Байқаныз, рухани зымияндылық!

21 Қараша 2013, 09:29

          «Үндемеген  үйдей  пәледен  құтылады»  немесе тағы да сол «жартас»... Әзірше байқағанымыз - қазақтардың «әулие-сымақ» «Валентин» күнінен айрылар сыңайы жоқ.. «Ит қорыған жерге өш» деген сияқты , жылдан жылға қасарыса түсе ме, кім білген?! Ұлы Абай атамыз айтқандай : «Баяғы жартас -сол жартас»... Мәселен, кейбір батысшыл, орысшыл замандастарымыз бен жастар үшін бұл күн өзінше «ғашықтық мерекесі» көрінеді.Билік басында әзірге үстемдікке ие болып отырған олар  осы «мереке-сымаққа» қарсы шыққандарды немесе айыптағандарды   ашықтан ашық «бүгінгі күн үрдісінен кейін қалғандар» деп санайды. Ал көпшілігі өздерінің шын ниетін байқатып алудан жалтарса да, іштей соған тілектес болып тұрады. Ұлт мектебінде оқыса да, «Валентин әулиеден» жабысып алып, айрылғысы келмейтіндер де толып жатыр. Олар бұл күннің қандай астары барынан мүлдем хабарсыз болса да, «көптен қалғысы» келмейтін  сыңайлы. Ұлт мектептерінде жасырын да, ашық та сол «мерекені» ұйымдастырып, бел ортасында жүргендер де- солар.Басым көпшілігінің әйелдер мен бойжеткен, бикеш болып келетіні де таңданарлық емес. Өйткені әйел жұртының көбіне сондай лып етпе, даңғаза шараларға үйір келетіні әлімсақтан белгілі. Екіншіден, атаулы күннің жылма-жыл мейрамдалуына бақалшы саудагерлер де мүдделі. Түрлі әшекейлер мен «жүрекшелерді» сатуға шығаратын, қалайда өткізуге тырысатын олардың аталмыш «күннің» ұлттық үрдіске қаншалықты қауіпті екені жөнінде ойланып,  басын ауыртпайтыны да айдан анық.. Әрине, күнкөріс қамында жүрген ондай әйел затына ренжуіміз де бекер... Соның салдарынан, «Айтақтай -айтақтай, иттен де ұят болды» деген , әзірге естір құлақ , сөзді ұғар жан таба алмай отырған жәйіміз бар. Әйтпесе, ешқандай «әулие» де, «қасиетті» де емес, «Валентин мереке-сымағының»  ұлтымызға қаншалықты жат, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесі қаншалықты қатерлі екені туралы отандық та, облыстық та басылымдар жеріне жеткізіп жазып жатыр.Әлі де жаза бермек. «Қазақстан» телерадиокомпаниясының облыстық бөлімшесіндегі әріптестеріміз де ешқашан да бұл тақырыпты айналып өткен жоқ..Ал сонда Сайлау ағамыз атын атап, түсін түстеген құзырлы мекемелердің мүлдем үнсіз қалуын қалай түсінеміз ?! Немесе Орал қаласындағы және аудандардағы мектептер мен арнаулы орта және жоғары білім беретін оқу орындарының тәрбие жұмысы жөніндегі саны көп те, сапасы күмәнділеу орынбасарларының «әу» деп, қозғалған мәселеге ой қоспауы қа лай?! Әлде «Үндемеген үйдей пәледен құтыла ма?!»... Біздіңше, аталмыш «Валентин күнін» қазақ қоғамынан, әсіресе ұлтымыздың келешегі- жас ұрпақ білім мен тәрбие алатын оқу орындарынан біржола аластайтын уақыт жетті.Өйтпесе, туған елімізге қарсы жан-жақты ақпараттық, діни және рухани шабуыл үдеп тұрған қазіргі шақта уақыттан да, басқадан да ұтыларымыз айдан анық..        Сайлау   Сүлейменов, Орал Гуманитарлық Академиясының  оқытушысы, «Әлем діндері тарихынан» дәріс беретін ұстаз, - Өзіме тарихшы- маман ретінде , жұмысымда діндер мен діни секталар жөнінде студенттерге толық түсінік берумен қатар, олардың алдағы рухани бағыт-бағдарының оңды болуы және оны дұрыс айқындауы ерекше мәнге  ие. Тек аудиториядағы қағидалық дәрістермен шектеліп қалмай, жылына бір рет жастардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан бойынша өкіл-имамы Сымайыл Сейітбек пен Орал және Гурьев православие епархиясының басшысы, Антоний әкеймен кездесулерін ұйымдастыр ып жүрміз. Бірде сол «Валентин күні»  «мереке-сымағын» ұйымдастыруға белсене қатысып,    айрықша құштарлық танытып жүрген жас оқытушымыз Антоний әкейден аталған «мейрам  жөніндегі пікірін сұраған-ды.- Бұл-деді дін иесі бірден,- христиандықтың атын жамылып жүрген, сорақы, түк қасиетсіз көрініс. Православиеде ол атымен жоқ.. Дәлірек айтсақ,   Валентин күні - жастарды жаппай азғындату күні. Рухани астарына келсек, оны Батыстың еліміздегі православие мен исламға қарсы қасақана жүргізіп жатқан іріткі салу әрекеттерінің бірі деп түсінуіміз керек .- Таңқаларлығы сол, христиандықтың не католик, не протестант тармағы әлгі Валентиннің өмірде не болғаны ,не болмағаны былай тұрсын, оның тіпті   жынысының қандай екенін тап басып айта алмайды. Яғни Валентин бе әлде Валентина ма ?!  Ол туралы ойдан шығарылған аңыздың (немесе өтіріктің) бірнеше нұсқалары бар. Мәселен, бір нұсқа бойынша , Валентин сонау Рим империясы заманында өмір сүріпті-мыс. Сол дәуірде императордың жеке гвардиясында қызмет ететіндерге үйленуге рұқсат етілмепті. Соңында жесір қатыны мен жетім балалары қалмас үшін. Өйткені оларды асырауға мемлекет  міндетті. Міне, сол тиымды тұңғыш рет әлгі діндәр бұзыпты -мыс. Екінші нұсқа. Сол империяның түрмел ерінде отырған, өлім жазасына кесілген қанішерлер мен азғындарға  ешқандай кешірім берілмеген сыңайлы. Валентин деген бір діндар өзіне ақша берген қаныпезер қылмыскерлерді  күнәсінен дереу  «арылтып», дұға оқып, «кешірсе» керек. Соңғы нұсқаға көңіл аударсақ,, тіпті  «әулие»  «Валентин» атымен болмаған, көне дәуірде Валентина атты жұртты құртқан  жезөкше  қатын болыпты. Жер бетіндегі ең «ескі» кәсіппен айналысқаны үшін әлгі өлім жазасына кесілген. Содан ол үкім орындалмастан бұрын, үйіне барып, қоштасу мақсатында бір  күн еркіндік сұрайды Тіпті өлім жазасынан да қаймықпаған сол салдақы бір күннің ішінде үйреншікті кәсібімен айналысып «үлгіріп», 6 еркекке мерез жұқтырып  кетсе керек... Сонда ол қандай «мереке» болмақ?!  Қайдағы «махаббат сезімі» ? Қылмыс пен жезөкшелік қалай махаббатпен «үйлесім» таппақ ? Мысалы, «жүрекшелерді» жігіттерге қыздар  басымырақ сыйлайтын көрінеді. Сол қазақ қыздарының ұлтымызға, тіпті кез келген нәзік жыныстыға тән намысы, ар-ұят өлшемі қайда? Жегі құрттай жайылып, мектеп мен арнаулы  орта, жоғары оқу орындарын кеулеп кеткен бұл рухани кеселді кім тоқтатады?! Облыстық білім беру, мәдениет басқармалары , солардың қалалық тиесілі бөлімдері неге үнсіз отыр? Қазаққа  да , орысқа  да жат бұл «мереке-сымақтың» тойлануына тыйым салатын  бұйрық неге шығарылмайды?!... Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

          «Үндемеген  үйдей  пәледен  құтылады»  немесе

тағы да сол «жартас»...

Әзірше байқағанымыз - қазақтардың «әулие-сымақ» «Валентин» күнінен айрылар сыңайы жоқ.. «Ит қорыған жерге өш» деген сияқты , жылдан жылға қасарыса түсе ме, кім білген?! Ұлы Абай атамыз айтқандай : «Баяғы жартас -сол жартас»...

Мәселен, кейбір батысшыл, орысшыл замандастарымыз бен жастар үшін бұл күн өзінше «ғашықтық мерекесі» көрінеді.Билік басында әзірге үстемдікке ие болып отырған олар  осы «мереке-сымаққа» қарсы шыққандарды немесе айыптағандарды   ашықтан ашық «бүгінгі күн үрдісінен кейін қалғандар» деп санайды. Ал көпшілігі өздерінің шын ниетін байқатып алудан жалтарса да, іштей соған тілектес болып тұрады. Ұлт мектебінде оқыса да, «Валентин әулиеден» жабысып алып, айрылғысы келмейтіндер де толып жатыр. Олар бұл күннің қандай астары барынан мүлдем хабарсыз болса да, «көптен қалғысы» келмейтін  сыңайлы. Ұлт мектептерінде жасырын да, ашық та сол «мерекені» ұйымдастырып, бел ортасында жүргендер де- солар.Басым көпшілігінің әйелдер мен бойжеткен, бикеш болып келетіні де таңданарлық емес. Өйткені әйел жұртының көбіне сондай лып етпе, даңғаза шараларға үйір келетіні әлімсақтан белгілі.

Екіншіден, атаулы күннің жылма-жыл мейрамдалуына бақалшы саудагерлер де мүдделі. Түрлі әшекейлер мен «жүрекшелерді» сатуға шығаратын, қалайда өткізуге тырысатын олардың аталмыш «күннің» ұлттық үрдіске қаншалықты қауіпті екені жөнінде ойланып,  басын ауыртпайтыны да айдан анық.. Әрине, күнкөріс қамында жүрген ондай әйел затына ренжуіміз де бекер...

Соның салдарынан, «Айтақтай -айтақтай, иттен де ұят болды» деген , әзірге естір құлақ , сөзді ұғар жан таба алмай отырған жәйіміз бар. Әйтпесе, ешқандай «әулие» де, «қасиетті» де емес, «Валентин мереке-сымағының»  ұлтымызға қаншалықты жат, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесі қаншалықты қатерлі екені туралы отандық та, облыстық та басылымдар жеріне жеткізіп жазып жатыр.Әлі де жаза бермек. «Қазақстан» телерадиокомпаниясының облыстық бөлімшесіндегі әріптестеріміз де ешқашан да бұл тақырыпты айналып өткен жоқ..Ал сонда Сайлау ағамыз атын атап, түсін түстеген құзырлы мекемелердің мүлдем үнсіз қалуын қалай түсінеміз ?! Немесе Орал қаласындағы және аудандардағы мектептер мен арнаулы орта және жоғары білім беретін оқу орындарының тәрбие жұмысы жөніндегі саны көп те, сапасы күмәнділеу орынбасарларының «әу» деп, қозғалған мәселеге ой қоспауы қа лай?! Әлде «Үндемеген үйдей пәледен құтыла ма?!»...

Біздіңше, аталмыш «Валентин күнін» қазақ қоғамынан, әсіресе ұлтымыздың келешегі- жас ұрпақ білім мен тәрбие алатын оқу орындарынан біржола аластайтын уақыт жетті.Өйтпесе, туған елімізге қарсы жан-жақты ақпараттық, діни және рухани шабуыл үдеп тұрған қазіргі шақта уақыттан да, басқадан да ұтыларымыз айдан анық..

      

Сайлау   Сүлейменов,

Орал Гуманитарлық Академиясының  оқытушысы,

«Әлем діндері тарихынан» дәріс беретін ұстаз,

- Өзіме тарихшы- маман ретінде , жұмысымда діндер мен діни секталар жөнінде студенттерге толық түсінік берумен қатар, олардың алдағы рухани бағыт-бағдарының оңды болуы және оны дұрыс айқындауы ерекше мәнге  ие. Тек аудиториядағы қағидалық дәрістермен шектеліп қалмай, жылына бір рет жастардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан бойынша өкіл-имамы Сымайыл Сейітбек пен Орал және Гурьев православие епархиясының басшысы, Антоний әкеймен кездесулерін ұйымдастыр ып жүрміз. Бірде сол «Валентин күні»  «мереке-сымағын» ұйымдастыруға белсене қатысып,    айрықша құштарлық танытып жүрген жас оқытушымыз Антоний әкейден аталған «мейрам  жөніндегі пікірін сұраған-ды.- Бұл-деді дін иесі бірден,- христиандықтың атын жамылып жүрген, сорақы, түк қасиетсіз көрініс. Православиеде ол атымен жоқ.. Дәлірек айтсақ,   Валентин күні - жастарды жаппай азғындату күні. Рухани астарына келсек, оны Батыстың еліміздегі православие мен исламға қарсы қасақана жүргізіп жатқан іріткі салу әрекеттерінің бірі деп түсінуіміз керек .-

Таңқаларлығы сол, христиандықтың не католик, не протестант тармағы әлгі Валентиннің өмірде не болғаны ,не болмағаны былай тұрсын, оның тіпті   жынысының қандай екенін тап басып айта алмайды. Яғни Валентин бе әлде Валентина ма ?!  Ол туралы ойдан шығарылған аңыздың (немесе өтіріктің) бірнеше нұсқалары бар. Мәселен, бір нұсқа бойынша , Валентин сонау Рим империясы заманында өмір сүріпті-мыс. Сол дәуірде императордың жеке гвардиясында қызмет ететіндерге үйленуге рұқсат етілмепті. Соңында жесір қатыны мен жетім балалары қалмас үшін. Өйткені оларды асырауға мемлекет  міндетті. Міне, сол тиымды тұңғыш рет әлгі діндәр бұзыпты -мыс. Екінші нұсқа. Сол империяның түрмел ерінде отырған, өлім жазасына кесілген қанішерлер мен азғындарға  ешқандай кешірім берілмеген сыңайлы. Валентин деген бір діндар өзіне ақша берген қаныпезер қылмыскерлерді  күнәсінен дереу  «арылтып», дұға оқып, «кешірсе» керек. Соңғы нұсқаға көңіл аударсақ,, тіпті  «әулие»  «Валентин» атымен болмаған, көне дәуірде Валентина атты жұртты құртқан  жезөкше  қатын болыпты. Жер бетіндегі ең «ескі» кәсіппен айналысқаны үшін әлгі өлім жазасына кесілген. Содан ол үкім орындалмастан бұрын, үйіне барып, қоштасу мақсатында бір  күн еркіндік сұрайды Тіпті өлім жазасынан да қаймықпаған сол салдақы бір күннің ішінде үйреншікті кәсібімен айналысып «үлгіріп», 6 еркекке мерез жұқтырып  кетсе керек... Сонда ол қандай «мереке» болмақ?!  Қайдағы «махаббат сезімі» ? Қылмыс пен жезөкшелік қалай махаббатпен «үйлесім» таппақ ? Мысалы, «жүрекшелерді» жігіттерге қыздар  басымырақ сыйлайтын көрінеді. Сол қазақ қыздарының ұлтымызға, тіпті кез келген нәзік жыныстыға тән намысы, ар-ұят өлшемі қайда? Жегі құрттай жайылып, мектеп мен арнаулы  орта, жоғары оқу орындарын кеулеп кеткен бұл рухани кеселді кім тоқтатады?! Облыстық білім беру, мәдениет басқармалары , солардың қалалық тиесілі бөлімдері неге үнсіз отыр? Қазаққа  да , орысқа  да жат бұл «мереке-сымақтың» тойлануына тыйым салатын  бұйрық неге шығарылмайды?!...

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: