Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлының 90 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті

21 Қараша 2013, 03:40

Қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған «Қыз Жібек» кинофильмінің режиссері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлы Қожықовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ киносының Сұлтаны»  атты еске алу кеші өтті Жан-дүниеңді рухани байытатын, өткен ғасырдың асыл мұрасы болып саналса да, сыры да көтпеген көркем дүниені өмірге әкелген режиссердің есімін бүгінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс. Жәдігерді көзіміздің қарашығындай сақтап, режиссер есімін қайта жаңғыртып, өнегелі істерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Қазақ киносының Сұлтаны» атты еске алу кеші өтті. Кешке тума таланттың түсірген фильміндегі белгілі әртістер  «Қыз Жібек»    көркем фильмінде бас рольдерді сомдаған танымал өнер қайраткерлері, ҚР Халық артисі Құман Тастанбеков және ҚР еңбек сіңірген артисі Меруерт Өтекешова, ҚР  халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, сондай-ақ белгілі режиссер  Болат  Атабаевтар қатысады. Аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің режиссері Сұлтан Қожықов тірі болғанда биыл 90 жасқа толар еді. Бұл есім Сыр елі үшін емес барша қазақстандықтарға кеңінен таныс.  Сұлтан Қожықов 1923 жылы Тараз жерінде дүниеге келген. Өз замандастары сияқты 18 жасында майданға аттанған жігіт Сұлтан, әйгілі Панфилов дивизиясының 8 гвардия құрамында Мәскеуден Балтық теңізге дейін жеткен. Қатардағы жауынгерліктен гвардия капитаны болып, Отан алдындағы борышын өтеген. Балалық шағында сурет салумен әуестенген Сұлтан Қожықов, ВГИК-тің режиссерлік факультетіне оқуға түседі.  Сұлтан Қожықов шығармашылық жолын қазақ драма театрының суретші-безендірушісі ретінде 1932 жылы бастаған.  Бұл кезде ол он сегіз жаста ғана болатын. Он тоғыз жасында «Еңлік-Кебек» спектаклін безендірді. 1941 жылы соғысқа аттанған ол республика үкіметінің шақыруымен тез арада кері оралып, Мәскеуден Алматыға көшірілген Біріккен орталық киностудияда киносуретшілік кәсібін бастайды. Қожықов әйгілі режиссер Григорий Рошаль түсірген «Абай әні» фильмін жасауға, өзге де алғашқы қазақ киноларына тікелей атсалысқан. Қ.Қожықов ұлттық кинематография алтын қорына енген, жоғарыда аталған көптеген киноленталардың қоюшы-суретшісі болды. Сұлтан Қожықовтың есімін дүйім жұрт «Қыз Жібекпен» байланыстыруы заңдылық. Ол осы картинаны дүниеге алып келген режиссер. С.Қожықов өмірінің соңғы жылдары қос батыр ­­­– Қажымұқан Мұңайтпасов пен Иван Поддубныйдың достығы туралы фильм түсіруді ойлаған. «Біздікілерді біл!» атты фильмге режиссер ұзақ уақыт бас кейіпкерлерді таңдап жүрген. Ақыры Алеухан Бекболатов пен Дмитрий Золотухинге тоқтаған режиссер оларды бірнеше айға оқуға олимпиада мектебіне жіберген. Онда кейіпкерлер француз күресіне үйреніп, шыныққан. Режиссердің ойы бойынша бұл фильм үш бөлімнен тұру керек еді, алайда көрермен Қажымұқан фильмінің жалғасын көре алмады. Осыдан тура 25 жыл бұрын атақты режиссер дүние салды. Биыл Алматыда ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының иегері Сұлтан Қожықов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Онда кинорежиссердің қазақ киносының классикасына айналған «Қыз Жібек» фильмін түсіру тұсындағы басынан кешкен жағдайлары, фильмнің дүниеге келу жолы қамтылған.

Қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған «Қыз Жібек» кинофильмінің режиссері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлы Қожықовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ киносының Сұлтаны»  атты еске алу кеші өтті

Жан-дүниеңді рухани байытатын, өткен ғасырдың асыл мұрасы болып саналса да, сыры да көтпеген көркем дүниені өмірге әкелген режиссердің есімін бүгінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс. Жәдігерді көзіміздің қарашығындай сақтап, режиссер есімін қайта жаңғыртып, өнегелі істерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Қазақ киносының Сұлтаны» атты еске алу кеші өтті. Кешке тума таланттың түсірген фильміндегі белгілі әртістер  «Қыз Жібек»    көркем фильмінде бас рольдерді сомдаған танымал өнер қайраткерлері, ҚР Халық артисі Құман Тастанбеков және ҚР еңбек сіңірген артисі Меруерт Өтекешова, ҚР  халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, сондай-ақ белгілі режиссер  Болат  Атабаевтар қатысады.

Аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің режиссері Сұлтан Қожықов тірі болғанда биыл 90 жасқа толар еді. Бұл есім Сыр елі үшін емес барша қазақстандықтарға кеңінен таныс.  Сұлтан Қожықов 1923 жылы Тараз жерінде дүниеге келген. Өз замандастары сияқты 18 жасында майданға аттанған жігіт Сұлтан, әйгілі Панфилов дивизиясының 8 гвардия құрамында Мәскеуден Балтық теңізге дейін жеткен. Қатардағы жауынгерліктен гвардия капитаны болып, Отан алдындағы борышын өтеген.

Балалық шағында сурет салумен әуестенген Сұлтан Қожықов, ВГИК-тің режиссерлік факультетіне оқуға түседі.  Сұлтан Қожықов шығармашылық жолын қазақ драма театрының суретші-безендірушісі ретінде 1932 жылы бастаған.  Бұл кезде ол он сегіз жаста ғана болатын. Он тоғыз жасында «Еңлік-Кебек» спектаклін безендірді. 1941 жылы соғысқа аттанған ол республика үкіметінің шақыруымен тез арада кері оралып, Мәскеуден Алматыға көшірілген Біріккен орталық киностудияда киносуретшілік кәсібін бастайды. Қожықов әйгілі режиссер Григорий Рошаль түсірген «Абай әні» фильмін жасауға, өзге де алғашқы қазақ киноларына тікелей атсалысқан.

Қ.Қожықов ұлттық кинематография алтын қорына енген, жоғарыда аталған көптеген киноленталардың қоюшы-суретшісі болды. Сұлтан Қожықовтың есімін дүйім жұрт «Қыз Жібекпен» байланыстыруы заңдылық. Ол осы картинаны дүниеге алып келген режиссер.

С.Қожықов өмірінің соңғы жылдары қос батыр ­­­– Қажымұқан Мұңайтпасов пен Иван Поддубныйдың достығы туралы фильм түсіруді ойлаған. «Біздікілерді біл!» атты фильмге режиссер ұзақ уақыт бас кейіпкерлерді таңдап жүрген. Ақыры Алеухан Бекболатов пен Дмитрий Золотухинге тоқтаған режиссер оларды бірнеше айға оқуға олимпиада мектебіне жіберген. Онда кейіпкерлер француз күресіне үйреніп, шыныққан. Режиссердің ойы бойынша бұл фильм үш бөлімнен тұру керек еді, алайда көрермен Қажымұқан фильмінің жалғасын көре алмады.

Осыдан тура 25 жыл бұрын атақты режиссер дүние салды. Биыл Алматыда ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының иегері Сұлтан Қожықов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Онда кинорежиссердің қазақ киносының классикасына айналған «Қыз Жібек» фильмін түсіру тұсындағы басынан кешкен жағдайлары, фильмнің дүниеге келу жолы қамтылған.

Бөлісу: