Қожа Ахмед Ясауи кесенесі

21 Қараша 2013, 08:51

"Шариғат" ислам дінінің заңдары мен əдет ғұрыптарының жинағы, "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "Хақиқат" болуы мүмкін емес. Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп əрі шын беріле айтады, ол бұл шын мəніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол "надан" "түк білмейтін", "жалған сүюші", "жалған сопы деп есептеді. "Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес інжуімді құнын білмеске сатпағын", — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ", — дейді. Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Ясауиден бұрын түркі нəсілдері Тəңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінəжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнə" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Қылуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Ахмет Ясауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи əзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тəуіп етер қасиетті əулие. Оның мазараты мəдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы. Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бар қазақтың баласы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін киелі санап, тəу етіп, қастерлеп, қадір тұтады, бұл жерде хандар, сұлтандар, атағы __________шыққан билер, батырлар ғана жерленген. Ата-бабаларымыздың Қожа Ахмет Ясауи қабірінің маңына жерленуі рухани сабақтастықтың белгісі, ұлағатты өнеге деп санады. Бұ дүниеде ынтымағы жарасқан Алаш баласының, о дүниелік болған соң да Əзіреті Сұлтанның қасына жерленіп, бір жерде жатуы кемелдікке жеткендіктің айқын көрінісі. Олар осы үрдісті ұрпағына аманат ретінде қалдырды. Сонымен қатар еліміздің əр аймағынан жерленген кейбір тұлғалар ұмытылған, олар жөнінде мəліметтер ғылыми тұрғыдан түбегейлі зерттеу жүргізуді қажет етеді. Осыған орай біздің бабамыз Бəйімбет батыр да дер уақытында іздеушісі болмағасын осы тізімге ілінбей қалған.

"Шариғат" ислам дінінің заңдары мен əдет ғұрыптарының жинағы, "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "Хақиқат" болуы мүмкін емес.

Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп əрі шын беріле айтады, ол бұл шын мəніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол "надан" "түк білмейтін", "жалған сүюші", "жалған сопы деп есептеді.

"Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес інжуімді құнын білмеске сатпағын", — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ", — дейді.

Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре

алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Ясауиден бұрын түркі нəсілдері Тəңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінəжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнə" деп өзіне бір тоқтам жасайды.

Қылуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін

сарапқа салып, қияли күй кешеді. Ахмет Ясауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды.

Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи əзіреті сұлтан аталып, басына XIV

ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.

Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тəуіп етер қасиетті əулие.

Оның мазараты мəдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы. Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек.

Бар қазақтың баласы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін киелі санап, тəу етіп,

қастерлеп, қадір тұтады, бұл жерде хандар, сұлтандар, атағы __________шыққан билер, батырлар ғана жерленген. Ата-бабаларымыздың Қожа Ахмет Ясауи қабірінің маңына жерленуі рухани сабақтастықтың белгісі, ұлағатты өнеге деп санады. Бұ дүниеде ынтымағы жарасқан Алаш баласының, о дүниелік болған соң да Əзіреті Сұлтанның қасына жерленіп, бір жерде жатуы кемелдікке жеткендіктің айқын көрінісі. Олар осы үрдісті ұрпағына аманат ретінде қалдырды.

Сонымен қатар еліміздің əр аймағынан жерленген кейбір тұлғалар ұмытылған, олар жөнінде мəліметтер ғылыми тұрғыдан түбегейлі зерттеу жүргізуді қажет етеді. Осыған орай біздің бабамыз Бəйімбет батыр да дер уақытында іздеушісі болмағасын осы тізімге ілінбей қалған.

Бөлісу: