21 Қараша 2013, 05:36
С.Шаймерденов шығармаларының ішінен тақырыптық жағынан да, көркемдік шешімі бойынша да өзгешелеу туынды - «Жыл құсы» повесі. Мұнда автор өз тәжірбиесінде тосын мәселеге - өндіріс өміріне, қазақ жұмысшы табының қалыптасу мәселесін көрсетуге барған. Повесте Қарағанды кенінің алғашқы кезеңдері, кешегі ауыл адамдарының жұмысшы салтына бірте-бірте ауысу процесі елестетілген. Бірақ шығармада кен өмірінің технологиялық көрінісін емес, кейіпкерлер мінезінің қозғалысын зерттеу басым. Сондықтан да мұны адам тағдыры туралы толғау деп қараймыз.
Бір кездегі малшы қазақ адамының Қарағаңды секілді алып өндіріс ошағына жұмысқа келіп, кеншілік мамандықты меңгеруі, жаңа орта мен қатынастардың оларға күшті әсер еткені, ауылдың жайбарақат, бейғам тіршілігіне, баяу ырғағына үйренген жандардың жұмысшы келбетіне көшуі, бұл жолдағы қиыншылықтар, кездейсоқтар, өндіріс стихиясына көндігулері, мінез-құлықтарына енген жаңа нышандар бұған дейін де біздің әдебиетімізде бейнеленіп келген. С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романдарында, Ә.Әбішевтің «Завал» повесінде бұл проблема түрлі қырынан көрсетілген еді. Дегенмен, С.Шаймерденов повесі осы таныс тақырыпқа «бейтаныс» тұсынан келгеніне, мәселені қоюы да, көркемдік тәсілі де басқаша шығарма екеніне көз жеткізу қиын емес.
Ең алдымен, повестің көркемдік кестесінде суреттеудің екі тәсілі - романтикалық және реалистік сарын жарасымды бірлестік тапқан. Битабардың ауылдағы және қаладағы оміріңде кездескен бірталай оқиғалары кей тараптан эпикалық осірелік дәстүріне жақын. Мәселен, Битабардың атақты әнші, халық композиторы, сері, зор қайрат иесі Балуан Шолақпен уіпырасуында, онымен күш сынасуда ардақты палуанға ізет білдіруінде, жалпы екеуінің өзара түсіңісулерін көрсетуінде әдеттегіден тыс ірілік кесектік сезіледі. Балуан Шолақ өзіне Әлімбай мінгізген қара жорғаны Битабарға сыйлайды. Битабар ұсақ қулыққа бармайтын, табиғи таза көңілді, барға тасымайтын, жоққа налымайтын, кең пейілді, намыстанса бұрылған жағынан қайтпайтын, өз бойына сахара халқының аңғалдығын да, адалдығын да жинаған тұлға болып бейнеленеді. Мәселенің мәні Битабардың ерекше қайраттылығында емес, мінезінің тұтастығында, дала перзентіне тән қалпының жаңды суреттелінуінде. Ол қара жорғадан да, сүйген сұлу Жанкұмістен де қапыда айрылу қасіретін ерлікпен көтереді. Битабардың далада сазға батқан машинаны суырып шығаруы, кейіннен Қарағандыға келгенде көмір қазу нормасын бірнеше есе артығымен орындауы, басқа ешкім көтере алмаған көмір кесегін арбаға салуы, ішіне су құйылған үлкен бөшкені ұйіне әкелуі - эпостың қаһармандарын еске салатын көріністер. Ал, осы көп белгілерімен ескі жыр батырына ұқсайтын адамның мінез диалектикасын талдауға келгенде жазушы реалистік суреттеу ауқымыңца отырады. Битабардың әр кездегі әрекеті эпостағыдай алдын ала кесіп-пішілген норма емес, нақтылы жағдай мен мінезден туатын шешім болып сезіледі.
Бұл арада Битабар «даланың кеңдігін сағынды» деу мәселенің ең шешуші тұсы емес. Ол - шындығына келгенде, өндірістің бірталай артықшылығын сезіп те, көріп те үлгерген адам. Бірақ оның жалпы дүниетанымы түсінігі мінезіне түбірлі өзгеріс болған жоқ еді. Кешегі ру-руға бөлініп өз ауылының «ортақ» ұранын бетке перде етіп ұстап келген елдің адамы Битабардың санасында ескі өмірдің кейбір ұнамды әдеттерімен қатар қайшылықтары да, шикіліктері де аралас сақталған болатын. Битабардың бізге мәлім болған өмір эпизодтарын еске түсірсек, оның шығарма соңыңдағы қадамына түсінеміз. Елде жоқ қара жорғасын қастандықпен мерт қылған, ғашығы Жанкүмістен арамдықпен айырған «ағайыны» Бершек қылығын кешіріп, онымен «тату» болып кетуі Битабардың рулық сана шылауынан арылмаған адам екендігін көрсетеді. Ол, тіпті, кейіннен Қарағандыда атағы дүрілдеп тұрғанда үйіне «туыс» болып келген қылмысты Бершектің қоғамға қаншалық залалды жан екенін сезбейді. Қазақтың қараңғы адамдарына тән осындай қат-қабат қайшылықты көрсете алуы - суреткерлік ізденіс игілігі деп қараймыз.
«Жыл құсы» повесінде бейнеленген кейіпкерлердің көбі -есте қаларлық айқын, жанды типтер. Бірер эпизод тұсында көрінсе де, Балуан Шолақ тұлғасы оқушы санасында ұялайды. Битабарға ру жағынан жақын болып келетін әкелі-балалы Әлім мен Бершек те - дараланып көрінген мінез. Бершектің Битабарға қастандықтары, жалпы іші тар, зұлым адам екендігі бірнеше тұста ашылады. Ол - өзгенің табысын көре алмайтын «ішіне шынашақ айналмайтын» күншіл, бірақ қараулығын жасыра білетін айлакер. «Ағайындық» ұранын жамылып, ауылдастарын аямай сорған, бай баласының «сүйегіне біткен» бірталай сорақы мінезі Бершек бойынан табылғандай.
Шыншыл тұлғаның бірі - Левенштерн. Бұл тұста автор
характер шындығының иірімдеріне тереңдеген.
Левенштерннің қазақ адамы, оның келбеті туралы түсінігі өте «дәл». Ол - сыртқа сырын алдыра қоймайтын ақылды. Оның дала тұрғыңдарына астамшылықпен қарайтын мінезі көзге түсе бермейді, Битабардың қайратына, баладай аңғалдығына қызығып, шахтаға шақырғанда, еңбегін, ниетін адал бағалаған болып көрсеткен қамқорлығында адамшылық принциптері емес, есеп ойлаушылық басым жатады. Левенштерннің бұл тараптағы іштей түйген құпия пиғылы шығармада былайша сипатталған. «Қазақ даласын кең аралап, ой-шұқырын, егжей-тегжейін біліп алған шетен қалпақ бір нәрсеге қайран: «Бұл далада осылардың әрқайсысының алар орны бар. Бұлар айла-қулық та жасай алады. Дау-шарға да түсе алады. Ал сырт күшпен сенімен кездессе, дәл осындай, бишара. Өз ортасында алар орнынан, өз арасындағы дәреже салмағынан айырылып, қалбалақтайды да қалады. Сол себепті бұлардың қай дәрежедегі қандай адамдар екенін де білу қиын». (С.Шаймерденов. Таңдамалы шығармалары. Екінші том. «Жазушы» баспасы, 1978 жыл, 124 бет). Бұл қалыс көзбен бағаланған, бірақ кейбір ақиқатты дәл сипаттаған мінездеме. Билеушілер қол астында сан ғасырлар қағажу көрген ел адамдарына тән «үйде қоқан, түзде қопал» салт көрсетілген. Левенштерн - өз ойында қалыптастырған осы көзқарастан айнымаған, іші мен тысы мүсінделген тың тұлға. Битабар қанша аңғырт болғанымен, Левенштерннің шын пиғылын ақырында танығандай болады. Бастығының «жанашыр-лығына» қалтқысыз сенген ол өзі жарақат болғанда «ұмытып кеткендігін» кеше алмайды, тұңіліп, күрт шешім қабылдайды. С.Шаймерденовтың суреткерлік мәнеріне тән оқиға, ситуация талғағыштық осы шығармада сәтті елес береді. Мінез ашарлық, типтік құбылыстарды екшей білушілік жазушы атаулының білімі, тәжірибесі, дарыны, шеберлігі сыналатын түйін екені ежелден мәлім. Тартымдылық, шығарма кестесіне басы артық сөзді қоспай, салмақты, салиқалы, байсалды сөйлеушілік С.Шаймерденовтің өзге де туындыларына хас ерекшелік десек, осы қасиет «Жыл құсында» кәміл көрінген.
Осы айтқанымызға С.Шаймерденовтің «Ашу» деген повесі де мысал бола алады. Шығарманың негізгі идеясы -адамшылыққа үндеу, арамды, қараулықты әшкерелеу. Жазушьі ойьі мақсатын өзгеше тәсіл - Маргау атты иттің «ойлары» мен «бастан кешкендері» арқылы ұтымды жеткізе алған. Қарапайым шопан Лезбайдың өміріне бүлік түсіруші Қарабек пен шопанның зинақор әйелі ¥мсындықтың қылмысын көріп, қапқаны үшін Марғау «құтырған ит» атанып, мұндай зұлымдықтан құтылар басқа жолы болмаған соң, сытылып шығып ағаш арасына паналайды. Марғау шопан үйіне келген «қонақтардың», соның ішінде Қарабектің арам пиғылын, оның «арақ әкел» деп момын Лезбайды түн ішінде жұмсап жіберіп, қойшының әйелін айналдырғанын адамнан «зият» түсінеді, Марғаудың шопан Лезбайға адал серік болғаны, мал қорығаны, жоғалған қойды табуға көмектескені кең көрсетілген. Повесте «қой аузынан шөп алмайтын», таза пейілінен басқа жазығы жоқ Лезбайдың бірте-бірте намысы іііирап, жүріс көріп қалған әйелден ажырасып тынғаны оцгімеленген. Ол сырттай қанша момын көрінгенімен, қияпатқа көнбейтін, ішкі рухани қуаты мықты адам болып іаиылады. Қарабек пен ¥мсындықтың адамшылық санасының «иттен төмен» екендігі повесте талай рет тәптіштеле лцгартылады. Өмірде кездесіп қалып отыратын ар-ұяты кірлі жандарды әшкерелеудің сәтті тәсілі осылай көрінген. Әлбетте Марғаудың «монологтарында» суреткер ойы ұласып жатқаны белгілі. Айдаладағы жеке үйлі, аз жанды қойшы семьясындағы қалтарысты құпияларды, еңбек адамының өмір шырқын бұзған Қарабек сынды дүниеқоңыздың, оның көңілдесі, жеңіл мінезді Ұмсындықтың жасырын қылмысын ашатын көлденең «кейіпкер» қойшының иті болып көрінуі жағдай мен ортаға да лайық.
Шығармада тартымды, қысқа айтылса да, әдемі аңғартылған, өте мәнді шындықтар бар. Лезбай Қарабек пен Ұмсындықтың жала, кесірінен уақытша істі болып, заң орындарының қарауында жүрген кездерінде оның малын қырғыз қойшысы, көрші отырған Сәрсенбек бағып тұрады. УІаланың еңбеккер адамдарының шексіз қайырымдылығы, қалтқысыз достығы, есепшілікті емес, адамгершілік парызын атқаруды пір тұтатыны осы бір көріністен айқын аңғарылады. «Ашу» - қазақ әдебиетінде суреткерлік мәдениет, ізденіс барған сайын түрліленіп, жаңа мүмкіндіктер табылып келе жатқанын дәлелдейтін шығарманың бірі. Адам өмірінің қатпарларын, жан диалектикасын, тіршіліктің күрделі сауалдарын көрсетудің қатып-семіп қалған соқпағы жоқтығын, шын бағалы шыгарма өмірдің қырлары туралы түсінігімізді байыта алатынын, оның өзі көркем туындының құрылысына да, ішкі сәйкестіктеріне де тиісті өзгеріс енгізіп отыратынын аңғарамыз...