21 Қараша 2013, 08:54
Бірінші жұмысты əкем бастап жазған шежірені толықтырып, интернеттен, кітəптардан
алынған мəліметтермен салыстырылып жаза бастадым. Екіншісі - Бəйімбет атамыздың ұрпақтарын біріктіретін ұйымды жасау үшін - алдымыздағы істейтін жұмыстарды белгіледім. Бұл – ата-баба аруағы алдындағы перзенттік борышымды аз да болса өтеу үшін жасалған кішкентай ғана еңбек деп есептеймін.
Əкем Жұсып-қажы алыс-жуықтағы көнекөздермен көп əңгімелесіп пікірлесетін, əрі ата-
тек шежірелерді жинақтап, жазып жүретін. Үлкен кісілер қонақтар келгенде 4—5 жасымыздан бастап ата-тегімізді айтқызатын. Сол бала кездегі естігеннің бəрі бірдей есте қалмаса да, үш дəптер қолжазбалары қолда қалған еді. Ішінде діни уағыздар, аяттар, қазақтың атақты кісілерінің сөздері, əңгімелері, Бəйімбет ұрпағының шежіресінің негізі бар.
Қазақта “тегін білмеген – тексіз, жеті атасын білмейтін – жетесіз” деген ұғым бар. Əкем
жазған шежіреге жүгінсек, Күрсары Керейден Еспол, Есполдан Дуадақ пен Төбет. Төбеттің төрт ұлы да батыр болған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен. Менің жетінші атам Бəйімбет батыр болған екен. Бəйімбет батырдың 7 баласы болған: Қарақожа, Биқожа, Байқожа, Қожагул, Көлбай, Елшібай, Тайкелтір. Біз Биқожа батырдан тарағамыз. Биқожадан Бектемір, Ақтан.
Бектемірден Қанай мен Шадай. Қанайдан Бірман мен Найман. Бірманнан – Дүйсенбай,
Есенбай, Бесімбай. Дүйсенбайдан тұқым жоқ, ал Есенбай, Бесімбайдан Қажымұрат, Еслям, Еспол, Хамзе, Сəлім ұрпақтары тараған. Найманнан – Сатыбалды, Сатылған. Одан 4 бала – Жұсып, Жұныс, Хайролла, Абзал. Найман, Бірман аталарымыздан тараған ұрпақтар Əуелі Дүйсенбай атамызды тыңдап, ол кісі дүние салғасын Сатыбалды атамызды тыңдап, ынтымақта болып бір кісіден туғандай өскен екен. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»
деген сөз бар емес пе? Жақсының жақсылығын айтуды өзіме парыз санадым.
Төбетұлы Бəйімбет (жобамен1708-1790 ж.) – жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық
жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы болған. Шыққан тегі – Орта Жүздің Күрсары Керей руынан. Бəйімбет батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі Ресейдің Омбы, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рəмізіндей ел аузында болып кеткелі қашан.
Сонымен, қымбатты ағайын, ата-тек шежірені Бəйімбет батырдың барлық ұрпағы білу
керек. «Білерің-бір тоғыз, білмегенің-мың тоғыз» демекші, барша Бəйімбет баласын таратып жазу мүмкін, əрі мүмкін емес жағдай. Мүмкіндігі, сұрап-құрап жазуға болар, бірақ бұрынғы шежірелердегідей, қателік мол болары сөзсіз. Көбісі етене таныс, бірге жүріп-тұрған қоныстас -ағайынды жазу оңай болғанның өзінде, осынау шежіреде барлығы толық қамтылады деп айта алмасақ керек. Үстірт жазудан, қате жіберуден, артық қазбалаудан, керейше айтқанда «барабасын тербетуден» сақтап кейбір жерде кеткен кемшілік болса, оны толықтыра отырып оқу жəне толтыру — ағайын сіздің парызыңыз.