ІV БӨЛІМ

21 Қараша 2013, 09:13

Тау ішінде көктем кейде кешігіп келеді, бірақ бір басталса, тез жайнай түседі. Төменде, далада жер көктеп қалды, жас ағаштар жанданып бас көтеріп келеді, шешек атқан жапырақтар енді көлеңке жая бастайды. Міне, сонда көктем нәубетін жазға өткізеді де, ал өзі жерде желбіреген кең көйлегінің жап-жасыл гүлді етегін көтеріп ап тауға қарай жөнейді. Таулы аймақта көктемнің өз салты, қайталанбас өз әсемдігі болады. Таңертең қар жауады, түстен кейін, күн көзі көрінсе болды, қар жіпсіп еріп кетеді, бір күндік гүлдер қауыз жарады, ал кешке таман жер құрғап та үлгіреді. Түнде өзендер мен бұлақ беттеріне қабыршақтап мұз қатады. Ал ертеңіне биіктен тау ішіне соншама кіршіксіз таза, көз тойғысыз көрікті көктем келіп кіргенін көріп жан рахатына батасың. Аспанда тоқымдай бұлт жоқ, шайдай ашық, көкпеңбек. Жер, сәнді киім киген ару тәрізді - шыққа малшынған жап-жасыл, қуана күліп тұрғандай... Айғай салсаң, дауысың ұзақ естіледі - қатпар-қатпар тау бөктерлерінен асып, таза ауада алысқа-алысқа шырқап кетіп жатыр... Ешқандай қар да, жаңбыр мен жел де көктемді ұстап тұра алмайды, ол бейне бір жалын сияқты, таудан-тауға, құзардан-құзарға лаулап, дәл сонау мәңгі мұздың іргесіне дейін биіктен-биікке өрлей береді. Жұрттың бәрі де көктемгі егісті ертерек бітіріп алғысы келеді, ал тауда бұл тіпті қиын - мезгілін сәл өткізіп алсаң, егін кеш піседі де, түнгі суық ұрып, үсік шалады...Нұрбек совхоздың ең арғы участогы «Шоң сай» шатқалына кештетіп жетті. Мотоциклден түспей жатып-ақ ол қия беткейде қимылсыз тұрған тракторды көрді. Түу деп бір түкірді де, мотоциклдің моторын өшіріп, тракторға жүгіріп келді. Алқына аптығып анадайдан-ақ ашулы айғайға басты: -         Ей, сен неғып тұрсың! Тракторды тағы сындырдың ба? Жас тракторшы Жұмаш асығып-үсігіп папиросын аяғымен таптап өшіріп жатыр. -         Трактор бүлінген жоқ, аман-сау! - деп қалбалақтайды ол.- Бірақ мына жер қауіпті, ағай. -         Немене? - деді Нұрбек жұдырығын түйе.- Сенің есің дұрыс па? -         Э-э... жолдас механик, түсінесіз бе... -         Түсіндіріп айтшы былай дұрыстап! Трактор қанша уақыт тоқтап тұр? Жауап берші! -         Бір сағаттай болды... Нұрбек қолын түңіле сермеді. -         Кім сендерге рұқсат берді? Кім? Қандай ақымақ? -         Трактор аунап кетеді,- дейді.- Жұмыс істеу қауіпті! -         Қайда аунап кетеді? Сен не оттап тұрсың? Бригадир келді. Нұрбек ызалы көзбен Трофимовты басынан аяғына дейін бір қарап өтті де, басын селтең еткізіп:  Сізден ешқашан да мұны күткен жоқ едім! Трактордың жұмыссыз тұрғанына партбюрода жауап беретін боласыз! - деді. Бойшаң, зор денелі Трофимов тікірейген мұрттарын үйреншікті әдеті бойынша маңыздана сипап қойды да, бәрін де түгел мақұлдайтындай-ақ басын изеп: -         Тракторды амалсыз тоқтатуға тура келді, жолдас механик,- деді жуан дауыспен,- Сіз немесе агроном біреуі келетін шыгар, ақылдасайық деп күткен едік... Машинаны жүргізуге кедір-бұдыр мүмкіндік беретін емес, тым қия өр... Қараңызшы, көтеріліп болмайды... Трактордың тайып кетуі мүмкін, адамдарды оқыс жазым қып алармыз! Қараңызшы, машина қисайып тұр ғой!.. Нұрбек отыра қалып, қанша қисайғанын көзбен шамалап алды да, қолын жай сермей салып: Тым сақ екенсіздер! Бұл доңғалақты трактор емес қой, шынжыр бауырлар мұндайдың көкесіндей қиямен көсілте береді, ешқашан да аунамайды! - деді. -         Құдай біледі, мен таулы жерде жиырма жыл жұмыс істеп келемін, Нұрбек Әлиевич. Талай сұмдықтар болды! Ал сіз - жаңа келген адамсыз. Маған сеніңіз, бұл жерде жұмыс істеуге болмайды, қауіпті.  Мұнысы тым-тым артық кеткендік! Сонда Нұрбек өз ісін білмейтін болғаны ма?! Және онымен қоймай, Жұмаш та: -         Бригадир дұрыс айтады. Қорқынышты! - деп қоштап қалыпты. -         Қорқынышты болса, үйіңнен шықпай отырсаң еді! - деді Нұрбек тістеніп,- Тыңға қоян жүрек қорқақтардың қажеті жоқ! Айтыңызшы, жолдас Трофимов, осында бізді партия неге жіберді? Егер біз шамалы ғана төбеге шығудан қорықсақ, тапсырманы қалай орындамақпыз! -         Жоқ, жолдас механик,- деді Трофимов,- Апат боп қалмай, ақылмен істеу керек. Бұл өте маңызды іс! -         Сонда сіздің ұсынысыңыз қаңдай? Қол қусырып отыру ма? -         Осындай сөздің керегі не, жолдас механик. Біз қашан қол қусырып отырып едік?  Бұл жер жыртуға қолайсыз екен, кел, басқасына көшейік. -         Ақылың өзіңе! Сонда, біз жер жыртудың орнына бір жерден екінші жерге көшіп жүруіміз керек пе? Ал сіз қазір бір минут уақыттың өзі неге тұратынын ойладыңыз ба? Біз басқа жерге көшіп қонғанша, сол уақыттың ішінде ондаған гектар жер жыртуға болады. Және, сіздің есіңізге салайын,бәрінің де жоспары, графигі, маршруты бар. Ойымызға келгенді істеуге біздің правомыз жоқ! Неліктен бұлай, жолдас механик. Жоспарды іс үстінде де өзгертуге болады. Мен сізге тағы қайталап айтайын, мынадай қияда ешкім де трактор айдағысы келмейді. Кімнен сұрасаңыз да сол! - деді Трофимов айнала жиналып қалған тракторшыларды нұсқап. Олардың ешқайсысы ләммим деп тіс жарған жоқ. Бірақ жақтырмай сұстана қалған өндерінен механиктің сөзін құптамайтындықтары көрініп- ақ тұр. Әркімге жан тәтті,- деді Трофимов, тракторшылардың бәрінің ортақ пікірі осы дегенді аңғартып,- мынадай қиямен ойнауға болмайды, жолдас механик!.. Дұрыс емес! Бәрін қорқақтыққа үйреткен сіз! Совхоздың механигі - мен, ендеше қандай машинаны қайда пайдалану керек екенін мен білемін. Мен мынадай қияда ешқандай қауіптенбей-ақ жер жыртуға болады деп тұрмын. Демек, анау-мынау қимыжық сөзді қойыңдар! Сіз - коммуниссіз, Трофимов жолдас, қиыншылықтан қашу керек емес, оны жеңу керек! Жұрт сізге қарайды!..Трофимов шарт кетті. -         Мен өмірімде қиындықты сенен гөрі көбірек көрдім, жас жігіт! - деп бұрқ етті ол төніп келіп, ашу-ызасы лапылдап. Сосын бригадир кілт бұрылды да жүре берді. Трофимовтың соңынан қалғандары да кете бастады. Нұрбек жалғыз қалды. Бұл қорлыққа ол төзіп тұра алмады, кеудесінде ашу-ыза қазандай қайнады. Нұрбек орнынан тұра жүгіріп Трофимовты қуып жетті де, жеңінен ұстай алды: -         Мен сізге бұйырамын! Дереу тракторға от алдырыңдар! Трофимов Нұрбекті басынан аяғына дейін үнсіз бір шолып шықты да, оның қолын сілкіп тастап, әрі қарай жүре берді....Түн ортасы ауғалы көп болды. Бұлттар да сонау биіктегі жартастардың арасында қоналқыға шөгіп жатыр. Олар өзара бір-бірімен шарпыса араласып келіпті де, енді міне, бір жерге ұйлығып, тырп етпестен тып-тыныш мүлгіпті. Айнала жым-жырт. Сонау алыстан төмендегі тракторлардың гүрілі талып жетеді. Бригададағылардың бәрі ұйқыда. Тек  Нұрбек қана ұйықтай алмай жатыр. Манағы қорлық, ыза жүрегін өртеп барады. Екі жақ жамбасына кезек аунап түседі де, ақырын ғана ұрлана күрсініп, бірдеңе деп күбірлеп қояды. Ия, Трофимов бүгін оны масқаралады, дүйім жұрттың көзінше абыройын төкті. «Жоқ, бұған  көнуге болмайды. Қайткен күнде өзінің дегені жөн екенін дәлелдеу керек, сонда ғана ол беделін қайта көтере алады!»  Нұрбек ептеп тұрып, шатырдан дыбыссыз шығып кетті. Қараса маңайда ешкім көрінбейді. Енкейіңкіреп ұрлана басып аулағырақ шықты да, жар астындағы көлеңкеге сіңіп  жоқ болды. Аз уақыттан кейін қияда тұрған трактор жанында бір-екі рет қалта фонары жылт-жылт етті. Кенет түн тыныштығын бұзып, пулемет даусындай бір үн та-та-талап қоя берді. Бұл от алған трактор үні еді. Бір мезеттен кейін, тым дарылдап кеткенін біле қалғандай, трактор баяу жүріске көшіп, бір сарынды жылжи бастады. Жарық жағылып, машина іле орнынан қозғалды. Тұтқаны қыса ұстаған Нұрбек көзін алға қадап отыр. Трактор қиялай  салып келеді. «Ия, техника адамның ырқына көнеді, тек басқара білу керек, сонда ол адам қолы қайда нұсқаса сонда барады! Ол үшін тек батыл, табанды бола білу керек! Оның үлгісін көріңдер, міне - жұрт бата алмаған жермен Нұрбек трактор айдап келеді!» Жоқ, трактор таймайды! Ол әшейін сылтау! Ал, өтірікшілер, көріңдер! Қызаруларыңа тура келер! - деп дауыстап жіберді Нұрбек, қуанғаннан дәбдіреп. Трактор, шынында да, қиялай жүріп кетті. «Бұлар неден қорқады? - деп ойлады Нұрбек.- Рас, өне бойы бір жағыңа қарай қисайып, сыңар жамбастап отыру ыңғайсыз-ақ, бірақ бұл сонша қауіпті іс емес қой!» Алда бір дөңес көрінді. Өрмелей көтеріле бергенде трактордың радиаторы қоқайып аунап жазым болу қаупі төне берісімен Нұрбек іле шапшандықты өзгертіп, аман өте шықты. Ол межеге барды да, тракторды қайта бұрды. Енді Нұрбек өзінің жеңетіндігіне кәміл сенді. Мен көрсетермін сендерге, кім екенімді! - деп ол әрі қуана, әрі табалай айқайлап жіберді. - Таң атқанша мен осы құла берісті, тіпті, керек болса, осы тауды, сонау шыңдарымен қоса, тегіс жыртып берейін! Кімдікі жөн екенін ертең көрерсің, Трофимов! Нұрбек екінші рет айналып шықты. Ол бойына керемет күш құйылып, трактордың қуатты құрыш денесімен біте қайнасып, бірігіп кеткендей сезінді өңін. Алда тағы да дөңес көрінді. -         Түк етпейді! - деп жұбатты Нұрбек өзін-өзі. Трактор ышқына пысылдай жоғары көтеріле берді де, кенет қисая бастады. -         Түк етпейді! - деп Нұрбек өзіне-өзі қайрат берді... Қолдары рычагта. Үшінші жылдамдыққа көшті... Трактор жын қаққандай өкіре жұлқынып бұрынғыдан да қисая түсті. Шұғыл өрге бұру керек, әйтпесе аударылып кетеді! Нұрбек етпеттей тырмысып оң жақ рычатты пәрменімен өзіне тартты. Трактор шынжыр табанымен топырақты қопара күрт бұрылды да, тіп-тік қияда ілгері жүруге күші жетпей, радиаторы қоқайып үнсіз қалды. Нұрбектің қаны басына шапты: «Не істеу керек! Тезірек жылдамдықты ауыстыру керек! Тез! Мотор өшіп кетті! Не істесем екен?» Әй, ол кешігіп қалды. Заматта оты өшкен трактор соқаны сықырлата бүктеп кейін сырғи жөнелді, ол аударыла бергенде, Нұрбек кабинадан қарғып кетті. Бұдан арғының бәрі көзді ашып-жұмғанша болды. Шойырылған трактор тайған бетімен жарлауыттан лықси түсіп екпінімен қиядағы жартасқа шарт ете қалды. -         А-а-а! -деп айғайлап жіберген Нұрбек өзінің дауысын естіген де жоқ. Металл тасқа соққанда от жарқ етіп шашырады да, жартасқа ұрылған машинаның парше-парше жарықшақтары жан-жаққа ұшып жатты. Жер «үуһ!» деп ауыр бір күрсінді де, тым-тырыс қараңғылық көрпесін бүркеніп жата қалды. Нұрбек қолдарында фонарьлары бар, жалаң аяқ, жалаңаш жүгіріп келе жатқан жұртты көрді. Оның басы айналып, аяғының астындағы жер көшіп бара жатқандай болды. Жұрт міне, жақындап қалды, әбігерленген дауыстар да естіледі. -         Несін қарғып түстім екен? - деп күбірлейді Нұрбек шошып,- бүйткенше трактормен бірге қирап өлсем етті! Ол не істерін білмей сенделіп жүрді. Әне, ол басы ауған жаққа лағып жүгіре берді Нұрбек артына қарауға қорқады. Мойнын ішіне тығып, басын қос қолымен тас қып ұстап, сүріне құлады, әне, жалма-жан атып тұрып тағы да қоянша ырғи жөнелді. ...Тез! Жүгір, жүгір тез! Қуғыншы келіп қалды. «Ұста, ұстаңдар қылмыстыны! Ұста, байла!..» деген дауыстарды естисің бе? Нұрбек алдындағы еш нәрсеге де қарамай, құр пәрменімен жүгіре берді, ой, осы бір аяғы құрығыр, құдды қорғасын құйып қойғандай ап-ауыр, жерден көтерілмей, қамшыша сүйретіліп болмайды, жігіті ауа жетпей ішінің бәрі өртеніп барады. Нұрбек көйлегінің жағасын да айырып жіберді. Таңертеңнен бері қос қыран биік аспанда қалықтап жүр. Тек анда-санда ғана қанаттарын тәкаппарлана бір қағып көз ұшында ұзақ сонар айналумен жүр. Қанатын кең жайған ақиық қырандар аспан айдынында армансыз жүзеді, анда-санда топшысын түйіп тастап еркін ілгері, биікке самғайды.  Осынау бір шетсіз-шексіз тұңғиық тақсы ретінде тек қырандар ғана әмір жүргізеді. Әмір иесі ақиықтар аспан әлемінде аспайды да саспайды, паң, парықсыз келеді. Олардың кең қанаттарының аясына асқар-асқар асу да, ақсеңгір қарда, айдын-шалқар өзен де сыйып кетеді! Олар жерде не болып жатқанын, жамандықтың иненің жасуына дейінгісін  көре біледі. Міне, анау шатқалдың түбінде қуыршақтай ғана бір жан  пайда болды. «...Адам ғой! Қарашы, ия, адам!» - деп саңқ ете қалды  қыранның бірі. «Көріп тұрмын, адам!» - деп екіншісі келте   жауап қатты. Адам көрінді, бірақ қыраңдар баяғы паң, парықсыз қалыптан аумай қалықтап жүр. Олар адам көрінуін елең де қылған жоқ. Адамның қолынан ұясын бұзу келеді дейсің бе?  Жоқ, бұл адамның өз көлеңкесінен өзі қорқатыны көрініп  тұр, тегінде, не бір қашқын, не бір адасып жүрген сорлы болуы керек. Бұл оның жүгіре басқан жүрісінен, үрейлене алақ-жұлақ қарасынан көрініп-ақ тұр, ол оқтын-оқтын селк етіп тұра қалады, жан-жағына жалтақтай береді. Осындай  адамның қолынан жан баспаған жартастағы ұяға жетіп,  қырандармен жекпе-жекке шығу келетін бе еді! Көздеген мақсатқа жеткізетін күш-қуат, жігер-қайрат бар ма осы адамда, батыл іздену, талаптану, күресу келе ме осының қолынан! Жоқ, кыранның ұясына қол салу үшін, алдымен сенің өзің селт етпейтін қыран болуың керек! Соның өзінде де  жеңуің «келсең кел» айқаста белгілі болады, Қырандар «келсең келді» сүйеді. Ұясына дұшпан жақындағанда олар: «Тоқта! Қайт кейін!» - деп шаңқ етеді де, тоқтамасаң «ендеше дайын бол!» деп шар еткен бойда шырқау биіктен тастай түйіліп, сорғалай бастайды. Ауаны қақ жарып құйылып келген қыран тырнағымен кеудеден соғып, дұшпанын құздан құлатады. Содан соң қуанышты, әрі ызалы, әрі аянышты қырандар саңқылдап, ұясының үстінде ұзақ қалықтайды... Ия, мынау адам ондай шапқыншылық жасауды ойламайды да, ендеше өз жайына жүре берсін. Түске таман сол адам үлкен асуға келіп жетті. Оның көзге көрінуден қорқып қашып бара жатқанын байқаған қыранның бірі: «Адам кетті!» деп саңқылдады. «Кетті» деп қысқа ғана жауап қайырды екіншісі.

Тау ішінде көктем кейде кешігіп келеді, бірақ бір басталса, тез жайнай түседі.

Төменде, далада жер көктеп қалды, жас ағаштар жанданып бас көтеріп келеді, шешек атқан жапырақтар енді көлеңке жая бастайды. Міне, сонда көктем нәубетін жазға өткізеді де, ал өзі жерде желбіреген кең көйлегінің жап-жасыл гүлді етегін көтеріп ап тауға қарай жөнейді. Таулы аймақта көктемнің өз салты, қайталанбас өз әсемдігі болады. Таңертең қар жауады, түстен кейін, күн көзі көрінсе болды, қар жіпсіп еріп кетеді, бір күндік гүлдер қауыз жарады, ал кешке таман жер құрғап та үлгіреді. Түнде өзендер мен бұлақ беттеріне қабыршақтап мұз қатады. Ал ертеңіне биіктен тау ішіне соншама кіршіксіз таза, көз тойғысыз көрікті көктем келіп кіргенін көріп жан рахатына батасың. Аспанда тоқымдай бұлт жоқ, шайдай ашық, көкпеңбек. Жер, сәнді киім киген ару тәрізді - шыққа малшынған жап-жасыл, қуана күліп тұрғандай... Айғай салсаң, дауысың ұзақ естіледі - қатпар-қатпар тау бөктерлерінен асып, таза ауада алысқа-алысқа шырқап кетіп жатыр... Ешқандай қар да, жаңбыр мен жел де көктемді ұстап тұра алмайды, ол бейне бір жалын сияқты, таудан-тауға, құзардан-құзарға лаулап, дәл сонау мәңгі мұздың іргесіне дейін биіктен-биікке өрлей береді. Жұрттың бәрі де көктемгі егісті ертерек бітіріп алғысы келеді, ал тауда бұл тіпті қиын - мезгілін сәл өткізіп алсаң, егін кеш піседі де, түнгі суық ұрып, үсік шалады...Нұрбек совхоздың ең арғы участогы «Шоң сай» шатқалына кештетіп жетті. Мотоциклден түспей жатып-ақ ол қия беткейде қимылсыз тұрған тракторды көрді. Түу деп бір түкірді де, мотоциклдің моторын өшіріп, тракторға жүгіріп келді. Алқына аптығып анадайдан-ақ ашулы айғайға басты:

-         Ей, сен неғып тұрсың! Тракторды тағы сындырдың ба? Жас тракторшы Жұмаш асығып-үсігіп папиросын аяғымен таптап өшіріп жатыр.

-         Трактор бүлінген жоқ, аман-сау! - деп қалбалақтайды ол.- Бірақ мына жер қауіпті, ағай.

-         Немене? - деді Нұрбек жұдырығын түйе.- Сенің есің дұрыс па?

-         Э-э... жолдас механик, түсінесіз бе...

-         Түсіндіріп айтшы былай дұрыстап! Трактор қанша уақыт тоқтап тұр? Жауап берші!

-         Бір сағаттай болды... Нұрбек қолын түңіле сермеді.

-         Кім сендерге рұқсат берді? Кім? Қандай ақымақ?

-         Трактор аунап кетеді,- дейді.- Жұмыс істеу қауіпті!

-         Қайда аунап кетеді? Сен не оттап тұрсың?

Бригадир келді. Нұрбек ызалы көзбен Трофимовты басынан аяғына дейін бір қарап өтті де, басын селтең еткізіп:  Сізден ешқашан да мұны күткен жоқ едім! Трактордың жұмыссыз тұрғанына партбюрода жауап беретін боласыз! - деді. Бойшаң, зор денелі Трофимов тікірейген мұрттарын үйреншікті әдеті бойынша маңыздана сипап қойды да, бәрін де түгел мақұлдайтындай-ақ басын изеп:

-         Тракторды амалсыз тоқтатуға тура келді, жолдас механик,- деді жуан дауыспен,- Сіз немесе агроном біреуі келетін шыгар, ақылдасайық деп күткен едік... Машинаны жүргізуге кедір-бұдыр мүмкіндік беретін емес, тым қия өр... Қараңызшы, көтеріліп болмайды... Трактордың тайып кетуі

мүмкін, адамдарды оқыс жазым қып алармыз! Қараңызшы, машина қисайып тұр ғой!.. Нұрбек отыра қалып, қанша қисайғанын көзбен шамалап алды да, қолын жай сермей салып: Тым сақ екенсіздер! Бұл доңғалақты трактор емес қой, шынжыр бауырлар мұндайдың көкесіндей қиямен көсілте береді, ешқашан да аунамайды! - деді.

-         Құдай біледі, мен таулы жерде жиырма жыл жұмыс істеп келемін, Нұрбек Әлиевич. Талай сұмдықтар болды! Ал сіз - жаңа келген адамсыз. Маған сеніңіз, бұл жерде жұмыс істеуге болмайды, қауіпті.  Мұнысы тым-тым артық кеткендік! Сонда Нұрбек өз ісін білмейтін болғаны ма?! Және онымен қоймай, Жұмаш та:

-         Бригадир дұрыс айтады. Қорқынышты! - деп қоштап қалыпты.

-         Қорқынышты болса, үйіңнен шықпай отырсаң еді! - деді Нұрбек тістеніп,- Тыңға қоян жүрек қорқақтардың қажеті жоқ! Айтыңызшы, жолдас Трофимов, осында бізді партия неге жіберді? Егер біз шамалы ғана төбеге шығудан қорықсақ, тапсырманы қалай орындамақпыз!

-         Жоқ, жолдас механик,- деді Трофимов,- Апат боп қалмай, ақылмен істеу керек. Бұл өте маңызды іс!

-         Сонда сіздің ұсынысыңыз қаңдай? Қол қусырып отыру ма?

-         Осындай сөздің керегі не, жолдас механик. Біз қашан қол қусырып отырып едік?  Бұл жер жыртуға қолайсыз екен, кел, басқасына көшейік.

-         Ақылың өзіңе! Сонда, біз жер жыртудың орнына бір жерден екінші жерге көшіп жүруіміз керек пе? Ал сіз қазір бір минут уақыттың өзі неге тұратынын ойладыңыз ба? Біз басқа жерге көшіп қонғанша, сол уақыттың ішінде ондаған гектар жер жыртуға болады. Және, сіздің есіңізге салайын,бәрінің де жоспары, графигі, маршруты бар. Ойымызға келгенді істеуге біздің правомыз жоқ! Неліктен бұлай, жолдас механик. Жоспарды іс үстінде де өзгертуге болады. Мен сізге тағы қайталап айтайын, мынадай қияда ешкім де трактор айдағысы келмейді. Кімнен сұрасаңыз да сол! - деді Трофимов айнала жиналып қалған тракторшыларды нұсқап. Олардың ешқайсысы ләммим деп тіс жарған жоқ. Бірақ жақтырмай сұстана қалған өндерінен механиктің сөзін құптамайтындықтары көрініп-

ақ тұр. Әркімге жан тәтті,- деді Трофимов, тракторшылардың бәрінің ортақ пікірі осы дегенді аңғартып,- мынадай қиямен ойнауға болмайды, жолдас механик!.. Дұрыс емес! Бәрін қорқақтыққа үйреткен сіз! Совхоздың механигі - мен, ендеше қандай машинаны қайда пайдалану керек екенін мен білемін. Мен мынадай қияда ешқандай қауіптенбей-ақ жер жыртуға болады деп тұрмын. Демек, анау-мынау қимыжық сөзді қойыңдар! Сіз - коммуниссіз, Трофимов жолдас, қиыншылықтан қашу керек емес, оны жеңу керек! Жұрт сізге қарайды!..Трофимов шарт кетті.

-         Мен өмірімде қиындықты сенен гөрі көбірек көрдім, жас жігіт! - деп бұрқ етті ол төніп келіп, ашу-ызасы лапылдап. Сосын бригадир кілт бұрылды да жүре берді. Трофимовтың соңынан қалғандары да кете бастады. Нұрбек жалғыз қалды. Бұл қорлыққа ол төзіп тұра алмады, кеудесінде ашу-ыза қазандай қайнады. Нұрбек орнынан тұра жүгіріп Трофимовты қуып жетті де, жеңінен ұстай алды:

-         Мен сізге бұйырамын! Дереу тракторға от алдырыңдар! Трофимов Нұрбекті басынан аяғына дейін үнсіз бір шолып шықты да, оның қолын сілкіп тастап, әрі қарай жүре берді....Түн ортасы ауғалы көп болды. Бұлттар да сонау биіктегі жартастардың арасында қоналқыға шөгіп жатыр. Олар өзара бір-бірімен шарпыса араласып келіпті де, енді міне, бір жерге ұйлығып, тырп етпестен тып-тыныш мүлгіпті. Айнала жым-жырт. Сонау алыстан төмендегі тракторлардың гүрілі талып жетеді. Бригададағылардың бәрі ұйқыда. Тек  Нұрбек қана ұйықтай алмай жатыр. Манағы қорлық, ыза жүрегін өртеп барады. Екі жақ жамбасына кезек аунап түседі де, ақырын ғана ұрлана күрсініп, бірдеңе деп күбірлеп қояды. Ия, Трофимов бүгін оны масқаралады, дүйім жұрттың көзінше абыройын төкті. «Жоқ, бұған  көнуге болмайды. Қайткен күнде өзінің дегені жөн екенін дәлелдеу керек, сонда ғана ол беделін қайта көтере алады!»  Нұрбек ептеп тұрып, шатырдан дыбыссыз шығып кетті. Қараса маңайда ешкім көрінбейді. Енкейіңкіреп ұрлана басып аулағырақ шықты да, жар астындағы көлеңкеге сіңіп  жоқ болды. Аз уақыттан кейін қияда тұрған трактор жанында бір-екі

рет қалта фонары жылт-жылт етті. Кенет түн тыныштығын бұзып, пулемет даусындай бір үн та-та-талап қоя берді. Бұл от алған трактор үні еді. Бір мезеттен кейін, тым дарылдап кеткенін біле қалғандай, трактор баяу жүріске көшіп, бір сарынды жылжи бастады. Жарық жағылып, машина іле орнынан қозғалды. Тұтқаны қыса ұстаған Нұрбек көзін алға қадап отыр. Трактор қиялай  салып келеді. «Ия, техника адамның ырқына көнеді, тек басқара білу керек, сонда ол адам қолы қайда нұсқаса сонда барады! Ол үшін тек батыл, табанды бола білу керек! Оның үлгісін көріңдер, міне - жұрт бата алмаған жермен Нұрбек трактор

айдап келеді!» Жоқ, трактор таймайды! Ол әшейін сылтау! Ал, өтірікшілер, көріңдер! Қызаруларыңа тура келер! - деп дауыстап жіберді Нұрбек, қуанғаннан дәбдіреп. Трактор, шынында да, қиялай жүріп кетті. «Бұлар неден қорқады? - деп ойлады Нұрбек.- Рас, өне бойы бір жағыңа қарай қисайып, сыңар жамбастап отыру ыңғайсыз-ақ, бірақ бұл сонша қауіпті іс емес қой!» Алда бір дөңес көрінді. Өрмелей көтеріле бергенде трактордың радиаторы қоқайып аунап жазым болу қаупі төне берісімен Нұрбек іле шапшандықты өзгертіп, аман өте шықты. Ол межеге барды да, тракторды қайта бұрды. Енді Нұрбек өзінің жеңетіндігіне кәміл сенді. Мен көрсетермін сендерге, кім екенімді! - деп ол әрі қуана, әрі табалай айқайлап жіберді. - Таң атқанша мен осы құла берісті, тіпті, керек болса, осы тауды, сонау шыңдарымен қоса, тегіс жыртып берейін! Кімдікі жөн екенін ертең көрерсің, Трофимов! Нұрбек екінші рет айналып шықты. Ол бойына керемет күш құйылып, трактордың қуатты құрыш денесімен біте қайнасып, бірігіп кеткендей сезінді өңін. Алда тағы да дөңес көрінді.

-         Түк етпейді! - деп жұбатты Нұрбек өзін-өзі. Трактор ышқына пысылдай жоғары көтеріле берді де, кенет қисая бастады.

-         Түк етпейді! - деп Нұрбек өзіне-өзі қайрат берді... Қолдары рычагта. Үшінші жылдамдыққа көшті... Трактор жын қаққандай өкіре жұлқынып бұрынғыдан да қисая түсті. Шұғыл өрге бұру керек, әйтпесе аударылып кетеді! Нұрбек етпеттей тырмысып оң жақ рычатты пәрменімен өзіне тартты. Трактор шынжыр табанымен топырақты қопара күрт бұрылды да, тіп-тік қияда ілгері жүруге күші жетпей, радиаторы қоқайып үнсіз қалды. Нұрбектің қаны басына шапты: «Не істеу керек! Тезірек жылдамдықты ауыстыру керек! Тез! Мотор өшіп кетті! Не істесем екен?» Әй, ол кешігіп қалды. Заматта оты өшкен трактор соқаны сықырлата бүктеп кейін сырғи жөнелді, ол аударыла бергенде, Нұрбек кабинадан қарғып кетті. Бұдан арғының бәрі көзді ашып-жұмғанша болды. Шойырылған трактор тайған бетімен жарлауыттан лықси түсіп екпінімен қиядағы жартасқа шарт ете қалды.

-         А-а-а! -деп айғайлап жіберген Нұрбек өзінің дауысын естіген де жоқ. Металл тасқа соққанда от жарқ етіп шашырады да, жартасқа ұрылған машинаның парше-парше жарықшақтары жан-жаққа ұшып жатты. Жер «үуһ!» деп ауыр бір күрсінді де, тым-тырыс қараңғылық көрпесін

бүркеніп жата қалды. Нұрбек қолдарында фонарьлары бар, жалаң аяқ, жалаңаш жүгіріп келе жатқан жұртты көрді. Оның басы айналып, аяғының астындағы жер көшіп бара жатқандай болды. Жұрт міне, жақындап қалды, әбігерленген дауыстар да естіледі.

-         Несін қарғып түстім екен? - деп күбірлейді Нұрбек шошып,- бүйткенше трактормен бірге қирап өлсем етті! Ол не істерін білмей сенделіп жүрді. Әне, ол басы ауған жаққа лағып жүгіре берді Нұрбек артына қарауға қорқады. Мойнын ішіне тығып, басын қос қолымен тас қып ұстап, сүріне құлады, әне, жалма-жан атып тұрып тағы да қоянша ырғи жөнелді. ...Тез! Жүгір, жүгір тез! Қуғыншы келіп қалды. «Ұста, ұстаңдар қылмыстыны! Ұста, байла!..» деген дауыстарды естисің бе? Нұрбек алдындағы еш нәрсеге де қарамай, құр пәрменімен жүгіре берді, ой, осы бір аяғы құрығыр, құдды қорғасын құйып қойғандай ап-ауыр, жерден көтерілмей, қамшыша сүйретіліп болмайды, жігіті ауа жетпей ішінің бәрі өртеніп барады. Нұрбек көйлегінің жағасын да айырып жіберді. Таңертеңнен бері қос қыран биік аспанда қалықтап жүр. Тек анда-санда ғана қанаттарын тәкаппарлана бір қағып көз ұшында ұзақ сонар айналумен жүр. Қанатын кең жайған ақиық қырандар аспан айдынында армансыз жүзеді, анда-санда топшысын түйіп тастап еркін ілгері, биікке самғайды.  Осынау бір шетсіз-шексіз тұңғиық тақсы ретінде тек қырандар ғана әмір жүргізеді. Әмір иесі ақиықтар аспан әлемінде аспайды да саспайды, паң, парықсыз келеді. Олардың кең қанаттарының аясына асқар-асқар асу да, ақсеңгір қарда, айдын-шалқар өзен де сыйып кетеді! Олар жерде не болып жатқанын, жамандықтың иненің жасуына дейінгісін  көре біледі. Міне, анау шатқалдың түбінде қуыршақтай ғана бір жан  пайда болды. «...Адам ғой! Қарашы, ия, адам!» - деп саңқ ете қалды  қыранның бірі. «Көріп тұрмын, адам!» - деп екіншісі келте   жауап қатты. Адам көрінді, бірақ қыраңдар баяғы паң, парықсыз қалыптан аумай қалықтап жүр. Олар адам көрінуін елең де қылған жоқ. Адамның қолынан ұясын бұзу келеді дейсің бе?  Жоқ, бұл адамның өз көлеңкесінен өзі қорқатыны көрініп  тұр, тегінде, не бір қашқын, не бір адасып жүрген сорлы болуы керек. Бұл оның жүгіре басқан жүрісінен, үрейлене

алақ-жұлақ қарасынан көрініп-ақ тұр, ол оқтын-оқтын селк етіп тұра қалады, жан-жағына жалтақтай береді. Осындай  адамның қолынан жан баспаған жартастағы ұяға жетіп,  қырандармен жекпе-жекке шығу келетін бе еді! Көздеген мақсатқа жеткізетін күш-қуат, жігер-қайрат бар ма осы адамда, батыл іздену, талаптану, күресу келе ме осының қолынан! Жоқ, кыранның ұясына қол салу үшін, алдымен сенің өзің селт етпейтін қыран болуың керек! Соның өзінде де  жеңуің «келсең кел» айқаста белгілі болады, Қырандар «келсең келді» сүйеді. Ұясына дұшпан жақындағанда олар: «Тоқта! Қайт кейін!» - деп шаңқ етеді де, тоқтамасаң «ендеше дайын бол!» деп шар еткен бойда шырқау биіктен тастай түйіліп, сорғалай бастайды. Ауаны қақ жарып құйылып келген қыран тырнағымен кеудеден соғып, дұшпанын құздан құлатады. Содан соң қуанышты, әрі ызалы, әрі аянышты қырандар саңқылдап, ұясының үстінде ұзақ қалықтайды... Ия, мынау адам ондай шапқыншылық жасауды ойламайды да, ендеше өз жайына жүре берсін. Түске таман сол адам үлкен асуға келіп жетті. Оның көзге көрінуден қорқып қашып бара жатқанын байқаған қыранның бірі: «Адам кетті!» деп саңқылдады. «Кетті» деп қысқа ғана жауап қайырды екіншісі.

Бөлісу: