Замана жыршысы

21 Қараша 2013, 05:39

Әдебиет қай заманда да өз кезінің алға тартқан ірі сауалдарына көркемдік жауап айта алатындығымен, оқушыға рухани азық беретіндігімен, жұртшылық санасына белгілі бір ақиқаттарды әсерлі сіңіретіндігімен қадірлі. Егер эпос халықтың өткен кезеңдерінің естелігі болса, әдебиет ыстық-суығы басылмаған бүгінгі зәру мәселелердің талдауы. Қашан да күні біткен, «дәурені өткен» құбылыс туралы айтудан әлі де аяқталып болмаған, қарқындап келе жатан өмір процесі жайында сөйлеу қиын болмақ. Бір кезде А.Луначарский ескерткеніндей, жасалып жатқан құрылыстың барша бітімін, бағасын сол ғимарат бітпей тұрып сипаттау оңай емес. Сондай-ақ адамзат тарихында тұңғыш рет орнаған социализм елінің жаңа шындығын шежірелеу аса күрделі міндет болып табылады. Ал, осы орасан зор міндетті қазақ әдебиетінде алғаш атқарушылардың, советтік көркем сөз мәдениетін жаңа багытқа бастап, оның идеялық-эстетикалық негізгі принциптерін қалыптастырушылардың еңбегін әрдайым ардақ тұтамыз. Қазақ әдебиетіне социалистік реализмнің соны да ірі дәстүрін   әкелген   С.Сейфуллин,   Б.Майлин,   І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов секілді алып шоғыр шығармалары ұлттық мақтанышымыз десек, осы даңқты топтың өзі болмаса да, көзіндей жандар арамызда жүргеніне қуаныштымыз. Қазақ совет әдебиетіне бірегей үлес қосқан, өзінің татымды туындыларымен идеялық-көркемдік жаңалықтар өкелген, көркемдік даму көшін әлденеше белестерге жеткізген санаулы суреткеріміздің бірі - бүгінде жасы сексенге, шыгармашылық жолы елу бес жылға толып отырған жазушы Ғабиден Мұстафин. Атағы республика көлемінен асып, бүкілодақтық, әлемдік двңгейге   көптен  танымал   болған,   шығармалары  жайында алуан   зерттеулер,   сан   түрлі   мақалалар   жазылған,   пікір цорытылған суреткердің өмірі мен өнер жолы әрбір оқушыға .иіі.іқ. Ғ.Мұстафиннің кітаптары әдебиеттің қатардағы, өткінші енімдері       болып       қалмай,      халқымыздың      көркемдік ІЛГврілеуіндегі көрнекті факторлар деп танылған. Қаламгер мм.мармаларының жұртшылыққа қанықтылығы соншалық -олардың   мәні   мен   нәрі   туралы   жаңаша   толғап,   тосын гұжырым жасап жату мүмкін емес те секілді. Бірақ жақсы шындықтың өзін   қайталап   айтудың   керегі   болады.   Осы іургыдан біз Ғ.Мұстафин творчествосына қатысты бірнеше МӨселеге тоқталып өтуді жөн көреміз. Ақсақал жазушымыздың айрықша бөліп айтатын еңбегі дегенде, ең алдымен, оның қазақтың жазба профессионалдық прозасын жетілдірудегі қызметін көрсетеміз. Советтік дөуірдегі әдебиетіміздің жалпы табыстарын шолғанда, бөйгенің үлкені прозаға тиесілі болса, сол көркем қара сөздің ауыр жүгін көтеріскен палуан суреткеріміз Ғ.Мұстафин екені жазба мәдениет дәстүріне ерте түскен елдерде прозаның байлығы алуан өрнекті болып келеді. Ол, шындап келгенде, көркемдік сананың күрделі жетістігі саналады. Мәселен XIX і ғасырдағы классикалық орыс әдебиетінің «соңғы сөзі де» прозалық туындыларда айтылған еді. Анық кемелденген прочада эпостың да, драманың да, лириканың да қасиеттері бірлестік таба беретіні, тың сапаға айналатыны мәлім. Біздің дәуірімізде проза, соның ішінде роман өмір шындығын ашудың, күрестердің, байланыстардың, қайшылықтардың, ықыластардың түп тереңіне дейін көрсетудің, үлкен заманалық тенденцияларды, объективтік ақиқаттарды, адамдардың мінез ерекшеліктерімен, жеке бастың аңсарымен тығыз тұтастықта алып суреттеудің сенімді тәсіліне айналды. Кейбір зерттеушілердің романды әдебиеттің жаңа тегі деп есептеушілігі де оның осындай әмбебап - универсалды сипатына қатысты болса керек...

Әдебиет қай заманда да өз кезінің алға тартқан ірі сауалдарына көркемдік жауап айта алатындығымен, оқушыға рухани азық беретіндігімен, жұртшылық санасына белгілі бір ақиқаттарды әсерлі сіңіретіндігімен қадірлі. Егер эпос халықтың өткен кезеңдерінің естелігі болса, әдебиет ыстық-суығы басылмаған бүгінгі зәру мәселелердің талдауы. Қашан да күні біткен, «дәурені өткен» құбылыс туралы айтудан әлі де аяқталып болмаған, қарқындап келе жатан өмір процесі жайында сөйлеу қиын болмақ.

Бір кезде А.Луначарский ескерткеніндей, жасалып жатқан құрылыстың барша бітімін, бағасын сол ғимарат бітпей тұрып сипаттау оңай емес. Сондай-ақ адамзат тарихында тұңғыш рет орнаған социализм елінің жаңа шындығын шежірелеу аса күрделі міндет болып табылады.

Ал, осы орасан зор міндетті қазақ әдебиетінде алғаш атқарушылардың, советтік көркем сөз мәдениетін жаңа багытқа бастап, оның идеялық-эстетикалық негізгі принциптерін қалыптастырушылардың еңбегін әрдайым ардақ тұтамыз. Қазақ әдебиетіне социалистік реализмнің соны да ірі дәстүрін   әкелген   С.Сейфуллин,   Б.Майлин,   І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов секілді алып шоғыр шығармалары ұлттық мақтанышымыз десек, осы даңқты топтың өзі болмаса да, көзіндей жандар арамызда жүргеніне қуаныштымыз.

Қазақ совет әдебиетіне бірегей үлес қосқан, өзінің татымды туындыларымен идеялық-көркемдік жаңалықтар өкелген, көркемдік даму көшін әлденеше белестерге жеткізген санаулы суреткеріміздің бірі - бүгінде жасы сексенге, шыгармашылық жолы елу бес жылға толып отырған жазушы Ғабиден Мұстафин.

Атағы республика көлемінен асып, бүкілодақтық, әлемдік двңгейге   көптен  танымал   болған,   шығармалары  жайында алуан   зерттеулер,   сан   түрлі   мақалалар   жазылған,   пікір цорытылған суреткердің өмірі мен өнер жолы әрбір оқушыға .иіі.іқ. Ғ.Мұстафиннің кітаптары әдебиеттің қатардағы, өткінші енімдері       болып       қалмай,      халқымыздың      көркемдік ІЛГврілеуіндегі көрнекті факторлар деп танылған. Қаламгер мм.мармаларының жұртшылыққа қанықтылығы соншалық -олардың   мәні   мен   нәрі   туралы   жаңаша   толғап,   тосын гұжырым жасап жату мүмкін емес те секілді. Бірақ жақсы шындықтың өзін   қайталап   айтудың   керегі   болады.   Осы іургыдан біз Ғ.Мұстафин творчествосына қатысты бірнеше МӨселеге тоқталып өтуді жөн көреміз.

Ақсақал жазушымыздың айрықша бөліп айтатын еңбегі дегенде, ең алдымен, оның қазақтың жазба профессионалдық прозасын жетілдірудегі қызметін көрсетеміз. Советтік дөуірдегі әдебиетіміздің жалпы табыстарын шолғанда, бөйгенің үлкені прозаға тиесілі болса, сол көркем қара сөздің ауыр жүгін көтеріскен палуан суреткеріміз Ғ.Мұстафин екені жазба мәдениет дәстүріне ерте түскен елдерде прозаның байлығы алуан өрнекті болып келеді. Ол, шындап келгенде, көркемдік сананың күрделі жетістігі саналады. Мәселен XIX і ғасырдағы классикалық орыс әдебиетінің «соңғы сөзі де» прозалық туындыларда айтылған еді. Анық кемелденген прочада эпостың да, драманың да, лириканың да қасиеттері бірлестік таба беретіні, тың сапаға айналатыны мәлім. Біздің дәуірімізде проза, соның ішінде роман өмір шындығын ашудың, күрестердің, байланыстардың, қайшылықтардың, ықыластардың түп тереңіне дейін көрсетудің, үлкен заманалық тенденцияларды, объективтік ақиқаттарды, адамдардың мінез ерекшеліктерімен, жеке бастың аңсарымен тығыз тұтастықта алып суреттеудің сенімді тәсіліне айналды. Кейбір зерттеушілердің романды әдебиеттің жаңа тегі деп есептеушілігі де оның осындай әмбебап - универсалды сипатына қатысты болса керек...

Бөлісу: