Аңызға Ұласқан ақиқат

20 Қараша 2013, 12:15

Әдебиетте замандас бейнесін жасаудың қилы-қилы жолы бар екені, социалистік реализм әдісі қандай құбылыс, небір шытырман шындықты, қайшылық пен күресті, өмірдің күнгей, теріскейін қамтып көрсетуге кең мүмкіндік беретіні әркімге аян. Сонда да болса осы анық қағиданы іске асыру оңай еместігі,     бірталай     туындылардың     тақырыбы     тамаша, материалы қызғылықты болғанымен, «бір қайнауы ішінде» қалып, өмір құбылысына терендеп бара алмайтыны, сол үшін шындықтың жартыкеш шығатыны байқалып отырады. Мұның себебі     түрлі-түрлі:     тәжірибенің     тапшылығы,     білімнің саяздығы, шығарманы - өнер деп ұғынып болмау, оны оңай атақ алудың, мал табудың құралы деп қарау - бәрі де шын суреткерлікке    кол    жеткізбейтін    тосқауыл.    Жыл    сайын басылып жатқан жүздеген шығармалардың ішінен талғамы күшті   оқушының   көңіліне   ұялайтыны   сирек   кездесетіні осыдан деп білсек керек. Нашар, шалағай шығарма жазып, оның    кемшілігін    сыншылардан    көретін    жаман    салтты, сыпайылап айтқанда, әдептің аздығы деп қарауға болады. Осы күнгі   қолына   калам   ұстаған  прозаиктің  немесе   ақынның арғысы европа, бергісі қазақ әдебиетінің үлгілі нұсқаларын оқымағаны, әдебиет теориясын не мектепте, не институтта пән ретінде өтпегені кездеспейді. Демек, «әдебиет ережесін білмегендіктен шығармам шикі болды» деу - құр байбалам. Жетпей жатқан ең негізгі мәселе - ұсталық. Ал ұсталыққа көз майын тауысып, тынымсыз үйреніп, еңбектеніп қана жетуге болады... Әрбір жанрдың өз ерекшелігі бар. Ұшы-қиыры жоқ ұзақ дилогия, трилогия, тетралогияның кейбіреулерінің нәрі аз, суы көп екенін қалай сынасақ, кіші жанрдың да өз өлшемін ұмытуға болмайды. Көп томды туындының бәрі бірдей көбік емес, шағын шығарма шетінен шымқай алтын емес. Шеберлік мәселесі қаламгердің, жанрдың бәріне ортақ. Әдеби туындыны багалағанда, әрбір жанрдың өз шарты мен мүмкіндігін, ерекшелігін ескеріп отыруымыз ләзім. Қазіргі қазақ әдебиетінде, сөз жоқ, елеулі, татымды туындылар бар. Олар оқушының кырағы көзінен қағыс қалып жүр деп айта алмаймыз. Сондай жаңа шығарманың біреуін біз де сөз еткелі отырмыз. Ол - белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»  («Жазушы»  баспасы, 1976 жыл) атты романы. Жазушылық жолын очерктерден бастаған, бұл салада бірнеше кітап шығарып, жұрт көзіне тұскен Ә.Нұршайықов кейінгі жылдарда романға қол ұра бастады. Оның «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романы оқушы қауымның ілтипатына бөленіп, әйгілі кітаптардың біріне айналды. Ал, сөз болғалы отырған «Ақиқат пен аңыз» -антордың жаңа ізденістерінің, үлкен жанр құпиясын меңгеруде ТЫҢ қадам жасағандығының нышаны. «Ақиқат пен аңыз» романында халқымыздың даңқты перзенті, ¥лы Отан соғысының қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өмірі мен жауынгерлік сапары сөз болған. Бұл тақырыптың өзіндік қиындығы да бар СДІ. Өйткені Қазақстанда негізі жасақталған, Москва түбіндегі шаііқастарда сан түрлі ерлік көрсеткен панфиловшы 8-гвардия дииизиясының тарихи оқиғалары мен адамдары, соның ішінде, Бауыржан Момышұлының жеке басының батырлығы жайында бұдан бұрын да жазылған. Бұл қатарда, әсіресе, А.Бектің «Нолокалам тас жолы», «Панфиловшылар алғы шепте» атты повестерін атап өту керек. Осы шығармалар ¥лы Отан соғысы гақырыбына арналған туындылар арасынан ерекше бағаланып, көптеген шет ел тіліне аударылған, жер жүзі колеміне жайылған. А.Бек кітабының орталық тұлғасы ретінде Ьауыржанның есімі де жаһанның шартарабына мәлімденген еді. Кейін Б.Момышұлы «Москва үшін шайқас» кітабында совет жауынгерлерінің фашистерге қарсы соғыстағы қайсарлығын, биік саналылығын, темірдей тәртіптілігін жарқырата ашып көрсеткен. Оның үстіне, Бауьшжан есімінің елге әйгілілігі соншалық - ол аңыздағы, эпостағы ерлердей жалпақ елдің көңіл төрінен орын алған. Тарихи адамдардың бойындағы ең жақсы қасиеттерді биіктетіп, мадақ етіп әкететін, сөйтіп оның бойына өзінің асыл арманы, үмітін тудырған сипаттарды қосып сомдайтын халық санасы Бауыржанның эпикалық бсйнесін  де   жасап  үлгерген.   Сондықтан  да   оның   атына байланысты түрлі әңгімелер өз көлемінде естілмей, жаңғырып, үстемеленіп, «іріленіп», өзгеше мазмұнға бөленіп жететін. Роман автор мен қаһарманның сұхбаты, диалогы түрінде жазылған. Роман-диалог - қазақ әдебиетінде бұған дейін кездеспеген форма. Бұл ретте жазушының соны соқпақ салғаны, қазақ романының мүмкіндік кемерін кеңейте түскені анық. Үлкен шығарманы бастан-аяқ диалогқа құру да шеберлік пен тәжірибені қажет етеді. Негізгі суреттеу тәсілі диалог болып келетін драманың қаншалық қиын жанр екені ежелден белгілі. Мұнда автордың ұзақ шегіністерге немесе табиғатты тамашалауға, оңаша ойлармен шарықтап кетуге, өзге кейіпкерлерді сапқа қосып, жаңа байланыстарды өрістетуге еркіндігі аз. Бір-біріне көзбе-көз отырған екі адамның сұхбаты мейлінше нақтылы, тұжырымды, тартымды болуға тиіс. Әдебиеттің өзге жанрлары беретін кеңшілікті диалог әсте көтермейді. Диалог сөздер тым сырланған жаттанды, жасанды болмауын немесе қарадүрсін, кішігірім әңгімелер болып кетпеуін ұқыпты ескеру авторға айрықша ауыр жүк артады. Біздің әдетте диалог дегеніміздің көбі мінез ашатын, екшелген жағдайға, характерге сай сөздерден гөрі талғаусыз, астарсыз, жалаңқай әңгімешілдікке ұқсап тұратыны құпия емес қой... Жазушы Ә.Нұршайықов өзі таңдаған жанрдың «кілтін» тапқаны зайыр. Роман оқиғалары қызғылықты, тілі тартымды, шығарма сүйегі бөгде, бөстекі желілермен күрмелмеген, автор да, қаһарман да мәселеге қатыссыз, мәнсіз жайларға бөгелмеген. Сонымен қатар, жазушы роман ауқымына Бауыржан Момышұлының өміріне қатысты көптеген документтерді - хат, мінездеме, бұйрық, естелік т.б. - орынды пайдалана білген. Осының арқасында шығарманың эпикалық тынысы кеңейе түскен. Мәселен, М.Ғабдуллиннің, Мұқан Омарбаевтың        естеліктері,        генерал        Чистяковтың, Серебряковтың мінездемелері, Бауыржанның және басқалардың хаттары оқиға өрісін түрлендіреді. Шығарманың  басты  жетістігі -  аты  аңызға  айналған замана қаһарманының жарқын, түтас тұлғасын жасауында. Біз Бауыржанның    ірі    азаматтық    келбетін    оның    әрбір    іс-әрекетінен,  сөзі  мен  мінезінен  айқын  аңғарып  отырамыз. Кейде естелік түрінде, енді бірде қаһарманның қазіргі қалпын суреттеу арқылы оның бейнесі толыса түседі. Бауыржанның маііданда,     жау    қоршауында     қалған     шақта    көрсеткен іаиқырлық, табандылығы да, жазушының сұрауына берген қысқа, орнықты жауаптары да шым болаттан құйылғандай батыр келбетін айқындайды. Мұндай тізбек эпизод пен оқиға шыгармада мол. Қаһарманның ұрыс даласында омыртқасына оқ   гірелгенде госпитальға кетпей,  оқты табанда алмаспен алдырғаны, өзіне тиесілі үйді «солдаттың анасы - Россияның аиасы» деп ұлы майданда өлген кемпірге бергізуі, айтыста оза шыққан орыс қызы Надежда Лушниковаға сыйға ұсынылған жай сағатты алдырмай, өзі алтын сағат сатып әперуі, жас кезінде    төрешіл    мекеме    бастығының    табансыздығына ызаланып, жұмысты тастап кетіп қалуы сияқты толып жатқан коріністер Бауыржан мінезін нанымды мүсіндейді. Романда  батырдың   саналы,   сергек   ерлігін,   намыстан жаралғандай ішкі бай әлемін айқын танытатын шырқау кезең 8-гвардия   дивизиясындағы   қазақ   командирлеріне   елге барып,  жауынгерлерді үйретіп алып келіндер деп ұсыныс жасалған кезде жарқ етіп көзге түсіп, алғыр ақылымен жұртты сүйсіндіруі. Оған майдан даласын уақытша болса да қалдыру шейіт болған қарулас достарының аруағын қорлағандық, елдің ежелгі   салтына  кір  келтіргендік  болып  көрінеді.   Өзгелер жоғарыдан   келген   әлгіндей   шешімге   не   дерін   білмей, дағдарып қалғанда, Бауыржан шамырқанып, лаулаған оттай әсерлі де әділ сөздер айтады.  «...Жоқ, жолдас комиссар. Менің   кеудемде   адамдық   тілек,   әкелік   мейірден   басқа жауынгерлік ар мен намыс бар. Ол - осы отырған бәрімізге ортақ намыс. Кәне айтыңыздаршы, осы отырғандардың ішінде жараланбаған жан бар ма? Жоқ қой. Ендеше бұл дивизияның жүрген жолында көлкіп біздің қып-қызыл қанымыз қалды. Дивизияның гвардия атағын алуына бәріміздің де еңбегіміз сіңді. Олай болса, осында қалуға біздің хақымыз бар. Осы дивизия құрыған жерде біздің де біріміз қалмай құрып бітуіміз керек. Ал, дивизия құруға тиіс емес, ол құрымайды. Ендеше, ақырғы қасық қаны бойында жүрген азаматтар осы дивизияның құрамында болып, жеңіске жетуге міндетті», -дейді ол (170-171-беттер). Бауыржан есімінің эпикалық батырлар деңгейіне жетіп, ол туралы ақиқаттың аңызға айналуында белгілі заңдылық бар. Барлық өмірін, ақыл, қайратын Отан мүддесіне бағыштаған, сөзі мен ісінің арасында зәредей алшақтық жоқ, бойына халқының ең ізгі қасиеттерін дарыта білген, ел басына алмағайып, ауыр күн туғанда шыбын жанын, қасық қанын аямай, қол бастаған баһадүр бейнесі жұртшылықтың «осындай ерлер болса» деген қиялымен ұштасуы деп осыны айтсақ керек. Әрине, жазушы романында мүлде мінсіз қаһарман тұлғасын жасауды мақсат етпеген. Ең ғажабы сол өз бойындағы кемшілікті Бауыржанның өзінен дәл, дөп басып айтқан адам жоқ болар. Бір сөзінде ол: «табиғат... маған дарын берді, жалын берді. Оның үстіне өтімді затқа өтпейтін нәрсені қалайда қосақтап сататын кейбір сатушылар сияқты, қыңырлықты және маған берді» (231-бет) дейді. Бірақ оқушы Отайы үшін өлшеусіз еңбек еткен арыс азаматтың ондай «кемшілігі» жақсылығын тасалай алмайтынын түсініп отырады. Шығарманың бас идеялық өзегі - отаншылдық пен ерлікті ұлықтау. Майдандағы жауынгердің Отан алдындағы парыз бен жауапкершілігі, намыс пен жігері жөнінде кемел ойдан туған терең толғаныстар кітаптың өн бойында желі тартып жатыр. Бауыржан жас адамды әскери шынықтыру, туған елге берілгендік, адалдық рухында тәрбиелеу турасында аталы кеңес айтады. Адамгершілік рухында суарылып, табиги тәлімділікті ана сүтімен, ата дәстүрімен қабылдаған, көпшілік талқысына түсіп шыныққан жас қана ел басына қиын-қыстау күн туғанда халыққа қорған болмақ. «Ақиқат пен аңыз» откеннің тәжірибесін әңгімелеумен шегерілмей, бүгінгі омірдің де мәні кемімес мәселелерін ескертеді. ¥лы Отан соғысында совет солдатының жеңіп шығуына көп жылдық саяси, әскери, азаматтык тәрбиенің үлесі мол екенін ацгартады. ¥рыс даласындағы жауынгердің ерлікке бару процесін Бауыржан философша пайымдап, психологша талдайды: «Отанын сүйген солдат ол үшін отқа да, суға да түседі. Сөйтіп саналы түрде ерлік жасайды. Ол ерлікті қай күні, қай сағатта жасайтынын солдаттың өзі білмейді. Сәт сагаты жетіп, жан толқыны тулап, шиыршық атып аспанға шапшығанда, солдаттың жұдырықтай жүрегінен ерліктің жалыны бұрқ ете лаулап атылады. Дүниені дүлей тасқын ксрнейді. Жер сілкініп, тау төңкеріледі. Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солдат ерлік жасағанда осындай болады. Бірақ солдат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі. Ерлік жасағанда солдаттың басындағы ой осы ғана болады. Өзінің ерлік жасағанын өлген солдат білмей кетеді, тірі қалған артынан ұғады. Онда да алғашында ол ондай ерлік жасаған мен емес, басқа біреу болар деп ойлайды. Мінеки, ерліктің ешқандай есепке көнбейтіні де сондықтан» (282-бет). Қазақстандық жігіттердің Москва түбіндегі орасан ұрыстарда көрсеткен ерлігі қаһарман аузымен де, автор сөзімен де мол айтылған. Кейде бұл шежірені сол соғысқа қатысқан басқа ерлердің тұжырымдары толықтырып отырады. Осы ретте халқымыздың аяулы ұлдарының бірі, Совет Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің білгір бағасы өзгеше әсерлі оқылады. «Генерал Панфилов өз қолымен шыңдаған бұл дивизия талай жұлдызды батырларды шығарды... Ал Бауыржан өз дивизиясын бүкіл әлемге танытты. Сөйтіп дивизия Бауыржанды даңқты етті. Бауыржан дивизияның даңқына даңқ қосты. Біздің дивизиядан шыққан барлық батырдан аттары ерекше аталатын екі адам бар. Оның бірі - Панфилов болса, Бауыржан дивизияның ар-намысы болды... Панфилов дивизияның жүрегіндегі лаулаған оты болса, Бауыржан оның лапылдаған жалыны болды. Панфилов дивизия ерлігінің аспаны болса, Бауыржан сол аспанның. жарық жұлдызы, төбеден аумас темірқазығы болды» (175-176-беттер). «Ақиқат пен аңыз» романының тағы да бір қызғылықты жағы - Б.Момышұлы шығармаларының творчестволық тарихымен мол хабардар ететіндігі. Бұл - әдебиет зерттеушілер үшін өте құнды дерек болып табылады. Романда жаны сұлу, кең парасатты көптеген адамдардың бейнесі  елестейді.   Өзіне  кезінде  көп  кеңес,  тәлім  берген Бурабаев,   Сырғабеков,   Дубовик,   Редин,   Бархан,   Дотоль, Круглов, Чистяков, Серебряков секілді тамаша жандардың мінез-қасиеті   анық   та   әсерлі   кестеленген.   Бауыржанның майдандас  достарға  қалтқысыз  қамқорлығы  мен  айнымас беріктігі оның саяси қызметкер Жолмұхамед Бозжанов мерт болғанда жазған қазанамасынан да көрінеді. Жолмұхамедтің нұрлы тұлғасын кең сипаттай келіп, ол: «...осындай асыл жүрек тоқтады, алтын бас ойлаудан қалды, тостағандай қара көздер мәңгіге жұмылды, азаматтың үнемі күлімдеп тұратын қызғылт жүзі қозғалмастан тас боп қалды дегенге сенгім келмейді. Бірақ сенбесіме амал жоқ, бұл қасіретті жағдайды мен өз көзіммен көріп тұрмын. Мұның орны толмас қаза екенін ойлағанда көкірегім қарс айрылып, жүрегім тулап, қан жылайды», - дейді. Ә.Нұршайықов романын шын мәніндегі ерлік эпосы деп атауға болады. Шығарманың қан тамырымен ағып жатқан бас мұрат - елге, Отанға, антқа, дәстүрге, достыққа опалылық, жанқиярлық өнегесі. Мұнда бір Бауыржанның емес, нағыз үлгі в тұтуға тұрарлық, есті, арлы алуан адамның да суреті бар. Кітаптың тәрбиелік тамаша тәлімі осында. Сонымен қатар романда сәуле мен қатарласа келетін көлеңкедей өмірде араласып жүретін пейілі тар, іші қарау жексұрын жандардың да кескіні көрініп отырады. Бауыржан сынды ерлердің даңқын коре алмай, қызғаныштан күйіп кете жаздайтын, оның таудай табысын елемей, иненің жасуындай мінін дабырайтып корсететін санасы төмен, бірақ қолында әкімдік күші барлардың жат, күйкі мінезі мен кесапаты да аңғарылады. Адам баласымен бірге жасасып келе жатқан күншілдік, тогышарлық секілді кейбір көлеңкелі кұбылыстар әшкере болады. Кітапта Бауыржанның алғыр ақыл, өткір ойынан қорытылып шыққан нақыл, тамаша тағлымды сөз мол. Философиялық терендікке толы, жүрек жарды сырлар көңілге ұялайды. Бір өзі бүтін құбылыстың мәні мен салмағын сыйғызып тұрған шешен, көсем пікір де көп. Мұның өзі каһарманның өзгеше бітімін, өр тұлғасын, биік парасатын жарқыратып ашатын жанды мінездей секілді. Оның сөз саптауы мен салыстырулары, табан астында «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» тапқыштығы атақты айтыс ақындарының немесе халықтан шыққан білікті билердің салтын еске салады. Шешендік өнер біздің ауыз одебиетіміздің сүбелі бір саласы екені мәлім. Сол дәстүрдің үзілмей, жалғасып дамып келе жатқандығына Бауыржанның гақлия қанатты сөздері де дәлел бола алады. Ауыз әдебиеті қазынасы деген ескірген ұғым емес, тілімізге, өмірімізге мың сан тараумен табысып жатқан, теңіздей толқып, маржанын түбінде жиып отыратын мәңгі ескірмес, сарқылмас, құбылыс екенін осы тұстан да көреміз. Мысал келтірейік: «Жас адамға жүрек би», «Әр адамның мінезі - астындағы тұлпары, соның ағынымен адамдар омірден зымырап өтіп жатады», «Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз», «Жаманның басынан жау кетпейді», «Алжығанда келген атақ абырой әпермейді», «Алдымен адамның жақсылығын көру абзал», «Ұрысудан бұрын ұғысуды ойлау керек», «Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді», «Арпа мен сұлыға семірмеген мал оңбайды, қырық жас кіші қызбен билеген шал оңбайды», «Иір бұтақты  емен   шынар  болмайды»,   «Қоға  боп   көрінгеннің аяғына  тапталғанша,   шеңгел  боп  шіреніп  тұрған  артық», «Үндемегеннің   бәрі   данышпан   емес»,   «Қиындық   көрсең мұқалма,   ауырлық   көрсең   жұқарма»,   «Қазынасыз   керуен қарақшыдан   қорықпайды»,   «Әркім   жеткен   жеріне   дейін барады, жығылған жерінде қалады», «Елін сүйген жауынгер ер  болады»,  «Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді»,  «Тәртіп -жауынгердің бірінші қаруы», «Жауынгер аттың үстінде жау жүрек жігіт отыруға тиіс», «Жауыннан қорыққан жауға жем болады», «Окоп - алынбас қамал», «Ордағыға оқ тимейді», «Оқ алмаған солдатты ұйқы алады», «Айтқан бүйрық аққан қылыш сияқты», «Соғыста тер мен қан қоса төгіліп барып абыройға жетесің»,  «Жауынгер командирден бұйрық  қана емес, сол бұйрықты орындайтын жігерді қоса алуы керек», «Мен   істедім  дегенше,   мың   істеді   десеңші»,   «Ер   істеді дегенше,  ел  істеді десеңші»,  «Үлкенді - ізетте,  кішіні  -күзетке»,  «Қар  ерігенмен,  Қаратау ерімейді,  ер  өледі,   ел қалады»,   «Ақыддың   артықтығы,   кеңестің   көптігі   жоқ», «Ұлылық - үнсіз еңбек, кемеліне келсең де, кемеріңнен аспа», «Жұмсақтан жолбарыс шықпайды», «Ер халықпен еншілес болу ерекше бақыт», «Құрылыс жақсы болса, тұрмыс жақсы, бірлік мықты болса, тірлік күшті», «Үйде бауырмал болмаған, түзде интернационалист болмайды»,  «Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді», «Өз ұлтын жақсы   көрмеген   өзге   ұлттарды   ұнатпайды»,   «Намыс   -азаматтың алтын туы», «Арақ - адамның ішкі жауы», «Өлінің бақыты тірінің тірлігінде»,  «Өлгеңді ардақтай білген ғана тіріні  құрметтей  алады»,   «Атағыңа  ақылың  сай  болсын», «Ауру болсаң әкімдіктен не пайда», «Жауға қарсы жылап жылжыған   солдат   жыраққа   бармайды»,   «Ерлік   -   адам жанының   лап   еткен   жалыны,   жарқ   еткен   найзағайы», «Ерліктің негізі - сүйіспеншілік», «Кісі сүйгенінің құлы да құрбаны да болады», «Отанын сүйген солдат сол үшін отқа да, суға да түседі». Шығарманың өн бойына ерекше ажар беріп тұрған  осы  секілді  дана  ойлар,  сара  сөздер десек  артық айтылғандық емес. Роман ақырында Бауыржанның ой қазанында қорытылған, өмірдің тәжірибесінде сыналған өнеге, өсиеті секілді ойлары келтірілген. Ол жастарды, келешек қауымды отаншылдыққа, халықтар достығын қадірлей білуге шақырады. Документті   проза   біздің   әдебиетімізде   барған   сайын күрделі орынға ие болып келеді. Шығарманың әдібі жатық ТІлін   де    атап    көрсету    абзал.    Жазба   әдеби   тіліміздің калыптасқан     өрнегін     автор     меңгергендігін     танытады. Дегенмен осы жері қалай деген екі-үш сөзге тоқталгымыз келеді. Кейіпкер лебізіне кешірімді диалект немесе әр жерде гүрліше   айтатын   сөздерді   жазушы   өз   атынан   қолдана Һсрмейтіні белгілі. Біздің әдеби тілде орнын тауып кеткен «гүгілдің» орнына «тұрғайдың» айтылуы онша үйлесімді емес гөрізді. «Болғай», «келгей», «тұрғай» сияқты сөздердің қазақ гілінде орнықты өз мағынасы бар ғой. Сондай-ақ «барғаным жоқ, келгенім жоқ» дегенді «барғамын жоқ, келгемін жоқ» деп спгерту де ұтымды сезілмейді. «Ащыны» «ашты», «шишаны» «сауыт» деу де келісімсіз. «Сауыттың» тілдегі өз мағынасы орысша   броннің   баламасын   береді.   Үлкен   шығармадан бірнеше сөзді ғана алып отырғанымыз тәжірибелі жазушының гіл кестесінде ақау болмаса дегендік. Жалпы алғанда Ә.Нұршайықовтың бұл романы - қазақ одебиетінің одақ оқушыларына ұялмай ұсынуға жарайтын туындыларының бірі. 1976

Әдебиетте замандас бейнесін жасаудың қилы-қилы жолы бар екені, социалистік реализм әдісі қандай құбылыс, небір шытырман шындықты, қайшылық пен күресті, өмірдің күнгей, теріскейін қамтып көрсетуге кең мүмкіндік беретіні әркімге аян. Сонда да болса осы анық қағиданы іске асыру оңай еместігі,     бірталай     туындылардың     тақырыбы     тамаша, материалы қызғылықты болғанымен, «бір қайнауы ішінде» қалып, өмір құбылысына терендеп бара алмайтыны, сол үшін шындықтың жартыкеш шығатыны байқалып отырады. Мұның себебі     түрлі-түрлі:     тәжірибенің     тапшылығы,     білімнің саяздығы, шығарманы - өнер деп ұғынып болмау, оны оңай атақ алудың, мал табудың құралы деп қарау - бәрі де шын суреткерлікке    кол    жеткізбейтін    тосқауыл.    Жыл    сайын басылып жатқан жүздеген шығармалардың ішінен талғамы күшті   оқушының   көңіліне   ұялайтыны   сирек   кездесетіні осыдан деп білсек керек. Нашар, шалағай шығарма жазып, оның    кемшілігін    сыншылардан    көретін    жаман    салтты, сыпайылап айтқанда, әдептің аздығы деп қарауға болады. Осы күнгі   қолына   калам   ұстаған  прозаиктің  немесе   ақынның арғысы европа, бергісі қазақ әдебиетінің үлгілі нұсқаларын оқымағаны, әдебиет теориясын не мектепте, не институтта пән ретінде өтпегені кездеспейді. Демек, «әдебиет ережесін білмегендіктен шығармам шикі болды» деу - құр байбалам. Жетпей жатқан ең негізгі мәселе - ұсталық. Ал ұсталыққа көз майын тауысып, тынымсыз үйреніп, еңбектеніп қана жетуге болады...

Әрбір жанрдың өз ерекшелігі бар. Ұшы-қиыры жоқ ұзақ дилогия, трилогия, тетралогияның кейбіреулерінің нәрі аз, суы көп екенін қалай сынасақ, кіші жанрдың да өз өлшемін ұмытуға болмайды. Көп томды туындының бәрі бірдей көбік емес, шағын шығарма шетінен шымқай алтын емес. Шеберлік мәселесі қаламгердің, жанрдың бәріне ортақ. Әдеби туындыны багалағанда, әрбір жанрдың өз шарты мен мүмкіндігін, ерекшелігін ескеріп отыруымыз ләзім.

Қазіргі қазақ әдебиетінде, сөз жоқ, елеулі, татымды туындылар бар. Олар оқушының кырағы көзінен қағыс қалып жүр деп айта алмаймыз. Сондай жаңа шығарманың біреуін біз де сөз еткелі отырмыз. Ол - белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»  («Жазушы»  баспасы, 1976 жыл) атты романы. Жазушылық жолын очерктерден бастаған, бұл салада бірнеше кітап шығарып, жұрт көзіне тұскен Ә.Нұршайықов кейінгі жылдарда романға қол ұра бастады. Оның «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романы оқушы қауымның ілтипатына бөленіп, әйгілі кітаптардың біріне айналды. Ал, сөз болғалы отырған «Ақиқат пен аңыз» -антордың жаңа ізденістерінің, үлкен жанр құпиясын меңгеруде ТЫҢ қадам жасағандығының нышаны.

«Ақиқат пен аңыз» романында халқымыздың даңқты перзенті, ¥лы Отан соғысының қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өмірі мен жауынгерлік сапары сөз болған. Бұл тақырыптың өзіндік қиындығы да бар СДІ. Өйткені Қазақстанда негізі жасақталған, Москва түбіндегі шаііқастарда сан түрлі ерлік көрсеткен панфиловшы 8-гвардия дииизиясының тарихи оқиғалары мен адамдары, соның ішінде, Бауыржан Момышұлының жеке басының батырлығы жайында бұдан бұрын да жазылған. Бұл қатарда, әсіресе, А.Бектің «Нолокалам тас жолы», «Панфиловшылар алғы шепте» атты повестерін атап өту керек. Осы шығармалар ¥лы Отан соғысы гақырыбына арналған туындылар арасынан ерекше бағаланып, көптеген шет ел тіліне аударылған, жер жүзі колеміне жайылған. А.Бек кітабының орталық тұлғасы ретінде Ьауыржанның есімі де жаһанның шартарабына мәлімденген еді. Кейін Б.Момышұлы «Москва үшін шайқас» кітабында совет жауынгерлерінің фашистерге қарсы соғыстағы қайсарлығын, биік саналылығын, темірдей тәртіптілігін жарқырата ашып көрсеткен.

Оның үстіне, Бауьшжан есімінің елге әйгілілігі соншалық - ол аңыздағы, эпостағы ерлердей жалпақ елдің көңіл төрінен орын алған. Тарихи адамдардың бойындағы ең жақсы қасиеттерді биіктетіп, мадақ етіп әкететін, сөйтіп оның бойына өзінің асыл арманы, үмітін тудырған сипаттарды қосып сомдайтын халық санасы Бауыржанның эпикалық бсйнесін  де   жасап  үлгерген.   Сондықтан  да   оның   атына байланысты түрлі әңгімелер өз көлемінде естілмей, жаңғырып, үстемеленіп, «іріленіп», өзгеше мазмұнға бөленіп жететін.

Роман автор мен қаһарманның сұхбаты, диалогы түрінде жазылған. Роман-диалог - қазақ әдебиетінде бұған дейін кездеспеген форма. Бұл ретте жазушының соны соқпақ салғаны, қазақ романының мүмкіндік кемерін кеңейте түскені анық. Үлкен шығарманы бастан-аяқ диалогқа құру да шеберлік пен тәжірибені қажет етеді. Негізгі суреттеу тәсілі диалог болып келетін драманың қаншалық қиын жанр екені ежелден белгілі. Мұнда автордың ұзақ шегіністерге немесе табиғатты тамашалауға, оңаша ойлармен шарықтап кетуге, өзге кейіпкерлерді сапқа қосып, жаңа байланыстарды өрістетуге еркіндігі аз. Бір-біріне көзбе-көз отырған екі адамның сұхбаты мейлінше нақтылы, тұжырымды, тартымды болуға тиіс. Әдебиеттің өзге жанрлары беретін кеңшілікті диалог әсте көтермейді. Диалог сөздер тым сырланған жаттанды, жасанды болмауын немесе қарадүрсін, кішігірім әңгімелер болып кетпеуін ұқыпты ескеру авторға айрықша ауыр жүк артады. Біздің әдетте диалог дегеніміздің көбі мінез ашатын, екшелген жағдайға, характерге сай сөздерден гөрі талғаусыз, астарсыз, жалаңқай әңгімешілдікке ұқсап тұратыны құпия емес қой...

Жазушы Ә.Нұршайықов өзі таңдаған жанрдың «кілтін» тапқаны зайыр. Роман оқиғалары қызғылықты, тілі тартымды, шығарма сүйегі бөгде, бөстекі желілермен күрмелмеген, автор
да, қаһарман да мәселеге қатыссыз, мәнсіз жайларға бөгелмеген. Сонымен қатар, жазушы роман ауқымына
Бауыржан Момышұлының өміріне қатысты көптеген документтерді - хат, мінездеме, бұйрық, естелік т.б. - орынды пайдалана білген. Осының арқасында шығарманың эпикалық тынысы кеңейе түскен. Мәселен, М.Ғабдуллиннің, Мұқан Омарбаевтың        естеліктері,        генерал        Чистяковтың, Серебряковтың мінездемелері, Бауыржанның және басқалардың хаттары оқиға өрісін түрлендіреді.

Шығарманың  басты  жетістігі -  аты  аңызға  айналған замана қаһарманының жарқын, түтас тұлғасын жасауында. Біз Бауыржанның    ірі    азаматтық    келбетін    оның    әрбір    іс-әрекетінен,  сөзі  мен  мінезінен  айқын  аңғарып  отырамыз. Кейде естелік түрінде, енді бірде қаһарманның қазіргі қалпын суреттеу арқылы оның бейнесі толыса түседі. Бауыржанның маііданда,     жау    қоршауында     қалған     шақта    көрсеткен іаиқырлық, табандылығы да, жазушының сұрауына берген қысқа, орнықты жауаптары да шым болаттан құйылғандай батыр келбетін айқындайды. Мұндай тізбек эпизод пен оқиға шыгармада мол. Қаһарманның ұрыс даласында омыртқасына оқ   гірелгенде госпитальға кетпей,  оқты табанда алмаспен алдырғаны, өзіне тиесілі үйді «солдаттың анасы - Россияның аиасы» деп ұлы майданда өлген кемпірге бергізуі, айтыста оза шыққан орыс қызы Надежда Лушниковаға сыйға ұсынылған жай сағатты алдырмай, өзі алтын сағат сатып әперуі, жас кезінде    төрешіл    мекеме    бастығының    табансыздығына ызаланып, жұмысты тастап кетіп қалуы сияқты толып жатқан коріністер Бауыржан мінезін нанымды мүсіндейді.

Романда  батырдың   саналы,   сергек   ерлігін,   намыстан жаралғандай ішкі бай әлемін айқын танытатын шырқау кезең 8-гвардия   дивизиясындағы   қазақ   командирлеріне   елге барып,  жауынгерлерді үйретіп алып келіндер деп ұсыныс жасалған кезде жарқ етіп көзге түсіп, алғыр ақылымен жұртты сүйсіндіруі. Оған майдан даласын уақытша болса да қалдыру шейіт болған қарулас достарының аруағын қорлағандық, елдің ежелгі   салтына  кір  келтіргендік  болып  көрінеді.   Өзгелер жоғарыдан   келген   әлгіндей   шешімге   не   дерін   білмей, дағдарып қалғанда, Бауыржан шамырқанып, лаулаған оттай әсерлі де әділ сөздер айтады.  «...Жоқ, жолдас комиссар. Менің   кеудемде   адамдық   тілек,   әкелік   мейірден   басқа жауынгерлік ар мен намыс бар. Ол - осы отырған бәрімізге ортақ намыс. Кәне айтыңыздаршы, осы отырғандардың ішінде жараланбаған жан бар ма? Жоқ қой. Ендеше бұл дивизияның жүрген жолында көлкіп біздің қып-қызыл қанымыз қалды. Дивизияның гвардия атағын алуына бәріміздің де еңбегіміз сіңді. Олай болса, осында қалуға біздің хақымыз бар. Осы дивизия құрыған жерде біздің де біріміз қалмай құрып бітуіміз керек. Ал, дивизия құруға тиіс емес, ол құрымайды. Ендеше, ақырғы қасық қаны бойында жүрген азаматтар осы дивизияның құрамында болып, жеңіске жетуге міндетті», -дейді ол (170-171-беттер).

Бауыржан есімінің эпикалық батырлар деңгейіне жетіп, ол туралы ақиқаттың аңызға айналуында белгілі заңдылық бар. Барлық өмірін, ақыл, қайратын Отан мүддесіне бағыштаған, сөзі мен ісінің арасында зәредей алшақтық жоқ, бойына халқының ең ізгі қасиеттерін дарыта білген, ел басына алмағайып, ауыр күн туғанда шыбын жанын, қасық қанын аямай, қол бастаған баһадүр бейнесі жұртшылықтың «осындай ерлер болса» деген қиялымен ұштасуы деп осыны айтсақ керек.

Әрине, жазушы романында мүлде мінсіз қаһарман тұлғасын жасауды мақсат етпеген. Ең ғажабы сол өз бойындағы кемшілікті Бауыржанның өзінен дәл, дөп басып айтқан адам жоқ болар. Бір сөзінде ол: «табиғат... маған дарын берді, жалын берді. Оның үстіне өтімді затқа өтпейтін нәрсені қалайда қосақтап сататын кейбір сатушылар сияқты, қыңырлықты және маған берді» (231-бет) дейді. Бірақ оқушы Отайы үшін өлшеусіз еңбек еткен арыс азаматтың ондай «кемшілігі» жақсылығын тасалай алмайтынын түсініп отырады.

Шығарманың бас идеялық өзегі - отаншылдық пен ерлікті ұлықтау. Майдандағы жауынгердің Отан алдындағы парыз бен жауапкершілігі, намыс пен жігері жөнінде кемел ойдан туған терең толғаныстар кітаптың өн бойында желі тартып жатыр. Бауыржан жас адамды әскери шынықтыру, туған елге берілгендік, адалдық рухында тәрбиелеу турасында аталы кеңес айтады. Адамгершілік рухында суарылып, табиги тәлімділікті ана сүтімен, ата дәстүрімен қабылдаған, көпшілік талқысына түсіп шыныққан жас қана ел басына қиын-қыстау күн туғанда халыққа қорған болмақ. «Ақиқат пен аңыз» откеннің тәжірибесін әңгімелеумен шегерілмей, бүгінгі омірдің де мәні кемімес мәселелерін ескертеді. ¥лы Отан соғысында совет солдатының жеңіп шығуына көп жылдық саяси, әскери, азаматтык тәрбиенің үлесі мол екенін ацгартады. ¥рыс даласындағы жауынгердің ерлікке бару процесін Бауыржан философша пайымдап, психологша талдайды: «Отанын сүйген солдат ол үшін отқа да, суға да түседі. Сөйтіп саналы түрде ерлік жасайды. Ол ерлікті қай күні, қай сағатта жасайтынын солдаттың өзі білмейді. Сәт сагаты жетіп, жан толқыны тулап, шиыршық атып аспанға шапшығанда, солдаттың жұдырықтай жүрегінен ерліктің жалыны бұрқ ете лаулап атылады. Дүниені дүлей тасқын ксрнейді. Жер сілкініп, тау төңкеріледі. Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солдат ерлік жасағанда осындай болады. Бірақ солдат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі. Ерлік жасағанда солдаттың басындағы ой осы ғана болады. Өзінің ерлік жасағанын өлген солдат білмей кетеді, тірі қалған артынан ұғады. Онда да алғашында ол ондай ерлік жасаған мен емес, басқа біреу болар деп ойлайды. Мінеки, ерліктің ешқандай есепке көнбейтіні де сондықтан» (282-бет).

Қазақстандық жігіттердің Москва түбіндегі орасан ұрыстарда көрсеткен ерлігі қаһарман аузымен де, автор сөзімен де мол айтылған. Кейде бұл шежірені сол соғысқа қатысқан басқа ерлердің тұжырымдары толықтырып отырады. Осы ретте халқымыздың аяулы ұлдарының бірі, Совет Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің білгір бағасы өзгеше әсерлі оқылады. «Генерал Панфилов өз қолымен шыңдаған бұл дивизия талай жұлдызды батырларды шығарды... Ал Бауыржан өз дивизиясын бүкіл әлемге танытты. Сөйтіп дивизия Бауыржанды даңқты етті. Бауыржан дивизияның даңқына даңқ қосты. Біздің дивизиядан шыққан барлық батырдан аттары ерекше аталатын екі адам бар. Оның бірі - Панфилов болса, Бауыржан дивизияның ар-намысы болды... Панфилов дивизияның жүрегіндегі лаулаған оты болса, Бауыржан оның лапылдаған жалыны болды. Панфилов дивизия ерлігінің аспаны болса, Бауыржан сол аспанның. жарық жұлдызы, төбеден аумас темірқазығы болды» (175-176-беттер).

«Ақиқат пен аңыз» романының тағы да бір қызғылықты жағы - Б.Момышұлы шығармаларының творчестволық тарихымен мол хабардар ететіндігі. Бұл - әдебиет зерттеушілер үшін өте құнды дерек болып табылады.

Романда жаны сұлу, кең парасатты көптеген адамдардың бейнесі  елестейді.   Өзіне  кезінде  көп  кеңес,  тәлім  берген Бурабаев,   Сырғабеков,   Дубовик,   Редин,   Бархан,   Дотоль, Круглов, Чистяков, Серебряков секілді тамаша жандардың мінез-қасиеті   анық   та   әсерлі   кестеленген.   Бауыржанның майдандас  достарға  қалтқысыз  қамқорлығы  мен  айнымас беріктігі оның саяси қызметкер Жолмұхамед Бозжанов мерт болғанда жазған қазанамасынан да көрінеді. Жолмұхамедтің нұрлы тұлғасын кең сипаттай келіп, ол: «...осындай асыл жүрек тоқтады, алтын бас ойлаудан қалды, тостағандай қара көздер мәңгіге жұмылды, азаматтың үнемі күлімдеп тұратын қызғылт жүзі қозғалмастан тас боп қалды дегенге сенгім келмейді. Бірақ сенбесіме амал жоқ, бұл қасіретті жағдайды мен өз көзіммен көріп тұрмын. Мұның орны толмас қаза екенін ойлағанда көкірегім қарс айрылып, жүрегім тулап, қан жылайды», - дейді.

Ә.Нұршайықов романын шын мәніндегі ерлік эпосы деп атауға болады. Шығарманың қан тамырымен ағып жатқан бас мұрат - елге, Отанға, антқа, дәстүрге, достыққа опалылық, жанқиярлық өнегесі. Мұнда бір Бауыржанның емес, нағыз үлгі в тұтуға тұрарлық, есті, арлы алуан адамның да суреті бар. Кітаптың тәрбиелік тамаша тәлімі осында. Сонымен қатар романда сәуле мен қатарласа келетін көлеңкедей өмірде араласып жүретін пейілі тар, іші қарау жексұрын жандардың да кескіні көрініп отырады. Бауыржан сынды ерлердің даңқын коре алмай, қызғаныштан күйіп кете жаздайтын, оның таудай табысын елемей, иненің жасуындай мінін дабырайтып корсететін санасы төмен, бірақ қолында әкімдік күші барлардың жат, күйкі мінезі мен кесапаты да аңғарылады. Адам баласымен бірге жасасып келе жатқан күншілдік, тогышарлық секілді кейбір көлеңкелі кұбылыстар әшкере болады.

Кітапта Бауыржанның алғыр ақыл, өткір ойынан қорытылып шыққан нақыл, тамаша тағлымды сөз мол. Философиялық терендікке толы, жүрек жарды сырлар көңілге ұялайды. Бір өзі бүтін құбылыстың мәні мен салмағын сыйғызып тұрған шешен, көсем пікір де көп. Мұның өзі каһарманның өзгеше бітімін, өр тұлғасын, биік парасатын жарқыратып ашатын жанды мінездей секілді. Оның сөз саптауы мен салыстырулары, табан астында «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» тапқыштығы атақты айтыс ақындарының немесе халықтан шыққан білікті билердің салтын еске салады. Шешендік өнер біздің ауыз одебиетіміздің сүбелі бір саласы екені мәлім. Сол дәстүрдің үзілмей, жалғасып дамып келе жатқандығына Бауыржанның гақлия қанатты сөздері де дәлел бола алады. Ауыз әдебиеті қазынасы деген ескірген ұғым емес, тілімізге, өмірімізге мың сан тараумен табысып жатқан, теңіздей толқып, маржанын түбінде жиып отыратын мәңгі ескірмес, сарқылмас, құбылыс екенін осы тұстан да көреміз.

Мысал келтірейік: «Жас адамға жүрек би», «Әр адамның мінезі - астындағы тұлпары, соның ағынымен адамдар омірден зымырап өтіп жатады», «Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз», «Жаманның басынан жау кетпейді», «Алжығанда келген атақ абырой әпермейді», «Алдымен адамның жақсылығын көру абзал», «Ұрысудан бұрын ұғысуды ойлау керек», «Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді», «Арпа мен сұлыға семірмеген мал оңбайды, қырық жас кіші қызбен билеген шал оңбайды», «Иір бұтақты  емен   шынар  болмайды»,   «Қоға  боп   көрінгеннің аяғына  тапталғанша,   шеңгел  боп  шіреніп  тұрған  артық», «Үндемегеннің   бәрі   данышпан   емес»,   «Қиындық   көрсең мұқалма,   ауырлық   көрсең   жұқарма»,   «Қазынасыз   керуен қарақшыдан   қорықпайды»,   «Әркім   жеткен   жеріне   дейін барады, жығылған жерінде қалады», «Елін сүйген жауынгер ер  болады»,  «Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді»,  «Тәртіп -жауынгердің бірінші қаруы», «Жауынгер аттың үстінде жау жүрек жігіт отыруға тиіс», «Жауыннан қорыққан жауға жем болады», «Окоп - алынбас қамал», «Ордағыға оқ тимейді», «Оқ алмаған солдатты ұйқы алады», «Айтқан бүйрық аққан қылыш сияқты», «Соғыста тер мен қан қоса төгіліп барып абыройға жетесің»,  «Жауынгер командирден бұйрық  қана емес, сол бұйрықты орындайтын жігерді қоса алуы керек», «Мен   істедім  дегенше,   мың   істеді   десеңші»,   «Ер   істеді дегенше,  ел  істеді десеңші»,  «Үлкенді - ізетте,  кішіні  -күзетке»,  «Қар  ерігенмен,  Қаратау ерімейді,  ер  өледі,   ел қалады»,   «Ақыддың   артықтығы,   кеңестің   көптігі   жоқ», «Ұлылық - үнсіз еңбек, кемеліне келсең де, кемеріңнен аспа», «Жұмсақтан жолбарыс шықпайды», «Ер халықпен еншілес болу ерекше бақыт», «Құрылыс жақсы болса, тұрмыс жақсы, бірлік мықты болса, тірлік күшті», «Үйде бауырмал болмаған, түзде интернационалист болмайды»,  «Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді», «Өз ұлтын жақсы   көрмеген   өзге   ұлттарды   ұнатпайды»,   «Намыс   -азаматтың алтын туы», «Арақ - адамның ішкі жауы», «Өлінің бақыты тірінің тірлігінде»,  «Өлгеңді ардақтай білген ғана тіріні  құрметтей  алады»,   «Атағыңа  ақылың  сай  болсын», «Ауру болсаң әкімдіктен не пайда», «Жауға қарсы жылап жылжыған   солдат   жыраққа   бармайды»,   «Ерлік   -   адам жанының   лап   еткен   жалыны,   жарқ   еткен   найзағайы», «Ерліктің негізі - сүйіспеншілік», «Кісі сүйгенінің құлы да құрбаны да болады», «Отанын сүйген солдат сол үшін отқа да, суға да түседі». Шығарманың өн бойына ерекше ажар беріп тұрған  осы  секілді  дана  ойлар,  сара  сөздер десек  артық айтылғандық емес.

Роман ақырында Бауыржанның ой қазанында қорытылған, өмірдің тәжірибесінде сыналған өнеге, өсиеті секілді ойлары келтірілген. Ол жастарды, келешек қауымды отаншылдыққа, халықтар достығын қадірлей білуге шақырады.

Документті   проза   біздің   әдебиетімізде   барған   сайын күрделі орынға ие болып келеді. Шығарманың әдібі жатық ТІлін   де    атап    көрсету    абзал.    Жазба   әдеби   тіліміздің калыптасқан     өрнегін     автор     меңгергендігін     танытады. Дегенмен осы жері қалай деген екі-үш сөзге тоқталгымыз келеді. Кейіпкер лебізіне кешірімді диалект немесе әр жерде гүрліше   айтатын   сөздерді   жазушы   өз   атынан   қолдана Һсрмейтіні белгілі. Біздің әдеби тілде орнын тауып кеткен «гүгілдің» орнына «тұрғайдың» айтылуы онша үйлесімді емес гөрізді. «Болғай», «келгей», «тұрғай» сияқты сөздердің қазақ гілінде орнықты өз мағынасы бар ғой. Сондай-ақ «барғаным жоқ, келгенім жоқ» дегенді «барғамын жоқ, келгемін жоқ» деп спгерту де ұтымды сезілмейді. «Ащыны» «ашты», «шишаны» «сауыт» деу де келісімсіз. «Сауыттың» тілдегі өз мағынасы орысша   броннің   баламасын   береді.   Үлкен   шығармадан бірнеше сөзді ғана алып отырғанымыз тәжірибелі жазушының гіл кестесінде ақау болмаса дегендік.

Жалпы алғанда Ә.Нұршайықовтың бұл романы - қазақ одебиетінің одақ оқушыларына ұялмай ұсынуға жарайтын туындыларының бірі.

1976

Бөлісу: