21 Қараша 2013, 09:40
Біздің атамыз Бəйімбет батыр есеппен 1710-1790 жылдары өмір сүрген. Мұхтар
Мағауин «Қобыз сарыны» Алматы, 1968 ж. (894.342.09, М12) кітəбінан Бұқар Жырау
Қалқаманұлы (1693-1787) туралы жазады:
Жыраудың шығармаларын жинастырған Мəшһүр Жүсіптің айтуынша Бұқар Жырау
Арғын ішінде Тортуыл Қаржастан шыққан. Бұқардың əкесі Қалқаман – батыр болған
көрінеді. Бұқар малсыз адам екен деп жазады Мəшһүр. Өзіне байдан мінуге ат сұрапты.
Сонда Бұқардың айтқаны:
Бұқарекең біз келдік,
Ақан, Төбет байларға,
Бесті берсең семіз бер
Жаздай Бұқар жайларға.
Бермеймін деп атама,
Асауыңды матама,
Шынжырыңнан берік тартсам,
Шамырқанып, шамданып,
Шалқасынан жата ма,
Алпыстағы Бұқардың
Сілесі құрып қата ма,
Құлдарың мен күңдерің
Мерекеге бата ма.
Жоғарыдағы Бұқар Жыраудың ат сұраған Төбет бай Бəйімбет батырдың əкесі болуы
мүмкін, өйткені бір заманда Көкшетау өңірінде өмір сүрген адамдар. Мəшһүр Жүсіптə сол өңірдің азаматы. Төбет байдың төрт ұлы болған: Өтебай, Бəйімбет, Асан,Үсен. Бұқар Жырау (1693-1787) сол уақытта 60-жаста болса, өлеңдегі келтірілген уақыт 1753 жылдары шамасында болған. Төбет бай 70 жаста деп есептесек, оның туған жылы 1683 жылы болуы мүмкін. Төбет бай 20-24 жасында үйленсе, үлкен баласы Өтебай бір жылдан кейін дүниеге келсе, Өтебайдың туған жылы 1704-1708 жылы болуы мүмкін. Ал Өтебаймен екінші баласы Бəйімбеттің арасын екі жыл деп алсақ, онда Бəйімбеттің туған уақыты 1706-1710 жылдары болуы мүмкін. Елдегі ақсақалдардың айтуынша Төбет байдың төрт ұлыда (Өтебай, Бəйімбет, Асан,Үсен) батыр болған екен. Ел ақсақалдарының айтқанын мына тарихи деректер дəлелдеп отыр:
1. 1742 жылы 23-30 августа орыс ханшасы Елизавета Петровнаға жазылған № 93
хатта 184 ант беріп қол қойған билер мен батырлардың арасында орта жүздің керей руынан Асан,Үсен батырлардың қолдары бар. Ал билер мен батырлар бір жұма бойы кезекпен келіп қол қойып отырғандықтан, белгісіз себептермен кешігіп келген бабамыз Бəйімбет батыр арғын руының 37 батырларының тізімінде төртінші болып 28 августа қолын қойыпты. Сол тізімде 35-ші болып Құлякя - батыр жазылыпты. Бұл орыс тілмаштардың бұрмалап жазған
арғын атығай ішіндегіШал ақынның əкесі Құлеке батыр.
Түпнұсқасы № 4 Қосымшада келтірілді - 1742 жылы 23-30 августа орыс ханшасы
Елизавета Петровнаға Орта жүздің билері мен батырларының ант беріп қол қойған№ 93
хаты (Сборник материалов и документов. Казахско-русские отношения 16-18 в.в. –
Алматы, 1961 г. 220-222 стр.).
2. Шоқан Уалихановтың «Исторические предания о батырах ХVIII в.» (Қасенов Е. Б. –
Век казахско-джунгарского противостояния. Павлодарский ГУ.) деген еңбекте 12 əңгімеде
орта жүздің: Үсен батыр, Алтай батыр, Байғозы батыр туралы деректер кездеседі.
Қорытынды:
1. Орта жүзде Бəйімбет батыр тек Күрсары Керейде ғана болғанына
ешқандай күмəн жоқ, өйткені арғынның атығай руындағы Бəйімбет 1600 жылдары өмір
сүрген екен.
2. Күрсары Керей Бəйімбет батыр 1706-1710 жылдары туған деп болжаймыз.
Орта жүздің билері мен батырлары орыс ханшасы Елизавета Петровнаға жазылған
хатта ант беріп қол қойғандардың арасында керей руынан Асан, Үсен, Бəйімбет
батырлары бар.