Қазіргі қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа арналған романдардың елеулі орын алып, көркемдік даму тенденциясының бір өрнегіне айналып келе жатқаны айқын. Соңғы оншақты жыл ішінде казақтың көне тарихының үлкен бетбұрыс, мәнді оқиғалары, корнекті адамдары жайында жазылған шығармалар шоғыры осыны сипаттайды. Мұндай туындылар әдебиеттің тақырыптық ауқымын арттырып қана қойған жоқ, тарихи романның ішкі жанрлық, коркемдік мүмкіндіктерін де көрсетті.
Міне, осы салада еселеп еңбек сіңірген жазушыларымыздың бірі - Ілияс Есенберлин. Оның жұртшылық назарын аударып, қатты қызықтырған шығармалары қатарында «Көшпенділер» трилогиясы алдымен аталады. Бұл трилогияның құрамына кіретін «Алмас қылыш»,
«Жанталас», «Қаһар» романдары қазақ, орыс тілдеріне көп тиражбен бірнеше дүркін жарияланған еді. Аталған романдардың тақырыптық тыңдығы, көтерген мәселелердің, көрсеткен адам тұлғалаларының қызықтығы және салдарлылығы әдеби сында, жалпы оқушы жұртшылықтың пікірінде орынды атап өтілген болатын. Қазақ әдебиетінің соңғы ширек ғасырдағы әдеби өнімдерінің ішінде көпшілік назарына мұншалық ілінген, өз айналасында алуан пікірлер туғызған басқа кітапты табу қиын.
«Көшпенділер» деген атпен қайта басылған бұл трилогия танымдық және тәрбиелік күшін әлсіретпей, қалың оқушы қауымының ынта қойып оқитын кітабы болып келеді. Мұның өзі шығарманың табыстылығы кездейсоқ, уақытша көрсеткіш емес, халық тағдырын тереңнен толғайтын, жанды проблемалар көтерген тұрақты көркемдік фактор болып отырғандығын дәлелдейді. Трилогияның ең биік сыйлық -Ленин сыйлығына ұсынылып, Бүкілодақтық көлемде талқылауға түсуі де табиғи заңды көрініс. Ендеше, «Көшпенділердің» идеялық және көркемдік бітіміндегі ерекшеліктер туралы сөз козғау қажеттігі де түсінікті. Сол үшін трилогияның бүкіл құрылысына, мазмұнына, кейіпкерлер қатарына тәптіштеп талдау жасап жатпастан, шығарманың сонылығы болып табылатын тұстарына ғана тоқталуды лайық санаймыз.
«Көшпенділерде» қазақ халқының ХУ-ХІХ ғасырлар арасындағы өмір жолын бейнелейтін орасан үлкен оқиғалар, сан-сала байланыстар, көптеген адамдар тағдыры баяндалған. Бұл - бір немесе бір топ қаһарманның жай-күйі, шағын кезеңнің нақтылы істері туралы ғана роман емес, бір халықтың бірнеше ғасыр бойындағы бастан кешкендері, бейбіт, азат өмір үшін күрестері, ішкі қайшылықтары, қазақ қоғамындағы өзгерістер жайын кеңінен шежірелейтін шығарма. «Кошпенділер» озінің қамтыған оқиға, қаһарман құрамы, баяндау, суреттеу әдісі жағынан қазақ әдебиетінде бұрын кездеспеген тың құбылыс. Сондықтан мұны әдеттегі романның олшемімен ғана қарап талдау, бағалау аздық етеді.
Сөз болып отырған трилогия роман жанрының сарқылмас мүмкіндігі бар екендігін де жарқын сипаттай алады. Жанрлық негізгі белгілері бойынша роман-хрониКа деп аталған осы шығарманың тарихи-мәдени, идеялық-коркемдік мәні бұл терминнің шеңберіне сыя бермейді. «Көшпенділерді» біз қазақ халқының көп ғасырлар көлеміндегі шытырман даму жолын көркемдеп жинақтаған роман-эпопея деп қарасақ та, тұтас бір елдің жанды шежіресі, көркемделген тарихы десек те болады. Қалай дегенде де бұл трилогия тарих пен көркем әдебиеттің қасиетін өзгеше шеберлікпен бірлестіру, қазақ көркемсез өнерінің екі саласы-ауызша және жазбаша әдебиеттің жетістігін игеру нәтижесінде туған бірегей бітімді құбылыс.
І.Есенберлин трилогиясы советтік тарихи роман қалыптастырған, сыннан өткен идеялық-көркемдік принциптерді жалғап, дамыта түскен. Бұл ең алдымен, шығармаға оқиға таңдаудан көрінеді. Өткен заманның сансыз істерінің легінен елеулілерін талғаудың өзі оңай еместігі белгілі. Ал «Көшпенділерде» қазақ хандығының ХУ-ХҮІІ ғасырлардағы құралу, ішкі-тысқы жаулармен тайталас үстінде қалыптасу процесінің, XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің, XIX ғасырдағы Кенесары бастаған қозғалыстың сыры мен шыны тәрізді кесек-кесек, кезеңді, түбірлі оқиғалар айтылған. Шынында, бұл тарихи оқиғалардың қай-қайсысының да себебі мен салдары, бағыты мен нәтижесі зерек суреткер қаламын күтіп тұрган тақырыптар еді.
Ең маңыздысы сол - «Көшпенділердің» бүкіл ұзына бойында тартылған байланыстар желісі, идеялық нысанасы логикалық жағынан бүгінгі күннің де ірі сауалдарына ұласып жатыр. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын қазақ халқын толғандырған заманалық проблемалардың мәні кемімей, қазіргі қауымды да қызықтырып отырғандығы шығарманың мейлінше актуальдылығын аңғартса керек.
«Көшпенділердің» үш кітабы көлемінде алуан түрлі оқиға, көптеген кейіпкерлер көрініс береді. Олардың қатарынан ел намысы үшін жанын пида етуге әзір батырларды да, халық қамын ойлаған дана ақын, жырауларды да, мансабы мен атағын бірге ойлайтын хандарды да, қарапайым халық өкілдерін де кездестіреміз. Шығарманың нақтылы алға қойған мақсаты, өмір материалының сипатына орай кейде батыр, екінші жерде жырау, үшінші бір тұста хандар өмірі мен іс-әрекеттері молырақ баяндалып отырады. Бұған қарап, «Көшпенділерді» «пәлен хан, түген жырау жөніндегі роман» деп бағаласақ, парасаттылық болмас еді. Бүкіл халық көлеміндегі өмір мен өлім шайқасы дерліктей аса күрделі оқиғалар алынып отырғандықтан, мұнда ел үстінде отырған ханның да, қол бастайтын батырдың да істері мен ойлары кеңірек көрсетілуі табиғи. Бірақ «Көшпенділердің» негізгі қаһарманы халық, қазақ халқы деп қарағанымыз әділ болмақ. Бұлай деуге романда еңбекші бұқара арасынан шыққан Саян, Орақ, Орысбай, Тәкежан, Күйгенбай, Қияқ секілді ондаған кейіпкердің есте қаларлық бейнелері жасалғандығы ғана емес, ең бастысы - жазушының, күллі құбылыстарды таптық көзқарас, биік дүниетаным тұрғысынан қарап, олардың идеялық-көркемдік сәйкестігін дұрыс таба білгендігі негіз
бола алады.
Бұл тұжырымды дәлелдеп шығу қиындыққа түспейді. «Алмас қылыштағы» айбарлы хан Әбілхайыр, Жәнібек, Керейлер, «Жанталастағы» Әбілхайыр, Абылайлар, «Қаһардағы» Кеңес_арадар сырт көзге қаншалықты құдіретті көрінгенмен, бұқараның күш-қуатынсыз ештеңе атқара алмайтыны талай жерде нанымды елестетілген. Хандардың сыртқы, ішкі саясатын халық қостағанда істің сәті түсіп отырған. Мәселен, Моғолстанға көшкен қазақ руларын «жазалаймын» деп хан Әбілхайыр қанша қаһарланса да, айналасындағы бұқарасы қолдамаған соң, дәрменсіз болып қала береді. XVIII ғасырда жоңғар жауларына қарсы ауыр соғыстарда Абылай бастаған қазақ елінің неше дүркін жеңіске жетуі - бүкіл халықтың күш біріктіруінің арқасы. Сондай-ақ патшалықтың саясатына наразы халық соңына ерген кезде Кенесары қолы қомақты күшке айналса, маңынан ел кеткенде жеңіліп тынады... Осы айтылғанның бәрі «Көшпенділердің» негізгі қаһарманы халық деген пікірге әкелсе керек.
«Көшпенділер» өзінің идеялық, құрылыстық, жанрлық, көркемдік бітімі жағынан бірталай сонылық танытады. Тарихи ұлан-ғайыр оқиғаларды, тарихи қайраткерлерді роман-хроника түрінде суреттеу қазақ әдебиетінде тың қадам болып табылады. Жүздеген жылдардың шежіре тізбегін басқаша үлгіде баяндауға мүмкін де болмас еді. Демек алынып отырған өмір құбылыстарының ересен көптігі, сан сипаттылығы өзіне тән көркемдік түр іздеттіруі табиғи. Трилогияда тарихи оқиғалардың хронологиясы мен кейіпкерлердің «қиялдан туған» іс-әрекеті, наным-сенімі, үміт-арманы, мінез ерекшелігі өзгеше бірлестік, синтезге келуі шығарманың қайталанбас кестесін белгілейді. Мұнда оқиғалардың объективтік «бейтарап» ағыны сол оқиғаларға қатысушы, жүргізуші, куәгер болып отырған адамдардың субъективтік аңсар ықыласымен жарасымды үштасып, көркемдік шындық деңгейіне көтерілген.
Дәлірек айтқанда, шығармада тарих фактісі қанша көп тізілгенімен, олар құрғақ әңгіме, салқын санамалау деңгейінде қалмай, қаһармандардың жеке бастық қызығуларына, мінез ерекшеліктеріне тәуелді түрде алынған. Трилогияның әр түсында өмірдің объективтік шындығы мен адам мінездерінің үйлестіріле көрсетілу дәрежесі түрлі-түрлі. Егер қазақ халқының ерте заманнан бергі басып өткен бұралаң жолын шолатын «Алмас қылышта» объективтік ақиқатты айту молырақ орын алса, «Қаһарда» характерлерді даралауға, коркемдік құралдарды кеңірек әрі сәйкес қолдануға көбірек көңіл бөлінген. Бұл ретте алғанда шығарманың құрылымын үлкен өзеннің ағысына теңеуге болар еді: мұнда кеңіс жайпауыт тұстар да, шымырлап жатқан тереңдіктер де кезектесе келіп отырады...
Сонымен қатар, «Көшпенділер» қазақ әдебиетінің ұлттық дәстүрінің негізінде туғанын атап өту керек. Қызықты мәсёленің бірі - мұнда ауыз әдебиетінің қаншама көркемдік құралдары роман «сүйегіне» табиғи сіңімді айшықталып кеткендігі. Реалистік әдебиеттің кең ауқымына қаншама рухани байлықтар сыйысып кете алатындығын соңғы кездегі бірқатар роман, повестер тәжірибесі айрықша әңгімелеп келеді. Соның бірі - ауызша тарап келген аңыздардың, мифтердің қазіргі әдебиетке кейбір тұста тың нақыш қосып, реалистік талдау тігісіне орайласып отыратындығы. І.Есенберлиннің тарихи романдарында осы нышан анық аңғарылады. «Жанталас» романында Бұхар жырау атынан айтылатын тарихи аңыздар осыған мысал. Жалпы, «Көшпенділер» трилогиясында үлкенді-кішілі ондаған аңыз, әңгімелер реалистік суреттеу қызметін атқарып отыратындығы шығарманың жаңашылдық тұрғысының бір саласы.