«Қилы замандағы» ақиқат

20 Қараша 2013, 12:12

Отаршылық саясаттың ең асқынған түрі - геноцидтің жексұрын кескіні «Қилы заманда» ақиқат көрінісін тапқан. Қарақөл шаһарына айдалып апарылған Ұзақ, Жәмеңке, ( Серікбай, Әубәкір сынды ел басшыларын айуандықпен азаптаушылық , уланып өлген Жәмеңкенің денесін өз жерінде қоюға рұқсат етпеушілік, халықтың наразылығын әдейі өршітіп, артынан айыпты етіп көрсетіп, қанын судай ағызуға жоспарлы түрде әзірлеушілік патшалықтың нағыз жауыз төсілі болатын. Тұтас халықты жер бетінен жоқ қылып жіберуге отаршы жендеттер шімірікпестен баратыны әшкереленген. «Қилы заманда» 1916 жылғы азаттық қозғалыстың Жетісуда ғана емес, Қырғызстанда лап еткені, көптеген қырғыз жігіттерінің абақтыда опат тапқаны, ауылдары шабылғаны, қуғын-сүргін көргені ескертіліп отырады. Бұдан бұқара халықтың әрқашан мүдделес, ниеттес болып келгендігінің нышанын көреміз. М.Әуезовтің кейіннен «Абай жолы» романында толық кемелденіп көрінген шеберлігі «Қилы заманда» да еркін танылғандай. Егер автор бұл шығарманы қайта бір қарап шығуға үлгергенде, роман анағұрлым ажарлана түскендей екен. Үлкен реалистік көркемдік жинақтауларға тән қасиеттің бәрі де «Қилы заман» бойынан табылады. Қаһармандардың пішіні мен ісін, мінезін даралық ерекшелігімен беруде автор қалыптасқан өрнек танытады. Қаһарман мінездерін ашудың түрлі амалын жазушы жұмсап көрген. Басты кейіпкерлердің іс-әрекеті, сырт қарағанда қалың болмаса да, олардың тұлғасы тілдік мінездеулер, бір де болса бірегей дәл, нақты берілген суреттер арқылы ашылады. Мәселен, көтеріліс басшылардың бірі -ұзақты үш-төрт-ақ рет көреміз. Бірақ ол әр эпизод сайын ірілене, даралана түседі. Халықтың бас біріктіріп, жігерлі үйымшылдықпен патша жарлығына карсы келерлік аңғарын кергенде Ұзақ: «Ақ патша тоз-тоз қылып әкетіп еді, құдайға шүкір, қартайған шағымда болса да, елдің бір әкенің баласындай жамырап табысқан күнін бір көрдік... Жалғыз арман: жас шағымда кездеспеді - не керек» (журналдың ілгеріде көрсетілген саны, 57-бет). Бұл сөздерде парасат, білік, үміт, арман, өкініш күшті айтылған. Ұзақтың да, Жәмеңкенің де терең саналы ойлары мен сөздері олардың табиғатындағы үлкен дарынды, кең пайымдылықты, кесек мінезді кәміл білдіреді. Ұзақтың тағы бір ретте айтқан: «Киіз туырлықты қазақтың бүгінгідей ынтымақ, тілегі қосылып, ел болам деп ту көтерген, ұран салған күнін көре алмай өттік. Енді, міне, сойған қойдай бұзып-жарып, он екі жілікке бөліп, боршалап тастаған заманда шығып, біз де кісі болдық дейміз. Мақтанар, жұбанар жері бар ма?» - (сонда, 58-бет) деген мұңы, шыны аралас сөздері оның ішкі тұлғасын қомақтандыра түседі. Осылайша Ұзақты біз шығармада аз кездестірсек те, мінез ашылар, мейлінше дәл берілген суреттер арқылы танимыз. Оның абақтыдағы қалпын жазушы сараң сөздермен тұжырады, сонда да болса бізге өмір бойы сыр мінез адамдай жақын тартады. Прокурордың сұрағына ол: «Мен сенімен сойлеспеймін. Сенің ісің зорлық, зорлықшымен сөйлесуші ме еді? Жауап бермеймін» - (сонда 67-бет) деген сөзден басқа айтпайды. Осы қысқа сөзде өр мінезді, қайратты, кекті, арманды адамның құлқы жатыр. Елін шауып, малын талап, халықты қан жоса етіп жүріп, сондай сорақы істерін басқаға жлуып, «заңдастырмақшы» болған әкімге артық жауап лайық кслмес еді. Бүкіл елді қырғынға батырған тілсіз жаумен осылайша ғана жауаптасу ұзақтың сөзін лұғаттай салмақты етеді. Ұзақтың басынан батырға тән байсалды тұжырымдылық пен шешімділікті байқасақ, ел ақсақалы Жәмеңкенің сөздерінен халық даналығын санасына дарытқан үлкен естілікті танимыз. Әубәкірдің батыл, өжет мінезі, тар жерде ақыл табар алғырлығы елестейді. Пристав Подпороковтың, жылпос болыс Рахымбайдың айласы да, арамдығы да дәл пприхтармен суреттелген. Мұның өзі кейіпкерлердің мінез даралығын нақты, сенімді ашуда автордың көп ізденгенін аңғартса керек. Қаһармандарға портрет беру, табиғат суретін кестелеу, монолог, жанама мінездеу тәсілдерін жазушы кең қолданған. М.Әуезовтің қаламына тән стильдік сипат, көркемдік кестелеу заңдылығы мен айрықшалығы «Қилы заманнан» зайыр көрінеді. Құбылыстардың мән-жағдайын авторлық баяндаудың өзі суретке, мінездеуге ұласып кетіп отыратындық бұл шығармада жиі кездесетін көрініс. Пристав Подпороковтың албан елінің болыстарын жинап алып, патшаның июнь жарлығын естіртуге арналған кеңесінің суретін   мысалға   алып   көрейік.   Осы   жиынның   ұстінде Подпороковтан бастап тілмаш Оспан, болыс Рахымбай секілді қилы-қилы жандардың түр-түсінің құбылыстарына, іштегі ойларына дейін анық көрінеді. Құбылыстарды кейде автордың сөзімен, кейде кейіпкердің көзімен суреттейтін тәсіл шығармада негізгі тәсілдердің біріне айналған. Жазушының қою бояулы, алуан түсті, дарқан көркемдік қолтаңбасы «Қилы заманда» өте жатық, әсем, әсерлі түскен. Эпитет пен теңеуді, мінездеуді кілемнің түсіндей құлпыртып, тығыз    қалайтын    автордың    айшықты,     оймышты,    сан құбылмалы  сөз  кестесін  шығарманың  кез  келген  бетінен кездестіреміз.    Мұны    туындының    ең    басындағы:    «Жаз жауынды,   мол   сулы,   қалың   шалғынды,   қызықты,   қалың Албанның   ертегідей   бай,   сұлу   жайлаулары:   Үш   Мерке, Дөңгелек саз, Үшқарқара, Сырт, Лабас - жайлау күндерінің жасыл торғын шымылдығы көк жібек бесігі», - (аталған санда, 5-бет) деген сөйлемнен де байқауға болады. Бірыңғай мүшелі сөздерді   топтап,   тіркестіріп,   үстемелеп   қолдану   («Ішіліп, қыздырып, желік беріп, жеңілдендіріп жатыр» т.б.) жағына автор ерекше ден қойған. Шығарманың сөз кестесінің жалпы тұлғасынан бояудың кейде тым мол жағылғанын, оның өзі қайсыбір ретте сөздердің толық мағынасын тасаландырып тұрғанын аңғарар едік. Бұны біз дарыны дәуірлеп, суреткерлік қуаты  толысқан  жазушының  табиғи   қадамы  деп   білеміз. «Абай жолында» автор сурет кестелерін тізуге, сөз қолдануға анағұрлым    талғампаз,    үнемшіл    болғанын    тәжірибенің артуынан деп қарау керек. Асы жайлауының табиғат суретін берген түс ғажап! Мұнда әрбір сөз картина, көзге, көңілге елестерліктей дәл, анық, бояуы қанық, қара сөзбен берілген поэзия (47-78-беттер). «Қилы заманда» халықтың аңыз-әңгімелері, шешендік сөздері орнын тауып, оқиға өрілімінё үйлескен. Жәмеңкенің халыққа қарата айтқан сөзінен ескі жыраулардың дана тілмарлығы елес береді. «Баяғьщан бері Албан баласы қарын шашы алынбағандай болып, ала бөтен амандықпен келіп еді. Мына жетпіс беске келгенше малы басы пәле-қазаға ұшырағанын көрген жоқ едік. Бұл тау арқасындағы елдің ұйқысы қалың еді. Таудың киігіндей кең жайылған тіршілігі бар еді. Албанның тоқсанға, жүзге келген шалы болса да, бұл елдің қыс күнінде жұтағанын, жаз күнінде індетке ұшырағанын білмеп еді... Енді мына бүгінгі күн мынадай кер ЗШанға кездестік. Қалың апат селге киліктік» (18-бет). Қорыта айтқанда, «Қилы заманда» 1916 жылғы Жетісудағы халық қозғалысының көркем ескерткіші, ел үшін жанын пида еткен ерлердің жарқын тұлғасы жасалған. Бұл -дөуірдің көп қайшылығын, мол қатпарын ашатын, оіаишылдық, перзенттік аңсардан туған, жүрек қанымен жазылған, терең, қасиетті кәделі ойларға, ұлы үмітке толы іуынды. Мұндай кең, еңселі, сом сурет бейнелер жасай алған, адам мінезінің диалектикасына барған суреткердің прозадағы келесі қадамы оның есімін әлемдік даңққа бөлеген «Абай жолы» сынды зеңгір эпопеяға ұласуы табиғи. «Қилы заманға» қатысты әңгіме аяғын Ш.Айтматовтың төмендегі тебіреністі сөздерімен тұйықтауды жөн көрдік. «Өткендегі шексіз тұңғиық халық қасіреті мен біздің бүгінгі  шындығымыздың арасы жер мен көктей, тіпті салыстыруға келмейтін категориялар. Бірақ сол өткеннің ішіндегі жақсылық жағы - жұрт еңсе көтеріп, патшаның отаршылдық қанауына қарсы халықтың стихиялық толқуы, өз істерінің дұрыстығына көздері жетіп, еркіндікке ұмтылып, адам рухының соншалықты мол қуатын танытып, зорлық-юмбылыққа қарсы тұруы таң қалуға болатын дүние». 1976

Отаршылық саясаттың ең асқынған түрі - геноцидтің жексұрын кескіні «Қилы заманда» ақиқат көрінісін тапқан. Қарақөл шаһарына айдалып апарылған Ұзақ, Жәмеңке, ( Серікбай, Әубәкір сынды ел басшыларын айуандықпен азаптаушылық , уланып өлген Жәмеңкенің денесін өз жерінде қоюға рұқсат етпеушілік, халықтың наразылығын әдейі өршітіп, артынан айыпты етіп көрсетіп, қанын судай ағызуға жоспарлы түрде әзірлеушілік патшалықтың нағыз жауыз төсілі болатын. Тұтас халықты жер бетінен жоқ қылып жіберуге отаршы жендеттер шімірікпестен баратыны әшкереленген.

«Қилы заманда» 1916 жылғы азаттық қозғалыстың Жетісуда ғана емес, Қырғызстанда лап еткені, көптеген қырғыз жігіттерінің абақтыда опат тапқаны, ауылдары шабылғаны, қуғын-сүргін көргені ескертіліп отырады. Бұдан бұқара халықтың әрқашан мүдделес, ниеттес болып келгендігінің нышанын көреміз.

М.Әуезовтің кейіннен «Абай жолы» романында толық кемелденіп көрінген шеберлігі «Қилы заманда» да еркін танылғандай. Егер автор бұл шығарманы қайта бір қарап шығуға үлгергенде, роман анағұрлым ажарлана түскендей екен. Үлкен реалистік көркемдік жинақтауларға тән қасиеттің бәрі де «Қилы заман» бойынан табылады. Қаһармандардың пішіні мен ісін, мінезін даралық ерекшелігімен беруде автор қалыптасқан өрнек танытады.

Қаһарман мінездерін ашудың түрлі амалын жазушы жұмсап көрген. Басты кейіпкерлердің іс-әрекеті, сырт қарағанда қалың болмаса да, олардың тұлғасы тілдік мінездеулер, бір де болса бірегей дәл, нақты берілген суреттер арқылы ашылады. Мәселен, көтеріліс басшылардың бірі -ұзақты үш-төрт-ақ рет көреміз. Бірақ ол әр эпизод сайын ірілене, даралана түседі. Халықтың бас біріктіріп, жігерлі үйымшылдықпен патша жарлығына карсы келерлік аңғарын кергенде Ұзақ: «Ақ патша тоз-тоз қылып әкетіп еді, құдайға шүкір, қартайған шағымда болса да, елдің бір әкенің баласындай жамырап табысқан күнін бір көрдік... Жалғыз арман: жас шағымда кездеспеді - не керек» (журналдың ілгеріде көрсетілген саны, 57-бет). Бұл сөздерде парасат, білік, үміт, арман, өкініш күшті айтылған. Ұзақтың да, Жәмеңкенің де терең саналы ойлары мен сөздері олардың табиғатындағы үлкен дарынды, кең пайымдылықты, кесек мінезді кәміл білдіреді. Ұзақтың тағы бір ретте айтқан: «Киіз туырлықты қазақтың бүгінгідей ынтымақ, тілегі қосылып, ел болам деп ту көтерген, ұран салған күнін көре алмай өттік. Енді, міне, сойған қойдай бұзып-жарып, он екі жілікке бөліп, боршалап тастаған заманда шығып, біз де кісі болдық дейміз. Мақтанар, жұбанар жері бар ма?» - (сонда, 58-бет) деген мұңы, шыны аралас сөздері оның ішкі тұлғасын қомақтандыра түседі. Осылайша Ұзақты біз шығармада аз кездестірсек те, мінез ашылар, мейлінше дәл берілген суреттер арқылы танимыз. Оның абақтыдағы қалпын жазушы сараң сөздермен тұжырады, сонда да болса бізге өмір бойы сыр мінез адамдай жақын тартады. Прокурордың сұрағына ол: «Мен сенімен сойлеспеймін. Сенің ісің зорлық, зорлықшымен сөйлесуші ме еді? Жауап бермеймін» - (сонда 67-бет) деген сөзден басқа айтпайды. Осы қысқа сөзде өр мінезді, қайратты, кекті, арманды адамның құлқы жатыр. Елін шауып, малын талап, халықты қан жоса етіп жүріп, сондай сорақы істерін басқаға жлуып, «заңдастырмақшы» болған әкімге артық жауап лайық кслмес еді. Бүкіл елді қырғынға батырған тілсіз жаумен осылайша ғана жауаптасу ұзақтың сөзін лұғаттай салмақты етеді.

Ұзақтың басынан батырға тән байсалды тұжырымдылық пен шешімділікті байқасақ, ел ақсақалы Жәмеңкенің сөздерінен халық даналығын санасына дарытқан үлкен естілікті танимыз. Әубәкірдің батыл, өжет мінезі, тар жерде ақыл табар алғырлығы елестейді. Пристав Подпороковтың, жылпос болыс Рахымбайдың айласы да, арамдығы да дәл пприхтармен суреттелген. Мұның өзі кейіпкерлердің мінез даралығын нақты, сенімді ашуда автордың көп ізденгенін аңғартса керек. Қаһармандарға портрет беру, табиғат суретін кестелеу, монолог, жанама мінездеу тәсілдерін жазушы кең қолданған.

М.Әуезовтің қаламына тән стильдік сипат, көркемдік кестелеу заңдылығы мен айрықшалығы «Қилы заманнан» зайыр көрінеді. Құбылыстардың мән-жағдайын авторлық баяндаудың өзі суретке, мінездеуге ұласып кетіп отыратындық

бұл шығармада жиі кездесетін көрініс. Пристав Подпороковтың албан елінің болыстарын жинап алып, патшаның июнь жарлығын естіртуге арналған кеңесінің суретін   мысалға   алып   көрейік.   Осы   жиынның   ұстінде Подпороковтан бастап тілмаш Оспан, болыс Рахымбай секілді қилы-қилы жандардың түр-түсінің құбылыстарына, іштегі ойларына дейін анық көрінеді. Құбылыстарды кейде автордың сөзімен, кейде кейіпкердің көзімен суреттейтін тәсіл шығармада негізгі тәсілдердің біріне айналған.

Жазушының қою бояулы, алуан түсті, дарқан көркемдік қолтаңбасы «Қилы заманда» өте жатық, әсем, әсерлі түскен. Эпитет пен теңеуді, мінездеуді кілемнің түсіндей құлпыртып, тығыз    қалайтын    автордың    айшықты,     оймышты,    сан құбылмалы  сөз  кестесін  шығарманың  кез  келген  бетінен кездестіреміз.    Мұны    туындының    ең    басындағы:    «Жаз жауынды,   мол   сулы,   қалың   шалғынды,   қызықты,   қалың Албанның   ертегідей   бай,   сұлу   жайлаулары:   Үш   Мерке, Дөңгелек саз, Үшқарқара, Сырт, Лабас - жайлау күндерінің жасыл торғын шымылдығы көк жібек бесігі», - (аталған санда, 5-бет) деген сөйлемнен де байқауға болады. Бірыңғай мүшелі сөздерді   топтап,   тіркестіріп,   үстемелеп   қолдану   («Ішіліп, қыздырып, желік беріп, жеңілдендіріп жатыр» т.б.) жағына автор ерекше ден қойған. Шығарманың сөз кестесінің жалпы тұлғасынан бояудың кейде тым мол жағылғанын, оның өзі қайсыбір ретте сөздердің толық мағынасын тасаландырып тұрғанын аңғарар едік. Бұны біз дарыны дәуірлеп, суреткерлік қуаты  толысқан  жазушының  табиғи   қадамы  деп   білеміз. «Абай жолында» автор сурет кестелерін тізуге, сөз қолдануға анағұрлым    талғампаз,    үнемшіл    болғанын    тәжірибенің артуынан деп қарау керек.

Асы жайлауының табиғат суретін берген түс ғажап! Мұнда әрбір сөз картина, көзге, көңілге елестерліктей дәл, анық, бояуы қанық, қара сөзбен берілген поэзия (47-78-беттер).

«Қилы заманда» халықтың аңыз-әңгімелері, шешендік сөздері орнын тауып, оқиға өрілімінё үйлескен. Жәмеңкенің халыққа қарата айтқан сөзінен ескі жыраулардың дана тілмарлығы елес береді. «Баяғьщан бері Албан баласы қарын шашы алынбағандай болып, ала бөтен амандықпен келіп еді. Мына жетпіс беске келгенше малы басы пәле-қазаға ұшырағанын көрген жоқ едік. Бұл тау арқасындағы елдің ұйқысы қалың еді. Таудың киігіндей кең жайылған тіршілігі бар еді. Албанның тоқсанға, жүзге келген шалы болса да, бұл елдің қыс күнінде жұтағанын, жаз күнінде індетке ұшырағанын білмеп еді... Енді мына бүгінгі күн мынадай кер ЗШанға кездестік. Қалың апат селге киліктік» (18-бет).

Қорыта айтқанда, «Қилы заманда» 1916 жылғы Жетісудағы халық қозғалысының көркем ескерткіші, ел үшін жанын пида еткен ерлердің жарқын тұлғасы жасалған. Бұл -дөуірдің көп қайшылығын, мол қатпарын ашатын, оіаишылдық, перзенттік аңсардан туған, жүрек қанымен жазылған, терең, қасиетті кәделі ойларға, ұлы үмітке толы іуынды. Мұндай кең, еңселі, сом сурет бейнелер жасай алған, адам мінезінің диалектикасына барған суреткердің прозадағы келесі қадамы оның есімін әлемдік даңққа бөлеген «Абай жолы» сынды зеңгір эпопеяға ұласуы табиғи.

«Қилы заманға» қатысты әңгіме аяғын Ш.Айтматовтың төмендегі тебіреністі сөздерімен тұйықтауды жөн көрдік. «Өткендегі шексіз тұңғиық халық қасіреті мен біздің бүгінгі  шындығымыздың арасы жер мен көктей, тіпті салыстыруға келмейтін категориялар. Бірақ сол өткеннің ішіндегі жақсылық жағы - жұрт еңсе көтеріп, патшаның отаршылдық қанауына қарсы халықтың стихиялық толқуы, өз істерінің дұрыстығына көздері жетіп, еркіндікке ұмтылып, адам рухының соншалықты мол қуатын танытып, зорлық-юмбылыққа қарсы тұруы таң қалуға болатын дүние».

1976

Бөлісу: