармақтар арқылы
білдіреміз:
1. Сіздің императорлық билігіңізді толық мойындаған Əбілқайыр хан бұл жарық
дүниеден өтті, оның орнына мұрагерлік жолмен біз оның баласы Нұралы сұлтанды сайладық.
2. Біз оны, Нұралы ханды, өзіміздің əдет-ғұрпымызбен сайлағанымызбен, Сіздің
императорлық мəртебелі жоғары Жарлығыңызсыз біздер оны өзіміздің бас ханымыз ретінде
толық хан санай алмаймыз.Сондықтан Сізден жоғары императорлық мəртебеліміз,толық
боданыңыз ретінде, Сіз өзіңіздің жоғары императорлық мəртебелі Жарлығыңызбен, осы
Нұралы сұлтанды өзінің əкесі Əбілқайыр ханның орнына, бас хан етіп тағайындауыңызды
өтінеміз, жəне оған хан болып тағайындалғанының белгісі ретінде, оны Сіздің императорлық 22
мəртебеңіздің алтын мөрі басылған Грамотаңызбен марапаттаңыз.
Қайырымды патшайым, Сіздің императорлық мəртебеңізден толық боданыңыз
ретінде біздің осы мəлімдемемізге мейірімізбен қарап қол қоюыңызды өтінеміз.
1748 жылғы 5 қазан.
Мəлімдеменің түп нұсқасына Орта жүз Шақшақ-Шарджы Тым руынан Жəнібек
тархан өз мөрімді қойдым. Осы орданың Керей руынан Наурыз би өз таңбамды бастым.
Шақшақ руынан Қойсары би өз таңбамды бастым. Осы рудан Жалмəмбет би. өз таңбамды бастым. Осы рудан Құдайшүкір батыр өз таңбамды бастым.
Кіші жүзШөмекей руынан Қыдай би, Мəмет аталық Жайылған би өз таңбаларын
басқан.
Қаракесек руынан Қожанай би өз таңбамды бастым.
Шекті руынан Бабый би өз таңбамды бастым. Осы рудан Бақтыбай би, Мөңке би,
Айдаралы би, Исанбай би, Мышанақ би, Мəметек би өз таңбаларын басқан. Осы рудан Бейімбет батыр . өз таңбамды бастым.
Төртқара руынан Құдайназар би, Дəулет би, Анақ би, Болат би, Тілеуімбет би өз
таңбаларын басқан.
Байұлы Алаша руынан Байсау би, Байтерек аталық өз таңбаларын басқан.
Кете руынан Алтай би, Қағалық би, Жұлдыз батыр, Бостыбай би,Тұнаша
батыр,Өмірзақ би, Кенжалы би, Қаратай би, Жəнібек би таңбаларын басқан.
(Аударған тілмаш Яков Гуляев.)
Жоғарыдағы хаттардың орысша жазылған түпнұсқасы № 5 Қосымшада келтірілді -
1748-жылы 5-қазанда Кіші жəне Орта жүздердің билері мен батырларының Нұралы сұлтанды Орта жəне Кіші жүздердің ханы етіп бекіту туралы Елизавета патшайымға жазған хаты. (Сборник материалов и документов. Казахско-русские отношения 16-18 в.в. –
Алматы, 1961 г. 409-410 стр.).
Жетірудың ішіндегі Бəйімбет
Əбіш Кекілбаевтың «Үркер» романында (Əбілқайыр хан кезеңі) Бəйімбет батыр 410
бетте кездеседі:
«Бір күні іңірді жамылып ағалы-інілі Қара батыр, мен Бəйімбет батыр кеп
аттарынан түсе қалды. Жақайымның маңдайға үстар екі биінің түн жамылып жүргендері
тегіннен-тегін емес екен».
Қара батыр Еділ бойы қалмақтарына қарсы соғысқан. Сондай шайқастардың бірінде
қалмақтың қызын тоқалдыққа алып, содан Бөкенбай батыр туған (1669-1742 ж.). Бөкенбай батырдың өмір жолы Жас Алаш газетінде жазылған (№83 (15437) 15 қазан, бейсенбі 2009).
Бөкенбай батыр 1710-1730 жылдарды Жетірудың аға биі, билеушісі болды.
Қорытынды:
1. Кіші жүзде Шекті руында Бейімбет батыр болған, өйткені Елизавета
патшайымға 1748 жылғы 5 қазанда жазған хатта қолы бар.
2. Жетірудың ішінде 17-18 ғасырда Бəйімбет батыр болған (Əбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы).
3. Кіші жүзде Бейімбет батыр жəне Бəйімбет батыр бір адам болуы əбден мүмкін,сондықтан зерттелуі керек.