Енжарлық пен өзімшілдік

21 Қараша 2013, 09:36

         Енді сол 1945 жылдың сәуір айына ойша ойысайық. Ағылшын-американ әскері нацистік екінші бір өлім лагері-Бухенвальдқа 25-30 шақырымдай жерге келіп тұрақтады. Майдан  шебі болмады десе де, артық емес. Өйткені немістер бар күшті орыстарға қарсы төгіп, батыс жақты жалаңаштап тастаған. Ал Бухенвальд таяу жерде, жаз шығып, тамылжыған күн нұры төгіліп тұр... Азаттық сәтін асыға күткен бейбақтар біреулер арқылы сәлемін жеткізсе де, неге екені белгісіз, ағылшындар мен американдықтар міз бақпапты. Тіпті «Көп ұзамай келеміз» деп те айтпаса керек. Күте-күте шаршаған лагерь тұтқындары неміс коммунисі В. Бартел жетекшілік еткен антинацистік орталықтың басшылығымен көтеріліске әзірленді. Бір жақсысы, жас та еңгезердей күзетші-эсэсшілер соғыстың аяғына таман Шығыс майданға жөнелтілген еді. Олардың орнын басқан елу-алпыс жастағы  вермахттың (немістің құрғақтағы қарулы күштері) мосқал сарбаздары қатаң күзеттен гөрі әскери міндеттен босауды аңсады. Ақыры алдын ала жасырын қару қорын жинаған тұтқындар  11 сәуір күні көтеріліске шықты. Кек пен ашу-ыза бойларын кернеген тұтқындардың соққысына там-тұм қалған эсэсшілер болмаса, алдыңғылары көп тіреспестен қаруларын тастады. Ит-қорлығы жандарына батқан жекелеген жендеттерден өзгесін, жеңімпаздар жазалаған да жоқ.... Арада санаулы күндер өткен соң, ағылшындар мен американдықтар да келді. Оларға қолға түскендерді табыс еткен бұрынғы тұтқындар еліне жетуге асықты. Рас, одақтастар да арып-ашыған жандарды көп ұстамады. Тергеп-тексергеннен кейін қоя берді. Сан алуан ұлт өкілдері нөпір-нөпірімен қасірет қақпасынан сыртқа шығып, түрлі бағытқа қарай жол тартты... Күні бүгінге дейін түсініксізі сол, неге одақтастар ажал құрсауындағы жандарды азат етуге асыққан жоқ ? Бұл не? Ерен енжарлық па әлде тасыр өзімшілдік пе?!... Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында нацистік Германия мен ол басып алған мемлекеттердегі 11 ірі өлім лагері мен олардың сансыз көп бөлімшелерінде (мәселен, Бухенвальдта-Дора, Освенцимде-Биркенау, т.б.) 20 млн-нан астам мұңлық азап шекті. Солардың 11 миллионы ажал тапты. Тек ең үлкен өлім орны-Освенцимде толық емес деректерге қарағанда, 4 миллионнан астам адам құртылған. Қазір сол өлім лагерлерінің бәрі дерлік сақталған, ашық аспан астындағы мұражай іспеттес. Оларға жыл сайын миллиондаған адамдар келеді, спектакльдер қойылып, фильмдер түсіріледі. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында орыс сардары Александр Соболев Бухенвальдта болып, терең әсерге бөленіпті. Соның ықпалымен жыр шумақтарын жазса керек. Баспасөзде жарияланған оның өлеңіне көзі түскен сол кездегі танымал сазгер Вано Мурадели бірден аталған туындыға ән шығарыпты. «Бухенвальд дабылы» атты бұл әнді күшті даусымен жалғанның жалпағына шығарған жас дарын Муслим Магомаев еді. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

         Енді сол 1945 жылдың сәуір айына ойша ойысайық. Ағылшын-американ әскері нацистік екінші бір өлім лагері-Бухенвальдқа 25-30 шақырымдай жерге келіп тұрақтады. Майдан  шебі болмады десе де, артық емес. Өйткені немістер бар күшті орыстарға қарсы төгіп, батыс жақты жалаңаштап тастаған. Ал Бухенвальд таяу жерде, жаз шығып, тамылжыған күн нұры төгіліп тұр...

Азаттық сәтін асыға күткен бейбақтар біреулер арқылы сәлемін жеткізсе де, неге екені белгісіз, ағылшындар мен американдықтар міз бақпапты. Тіпті «Көп ұзамай келеміз» деп те айтпаса керек. Күте-күте шаршаған лагерь тұтқындары неміс коммунисі В. Бартел жетекшілік еткен антинацистік орталықтың басшылығымен көтеріліске әзірленді. Бір жақсысы, жас та еңгезердей күзетші-эсэсшілер соғыстың аяғына таман Шығыс майданға жөнелтілген еді. Олардың орнын басқан елу-алпыс жастағы  вермахттың (немістің құрғақтағы қарулы күштері) мосқал сарбаздары қатаң күзеттен гөрі әскери міндеттен босауды аңсады. Ақыры алдын ала жасырын қару қорын жинаған тұтқындар  11 сәуір күні көтеріліске шықты. Кек пен ашу-ыза бойларын кернеген тұтқындардың соққысына там-тұм қалған эсэсшілер болмаса, алдыңғылары көп тіреспестен қаруларын тастады. Ит-қорлығы жандарына батқан жекелеген жендеттерден өзгесін, жеңімпаздар жазалаған да жоқ....

Арада санаулы күндер өткен соң, ағылшындар мен американдықтар да келді. Оларға қолға түскендерді табыс еткен бұрынғы тұтқындар еліне жетуге асықты. Рас, одақтастар да арып-ашыған жандарды көп ұстамады. Тергеп-тексергеннен кейін қоя берді. Сан алуан ұлт өкілдері нөпір-нөпірімен қасірет қақпасынан сыртқа шығып, түрлі бағытқа қарай жол тартты...

Күні бүгінге дейін түсініксізі сол, неге одақтастар ажал құрсауындағы жандарды азат етуге асыққан жоқ ? Бұл не? Ерен енжарлық па әлде тасыр өзімшілдік пе?!...

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында нацистік Германия мен ол басып алған мемлекеттердегі 11 ірі өлім лагері мен олардың сансыз көп бөлімшелерінде (мәселен, Бухенвальдта-Дора, Освенцимде-Биркенау, т.б.) 20 млн-нан астам мұңлық азап шекті. Солардың 11 миллионы ажал тапты. Тек ең үлкен өлім орны-Освенцимде толық емес деректерге қарағанда, 4 миллионнан астам адам құртылған. Қазір сол өлім лагерлерінің бәрі дерлік сақталған, ашық аспан астындағы мұражай іспеттес. Оларға жыл сайын миллиондаған адамдар келеді, спектакльдер қойылып, фильмдер түсіріледі.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында орыс сардары Александр Соболев Бухенвальдта болып, терең әсерге бөленіпті. Соның ықпалымен жыр шумақтарын жазса керек. Баспасөзде жарияланған оның өлеңіне көзі түскен сол кездегі танымал сазгер Вано Мурадели бірден аталған туындыға ән шығарыпты. «Бухенвальд дабылы» атты бұл әнді күшті даусымен жалғанның жалпағына шығарған жас дарын Муслим Магомаев еді.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: