Қазақ-қалмақ шайқасы. Бəйімбет батырдың Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленуі

21 Қараша 2013, 09:13

Моисеев В.А. кітəбінда «Джунгарское ханство и казахи» 219 бетінде жоңғармен болған соғыс туралы жазылған: «Основной удар был нанесен ойратами по Увак-Кирейскому роду, старшина которого Каип укрывал беглецов». Тарихшылардың айтуынша осы жылдары жоңғарлар Керей-Уақтың тұрған жері Көкшетау маңына басып кірген екен. Елдегі ақсақалдардан естіген мына бір əңгіме сол уақыттың жаугерлік сипатынан сыр шертеді: «Жоңғарлар қыс түсе Көкшетауға тұяқ іліктіріпті. Жолындағы қазақ ауылдарында үрерге ит қалдырмай қырып келе жатқан көрінеді. Дұшпан Бəйімбет батырдың қонысына жақындады деген хабар келеді. Батыр атамыз сонда шұғыл шешім қабылдайды: «Қалмақтарға қарсы өзіміз бірінші соғыс ашайық» - дейді ол. Жоңғарлардың тоқтаған жері бір көлдің маңайы екен. Суы жаңадан қатып, мұзы жарқырап жатқан көрінеді. Бəйімбет атамыз сарбаздарының аттарының тұяғына киіз оратады. Əскерін бөліп, бір тобын көлдің сыртында тасада қалдырып, өзі бастаған екінші топпен жоңғарларға тарпа бас салады. Соғыса жүріп əдейі кейін ығысқанда атқа мінген жоңғарлар соңдарынан көлдің үстімен шаба қуады. Бірақта аттары тайғанақтап, ұрыса алмайды. Мұз үстінде аттары нық тұрған Бəйімбет батырдың жауынгерлері жауын ойсырата жеңеді». Ал тарихшы Мұхаметжан Тынышпаев жəне Н. Аристовтың дерегіне сүйенсек сол заманда оқиға былай болған екен. Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Жоңғар “Заргосының” хан (хан кеңесі) шешімімен таққа ортаншы ұл отырып, бірақ билік жасай алмай, ақыры 1750 жылы Лама - Доржыға тақты берді. Осы кезде елдің берекесі, ынтымағы кете бастаған еді. Даваци, Əмірсана сияқты ұлыс басшылары ханға қарсы болып, азамат соғысы басталып кетті. Ақыры Əмірсана мен Даваци (Лабашы) қашып келіп қазаққа тығылды. Бұл екі қашқын қазақ арасына 1751 жылдың қара күзінде келіп, Жоңғария шекарасына жақын орналасқан Қайып батырды паналады, бірақ Абылаймен ылғи да байланысып, қамқорлық көріп отырды. Қазақтар қалмақтың екі ірі ноянының жан-сауғалап   келгенін ырым көріп, қолда барын беріп көмектесті, таршылық көрсеткен жоқ. Даваци мен Əмірсананы қолда ұстап отыру Абылайға да өте тиімді көрінді. Бұл бағытта Абылайды Бөгенбай батыр, Дəуіт тархан, Жəпек батыр, Ералы сұлтан, Төле би (хат арқылы) қолдап отырды. Лама Доржы көз алдында болып жатқан бүліншілікті тоқтатпақ болып Саин – Белек бастаған 20 мың əскерді қазақ даласына, Даваци мен Əмірсананы күшпен алып келуге жұмсады. Қазақ-қалмақтың арасындағы кезекті соғыс осылай басталды. 1752 жылдың қыркүйегінде басталған соғыс 1753 жылдың 12 қаңтарында Лама Доржының өлімімен аяқталды. Ханды өлтірген Даваци мен Əмірсана бастап қалмақ ордасына жаугершілікке барған қазақ жауынгерлері еді. Даваци хан болғасын қазақтарға жіберілген əскерлерін шақырып алды жəне соғыспауға келісті. Осыдан соң көп заманнан бері қазаққа тыныштық бермей тоздырып келген Жоңғар хандығы біржола жойылып, қазақ даласына бір мезет бейбітшілік орнайды. Бəйімбет атамыз жаугершілік жорықтарынан қайтқанда «қырғыз», «қалмақ», «қалпақ» қыздарын əкеліп тұқымына қосқан екен. Сондықтан Бəйімбеттің ішінде шешелерінің атымен «қырғыз», «қалпақ» аталатын ұрпақтар бар. Бəйімбет атамыз өлгенде өсиеті бойынша қасиетті Түркістан қаласына апарылып жерленіпті. Қыстың қырау кезінде қайтыс болған бабамызды жаңа сойылған жылқының терісіне орап, ауа кірмейтіндей етіп таспамен бітеу тігіп, сыртын қара маймен майлап сақтаған екен. Күн жылынғасын мəйітті қасиетті орнына жеткізіп жерлеген екен. Бар қазақтың баласы Түркістанды киелі санап, тəу етіп, қастерлеп, қадір тұтады, бұл жерде хандар, сұлтандар, атағы шыққан билер, батырлар ғана жерленген. Шындығында, Бəйімбет атамыздың Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгені Абылай ханның қолбасшыларының бірі болғанының дəлелі деп есептеймін. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде киелі саналғандықтан хандар, сұлтандар, билер, батырлар ғана жерленгені бəрімізге мəлім. Міне, осы Түркістанда халқының бостандығы жəне тəуелсіздігі жолында құрбан болған адамдармен қатар Бəйімбет атамыздың да сүйегі жатыр. Алдағы уақытта бабамыздың атын тірілтіп, кесенеге қайта жазылса құба құп болар еді. Бұдан біздің де мерейіміз өсіп, рухымыз асқақтай түспей ме. Күрсары Керейдің Бəйімбет батыры туған елінің еркіндігі жолында қатерге бас тіккен, өмірін құрбан еткен жан ретінде қастерлеуге лайық.. Қазақстан егемендік алғанда Бəйімбет атамыздың ескерткіші немесе қола мүсіні Көкшетау өңіріндегі Үлкен Қаройда немесе Ресейдің Бəйімбет ауылында тұрса артықтық етпес. Олардың өмір жолын бүгінгі жəне келер ұрпаққа неге үлгі етіп ұсынбаймыз?!  

Моисеев В.А. кітəбінда «Джунгарское ханство и казахи» 219 бетінде жоңғармен болған

соғыс туралы жазылған: «Основной удар был нанесен ойратами по Увак-Кирейскому роду, старшина которого Каип укрывал беглецов». Тарихшылардың айтуынша осы жылдары жоңғарлар Керей-Уақтың тұрған жері Көкшетау маңына басып кірген екен. Елдегі ақсақалдардан естіген мына бір əңгіме сол уақыттың жаугерлік сипатынан сыр шертеді: «Жоңғарлар қыс түсе Көкшетауға тұяқ іліктіріпті. Жолындағы қазақ ауылдарында үрерге ит қалдырмай қырып келе жатқан көрінеді. Дұшпан Бəйімбет батырдың қонысына жақындады деген хабар келеді. Батыр атамыз сонда шұғыл шешім қабылдайды: «Қалмақтарға қарсы өзіміз бірінші соғыс ашайық» - дейді ол. Жоңғарлардың тоқтаған жері бір көлдің маңайы екен. Суы жаңадан қатып, мұзы жарқырап жатқан көрінеді. Бəйімбет атамыз сарбаздарының аттарының тұяғына киіз оратады. Əскерін бөліп, бір тобын көлдің сыртында тасада қалдырып, өзі бастаған екінші топпен жоңғарларға тарпа бас салады. Соғыса жүріп əдейі кейін ығысқанда атқа мінген жоңғарлар соңдарынан көлдің үстімен шаба қуады. Бірақта аттары тайғанақтап, ұрыса алмайды. Мұз үстінде аттары нық тұрған Бəйімбет батырдың жауынгерлері жауын ойсырата жеңеді».

Ал тарихшы Мұхаметжан Тынышпаев жəне Н. Аристовтың дерегіне сүйенсек сол

заманда оқиға былай болған екен. Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Жоңғар “Заргосының” хан (хан кеңесі) шешімімен таққа ортаншы ұл отырып, бірақ билік жасай алмай, ақыры 1750 жылы Лама - Доржыға тақты берді. Осы кезде елдің берекесі, ынтымағы кете бастаған еді. Даваци, Əмірсана сияқты ұлыс басшылары ханға қарсы болып, азамат соғысы басталып кетті. Ақыры Əмірсана мен Даваци (Лабашы) қашып келіп қазаққа тығылды. Бұл екі қашқын қазақ арасына 1751 жылдың қара күзінде келіп, Жоңғария шекарасына жақын орналасқан Қайып батырды паналады, бірақ Абылаймен ылғи да байланысып, қамқорлық көріп отырды. Қазақтар қалмақтың екі ірі ноянының жан-сауғалап  

келгенін ырым көріп, қолда барын беріп көмектесті, таршылық көрсеткен жоқ. Даваци мен Əмірсананы қолда ұстап отыру Абылайға да өте тиімді көрінді. Бұл бағытта Абылайды Бөгенбай батыр, Дəуіт тархан, Жəпек батыр, Ералы сұлтан, Төле би (хат арқылы) қолдап отырды. Лама Доржы көз алдында болып жатқан бүліншілікті тоқтатпақ болып Саин – Белек бастаған 20 мың əскерді қазақ даласына, Даваци мен Əмірсананы күшпен алып келуге жұмсады. Қазақ-қалмақтың арасындағы кезекті соғыс осылай басталды. 1752 жылдың қыркүйегінде басталған соғыс 1753 жылдың 12 қаңтарында Лама Доржының өлімімен аяқталды. Ханды өлтірген Даваци мен Əмірсана бастап қалмақ ордасына жаугершілікке барған қазақ жауынгерлері еді. Даваци хан болғасын қазақтарға жіберілген əскерлерін шақырып алды жəне соғыспауға келісті. Осыдан соң көп заманнан бері қазаққа тыныштық бермей тоздырып келген Жоңғар хандығы біржола жойылып, қазақ даласына бір мезет бейбітшілік орнайды.

Бəйімбет атамыз жаугершілік жорықтарынан қайтқанда «қырғыз», «қалмақ», «қалпақ»

қыздарын əкеліп тұқымына қосқан екен. Сондықтан Бəйімбеттің ішінде шешелерінің атымен «қырғыз», «қалпақ» аталатын ұрпақтар бар.

Бəйімбет атамыз өлгенде өсиеті бойынша қасиетті Түркістан қаласына апарылып

жерленіпті. Қыстың қырау кезінде қайтыс болған бабамызды жаңа сойылған жылқының терісіне орап, ауа кірмейтіндей етіп таспамен бітеу тігіп, сыртын қара маймен майлап сақтаған екен. Күн жылынғасын мəйітті қасиетті орнына жеткізіп жерлеген екен. Бар қазақтың баласы Түркістанды киелі санап, тəу етіп, қастерлеп, қадір тұтады, бұл жерде хандар, сұлтандар, атағы шыққан билер, батырлар ғана жерленген. Шындығында, Бəйімбет атамыздың Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгені Абылай ханның қолбасшыларының бірі болғанының дəлелі деп есептеймін.

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде киелі саналғандықтан хандар,

сұлтандар, билер, батырлар ғана жерленгені бəрімізге мəлім. Міне, осы Түркістанда халқының бостандығы жəне тəуелсіздігі жолында құрбан болған адамдармен қатар Бəйімбет атамыздың да сүйегі жатыр. Алдағы уақытта бабамыздың атын тірілтіп, кесенеге қайта жазылса құба құп болар еді. Бұдан біздің де мерейіміз өсіп, рухымыз асқақтай түспей ме. Күрсары Керейдің Бəйімбет батыры туған елінің еркіндігі жолында қатерге бас тіккен, өмірін құрбан еткен жан ретінде қастерлеуге лайық.. Қазақстан егемендік алғанда Бəйімбет атамыздың ескерткіші немесе қола мүсіні Көкшетау өңіріндегі Үлкен Қаройда немесе Ресейдің Бəйімбет ауылында тұрса артықтық етпес. Олардың өмір жолын бүгінгі жəне келер ұрпаққа неге үлгі етіп

ұсынбаймыз?!

 

Бөлісу: