Бəйімбет елінің Ресейге қоныс аударуы. Жаңа Ресей жерінде

21 Қараша 2013, 09:30

Бəйімбет елінің Ресейге қоныс аударуы Бəйімбет елінің діншіл ақсақалдары ақылдасып: «Қытайға жеткенімізше балаларымыз да, өзіміз де түгелдей қырылып қалармыз» деген қауіппен Омбы облысының Назыбай ауданына көшуге шешім қабылдайды. Өйткені 18 ғасырдың аяғында Ресейдің Күрті, Назыбай аудандарына алғашқы қоныс аударған Бəйімбет кісілері: Макей, Мыңжасар, Иса, Əубəкір, Мұқыш, Хасен, Қазы т.б. Аталарымыз тоғайлы, көлді, шөбі шүйгін, құнарлы, малға жайлы жерлерде орналасады. Артынан іздеп келген ағайындарына бауырларының тұрған жерлері, тұрмыс-тіршіліктері ұнайды, қырдағы бəйімбеттіктердің құлағына жетеді. Сондықтан Омбы жеріне қоныс аудару ақылдасып шешілген мəселе болған екен. Омбы облысының басқа Азов, Одесса, Шарбаққөл, Москаленко, Марьяновка, Есілкөл аудандарындада қазақтар 17-18 ғасырларда тұрған екен. Көшпенді қазақтар малдың жайылымын көбірек ойлағандықтан Ресейдің суы, шөбі мол ағаш арасынан қоныс тапқанға ұқсайды. Қожа-молдаларға, байларға қуғындық басталып күшейгесін, Сəтжан аман қалсын деп үлкендер ақылдасып атамызды салт атпен түнде жалғыз Омбы жаққа жібереді. Сəл кейінірек бүкіл ел болып, түнделетіп, бала шағасымен, малымен көшеді. Үйлерін ашық тастап, шамдарын жағып кетеді. Атамның малдарын ағайындары бөліп алып өз малдарымен бірге айдайды. Полтавканы Сарыкөлді басып Назыбай жеріне жетеді. Кашкенов Абылхайыр - «Ауыл атасы» елге қауып төнгенде өз басын бəлеге байлап, елді аман алып қалуға себепші болады. Ертеңінде ауданнан келген бастықтарға: «Менің есігімді, тереземді сыртынан бітеп жəне тіреп бүкіл ел қашып кетті. Далаға шыға алмағансоң бөгет ете алмадым» - дейді. Құдай жарылқап «Ауыл атасы» кеңестің қысымынан аман қалады, дүниеден өткенінше елде «Ауыл атасы» деп құрметтеді. Ел ақсақалдарының шешімі дұрыс болып Бəйімбет атамыздың тұқымы Ресейге қоныс аударуымен ғана аман қалды.     Жаңа Ресей жерінде Ең бірінші болып Бəйімбеттің «Алтыншы ауылы» 1929-30 жылдары Назыбай ауданына 47 разъездің жанына орналасады жəне «Алтыншы ауыл» деген бұрынғы  Қазақстандағы атын сақтап қалады (орысша «Шестой аул»), бірден колхоз құруға кіріседі. 1931 жылы «14-ая годовщина Октября» колхозы құрылады. Колхоздың алғашқы төрағасы болып Хасенов Билял, орынбасары Мəкейұлы Қапкен сайланады. Соғыстан кейін ауылға жəне орта мектепке Бəйімбет атамыздың аты беріледі. Сатыбалды атам ағайын-туыстарымен Назыбай ауданына Аленкеу деген жерге, орыстардың қалған үйлеріне орналасады. Жүкен бапам 1933 жылы Аленкеуде тудым деп айтатын. Кейінірек ол жерден көшіп қазыргі отырған орынға қоныстап Бостандық ауылы атанады. Бұл шамасы 1933 жылдың аяғы болу керек. Екі Бəйімбет ауылының арасы 8 шақырым. Бұл Бəйімбет елінде Алжапар қажы, Жапар қажы, Хұсайын, Сатыбалды, Темірғали молдалардың абыройы өте жоғары болған. Себебі олар дінге беріліп, таза имандылықпен өмір сүрген. елдің адамдары ғана емес, Тюмень жəне Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарының азаматтарыда қатты құрметтеген. Сондықтан Бостандық ауылы үлкен Бəйімбет, ал «Алтыншы ауыл» кіші Бəйімбет деп аталған екен. Екі Бəйімбет ауылын екі қажының ауылы деп те атайды. Шолақ белсенділерден өлдім – талдым деп ес жия бастағанда соғыс басталады. «Аттан, қазақ, аттан» деген соң туған ел, өскен жермен қоштасып азаматтар соғысқа кетті. «Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен заман» келді. Сұрапыл соғыс аш-жалаңаш елдің берекесін əбден-ақ кетірді. Бір ғана біздің Бəйімбет ауылынан 1941 жылы 60 жігіт аттанған еді, көбі қайтпады. Мəкейұлы Қапкен, Қабыш Мұқанұлы, Қарамысов Мұқатай, Қанапия Хасенұлы, Бешкенов Топан Қали, Дүйсенбаев Қажымұрат, Абдрахманов Мəнтəу, Қапаров Қалмұрат т.б. Ұлы Отан соғысында елін қорғағаны үшін орден жəне медальдармен марапатталды. Отан үшін жандарын қиған аталарымыздың да аруақтарына бас иіп, тағзым етеміз, жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа, жандары жəннатта болсын дейміз. Өткен ғасырдың 60—.70 жылдары Бəйімбеттің екі ауылында көкірегі даңғыл, көсем сөйлейтін көнекөз қариялар көп болатын еді. Олар Сатыбалды молла, Əбілмажын молла, Хұсайын молла, Мəнтау, Кəрім, Ғұсман, Абылхайыр, Кенжебай, Нүрке, Əту, Темірғали, Шəріп, Асқап, Асқар, Қарағұсман, Дюсенбай, Сарсенбай, Аушахман, Еслам, Əміре, Хаби молла т.б. Сол ақсақалдардың басы қосылған жерлерде көне тарихты, даңқты бабалардың ерлік істері, ел басына күн туған қасіретті сүргін жылдар əсерлі етіліп, желілене əңгімеленілетін. Бəйімбет атамыздың Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін, Абылай ханның қолбасшыларының бірі болғанын мақтанышпен айтып отыратын. Менің атам - Сатыбалды молланың əңгімесін тыңдау бір ғанибет болатын. Ол кісі тек өз аулы, өз руымен шектелмей, бұрынды-соңды өмір сүрген басқа ел-жұрт, ондағы белгілі адамдар жөнінде, ұланғайыр өлкеде болып өткен дүбірлі тарихи оқиғалар турасында мазмұнды-мəнді əңгімелер айтушы еді. Осындай жиындарда ел ақсақалдары ел ішіндегі мəселелерді шешеді екен: мал ұрлау, қыз алып қашу, су, жер, шөп т.б. Ғұсман (Айғай бапам) батырлардың (Алпамыс, Ер-Тарғын, Бəйімбет) қиссаларын тыңдаушылардың шыдамы жеткенге дейін жатқа айтып беретін. Қайда барып, кімнен сұрасаңыз да Бəйімбет елін - ынтымақты, тату-тəтті, ұжымды ел дейді. Кісілер, батырлар, қажылар көп шыққан ел деп мақтайды. Неге? Менің ойымша, ол ауылдың қариялары дін жолымен, хақ жолымен жүрді жəне құдай мен құран шындығына жас балаларын да сендіре білді. «Қарғадан қарға туар қарқылдаған, сұңқардан сұңқар туар жарқылдаған» - ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсіз. Міне Бəйімбет елінің ұрпағының аталарының салған жолымен жүргенін əкем Жүсіп-қажының інісі Жүніс 1999 жылы қажыдан келгенде Лұқпан-қызы Əсия апамыздың жазған өлеңінен көреміз: Қайырлы болсын тойың жиналған – жұрт Жойылсын ел басынан төнілген бұлт Мадақтап діннің жолын той-тойлайсыз Кетпесін елімізден мереке құт Ежелге дінге берік Бəйімбетім Алдыңнан талай хазрет өткен Топырағы торқа болсын жарықтық Аль-Жаппар, Жаппар қажы алда кеткен Бүгінгі той иесі Жүкен-аға Хазірет Сатекеңнен қалған бала Сатекең Күсекеңі боп қатал кезде Аталар дін исламға болған пана Екінші тілек айтам Жұсып-аға Сіздерді мақтан қылған осы маңай Ардақты Бəйімбеттің азаматы Дəл қазір жүрседе елден шалғай Жасында бала оқытып өнер құған Алдынан талай өрен білім алған Мендағы сол кездегі кəрі шəкірт Құттықтап тойыңызға келіп тұрған Тайма деп мұсылманның хақ жолынан Атаңыз сізге уағыз айтқан екен Анадан ақ сүт емген перзенттері Тайдырмай ата-жолын құған ел Ағалар араб елін көріп кепті Басына Қағбатолла тəуап етті Орындап бес парыздың бір тарауын Қабырына Расулолла дұға етті Қайырлы болсын барған сапарларың Қажы боп басқа ораған сəлделерің Сіздерде ата жолын қуыпсыздар Сіздерден үлгі алсын балаларың Шаттанып қуаныңыз туыстары Біз бүгін қажылар деп қылдың кеңес Өздері өзі-ғалім, өзі-қажы Əркімнен мұндай ұлдар туа бермес Бұл өлең сəл ертерек жазылып еді Ол кезде Жұсып-аға аман сау еді Тек тойы жыртылмасын деп тілегім Тұщы етіп ауырмаққа демеуші ме еді Сəлемдеме болсын бұл өлең ағамызға Бір Алла сырқатына берсін шипа Лəйлəміз сұраған соқ жазып бердім Бəйімбет Лұқпан-қызы мен Əсия Сонау Бəйімбет атамыздан бері қарай ел аузында аңыз болып жүрген Əльжапар қажы, Жапар қажы, Құсайын, Əбілмəжын, Сатыбалды, Темірғали моллалар....баршасы хақ мұсылмандар еді. Алла тағаладан мұсылман балаларына рахмет назарымен қарап, тыныштық, бейбітшілік, ырыс-ынтымақ болуын сұрап, дұға етейік. Алла жар болсын сіздерге. Аумин!

Бəйімбет елінің Ресейге қоныс аударуы

Бəйімбет елінің діншіл ақсақалдары ақылдасып: «Қытайға жеткенімізше балаларымыз

да, өзіміз де түгелдей қырылып қалармыз» деген қауіппен Омбы облысының Назыбай

ауданына көшуге шешім қабылдайды.

Өйткені 18 ғасырдың аяғында Ресейдің Күрті, Назыбай аудандарына алғашқы қоныс

аударған Бəйімбет кісілері: Макей, Мыңжасар, Иса, Əубəкір, Мұқыш, Хасен, Қазы т.б.

Аталарымыз тоғайлы, көлді, шөбі шүйгін, құнарлы, малға жайлы жерлерде орналасады.

Артынан іздеп келген ағайындарына бауырларының тұрған жерлері, тұрмыс-тіршіліктері ұнайды, қырдағы бəйімбеттіктердің құлағына жетеді. Сондықтан Омбы жеріне қоныс аудару ақылдасып шешілген мəселе болған екен.

Омбы облысының басқа Азов, Одесса, Шарбаққөл, Москаленко, Марьяновка, Есілкөл

аудандарындада қазақтар 17-18 ғасырларда тұрған екен. Көшпенді қазақтар малдың

жайылымын көбірек ойлағандықтан Ресейдің суы, шөбі мол ағаш арасынан қоныс тапқанға ұқсайды.

Қожа-молдаларға, байларға қуғындық басталып күшейгесін, Сəтжан аман қалсын деп

үлкендер ақылдасып атамызды салт атпен түнде жалғыз Омбы жаққа жібереді. Сəл кейінірек бүкіл ел болып, түнделетіп, бала шағасымен, малымен көшеді. Үйлерін ашық тастап, шамдарын жағып кетеді. Атамның малдарын ағайындары бөліп алып өз малдарымен бірге айдайды. Полтавканы Сарыкөлді басып Назыбай жеріне жетеді.

Кашкенов Абылхайыр - «Ауыл атасы» елге қауып төнгенде өз басын бəлеге байлап, елді аман алып қалуға себепші болады. Ертеңінде ауданнан келген бастықтарға: «Менің есігімді, тереземді сыртынан бітеп жəне тіреп бүкіл ел қашып кетті. Далаға шыға алмағансоң бөгет ете алмадым» - дейді. Құдай жарылқап «Ауыл атасы» кеңестің қысымынан аман қалады, дүниеден өткенінше елде «Ауыл атасы» деп құрметтеді.

Ел ақсақалдарының шешімі дұрыс болып Бəйімбет атамыздың тұқымы Ресейге қоныс

аударуымен ғана аман қалды.

 

 

Жаңа Ресей жерінде

Ең бірінші болып Бəйімбеттің «Алтыншы ауылы» 1929-30 жылдары Назыбай ауданына

47 разъездің жанына орналасады жəне «Алтыншы ауыл» деген бұрынғы  Қазақстандағы атын сақтап қалады (орысша «Шестой аул»), бірден колхоз құруға кіріседі. 1931 жылы «14-ая годовщина Октября» колхозы құрылады. Колхоздың алғашқы төрағасы болып Хасенов Билял, орынбасары Мəкейұлы Қапкен сайланады. Соғыстан кейін ауылға жəне орта мектепке Бəйімбет атамыздың аты беріледі.

Сатыбалды атам ағайын-туыстарымен Назыбай ауданына Аленкеу деген жерге,

орыстардың қалған үйлеріне орналасады. Жүкен бапам 1933 жылы Аленкеуде тудым деп айтатын. Кейінірек ол жерден көшіп қазыргі отырған орынға қоныстап Бостандық ауылы атанады. Бұл шамасы 1933 жылдың аяғы болу керек.

Екі Бəйімбет ауылының арасы 8 шақырым. Бұл Бəйімбет елінде Алжапар қажы, Жапар

қажы, Хұсайын, Сатыбалды, Темірғали молдалардың абыройы өте жоғары болған. Себебі олар дінге беріліп, таза имандылықпен өмір сүрген. елдің адамдары ғана емес, Тюмень жəне Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарының азаматтарыда қатты құрметтеген. Сондықтан Бостандық ауылы үлкен Бəйімбет, ал «Алтыншы ауыл» кіші Бəйімбет деп аталған екен. Екі Бəйімбет ауылын екі қажының ауылы деп те атайды.

Шолақ белсенділерден өлдім – талдым деп ес жия бастағанда соғыс басталады. «Аттан, қазақ, аттан» деген соң туған ел, өскен жермен қоштасып азаматтар соғысқа кетті. «Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен заман» келді. Сұрапыл соғыс аш-жалаңаш елдің берекесін əбден-ақ кетірді. Бір ғана біздің Бəйімбет ауылынан 1941 жылы 60 жігіт аттанған еді, көбі қайтпады. Мəкейұлы Қапкен, Қабыш Мұқанұлы, Қарамысов Мұқатай, Қанапия Хасенұлы, Бешкенов Топан Қали, Дүйсенбаев Қажымұрат, Абдрахманов Мəнтəу, Қапаров Қалмұрат т.б.

Ұлы Отан соғысында елін қорғағаны үшін орден жəне медальдармен марапатталды. Отан үшін жандарын қиған аталарымыздың да аруақтарына бас иіп, тағзым етеміз, жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа, жандары жəннатта болсын дейміз.

Өткен ғасырдың 60—.70 жылдары Бəйімбеттің екі ауылында көкірегі даңғыл, көсем

сөйлейтін көнекөз қариялар көп болатын еді. Олар Сатыбалды молла, Əбілмажын молла, Хұсайын молла, Мəнтау, Кəрім, Ғұсман, Абылхайыр, Кенжебай, Нүрке, Əту, Темірғали, Шəріп, Асқап, Асқар, Қарағұсман, Дюсенбай, Сарсенбай, Аушахман, Еслам, Əміре, Хаби молла т.б. Сол ақсақалдардың басы қосылған жерлерде көне тарихты, даңқты бабалардың ерлік істері, ел басына күн туған қасіретті сүргін жылдар əсерлі етіліп, желілене əңгімеленілетін. Бəйімбет атамыздың Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін, Абылай ханның қолбасшыларының бірі болғанын мақтанышпен айтып отыратын. Менің атам - Сатыбалды молланың əңгімесін тыңдау бір ғанибет болатын. Ол кісі тек өз аулы, өз руымен шектелмей, бұрынды-соңды өмір сүрген басқа ел-жұрт, ондағы белгілі адамдар жөнінде, ұланғайыр өлкеде болып өткен дүбірлі тарихи оқиғалар турасында мазмұнды-мəнді əңгімелер айтушы еді.

Осындай жиындарда ел ақсақалдары ел ішіндегі мəселелерді шешеді екен: мал ұрлау, қыз алып қашу, су, жер, шөп т.б. Ғұсман (Айғай бапам) батырлардың (Алпамыс, Ер-Тарғын, Бəйімбет) қиссаларын тыңдаушылардың шыдамы жеткенге дейін жатқа айтып беретін.

Қайда барып, кімнен сұрасаңыз да Бəйімбет елін - ынтымақты, тату-тəтті, ұжымды ел

дейді. Кісілер, батырлар, қажылар көп шыққан ел деп мақтайды. Неге? Менің ойымша, ол ауылдың қариялары дін жолымен, хақ жолымен жүрді жəне құдай мен құран шындығына жас балаларын да сендіре білді. «Қарғадан қарға туар қарқылдаған, сұңқардан сұңқар туар жарқылдаған» - ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсіз. Міне Бəйімбет елінің ұрпағының аталарының салған жолымен жүргенін əкем Жүсіп-қажының інісі Жүніс 1999 жылы қажыдан келгенде Лұқпан-қызы Əсия апамыздың жазған өлеңінен көреміз:

Қайырлы болсын тойың жиналған жұрт

Жойылсын ел басынан төнілген бұлт

Мадақтап діннің жолын той-тойлайсыз

Кетпесін елімізден мереке құт

Ежелге дінге берік Бəйімбетім

Алдыңнан талай хазрет өткен

Топырағы торқа болсын жарықтық

Аль-Жаппар, Жаппар қажы алда кеткен

Бүгінгі той иесі Жүкен-аға

Хазірет Сатекеңнен қалған бала

Сатекең Күсекеңі боп қатал кезде

Аталар дін исламға болған пана

Екінші тілек айтам Жұсып-аға

Сіздерді мақтан қылған осы маңай

Ардақты Бəйімбеттің азаматы

Дəл қазір жүрседе елден шалғай

Жасында бала оқытып өнер құған

Алдынан талай өрен білім алған

Мендағы сол кездегі кəрі шəкірт

Құттықтап тойыңызға келіп тұрған

Тайма деп мұсылманның хақ жолынан

Атаңыз сізге уағыз айтқан екен

Анадан ақ сүт емген перзенттері

Тайдырмай ата-жолын құған ел

Ағалар араб елін көріп кепті

Басына Қағбатолла тəуап етті

Орындап бес парыздың бір тарауын

Қабырына Расулолла дұға етті

Қайырлы болсын барған сапарларың

Қажы боп басқа ораған сəлделерің

Сіздерде ата жолын қуыпсыздар

Сіздерден үлгі алсын балаларың

Шаттанып қуаныңыз туыстары

Біз бүгін қажылар деп қылдың кеңес

Өздері өзі-ғалім, өзі-қажы

Əркімнен мұндай ұлдар туа бермес

Бұл өлең сəл ертерек жазылып еді

Ол кезде Жұсып-аға аман сау еді

Тек тойы жыртылмасын деп тілегім

Тұщы етіп ауырмаққа демеуші ме еді

Сəлемдеме болсын бұл өлең ағамызға

Бір Алла сырқатына берсін шипа

Лəйлəміз сұраған соқ жазып бердім

Бəйімбет Лұқпан-қызы мен Əсия

Сонау Бəйімбет атамыздан бері қарай ел аузында аңыз болып жүрген Əльжапар қажы, Жапар қажы, Құсайын, Əбілмəжын, Сатыбалды, Темірғали моллалар....баршасы хақ мұсылмандар еді. Алла тағаладан мұсылман балаларына рахмет назарымен қарап, тыныштық, бейбітшілік, ырыс-ынтымақ болуын сұрап, дұға етейік. Алла жар болсын сіздерге. Аумин!

Бөлісу: