III БӨЛІМ

21 Қараша 2013, 09:12

Жазға салым бір күні Нұрбек завод қақпасынан шықты да, мойнындағы жүн шарфын алып қалтасына тығып, кең иығын көтеріп, кеудесін кере бір дем алды. Ол көз алдындағының бәрін, көшені, завод үйлерін, аспанды, паркты... қуаныш көзімен бір шолып шықты. Нұрбек сұңғақ, келбетті жігіт болатын-ды, міне, қазір иегін сәл көтеріп, шымыр еріндерін жымырып, төңірекке тәкаппар қарап тұрғанда, онысы әрі-бері өткендердің көзіне елден ерек шалынады. Көктем жақындап қалғанын Нұрбек бүгін ерекше сезінді. Ауа дымқыл, жылаңқы болатын, түтілген шудадай шұбатылған сұрғылт бұлт аспанды торлап, күнді бүркеп тұрса да асфальттағы қар еріп, шалшық арыққа құйылып жатыр. Көктемнің алғашқы хабаршысы - өрік бүрлеп, дуалдан артылып, көшеге қарай бойсұныпты, бұтақтарынан енді ғана шешек атып келе жатқан бүршіктердің білінер-білінбес нәзік иісі келеді. Нұрбек троллейбусқа отырды. Көктем туралы ойынан әлі де айрыла алмай келеді. Келер күндер Нұрбек өмірінің ең бір үлкен, қызық шақтары болмақ. Ол шалғай жатқан тау бөктеріндегі тың жерде ұйымдастырылған совхозға механик боп барады. Ол - сонда алғаш баратындардың біреуі. Берген мінездемеде завод парторгы оны іскер маман, ойлы, парасатты механик, сондықтан да оның завод сенімін ақтайтындығына партком кәміл сенеді деп жазды... Обкомның жолдамасы қолда, таяудағы күндердің бірінде клубта шығарып салу болады. Асылы-жылы сөздер, жақсы-жақсы игі тілектер айтылады, музыка, би, ойын-күлкі, қол қысысып қоштасулар, ал содан соң... содан соң... Нұрбекке көңілін кернегеннің бәрін айтып жеткізу қиын... Қойшы, бір сөзбен айтқанда - алда жаңа өмірдің жаңа жұмыс, жаңа достар!.. Нұрбек даңқты тың игерушілердің бірі болады. Ғасырлар бойы адам қолы дарымаған сонау тау ішінде егін жайқалып, жол салынады, сонда халық: «Міне, біздің селомыз, біздің мектебіміз, біздің шеберханамыз!..» - дейтін болады. Міне, бұл зор бақыт емес пе? Нұрбек осыны ойлағанда, қос қолының күші тасып, осы қазір табан аузында іске кірісіп кетуге әзір еді. Тау ішіне көктем кеш келді. Совхозда жер жыртудан басқа да қыруар іс бар екен. Техника, жанармай алу, жөндеу шеберханасын жабдықтау, үйлер, асхана, монша... салу керек болды. Бұрын ешкім мекендемеген жаңа жерде бәрі қажет, бәрі де маңызды. Біреуін бітірсең, жедел екіншісін, үшіншісін... қолға алу керек. Бірақ механизаторлар үшін ең басты мәселе, әрине, жер жырту, егін егу... болды... Жан жайлап көрмеген иесіз тау ішінде қызу өмірді қайнатып әкету жеп-жеңіл, оп-оңай іс емес екен. Бірақ қиыншылықтар Нұрбектің жігерін жасыта алмады. Ол әлі де сол шапшаң, қызуқандылығынан, алған бетінен қайтпайтын табандылығынан тайған жоқ. Бұларының үстіне тағы да бір жаңа мінездер пайда болды - Нұрбек өз айтқанынан қайтпайтын және дегенін істетпей қоймайтын қатал, ашуланшақ, шамшыл болып алды. Ол барлығын да өзі, әз қолымен істегісі келді, егер қарауындағы адамдардан біреу-міреу тапсырманы орындай алмай қалса, оған күн көрсетпеді: «Сен не қылған адамсың! - деп айқайлайтынды шығарды ол, - жеп-жеңіл жұмыстың да ыңғайын келтіре алмайсын!.. Сен сияқтыларды осында кім жібереді екен... Қане, былай тұр, өзім істеймін!» Нұрбек нені қолға алса да, ол алған іс қаулап жүре береді және бастаған ісін аяқсыз қалдырмайды. Тіпті Нұрбексіз іс бітпейтін тәрізденеді. Қашан көрсең де, белін тас буынып алып, шапшаң қимылдап, тап-тұйнақтай лыпып тұрғаны. Ол шатырларды өзі құрып, кешке түсіп үйіліп қалған қарды бульдозермен өзі ысырып, шеберханадағы станоктарды өзі құрастырды....Тек ұзаққа созылған ақ жауынды күндерде амалсыз шатырда жатқанда ғана ол бір зеріктіретін мұңды ойларға шоматын. Неліктен оның осы уаққа дейін ешкіммен жуықтаса алмағанын, көңіліндегінің бәрін түгел ақтара шертісетін жансерік сырласының неліктен болмауын Нұрбек түсінбеді...Жұмыс үстінде адамдардың бәрі де оған бағынады, айтқанын екі етпейді, тіпті сыйлайтын да сияқты, ал қалай жұмыс күні бітсе, ешкім онымен сөйлеспейді... Мұндай минуттарда чемаданынан фотосурет алып, шамның көмескі жарығында, күрсініп қойып, ұзақ қарап отырады. Айнагүл фотосуретте де сұлу еді. Фотосуреттен оның сүйікті әтірінің иісі келеді. Айнагүл министрлікте секретарь боп істейтін. Әлде жұмсақ төсеніш жолдар мен кілем үстінде жүріп әдеттенген-діктен бе, әлде табиғатына туа біткен әсем наздылық па  оның жүрісі тамаша, жүзіп бара жатқан жеп-жеңіл, дыбыссыз болушы еді... Нұрбек тыңға жүруге бел байлағанын айтып, жолдамасын көрсеткенде, ол Нұрбектің күткеніндей мойнына асыла кеткен жоқ. -         Сен осыны ұзақ ойландың ба? - деп сұрады Айнагүл маңдайын тыжырып. -         Ия, оның несі бар? -         Жай, әншейін...- деді де сәл кідіріп сөзін жалғады: -Сөйтіп, мені сүйетінің жай сөз ғана болды ғой...- Айнагүлдің қою кірпіктеріне жас іркіліп, көзі бұрынғыдан да жаудырап көрінді. Нұрбек сасып қалды, бұлай болар деп күтпеген еді. -         Әу, мұның не, Айнаш? Совхозға барсам, сені ұмытып кетеді екен деп ойлама! Мен екеуміздің онда қалай өмір құратынымызды армандаймын...Әрине, Айнагүл онда бірден жүріп кетуді ойлаған да жоқ. Және Нұрбек те оған мұндай ұсыныс жасай алмады. Әуелі тұрғылықты орналасып, пәтер алып, тек сосын ғана үйлену жөнінде сөз қозғау керек. Нұрбекті шығарып салып тұрып, Айнагүл оған өзінің фотосуретін сыйлады. -         Бар, Нұрбек! - деді ол өкпелегендей томсырайып.-Өз дегеніңнен қайтпайтын әдетің бар екенін білемін! Бірақ, көңіліңе ұнамай жатса, қиналмай, қайтып кел, мен сені күтемін... Заводта сөз қылады-ау деп ойыңа алма, онда тұрған дәнеңе жоқ... Жұмыс қайдан да табылады... Ия, айтпақшы егер кажет боп қалса, сен бара жатқан ауданда менің нағашым қызмет істейді, міне адресі. Ұялма, соған бар, ол барлық  жағынан көмектеседі...Бірақ, Айнагүл адресті қате берген болып шықты. Оның нағашысы оңтүстік жақтағы асудың арғы бетінде көрші ауданда қызмет істейді екен. Нұрбек мұны кейіннен жергілікті тұрғындардан сұрастырып білді. Совхоз күн санап көз алдында өсіп, ірге жайып келе жатты, Нұрбек те Айнагүлмен өмірлік қол ұстасатын күнді асыға күтіп армандаумен болды.

Жазға салым бір күні Нұрбек завод қақпасынан шықты да, мойнындағы жүн шарфын алып қалтасына тығып, кең иығын көтеріп, кеудесін кере бір дем алды. Ол көз алдындағының бәрін, көшені, завод үйлерін, аспанды, паркты... қуаныш көзімен бір шолып шықты. Нұрбек сұңғақ, келбетті жігіт болатын-ды, міне, қазір иегін сәл көтеріп, шымыр еріндерін жымырып, төңірекке тәкаппар қарап тұрғанда, онысы әрі-бері өткендердің көзіне елден ерек шалынады. Көктем жақындап қалғанын Нұрбек бүгін ерекше сезінді. Ауа дымқыл, жылаңқы болатын, түтілген шудадай шұбатылған сұрғылт бұлт аспанды торлап, күнді бүркеп тұрса да асфальттағы қар еріп, шалшық арыққа құйылып жатыр. Көктемнің алғашқы хабаршысы - өрік бүрлеп, дуалдан артылып, көшеге қарай бойсұныпты, бұтақтарынан енді ғана шешек атып келе жатқан бүршіктердің білінер-білінбес нәзік иісі келеді. Нұрбек троллейбусқа отырды. Көктем туралы ойынан

әлі де айрыла алмай келеді. Келер күндер Нұрбек өмірінің ең бір үлкен, қызық шақтары болмақ. Ол шалғай жатқан тау бөктеріндегі тың жерде ұйымдастырылған совхозға механик боп барады. Ол - сонда алғаш баратындардың біреуі. Берген мінездемеде завод парторгы оны іскер маман, ойлы, парасатты механик, сондықтан да оның завод сенімін ақтайтындығына партком кәміл сенеді деп жазды... Обкомның жолдамасы қолда, таяудағы күндердің бірінде клубта шығарып салу болады. Асылы-жылы сөздер, жақсы-жақсы игі тілектер айтылады, музыка, би, ойын-күлкі, қол қысысып қоштасулар, ал содан соң... содан соң... Нұрбекке

көңілін кернегеннің бәрін айтып жеткізу қиын... Қойшы, бір сөзбен айтқанда - алда жаңа өмірдің жаңа жұмыс, жаңа достар!..

Нұрбек даңқты тың игерушілердің бірі болады. Ғасырлар бойы адам қолы дарымаған сонау тау ішінде егін жайқалып, жол салынады, сонда халық: «Міне, біздің селомыз, біздің мектебіміз, біздің шеберханамыз!..» - дейтін болады. Міне, бұл зор бақыт емес пе? Нұрбек осыны ойлағанда, қос қолының күші тасып, осы қазір табан аузында іске кірісіп кетуге әзір еді.

Тау ішіне көктем кеш келді. Совхозда жер жыртудан басқа да қыруар іс бар екен. Техника, жанармай алу, жөндеу шеберханасын жабдықтау, үйлер, асхана, монша... салу керек болды. Бұрын ешкім мекендемеген жаңа жерде бәрі қажет, бәрі де маңызды. Біреуін бітірсең, жедел екіншісін, үшіншісін... қолға алу керек. Бірақ механизаторлар үшін ең басты мәселе, әрине, жер жырту, егін егу... болды... Жан жайлап көрмеген иесіз тау ішінде қызу өмірді қайнатып әкету жеп-жеңіл, оп-оңай іс емес екен. Бірақ қиыншылықтар Нұрбектің жігерін жасыта алмады. Ол әлі де сол шапшаң, қызуқандылығынан, алған бетінен қайтпайтын

табандылығынан тайған жоқ. Бұларының үстіне тағы да бір жаңа мінездер пайда болды - Нұрбек өз айтқанынан қайтпайтын және дегенін істетпей қоймайтын қатал, ашуланшақ, шамшыл болып алды. Ол барлығын да өзі, әз қолымен істегісі келді, егер қарауындағы адамдардан біреу-міреу тапсырманы орындай алмай қалса, оған күн көрсетпеді: «Сен не қылған адамсың! - деп айқайлайтынды шығарды ол, - жеп-жеңіл жұмыстың да ыңғайын келтіре алмайсын!.. Сен сияқтыларды осында кім жібереді екен... Қане, былай тұр,

өзім істеймін!» Нұрбек нені қолға алса да, ол алған іс қаулап жүре береді және бастаған ісін аяқсыз қалдырмайды. Тіпті Нұрбексіз іс бітпейтін тәрізденеді. Қашан көрсең де, белін тас буынып алып, шапшаң қимылдап, тап-тұйнақтай лыпып тұрғаны. Ол шатырларды өзі құрып, кешке түсіп үйіліп қалған қарды бульдозермен өзі ысырып, шеберханадағы станоктарды өзі құрастырды....Тек ұзаққа созылған ақ жауынды күндерде амалсыз шатырда жатқанда ғана ол бір зеріктіретін мұңды ойларға шоматын. Неліктен оның осы уаққа дейін ешкіммен жуықтаса алмағанын, көңіліндегінің бәрін түгел ақтара шертісетін жансерік сырласының неліктен болмауын Нұрбек түсінбеді...Жұмыс үстінде адамдардың бәрі де оған бағынады, айтқанын екі етпейді, тіпті сыйлайтын да сияқты, ал қалай жұмыс күні бітсе, ешкім онымен сөйлеспейді... Мұндай минуттарда чемаданынан фотосурет алып, шамның көмескі жарығында, күрсініп қойып, ұзақ қарап отырады. Айнагүл фотосуретте де сұлу еді. Фотосуреттен оның сүйікті әтірінің иісі келеді. Айнагүл министрлікте секретарь боп істейтін. Әлде жұмсақ төсеніш жолдар мен кілем үстінде жүріп әдеттенген-діктен бе, әлде табиғатына туа біткен әсем наздылық па  оның жүрісі тамаша, жүзіп бара жатқан жеп-жеңіл, дыбыссыз болушы еді... Нұрбек тыңға жүруге бел байлағанын айтып, жолдамасын көрсеткенде, ол Нұрбектің күткеніндей мойнына асыла кеткен жоқ.

-         Сен осыны ұзақ ойландың ба? - деп сұрады Айнагүл маңдайын тыжырып.

-         Ия, оның несі бар?

-         Жай, әншейін...- деді де сәл кідіріп сөзін жалғады: -Сөйтіп, мені сүйетінің жай сөз ғана болды ғой...- Айнагүлдің қою кірпіктеріне жас іркіліп, көзі бұрынғыдан да жаудырап көрінді. Нұрбек сасып қалды, бұлай болар деп күтпеген еді.

-         Әу, мұның не, Айнаш? Совхозға барсам, сені ұмытып кетеді екен деп ойлама! Мен екеуміздің онда қалай өмір құратынымызды армандаймын...Әрине, Айнагүл онда бірден жүріп кетуді ойлаған да жоқ. Және Нұрбек те оған мұндай ұсыныс жасай алмады. Әуелі тұрғылықты орналасып, пәтер алып, тек сосын ғана үйлену жөнінде сөз қозғау керек. Нұрбекті шығарып салып тұрып, Айнагүл оған өзінің фотосуретін сыйлады.

-         Бар, Нұрбек! - деді ол өкпелегендей томсырайып.-Өз дегеніңнен қайтпайтын әдетің бар екенін білемін! Бірақ, көңіліңе ұнамай жатса, қиналмай, қайтып кел, мен сені күтемін... Заводта сөз қылады-ау деп ойыңа алма, онда тұрған дәнеңе жоқ... Жұмыс қайдан да табылады... Ия, айтпақшы егер кажет боп қалса, сен бара жатқан ауданда менің нағашым қызмет істейді, міне адресі. Ұялма, соған бар, ол барлық  жағынан көмектеседі...Бірақ, Айнагүл адресті қате берген болып шықты. Оның нағашысы оңтүстік жақтағы асудың арғы бетінде көрші ауданда қызмет істейді екен. Нұрбек мұны кейіннен жергілікті тұрғындардан сұрастырып білді. Совхоз күн санап көз алдында өсіп, ірге жайып келе жатты, Нұрбек те Айнагүлмен өмірлік қол ұстасатын күнді асыға күтіп армандаумен болды.

Бөлісу: