Қазақстан республикасы тұңғыш президентінің музейі тарихы

21 Қараша 2013, 03:19

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады.       Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.       Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорында 124 000 астам сақтам бірлік бар, соның ішінде Мемлекет Басшысының жеке кітапханасының қоры 16 000 астам дана кітап пен баспа басылымдарынан, Мемлекет басшысының жеке мұрағатының қоры 100 000 жуық сақтам бірлігінен тұрады. Музей қорын 8 000 астам сақтам бірлік құрайды.       Музейге келушілердің әртүрлі санаттарына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақырыптық және шолу экскурсиялары жүргізіледі.       Музейді кешенді ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру және мәдени орталық ретінде әрі қарай дамыту мақсатында ғылыми-зерттеу, экспозициялық-көрме, ақпараттық-баспа, экскурсия қызметін жетілдіру, сонымен қатар музей педагогикасы бағытын кеңейтуді көздейтін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2007–2009 жж., 2010–2012 жж. арналған Даму тұжырымдамалары әзірленіп, бекітілді.       Музейдің ғылыми-ағартушылық қызметі әр алуан қарым-қатынас арналарын қалыптастырудан тұрады: барлық деңгейдегі білім беретін оқу орындарымен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп өткізілетін экскурсия-сабақтарын, дәрістерін, дәстүрлі емес кездесулерін, пікірталас клубтарының отырыстарын, тұсаукесерлерін ұйымдастырудан. Оқу-ағарту қызметінің маңызды бағыты мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау болып табылады. Астана қ. Еуропалық комиссия, «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Баламай» балаларды дамыту орталығы, «Океан-арт» арт-терапиялық шығармашылық орталығы» ҚБ өкілдіктерімен серіктестік негізде жыл сайын «ерекше балаларға» ұйымдастырылатын арт-терапиялық семинарлар, байқаулар мен балалар көрмелерін өткізу мейірбан дәстүрге айналды.       Музей жанында «Тарих беттері» бағдарламасы бойынша қызмет ететін Педагогтар кеңесі және Астана қ. тарих пәні ұстаздарын аттестаттау бойынша экспериментальды алаңы жұмыс істейді.       Белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткізілетін кездесулер Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихындағы куәгерлерімен және айтулы оқиғалардың қатысушыларымен жүздесуге мүмкіндік береді.       Музейді мәдени өмірдің орталығы ретінде көрсететін бірқатар көрме жобаларына бастамашылық жасалды:       «Алға ұмтылған Қазақстан» («Казахстан, устремленный в будущее»). Жоба тұжырымдамасы аймақтық музейлер қорынан ұсынылған Қазақстанның маңызды тарихи және мәдениет артефактілерін көпшілік қауымға таныстыруға бағытталған.       «Ұлы тұлғалар бесігі» (Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы музейлерінің қорынан), «Ұлы дала аңыздары» (Павлодар облысының музейлері қорынан), «Тарих тоғысында» (Солтүстік Қазақстан облысының музейлері қорынан), «Ақтөбе: ғасырлар биігіне көз салғанда» (Ақтөбе облысының музейлері қорынан), «Тоқсан жолдың торабында тоғысқан» (Маңғыстау облысының музейлері қорынан) көрмелері ерекше қызығушылық танытты.       «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық мәдени жобасы аясында Музейдің Үндістан Республикасының Елшілігімен, Үнді мәдени орталығымен белсенді ынтымақтастығының арқасында «Үнді шеберлігінің әдемілігі», «Мәңгілік өнер. Амрита Шер-Гилдің қайтып оралуы» атты көрмелер ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігімен және Жапон қорымен бірлесуінің нәтижесінде «Жапонияның сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 3 съезі Хатшылығының мәдени бағдарламасы аясында Марджани қоры (РФ), А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі (Мәскеу қаласы), ҚР МАМ «Қазақстан халықтарының рухани даму қоры» АҚ, Астана қаласы Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубымен бірлесіп ұйымдастырылған «Балалар ертегілер әлемінде» көрмесі ашылды. ҚР-дағы Польша Республикасының Елшілігімен бірлесіп «Ұлы дала бейнесі», «Өзара ықпалдастық пен достық жолында» көрмелері ұйымдастырылды. ҚР-дағы Венгрия Республикасының Елшілігімен бірге Венгрияның ЕуроОдаққа мүшелігіне енуі және Ференц Листтің 200 жылдық мерейтойына орай белгілі пианист Дёрд Оравецтің (Будапешт симфониялық оркестрі) қатысуымен «Венгр әуездері» атты көрме мен музыкалық кеш өтті. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры» ҚҚ және «Б.Н. Ельциннің Президенттік орталығы» Қорымен бірлесе отырып «Борис Ельцин және оның дәуірі» атты көрме өткізілді.       Ерекше атап өтетін көркемөнер галереяларымен және халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізілетін серіктестік жобалары. Маңызды мәдени оқиға болған «Has Sanat» галереясымен бірлесе ұйымдастырылған «Жаңа Эрмитаж-бір» (Мәскеу қ.) Музей-галереясының коллекциясынан «Менің ғаламшарым» атты С. Калмыков жұмыстарының көрмесі; ҚР СІМ көмегімен Астана қ. ЕҚЫҰ Орталығымен, ЕҚЫҰ Штаб-пәтерімен (Вена қ.) бірлесіп ұйымдастырылған «ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» көрмесі, Музей мен халықаралық «Құланшы» арт-клубы ұйымдастырған көрмесі; РФ-дағы ҚР Елшілігінің Резиденциясындағы (Мәскеу қ.) «Н. Назарбаев – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің негізін салушысы» атты көрмесі; «Невада-Семей» Халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысымен бірлесе өткізілген Қозғалыстың 20 жылдығына орай «Ғасырлар таңбасы» көрмесі және т.б.       Музейдің мәдени және қоғамдық қызметінде балалар шығармашылығын дамытуға, дарынды балалар мен аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қолдайтын қайырымдылық мекемелері мен ұйымдарды қолдауға ерекше назар аударылады. «Қамқор» қайырымдылық қоры мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесе «Сәндік-қолданбалы өнер», «Бейнелеу өнері», «Әдеби шығармашылық» номинациялары бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық жұмыстарына арналған «Жұлдызай» ІІ Республикалық фестивалінің жеңімпаздары мен қатысушыларының көрмесі өткізілді. «Балалықтың көзқарасымен» жобасы аясында жыл сайын «Туған жерім» балалар жұмыстарының республикалық байқауы өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты балалар шығармашылығын дамыту және насихаттау, республика аймақтарындағы балалар көркем мектептерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету, балалардың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылық көзқарастарын қалыптастыру.       Музейдің мәдени қызметін іске асырудағы маңызды бағыты республиканың әр алуан аймақтарында музей қорынан тақырыптық көшпелі көрмелерді ұйымдастыру болып табылады. Осы уақыт ішінде Музей облыс орталықтарына өз қорынан қызықты, маңызды жәдігерлерден 24 көшпелі көрме өткізді.       2007-2009 жылдары Музей 7 жобадан тұратын «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдарламасын іске асырды.       Бағдарламаны іске асыру аясында 2007 жылдың 5 шілдесінде «Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналы жарық көріп, оның бірінші санының тұсаукесері өтті.       Музей бірқатар ірі ғылыми конференциялар мен «дөңгелек үстелдерді» өткізді. 2006 жылдың 12 мамырында «Музей және қоғам» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел» барысында музей ісін ұйымдастыру мен жетілдіру, мәдени-білім беру үдерісіндегі музейлердің рөлін, қоғамдағы музейлердің даму келешегін және жеке тұлғаның адамгершілік, рухани қалыптасуындағы мәдени мұраның маңызын анықтау мәселелері талқыланды.       2007 жылдың 22 қазанында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мен «Ақ Орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Тарихтағы тұлғаның рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға Қазақстан Республикасында аккредитацияланған халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің, партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.       Халықаралық ынтымақтастық аясында 2008 жылдың 21 мамырында Музейде Әзірбайжанның көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткері Гейдар Әлиевтің 85 жылдығына орай конференция өткізілді. Конференцияны ұйымдастырушылар: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, «Қазақстан – Әзірбайжан» достық және мәдениет қауымдастығы, Қазақстандағы Әзірбайжан Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі.       2008 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік күнінің қарсаңында Музейде «Мемлекеттілік нышандары» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция және «Қазақстанның бірлігі, бүтіндігі және тәуелсіздігі» «дөңгелек үстелі» өткізілді. Жұмыс барысында егемен мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелері талқыланып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың айрықша рөлі атап өтілді. «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, белгілі ғылым қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.       2009 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі өзінің тұңғыш мерейтойын – құрылғанына 5 жыл толуын атап өтті. Ұжым атына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан, отандық және шетелдік музейлерден, көрнекті өнер және ғылым қайраткерлерінен құттықтау хаттары келіп түсті.       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің құрылғанына 5 жыл толуына орай 2009 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның серіктес ұйымдастырушылары болып шыққан: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы.       Конференция музейлер мен ғылыми орталықтар арасындағы қарым-қатынасты арттыруға, академиялық және музей қауымдастықтарын бірлестіруге бағытталды. Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан музей қауымдастықтарының өкілдері, сонымен қатар ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы министрліктерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысты. Конференцияға қатысуға 140 өтінім түсті.       2010-2012 жылдары Музей 5 жобадан тұратын «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасын іске асырды.       Ғылыми бағдараламаны жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат», «Елбасы және Тәуелсіздік» «дөңгелек үстелдері» өткізілді. «Дөңгелек үстелдердің» басты мақсаты: егемен мемлекетіміздің даму және қалыптасу тарихын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттіліктің құрылысындағы тарихи рөлін, тәуелсіз Қазақстанды дамыту, президенттік институтты нығайту мен қоғамды демократияландыру, халықты біріктіру, бейбітшілік пен келісімді нығайту ісіне қосқан үлесін, елдің сыртқы саясатының стратегиясын айқындауына қатысты өзекті мәселелерін талқылау.       Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылдың 21 қарашасында «Тәуелсіздік жолы: тарихы, шындығы және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мемлекеттік органдардың, Ресей Федерациясы, АҚШ, Украина, Қазақстан Республикасының ғылыми, музейлік және студенттік қауымдастықтарының өкілдері қатысты.       2012 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен бірігіп «Көшбасшылық және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары өткізілді. Қатысушылардың қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасындағы аккредитацияланған Әзірбайжан Республикасы мен Украина елшіліктерінің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласының әкімшілігі, ғылым және педагогикалық қауымдастықтың, мемлекеттік емес ұйымдар мен білім мекемелерінің өкілдері.       Жұмыс барысында тұлғанын тарихтағы рөлі, Елбасының білім саласындағы бастамалары талқыланып, «Лидерлік қасиеттердің отбасында, мектепте және басқа да әлеуметтік институттарда қалыптасуы» атты ғылыми жобасының нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар бағытталған лидерлік феноменді және әлеуметтік ортаның лидерлікті қалыптастыруға әсерін зерттеуге.       2012 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Тәуелсіздік күніне орай «Елбасы және Тәуелсіздік» атты «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны өткізуге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры атсалысты.       «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, мектеп мұғалімдері қатысты.       Пікірталас барысында егемен Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамды демократияландыру мен президенттік институтын нығайтудағы тарихи рөлі, халықты біріктіру үрдісіндегі үлесі, сонымен қатар, еліміздің сыртқы саясаттағы сенімді курсын секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.       2013-2015 жж. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмір жолы, бастамалары мен саяси ұстанымдары» жаңа ғылыми бағдарлама бекітілді. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Тәуелсіз тарихын әрі қарай зерттеу мен оның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басқаруындағы елдің жетістіктерін насихаттауға арналған.       Музей қызметінің өзекті және қазіргі заманғы бағыттарын көрсететін Музейдің барлық бастамаларының логикалық жалғасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2013-2015 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасы» болып табылады. Тұжырымдаманың мақсаты Музей қызметінің барлық бағыттарын одан әрі жетілдіру мен жаңғырту және оны келешекте республика мен жақын шет елдердің музейлері арасында бірегей мемориалдық материалдарды сақтайтын және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамаларын насихаттайтын, тәуелсіздіктің қалыптасуы мен даму процесін жүзеге асыратын жетекші білім беру, қарым-қатынас, мәдени ақпараттық, шығармашылық инновациялар орталығы ретінде бекіту болып табылады.       Бүгінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі өзін беделді ғылыми-зерттеу, оқу-ағарту және мәдени орталық ретінде танытқан ел астанасындағы көз тартар көрікті орындардың біріне айналды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады.
      Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорында 124 000 астам сақтам бірлік бар, соның ішінде Мемлекет Басшысының жеке кітапханасының қоры 16 000 астам дана кітап пен баспа басылымдарынан, Мемлекет басшысының жеке мұрағатының қоры 100 000 жуық сақтам бірлігінен тұрады. Музей қорын 8 000 астам сақтам бірлік құрайды.
      Музейге келушілердің әртүрлі санаттарына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақырыптық және шолу экскурсиялары жүргізіледі.
      Музейді кешенді ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру және мәдени орталық ретінде әрі қарай дамыту мақсатында ғылыми-зерттеу, экспозициялық-көрме, ақпараттық-баспа, экскурсия қызметін жетілдіру, сонымен қатар музей педагогикасы бағытын кеңейтуді көздейтін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2007–2009 жж., 2010–2012 жж. арналған Даму тұжырымдамалары әзірленіп, бекітілді.
      Музейдің ғылыми-ағартушылық қызметі әр алуан қарым-қатынас арналарын қалыптастырудан тұрады: барлық деңгейдегі білім беретін оқу орындарымен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп өткізілетін экскурсия-сабақтарын, дәрістерін, дәстүрлі емес кездесулерін, пікірталас клубтарының отырыстарын, тұсаукесерлерін ұйымдастырудан. Оқу-ағарту қызметінің маңызды бағыты мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау болып табылады. Астана қ. Еуропалық комиссия, «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Баламай» балаларды дамыту орталығы, «Океан-арт» арт-терапиялық шығармашылық орталығы» ҚБ өкілдіктерімен серіктестік негізде жыл сайын «ерекше балаларға» ұйымдастырылатын арт-терапиялық семинарлар, байқаулар мен балалар көрмелерін өткізу мейірбан дәстүрге айналды.
      Музей жанында «Тарих беттері» бағдарламасы бойынша қызмет ететін Педагогтар кеңесі және Астана қ. тарих пәні ұстаздарын аттестаттау бойынша экспериментальды алаңы жұмыс істейді.
      Белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткізілетін кездесулер Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихындағы куәгерлерімен және айтулы оқиғалардың қатысушыларымен жүздесуге мүмкіндік береді.
      Музейді мәдени өмірдің орталығы ретінде көрсететін бірқатар көрме жобаларына бастамашылық жасалды:
      «Алға ұмтылған Қазақстан» («Казахстан, устремленный в будущее»). Жоба тұжырымдамасы аймақтық музейлер қорынан ұсынылған Қазақстанның маңызды тарихи және мәдениет артефактілерін көпшілік қауымға таныстыруға бағытталған.
      «Ұлы тұлғалар бесігі» (Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы музейлерінің қорынан), «Ұлы дала аңыздары» (Павлодар облысының музейлері қорынан), «Тарих тоғысында» (Солтүстік Қазақстан облысының музейлері қорынан), «Ақтөбе: ғасырлар биігіне көз салғанда» (Ақтөбе облысының музейлері қорынан), «Тоқсан жолдың торабында тоғысқан» (Маңғыстау облысының музейлері қорынан) көрмелері ерекше қызығушылық танытты.
      «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық мәдени жобасы аясында Музейдің Үндістан Республикасының Елшілігімен, Үнді мәдени орталығымен белсенді ынтымақтастығының арқасында «Үнді шеберлігінің әдемілігі», «Мәңгілік өнер. Амрита Шер-Гилдің қайтып оралуы» атты көрмелер ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігімен және Жапон қорымен бірлесуінің нәтижесінде «Жапонияның сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 3 съезі Хатшылығының мәдени бағдарламасы аясында Марджани қоры (РФ), А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі (Мәскеу қаласы), ҚР МАМ «Қазақстан халықтарының рухани даму қоры» АҚ, Астана қаласы Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубымен бірлесіп ұйымдастырылған «Балалар ертегілер әлемінде» көрмесі ашылды. ҚР-дағы Польша Республикасының Елшілігімен бірлесіп «Ұлы дала бейнесі», «Өзара ықпалдастық пен достық жолында» көрмелері ұйымдастырылды. ҚР-дағы Венгрия Республикасының Елшілігімен бірге Венгрияның ЕуроОдаққа мүшелігіне енуі және Ференц Листтің 200 жылдық мерейтойына орай белгілі пианист Дёрд Оравецтің (Будапешт симфониялық оркестрі) қатысуымен «Венгр әуездері» атты көрме мен музыкалық кеш өтті. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры» ҚҚ және «Б.Н. Ельциннің Президенттік орталығы» Қорымен бірлесе отырып «Борис Ельцин және оның дәуірі» атты көрме өткізілді.
      Ерекше атап өтетін көркемөнер галереяларымен және халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізілетін серіктестік жобалары. Маңызды мәдени оқиға болған «Has Sanat» галереясымен бірлесе ұйымдастырылған «Жаңа Эрмитаж-бір» (Мәскеу қ.) Музей-галереясының коллекциясынан «Менің ғаламшарым» атты С. Калмыков жұмыстарының көрмесі; ҚР СІМ көмегімен Астана қ. ЕҚЫҰ Орталығымен, ЕҚЫҰ Штаб-пәтерімен (Вена қ.) бірлесіп ұйымдастырылған «ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» көрмесі, Музей мен халықаралық «Құланшы» арт-клубы ұйымдастырған көрмесі; РФ-дағы ҚР Елшілігінің Резиденциясындағы (Мәскеу қ.) «Н. Назарбаев – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің негізін салушысы» атты көрмесі; «Невада-Семей» Халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысымен бірлесе өткізілген Қозғалыстың 20 жылдығына орай «Ғасырлар таңбасы» көрмесі және т.б.
      Музейдің мәдени және қоғамдық қызметінде балалар шығармашылығын дамытуға, дарынды балалар мен аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қолдайтын қайырымдылық мекемелері мен ұйымдарды қолдауға ерекше назар аударылады. «Қамқор» қайырымдылық қоры мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесе «Сәндік-қолданбалы өнер», «Бейнелеу өнері», «Әдеби шығармашылық» номинациялары бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық жұмыстарына арналған «Жұлдызай» ІІ Республикалық фестивалінің жеңімпаздары мен қатысушыларының көрмесі өткізілді. «Балалықтың көзқарасымен» жобасы аясында жыл сайын «Туған жерім» балалар жұмыстарының республикалық байқауы өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты балалар шығармашылығын дамыту және насихаттау, республика аймақтарындағы балалар көркем мектептерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету, балалардың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылық көзқарастарын қалыптастыру.
      Музейдің мәдени қызметін іске асырудағы маңызды бағыты республиканың әр алуан аймақтарында музей қорынан тақырыптық көшпелі көрмелерді ұйымдастыру болып табылады. Осы уақыт ішінде Музей облыс орталықтарына өз қорынан қызықты, маңызды жәдігерлерден 24 көшпелі көрме өткізді.
      2007-2009 жылдары Музей 7 жобадан тұратын «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдарламасын іске асырды.
      Бағдарламаны іске асыру аясында 2007 жылдың 5 шілдесінде «Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналы жарық көріп, оның бірінші санының тұсаукесері өтті.
      Музей бірқатар ірі ғылыми конференциялар мен «дөңгелек үстелдерді» өткізді. 2006 жылдың 12 мамырында «Музей және қоғам» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел» барысында музей ісін ұйымдастыру мен жетілдіру, мәдени-білім беру үдерісіндегі музейлердің рөлін, қоғамдағы музейлердің даму келешегін және жеке тұлғаның адамгершілік, рухани қалыптасуындағы мәдени мұраның маңызын анықтау мәселелері талқыланды.
      2007 жылдың 22 қазанында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мен «Ақ Орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Тарихтағы тұлғаның рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға Қазақстан Республикасында аккредитацияланған халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің, партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.
      Халықаралық ынтымақтастық аясында 2008 жылдың 21 мамырында Музейде Әзірбайжанның көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткері Гейдар Әлиевтің 85 жылдығына орай конференция өткізілді. Конференцияны ұйымдастырушылар: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, «Қазақстан – Әзірбайжан» достық және мәдениет қауымдастығы, Қазақстандағы Әзірбайжан Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі.
      2008 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік күнінің қарсаңында Музейде «Мемлекеттілік нышандары» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция және «Қазақстанның бірлігі, бүтіндігі және тәуелсіздігі» «дөңгелек үстелі» өткізілді. Жұмыс барысында егемен мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелері талқыланып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың айрықша рөлі атап өтілді. «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, белгілі ғылым қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
      2009 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі өзінің тұңғыш мерейтойын – құрылғанына 5 жыл толуын атап өтті. Ұжым атына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан, отандық және шетелдік музейлерден, көрнекті өнер және ғылым қайраткерлерінен құттықтау хаттары келіп түсті.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің құрылғанына 5 жыл толуына орай 2009 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның серіктес ұйымдастырушылары болып шыққан: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы.
      Конференция музейлер мен ғылыми орталықтар арасындағы қарым-қатынасты арттыруға, академиялық және музей қауымдастықтарын бірлестіруге бағытталды. Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан музей қауымдастықтарының өкілдері, сонымен қатар ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы министрліктерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысты. Конференцияға қатысуға 140 өтінім түсті.
      2010-2012 жылдары Музей 5 жобадан тұратын «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасын іске асырды.
      Ғылыми бағдараламаны жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат», «Елбасы және Тәуелсіздік» «дөңгелек үстелдері» өткізілді. «Дөңгелек үстелдердің» басты мақсаты: егемен мемлекетіміздің даму және қалыптасу тарихын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттіліктің құрылысындағы тарихи рөлін, тәуелсіз Қазақстанды дамыту, президенттік институтты нығайту мен қоғамды демократияландыру, халықты біріктіру, бейбітшілік пен келісімді нығайту ісіне қосқан үлесін, елдің сыртқы саясатының стратегиясын айқындауына қатысты өзекті мәселелерін талқылау.
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылдың 21 қарашасында «Тәуелсіздік жолы: тарихы, шындығы және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мемлекеттік органдардың, Ресей Федерациясы, АҚШ, Украина, Қазақстан Республикасының ғылыми, музейлік және студенттік қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
      2012 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен бірігіп «Көшбасшылық және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары өткізілді. Қатысушылардың қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасындағы аккредитацияланған Әзірбайжан Республикасы мен Украина елшіліктерінің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласының әкімшілігі, ғылым және педагогикалық қауымдастықтың, мемлекеттік емес ұйымдар мен білім мекемелерінің өкілдері.
      Жұмыс барысында тұлғанын тарихтағы рөлі, Елбасының білім саласындағы бастамалары талқыланып, «Лидерлік қасиеттердің отбасында, мектепте және басқа да әлеуметтік институттарда қалыптасуы» атты ғылыми жобасының нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар бағытталған лидерлік феноменді және әлеуметтік ортаның лидерлікті қалыптастыруға әсерін зерттеуге.
      2012 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Тәуелсіздік күніне орай «Елбасы және Тәуелсіздік» атты «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны өткізуге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры атсалысты.
      «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, мектеп мұғалімдері қатысты.
      Пікірталас барысында егемен Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамды демократияландыру мен президенттік институтын нығайтудағы тарихи рөлі, халықты біріктіру үрдісіндегі үлесі, сонымен қатар, еліміздің сыртқы саясаттағы сенімді курсын секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
      2013-2015 жж. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмір жолы, бастамалары мен саяси ұстанымдары» жаңа ғылыми бағдарлама бекітілді. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Тәуелсіз тарихын әрі қарай зерттеу мен оның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басқаруындағы елдің жетістіктерін насихаттауға арналған.
      Музей қызметінің өзекті және қазіргі заманғы бағыттарын көрсететін Музейдің барлық бастамаларының логикалық жалғасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2013-2015 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасы» болып табылады. Тұжырымдаманың мақсаты Музей қызметінің барлық бағыттарын одан әрі жетілдіру мен жаңғырту және оны келешекте республика мен жақын шет елдердің музейлері арасында бірегей мемориалдық материалдарды сақтайтын және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамаларын насихаттайтын, тәуелсіздіктің қалыптасуы мен даму процесін жүзеге асыратын жетекші білім беру, қарым-қатынас, мәдени ақпараттық, шығармашылық инновациялар орталығы ретінде бекіту болып табылады.
      Бүгінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі өзін беделді ғылыми-зерттеу, оқу-ағарту және мәдени орталық ретінде танытқан ел астанасындағы көз тартар көрікті орындардың біріне айналды.

Бөлісу: