Жаппай жазалау ше?

21 Қараша 2013, 09:37

        И.В. Сталинге тағылатын біреу де бірегей айып- елімізде жүйелі түрде жүргізілген жаппай жазалау. Иә, ел басшысы ретінде оның талайлардың тағдырының тәрік болғандығында кінәсі бар. Мүмкін ол бұл тұлғаның жаратылысынан қатал да күдікшіл мінезінің әсерінен де шығар. Осы тарихи тұлғаны көріп-білгендер мен тығыз қарым-қатынаста болғандардың бәрі дерлік сол табиғи ерекшелігін бірауыздан  өтеді. Бірақ зұлымдық пен қиянаттың барлығы үшін тек Сталин жауапты ма? Олай десек, ақиқаттан ауытқымаймыз ба?  Ал «темір» нарком Н.И. Ежов ше?!... Біздіңше, Сталиннің күнәсін жеңілдететін жағдаяттың бірі мынау-аса күрделі де қым -қуыт  өткен ғасырдың 20-40 жылдарында шынымен де елде халық жаулары көп болды. Бірінші кезекте сатқындар мен сыртқы жаудың «жансыздары» аз болған жоқ. Бұған 20-30 жылдардағы партиялық тазалаулар мен тексерулерден кейін (маскүнемдігі, сауатсыздығы, рухани азғындығы т.б. үшін) жұмыссыз қалған миллиондаған бұрынғы коммунистерді қосыңыз! Олар өздерін қатардан шығарып, күнкөріссіз қалдырған Кеңес өкіметі мен партия ны «сүйді» деп кім айта алады?! Одан басқа, бүгінде «жазықсыз жазаланды» деп жүрген   Бухарин, Тухачевский, Енукидзе, тағы басқаларының шетелде жүрген, Кеңес өкіметінің  қас жауы-Троцкиймен тығыз байланыста болуы қалайша күдік туғызбайды?! Тіпті Тухачевский мен Гамарник жетекшілік еткен әскери қолбасшылар 1937 жылдың 1 мамырына әскери төңкеріс даярлап, Сталинді тақтан тайдырып, Кеңес өкіметін құлатуды мақсат тұтқан ын неміс тарихшысы Пауль Карелл дәлелдеп жазыпты. Тек Тухачевскийдің Англияға ресми сапарына байланысты төңкеріс үш аптаға кейін шегіндірілсе керек... Әскерилердің қашанда билікке ұмтылатыны да, тақ үшін тайталастың үнемі төгілген қанмен аяқталатыны әлімсақтан белгілі жәйт. Өзін құртуды ойлағандардың іс-әрекетін біле отырып, қалайша Сталин қимылсыз қалады? Оның орнында басқа біреу болса да, солай істер еді. «Қан төкпейді» деп айта алмаймын. Жұрттың бәрі бірдей Л. Брежнев емес қой... Ежовқа қайта оралайық. Ягода сенімнен шыққасын, Сталин НКВД-ның басшылығына партиялық қызметкер Ежовты қойды. Оның «қасиеті» -бұйрық пен нұсқауды мүлтіксіз орындайды, «қылығы»- бір бастаса, өзін өзі тоқтата алмайды. Жаппай жазалауды бастап жіберген де, тұтқындау жөнінде жоспарды ойлап шығарған да, қапасқа қамалған бейбақтарды аяусыз ұрып-соғып, азаптауды мақұлдаған да, кеңінен қолданған да-Н.Ежов. Қазақты  аяулы арыстарының да жойылуына басты себепші-сол жендет, өйткені ол бұрын біздің елімізде ұзақ болған және жан-тәнімен шовинист адам. Арамыздан шыққан есебі жоқ сатқындар мен жер-жердегі шолақ белсенділер де Ежовтың жұмысын «жеңілдетіп», жүздеген   мың адамның обалына қалды. Демек, басты айыпкерлер-Ежов пен арамыздағы сан мыңдаған Қарасартовтар(Шәкәрімнің соңына түскен). Соның ішінде қазір мақталып жүрген   «Мырзажанның» (Мирзоян) да талайлардың түбіне жеткенін кезінде «Жас қазақ» газеті жазған-ды. Сөз жоқ, Сталиннің де қазақ ұлтының алдында 1928-1933 жылдардағы сұмдық аштық пен ең таңдаулымызды жойғаны үшін кінәлі екенін ұмытуға болмайды. Бірақ басты жендет-Н. Ежов қой. Неге екені белгісіз, жаппай жазалау туралы сөз болғанда, оның қожайыны ауызға алынады да, «қарғылы төбеті» тасада қалып жүр. Мұның сыры наркомның өктем ұлттың өкілі болғандығында  ма, екен?!... Жалпы түркі жұртына, соның ішінде қазаққа өштік гүржілердің, соның ішінде Джугашвилидің (Сталиннің шын тегі) қанына сіңсе керек. Сонау Х! ғасырда қыпшақтар гүржілердің қас жауы, былай қарағанда өздеріне қандас сәлжүктерді қирата жеңіп, Қап тауындағы осы елдің жерінен түріп айдап шықса да, олардың тарапынан пәлендей ризалық сезімін байқау қиын. Оған тағы да түркі бауырларымыз-осман түріктері «кінәлі». Өйткені гүржі елінің оң түстік-шығысына орналасып алған осман түріктері ғасырлар бойы көршілеріне тыныштық берген жоқ. Тіпті абхаздардың белгілі бір бөлігі мен аджарлардың мұсылман дінін қабылдауына да солар себепші...  Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

        И.В. Сталинге тағылатын біреу де бірегей айып- елімізде жүйелі түрде жүргізілген жаппай жазалау. Иә, ел басшысы ретінде оның талайлардың тағдырының тәрік болғандығында кінәсі бар. Мүмкін ол бұл тұлғаның жаратылысынан қатал да күдікшіл мінезінің әсерінен де шығар. Осы тарихи тұлғаны көріп-білгендер мен тығыз қарым-қатынаста болғандардың бәрі дерлік сол табиғи ерекшелігін бірауыздан  өтеді. Бірақ зұлымдық пен қиянаттың барлығы үшін тек Сталин жауапты ма? Олай десек, ақиқаттан ауытқымаймыз ба?  Ал «темір» нарком Н.И. Ежов ше?!...

Біздіңше, Сталиннің күнәсін жеңілдететін жағдаяттың бірі мынау-аса күрделі де қым -қуыт  өткен ғасырдың 20-40 жылдарында шынымен де елде халық жаулары көп болды. Бірінші кезекте сатқындар мен сыртқы жаудың «жансыздары» аз болған жоқ. Бұған 20-30 жылдардағы партиялық тазалаулар мен тексерулерден кейін (маскүнемдігі, сауатсыздығы, рухани азғындығы т.б. үшін) жұмыссыз қалған миллиондаған бұрынғы коммунистерді қосыңыз! Олар өздерін қатардан шығарып, күнкөріссіз қалдырған Кеңес өкіметі мен партия ны «сүйді» деп кім айта алады?! Одан басқа, бүгінде «жазықсыз жазаланды» деп жүрген   Бухарин, Тухачевский, Енукидзе, тағы басқаларының шетелде жүрген, Кеңес өкіметінің  қас жауы-Троцкиймен тығыз байланыста болуы қалайша күдік туғызбайды?! Тіпті Тухачевский мен Гамарник жетекшілік еткен әскери қолбасшылар 1937 жылдың 1 мамырына әскери төңкеріс даярлап, Сталинді тақтан тайдырып, Кеңес өкіметін құлатуды мақсат тұтқан ын неміс тарихшысы Пауль Карелл дәлелдеп жазыпты. Тек Тухачевскийдің Англияға ресми сапарына байланысты төңкеріс үш аптаға кейін шегіндірілсе керек...

Әскерилердің қашанда билікке ұмтылатыны да, тақ үшін тайталастың үнемі төгілген қанмен аяқталатыны әлімсақтан белгілі жәйт. Өзін құртуды ойлағандардың іс-әрекетін біле отырып, қалайша Сталин қимылсыз қалады? Оның орнында басқа біреу болса да, солай істер еді. «Қан төкпейді» деп айта алмаймын. Жұрттың бәрі бірдей Л. Брежнев емес қой...

Ежовқа қайта оралайық. Ягода сенімнен шыққасын, Сталин НКВД-ның басшылығына партиялық қызметкер Ежовты қойды. Оның «қасиеті» -бұйрық пен нұсқауды мүлтіксіз орындайды, «қылығы»- бір бастаса, өзін өзі тоқтата алмайды. Жаппай жазалауды бастап жіберген де, тұтқындау жөнінде жоспарды ойлап шығарған да, қапасқа қамалған бейбақтарды аяусыз ұрып-соғып, азаптауды мақұлдаған да, кеңінен қолданған да-Н.Ежов. Қазақты  аяулы арыстарының да жойылуына басты себепші-сол жендет, өйткені ол бұрын біздің елімізде ұзақ болған және жан-тәнімен шовинист адам. Арамыздан шыққан есебі жоқ сатқындар мен жер-жердегі шолақ белсенділер де Ежовтың жұмысын «жеңілдетіп», жүздеген   мың адамның обалына қалды. Демек, басты айыпкерлер-Ежов пен арамыздағы сан мыңдаған Қарасартовтар(Шәкәрімнің соңына түскен). Соның ішінде қазір мақталып жүрген   «Мырзажанның» (Мирзоян) да талайлардың түбіне жеткенін кезінде «Жас қазақ» газеті жазған-ды. Сөз жоқ, Сталиннің де қазақ ұлтының алдында 1928-1933 жылдардағы сұмдық аштық пен ең таңдаулымызды жойғаны үшін кінәлі екенін ұмытуға болмайды. Бірақ басты жендет-Н. Ежов қой. Неге екені белгісіз, жаппай жазалау туралы сөз болғанда, оның қожайыны ауызға алынады да, «қарғылы төбеті» тасада қалып жүр. Мұның сыры наркомның өктем ұлттың өкілі болғандығында  ма, екен?!...

Жалпы түркі жұртына, соның ішінде қазаққа өштік гүржілердің, соның ішінде Джугашвилидің (Сталиннің шын тегі) қанына сіңсе керек. Сонау Х! ғасырда қыпшақтар гүржілердің қас жауы, былай қарағанда өздеріне қандас сәлжүктерді қирата жеңіп, Қап тауындағы осы елдің жерінен түріп айдап шықса да, олардың тарапынан пәлендей ризалық сезімін байқау қиын. Оған тағы да түркі бауырларымыз-осман түріктері «кінәлі». Өйткені гүржі елінің оң түстік-шығысына орналасып алған осман түріктері ғасырлар бойы көршілеріне тыныштық берген жоқ. Тіпті абхаздардың белгілі бір бөлігі мен аджарлардың мұсылман дінін қабылдауына да солар себепші... 

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: