21 Қараша 2013, 05:42
Әуелден ауыз әдебиеті дәстүрінің басым болып келгендігі себепті бізде жазба проза кешендеу қалыптасқаны белгілі. Сондықтан да Европа әдебиеттері, бірінші кезекте орыс әдебиеті меңгерген шептерге көтерілу аса қиын нысана болатын. Біздің роман дегендеріміздің, көп жағдайда, бұл атаққа көлемі ғана сәйкес келіп, ішкі үйлесімдері табылмай қала беретіндері де осындай қиындық салдарынан туатын. Өмірдің объективтік ағысын, оқиғалар тарихын айтуда қаһармандардың субъективтік аңсарымен қабысу ғана көркемдік шындыққа апаратын жол еді. Алғашқы қазақ романдарында бірыңғай баяндағыштықтың молырақ орын тебуі тарихи аңыздарды әңгімелеп тізіп айтатын ауызша дәстүрден онша ұзақ кете қоймағанымызды байқататын. Дегенмен советтік дәуірде, бірнеше жыл ішінде ғана прозамыздың бүкілодақтық оқушы назарына ілінерліктей жол кешуі сүйсінерлік.
Міне, осы серпіліс, өрлеу процесін Ғ.Мұстафин творчествосынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Оның «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін» секілді романдары жазушының өз творчествосындағы белестер ғана емес, бүкіл қазақ совет әдебиетінің жетекші даму тенденциясын белгілеген туындылар.
Әлбетте, Ғ.Мұстафин үлкен прозаға бірден, төтеден жол тартқан автор емес. Ол мұндай биікке іштей үлкен әзірлікпен, үздіксіз ізденіспен, ыждағатты еңбекпен шыққанын көреміз.
Мектептен алған «ресми» білімі үш-төрт класс көлемінен аспайтын жазушының қазақ прозасын қалыптастырушьшар дәрежесіне көтерілуі әдеби жұртшылық мойындаған шындық.
Ғ.Мұстафин әуелде өзінің қалам қайратын әңгіме жанрында сынап көрді. Ол алғашқы романы «Өмір не өлім» (1941) туғанға дейін дәуір шындығын қысқа жанр көлемінде айтып отырған. 1929 жылы жарияланған «Ер Шойын» атты жинағында қаламгердің бұл саладағы ізденістері мен табыстары топталған еді. Көрнекті әдебиет зерттеушісі, ойыншы С.Қирабаев: - «Ер Шойын» жинағы жиырмасыншы жылдардан шиеленіскен тап күрес жағдайында жазушының айқын нролетарлық позициясын танытқан елеулі кітап, - деп дұрыс бағалайды. Сол әңгімелерде көтерілген тақырыптар, Кврсетілген оқиғалар мен кейінгі романдарда сыпатталған құбылыстар арасында, сөз жоқ, ішкі байланыстар жатыр. Мұның өзі жазушының творчестволық лабораториясын тануға мүмкіндік беретін жайлардың бірі. Советтік Қазақстанда жүргізілген жаңарулардың жайбарақат куәгері емес, белсенді араласушысы болған, сол процестерге өзі қатысқан, ыстығына күйген, суығына тоңған Ғ.Мұстафиннің замана жыршысы боп қалыптасуы табиғи.
Кейіннен профессионал қаламгер болып танылғанға дейін ол әр салада ұзақ жылдар жұмыс атқарған. Оның кітаптарында корсеткен кейіпкерлері, көбінесе, өзі анық білген, сыр мінез болған адамдардың негізінде алынған. Ауыл адамдарының, Қарағанды кендері мен цехтарында істеген сан ұлт өкілдерінің іс-әрекеттерін, мінез құлқын, үміті мен арманын ол сөз жүзінде емес, қатарлас еңбектеніп іс жүзінде көрген, таныған.
Ғ.Мұстафиннің жастық шағы бүкіл елімізде, Қазақстанда жаца қоғамның негіздерін қалау жолында тендесі жоқ екпінді жұмыстар жүзеге асқан айбынды дәуірмен тұстас келуі оның і корчествосына тікелей әсер еткен. Жазушы шығармаларының пафосы өмірді жаңартып жатқан, мақсатты, ірі ойлайтын, кедергіден тосылмайтын, сенімі күшті жасампаз жандар болып келетіні түсінікті...
Коммунистік дүниетаным, бүкіл совет әдебиетінің жаңа, жетекші дәстүрлері, өзінің өмір тәжірибесі жазушыны қазақ әдебиеті үшін аса маңызды тақырыптарды игеруге әзірлегенін көреміз. Оның «Шығанақ», «Миллионер» романдары колхоз өмірінің бетбұрыс кезеңдерін көрсетуге, коллективтендіру секілді адамзат тарихындағы ұлы төңкеріс оқиғаларды бейнелеуге арналса, «Қарағанды» романы Қазақстан келбетін жаңартып жіберген өндірістік революция дәуірінің шындығына қандырады. Ал «Дауылдан кейін» - советтік болмыстың ең алғашқы қадамдарын, сол тұстағы сана мен салттағы шытырман өзгерістерді, қайшылықтарды шежірелейді. Осылар қосылып келгенде, советтік заманның өршіл жыры, қайталанбас сыры болып табылатын жарқын бояулы суреттер тізбегі шығады. Ғ.Мұстафинді дәуір жыршысы деген қиын да құрметті атаққа ие ететін, оның шығармаларына батылдық, жаңалық қасиеттер беретін, дара келбетін белгілейтін ұнамды сипаттар осы айтылғандарга байланысты.