М.Шолоховтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармалары

20 Қараша 2013, 12:10

Ұлы Отан соғысы жылдарында М.Шолохов көптеген очерктер мен публицистикалық мақалалар жазды. Жазушының «Өшпенділік ғылымы» атты әңгімесі совет адамдарының жауға деген кегін шыңдауға қызмет етті. Суреткер «Олар Отан үшін шайқасты» деген романында еліміздің тарихындағы аса ауыр сын кезең - ¥лы Отан соғысы кезеңінің мол ақиқатын эпикалық кең қүлашпен кемел кестеледі. Қаламгердің 50 жылдардағы биік көркемдік жетістігі -«Адам    тағдыры»    әңгімесі.    Суреткер    бұл    әңгімесінде қарапайым совет адамы Андрей Соколовтың бейнесі арқылы халқымыздың ең қымбат қасиетгерін жинақтап елестете алды. Өмірдің неше алуан соққысына тозіп, бойынан сарқылмас рухани қуат таба білген Соколов тұлғасы совет адамының ұлылығын танытты. М.Шолоховтың суреткер ретіндегі «ағьшан жарылатын» адалдығы мен батылдығы, қандай қасіретті кұбылыстарды да айта білетіндігі оның партиялық, халықтық тұрғысымен нағыз бірлесгік табады. Ол өзінің шығармаларымен ғана емес, қоғамдық қызметімен де коммунизм мұраттары үшін жалынды күрескер болып келеді. Оның әр кездегі сөйлеген сөздерінен туған елінің бүгініне де, келешегіне де «жүрек жарды» жауапты ойы бар отаншыл азамат лебізі естіледі. Орыс совет әдебиетінің осы замандағы ең ірі өкілі -М.Шолоховтың суреткерлік шеберлігін езіне енеге тұтпаған жазупты табыла қоймас. Азамат соғысы, революция жылдары туралы ұлт әдебиеттерінде жазылған шығармалардан «Тынық Донның» үлгілік тәсілі сезіледі... Ұстаз суреткер әдебиеттің жас күштерін қадағалап тәрбиелеу, оларды идеялық жағынан шынықтыру, шеберлік арттыруына көмектесу мәселесіне ұдайы коңіл боледі. Бұл ретте оның Қазақстан жазушыларының съезінде айтқан аса парасатты да бейнелі сездерін келтіріп оту ләзім. «...Бүркіт балапандарының қанатынан қақпайлай отырып, олардың томендеуіне ерік бермейді, қайта барған сайын жоғарылата, аспандата үшқызады; сойтіп жас балапандар әбден шаршағанға дейін, аспан кегіне, биікке котерілуіне комек береді, соған үйрете береді. Тек осылай баулынып өскен бүркіт қана биік аспан әлемінде ұзақ парлай ұшуды үйренеді... Біз де озіміздің жас жазушыларымызды осындай қатал тәсілмен үйретіп отыруға тиіспіз. Кейін әдебиетте олар суға малынған қарғадай немесе үй тауығындай болып қалмайтын болсын». Бұл сөздерде аға жазушының әдебиет келешегіне қоятын биік талабы мен уазипасы жатыр. Қазақ оқушысы М.Шолоховтың шығармаларымен жақсы таныс. «Тынық Дон» да, «Көтерілген тың» да, «Олар Отан үшін шайқасты» да, «Адам тағдыры» да және басқа шығармалар да ана тілімізге аударылған. Олардың ғажайып көркемдігі оқушыға қашан да эстетикалық ләззат әкеліп, сезім сұлулығын байыта түседі. 1975

Ұлы Отан соғысы жылдарында М.Шолохов көптеген очерктер мен публицистикалық мақалалар жазды. Жазушының «Өшпенділік ғылымы» атты әңгімесі совет адамдарының жауға деген кегін шыңдауға қызмет етті. Суреткер «Олар Отан үшін шайқасты» деген романында еліміздің тарихындағы аса ауыр сын кезең - ¥лы Отан соғысы кезеңінің мол ақиқатын эпикалық кең қүлашпен кемел кестеледі.

Қаламгердің 50 жылдардағы биік көркемдік жетістігі -«Адам    тағдыры»    әңгімесі.    Суреткер    бұл    әңгімесінде қарапайым совет адамы Андрей Соколовтың бейнесі арқылы халқымыздың ең қымбат қасиетгерін жинақтап елестете алды. Өмірдің неше алуан соққысына тозіп, бойынан сарқылмас рухани қуат таба білген Соколов тұлғасы совет адамының ұлылығын танытты.

М.Шолоховтың суреткер ретіндегі «ағьшан жарылатын» адалдығы мен батылдығы, қандай қасіретті кұбылыстарды да айта білетіндігі оның партиялық, халықтық тұрғысымен нағыз бірлесгік табады. Ол өзінің шығармаларымен ғана емес, қоғамдық қызметімен де коммунизм мұраттары үшін жалынды күрескер болып келеді. Оның әр кездегі сөйлеген сөздерінен туған елінің бүгініне де, келешегіне де «жүрек жарды» жауапты ойы бар отаншыл азамат лебізі естіледі.

Орыс совет әдебиетінің осы замандағы ең ірі өкілі -М.Шолоховтың суреткерлік шеберлігін езіне енеге тұтпаған жазупты табыла қоймас. Азамат соғысы, революция жылдары туралы ұлт әдебиеттерінде жазылған шығармалардан «Тынық Донның» үлгілік тәсілі сезіледі...

Ұстаз суреткер әдебиеттің жас күштерін қадағалап тәрбиелеу, оларды идеялық жағынан шынықтыру, шеберлік арттыруына көмектесу мәселесіне ұдайы коңіл боледі. Бұл ретте оның Қазақстан жазушыларының съезінде айтқан аса парасатты да бейнелі сездерін келтіріп оту ләзім. «...Бүркіт балапандарының қанатынан қақпайлай отырып, олардың томендеуіне ерік бермейді, қайта барған сайын жоғарылата, аспандата үшқызады; сойтіп жас балапандар әбден шаршағанға дейін, аспан кегіне, биікке котерілуіне комек береді, соған үйрете береді. Тек осылай баулынып өскен бүркіт қана биік аспан әлемінде ұзақ парлай ұшуды үйренеді... Біз де озіміздің жас жазушыларымызды осындай қатал тәсілмен үйретіп отыруға тиіспіз. Кейін әдебиетте олар суға малынған қарғадай немесе үй тауығындай болып қалмайтын болсын». Бұл сөздерде аға жазушының әдебиет келешегіне қоятын биік талабы мен уазипасы жатыр.

Қазақ оқушысы М.Шолоховтың шығармаларымен жақсы таныс. «Тынық Дон» да, «Көтерілген тың» да, «Олар Отан үшін шайқасты» да, «Адам тағдыры» да және басқа шығармалар да ана тілімізге аударылған. Олардың ғажайып көркемдігі оқушыға қашан да эстетикалық ләззат әкеліп, сезім сұлулығын байыта түседі.

1975

Бөлісу: