Күй тарихын зерттеушілер

20 Қараша 2013, 12:06

Біздің білуімізше, күй тарихын зерттеп жүргендер қазірде де көп емес. Соңғы жылдарда жарық көрген кітаптардан У.Бекенов, Т.Мерғалиев еңбектері ғана осы тақырыпқа арналған. Ал, шынында, күй жанрының молдығы мен күрделілігі соншалық - бұл іске көп зерттеушінің күш жұмсауы қажет болады. Аса өкінішті хал - музыка мамандарының, терең теориялық талғам, талдау жасайтын жоғары ғылыми дәрежесі барлардың аздығы. Осы күнде ғылымның ең қиын деген салаларынан да ғылым докторлары көптеп саналады. Қазақстанда әдебиеттің арғы-бергісін зерттейтін ондаған гылым докторы, жүздеген ғылым кандидаты бар. Ал әдебиетпен егіз туған музыканы меңгеретін мамандар өз деңгейіне жете алмағанын жасыруға болмайды. Неліктен мұндай халге душар болғанымыз ертелі-кеш бір талқыға түсер, себебі ашылар, жаңа шаралар белгіленер деп сенеміз... Домбырашылық өнерді насихаттауға музыка маманы емес, бірақ ән-күйді сүйетін қаламгер қауым белсенді ат салысып келеді. Солардың бірі - жазушы Т.Әлімқұлов. Ол Тәттімбет, Ықылас, Сүгір, Сейтек, Әбікен, Төлеген күйшілер өмірінен бірталай көркем шығарма жазды, күйшілік онердің сыпаты, тарихы, дамуы, бүгінгі жай-күйі жайында көптеген қызғылықты,     ойлы     мақалалар     жариялады.     Күйшілер турасында С.Бегалиннің, Ә.Нұршайықовтың, Ә.Кекілбаевтын, А.Сейдімбековтың, Ж.Алтайбаевтың, А.Сүлейменовтің, А.Тоқбергеновтің т.б. мақалаларын оқығанымыз бар. Күйді халыққа таныстыру, тарату, түсіндіруге мұндай мақалалар пайдалы екендігі күмәнсіз. Шынын айту керек, маман музыка зерттеушілердің көбінің құлашы да кең емес, өнімдері де тапшы. Күй қазынасын игеру, насихаттау мәселесін ұдайы көтеріп келе жатқан Уәли Бекеновті ғана айтпасақ, өзгелердің қарқыны көңіл жұбатарлық дей алмаймыз. Ал кейбір мамандар ілуде бір мақаламен көріне қалса, күй қазынасы түгел жиылып, меңгеріліп болғандай сыңай байқатып, жаңа ұсыныс айтқандарды қолдай қоймайды. Оларды осы кезге дейін тартылып келе жатқан санаулы күйден басқа қызықтырмайтындай. Бір кезде Қазақстанның батысында күй, орталық-шығысында ән көбірек дамыған деген қисын айтылған еді. Бірақ, мұндай тұжырым қазақтың әр жеріндегі әншілік, күйшілік, өнерінің өкілдері әлі де мәлімденіп болмаған кезде туғанын естен шығаруға болмайды. Жаңа фактілер көне ережелерге түзету енгізіп отыратыны -ғылымның, өсудің заңы. Бұрынғы айтылған сөздің озығы да, тозығы да болады. Ендеше кейінгі жылдарда анықталған күйшілерді, жүздеген шығармаларды әлгіндегі айтыла қалған «теорияның» құрбандығы етіп, ақиқатқа көз жұмып қарау, көрсе де көрмегенсу немесе «күйдің бәрі бір емес пе, несіне бөлеміз» деп алдаусырату адалдық та, мәдениеттілік те емес. Музыка тағдырына жаны ашитың адам әрбір ән мен күйдің вариантына дейін жинайық, іске жаратайық дер еді. Біз әлі көп мұраны жинап та болғамыз жоқ қой. Олардың біразы ұмытылып, жойылып та кеткен болар. Сыр елінде замандар бойында айтылып келген жыраулық терме соңғы жылдарда ғана жазылып алына бастады. Бұл іске де музыка зерттеушілер емес, әдебиетшілер мұрындық болғанын айтуымыз керек. Ерте заманнан бері жиын тойларда шырқалып келген айтыс әндерінің Оңтүстік Қазақстан, Жетісу жеріндегі үлгілері де назарға ілінбеген. Шертпе күйдің өзін жұртшылық, шын мәнінде, соңғы жылдарда ғана жиірек еститін болды. Міне, айта берсе осындай, әр өлкеде қалып қойған музыкалық (әншілік, күйшілік, термешілік т.б.) дүние табыла береді. Музыкалық мұрамызды үлкен саналы азаматтық жігермен зерттеп жүрген санаулы маманның бірі осында отырған -Болат Сарыбаев. Ол соңғы он-он бес жылда қазақтың көне аспаптарын іздеп тауып, олардың үнін қайта жаңғыртуда зор жаңалық ашты дей аламыз. Бұрыннан білетін домбыра мен қобыздың қатарына жетіген, шертер, шаңқобыз, асатаяқ, сазсырнай, бұғышақ секілді оннан астам музыкалық аспапты қосуы - Б.Сарыбаевтың және оның әріптес шәкірттерінің тамаша еңбегі. Бұл күнде көне аспаптар сазы жұртшылыққа кеңінен танымал болып келеді. Әрбір зерттеуші өз тақырыбына дәл осылай кірісіп, бүкіл білім, қайратын жұмсаса, іс оңына басар еді ғой. Күй өнерін меңгерудің ең басы деп - олардың түрлі нұсқаларын музыкалык оқу орындарының программасына енгізіп, үйретуді айтар едік. Атақты композиторлардың өмірі мен творчествосына арналган монографиялар, күй ноталары шығарылуы ләзім. Радио, телевидение, музыкалық концерт мекемелерінде, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде күйдің барлық өкілдерінің шығармаларына тиісті ілтипат көрсетіліп, ұдайы насихатталуы қажет. Консерваторияда, Шымкент педагогикалық мәдениет институтында, музыкалық училищелер мен мектептерде бұрыннан үйретіліп келе жатқан өнерінің тарихын толық баяндайтын оқулықтар жасалуы шарт. Таңдаулы күйлерді түсініктемесімен орыс тілінде шығарып, бүкілодақтық жұртшылықтың тіліне айналдыру абзал. Күйшіліктің даму дәрежесін ұдайы байқап отыратын республикалық, облыстық жарыстар, конкурстар откізіп тұруды дағдыға айналдырсақ. Музыкалық оқу орындарында Тәттімбет, Құрманғазы атындағы стипендиялар белгілеу де жас орындаушыларға демеушілік  қызмет  атқарар  еді.   Қазіргі   көзі   тірі   атақты күйшілердің орындау өрнегін студенттерге үйретуді де ұйымдасгыру керек. Ел арасынан музыкалық фольклорды жинауды жүйелі, жоспарлы түрде жүргізу мәселесі үдайы алғы кезекте түру керек екендігі өзінен-өзі түсінікті. Күй тағдырын сара, жетік талдайтын ғалым мамандар әзірлеуді шұғыл шараның бірі деп қарамай іс жөнделмейді. Атақты композиторлар юбилейін өткізу музыка зерттеушілердің насихаттаушылық жұмыстарын жаңа серпіліске түсіріп отырар еді. Өкінішке орай, Құрманғазының да, Тоттімбеттің де туғанына 150 жыл толған жылдары атаусыз өтті. Айтып-айтпай не керек, музыкалық мұраны жинау, насихаттау, зерттеудің мұқтажы - үлкен көлемде сөз болатын-ақ тақырып. Күй гуралы, күй тарихы туралы бүгінгі мәжілісте тәуір әңгіме болды. Күй төңірегінде сан алуан мұқтажды, толғағы толық мәселелер қозғалды. Бұған істің тағдырына қатысы бар көп азаматтар қатысып, толғана сөйлеп отыр. «Дөңгелек столдың» мақсаты баспасөз бетінде арагідік қозғалған мәселелерді жинақтап, түйінді де тұжырымды идея тудыру еді. Бұл біршама өз дәрежесінде орындалды-ау деген ойдамыз. Әрі музыка мамандары, әдебиетші қауым және журналдың көпшілік оқырмандары да ат салысады деген сеніміміз мол. Өйткені, бұтінгі әңгіме - туған халқымыздың асыл мұрасы - күй өнері туралы келелі сөздің басы ғана деген тоқтамға келіп отырмыз. 1972

Біздің білуімізше, күй тарихын зерттеп жүргендер қазірде де көп емес. Соңғы жылдарда жарық көрген кітаптардан У.Бекенов, Т.Мерғалиев еңбектері ғана осы тақырыпқа арналған. Ал, шынында, күй жанрының молдығы мен күрделілігі соншалық - бұл іске көп зерттеушінің күш жұмсауы қажет болады. Аса өкінішті хал - музыка мамандарының, терең теориялық талғам, талдау жасайтын жоғары ғылыми дәрежесі барлардың аздығы. Осы күнде ғылымның ең қиын деген салаларынан да ғылым докторлары көптеп саналады. Қазақстанда әдебиеттің арғы-бергісін зерттейтін ондаған гылым докторы, жүздеген ғылым кандидаты бар. Ал әдебиетпен егіз туған музыканы меңгеретін мамандар өз деңгейіне жете алмағанын жасыруға болмайды. Неліктен мұндай халге душар болғанымыз ертелі-кеш бір талқыға түсер, себебі ашылар, жаңа шаралар белгіленер деп сенеміз...

Домбырашылық өнерді насихаттауға музыка маманы емес, бірақ ән-күйді сүйетін қаламгер қауым белсенді ат салысып келеді. Солардың бірі - жазушы Т.Әлімқұлов. Ол Тәттімбет, Ықылас, Сүгір, Сейтек, Әбікен, Төлеген күйшілер өмірінен бірталай көркем шығарма жазды, күйшілік онердің сыпаты, тарихы, дамуы, бүгінгі жай-күйі жайында көптеген қызғылықты,     ойлы     мақалалар     жариялады.     Күйшілер турасында С.Бегалиннің, Ә.Нұршайықовтың, Ә.Кекілбаевтын, А.Сейдімбековтың, Ж.Алтайбаевтың, А.Сүлейменовтің, А.Тоқбергеновтің т.б. мақалаларын оқығанымыз бар. Күйді халыққа таныстыру, тарату, түсіндіруге мұндай мақалалар пайдалы екендігі күмәнсіз.

Шынын айту керек, маман музыка зерттеушілердің көбінің құлашы да кең емес, өнімдері де тапшы. Күй қазынасын игеру, насихаттау мәселесін ұдайы көтеріп келе жатқан Уәли Бекеновті ғана айтпасақ, өзгелердің қарқыны көңіл жұбатарлық дей алмаймыз. Ал кейбір мамандар ілуде бір мақаламен көріне қалса, күй қазынасы түгел жиылып, меңгеріліп болғандай сыңай байқатып, жаңа ұсыныс айтқандарды қолдай қоймайды. Оларды осы кезге дейін тартылып келе жатқан санаулы күйден басқа қызықтырмайтындай. Бір кезде Қазақстанның батысында күй, орталық-шығысында ән көбірек дамыған деген қисын айтылған еді. Бірақ, мұндай тұжырым қазақтың әр жеріндегі әншілік, күйшілік, өнерінің өкілдері әлі де мәлімденіп болмаған кезде туғанын естен шығаруға болмайды. Жаңа фактілер көне ережелерге түзету енгізіп отыратыны -ғылымның, өсудің заңы. Бұрынғы айтылған сөздің озығы да, тозығы да болады. Ендеше кейінгі жылдарда анықталған күйшілерді, жүздеген шығармаларды әлгіндегі айтыла қалған «теорияның» құрбандығы етіп, ақиқатқа көз жұмып қарау, көрсе де көрмегенсу немесе «күйдің бәрі бір емес пе, несіне бөлеміз» деп алдаусырату адалдық та, мәдениеттілік те емес.

Музыка тағдырына жаны ашитың адам әрбір ән мен күйдің вариантына дейін жинайық, іске жаратайық дер еді. Біз әлі көп мұраны жинап та болғамыз жоқ қой. Олардың біразы ұмытылып, жойылып та кеткен болар. Сыр елінде замандар бойында айтылып келген жыраулық терме соңғы жылдарда ғана жазылып алына бастады. Бұл іске де музыка зерттеушілер емес, әдебиетшілер мұрындық болғанын айтуымыз керек. Ерте заманнан бері жиын тойларда шырқалып келген айтыс әндерінің Оңтүстік Қазақстан, Жетісу жеріндегі үлгілері де назарға ілінбеген. Шертпе күйдің өзін жұртшылық, шын мәнінде, соңғы жылдарда ғана жиірек еститін болды. Міне, айта берсе осындай, әр өлкеде қалып қойған музыкалық (әншілік, күйшілік, термешілік т.б.) дүние табыла береді.

Музыкалық мұрамызды үлкен саналы азаматтық жігермен зерттеп жүрген санаулы маманның бірі осында отырған -Болат Сарыбаев. Ол соңғы он-он бес жылда қазақтың көне аспаптарын іздеп тауып, олардың үнін қайта жаңғыртуда зор жаңалық ашты дей аламыз. Бұрыннан білетін домбыра мен қобыздың қатарына жетіген, шертер, шаңқобыз, асатаяқ, сазсырнай, бұғышақ секілді оннан астам музыкалық аспапты қосуы - Б.Сарыбаевтың және оның әріптес шәкірттерінің тамаша еңбегі. Бұл күнде көне аспаптар сазы жұртшылыққа кеңінен танымал болып келеді. Әрбір зерттеуші өз тақырыбына дәл осылай кірісіп, бүкіл білім, қайратын жұмсаса, іс оңына басар еді ғой.

Күй өнерін меңгерудің ең басы деп - олардың түрлі нұсқаларын музыкалык оқу орындарының программасына енгізіп, үйретуді айтар едік. Атақты композиторлардың өмірі мен творчествосына арналган монографиялар, күй ноталары шығарылуы ләзім. Радио, телевидение, музыкалық концерт мекемелерінде, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде күйдің барлық өкілдерінің шығармаларына тиісті ілтипат көрсетіліп, ұдайы насихатталуы қажет. Консерваторияда, Шымкент педагогикалық мәдениет институтында, музыкалық училищелер мен мектептерде бұрыннан үйретіліп келе жатқан өнерінің тарихын толық баяндайтын оқулықтар жасалуы шарт. Таңдаулы күйлерді түсініктемесімен орыс тілінде шығарып, бүкілодақтық жұртшылықтың тіліне айналдыру абзал. Күйшіліктің даму дәрежесін ұдайы байқап отыратын республикалық, облыстық жарыстар, конкурстар откізіп тұруды дағдыға айналдырсақ. Музыкалық оқу орындарында Тәттімбет, Құрманғазы атындағы стипендиялар белгілеу де жас орындаушыларға демеушілік  қызмет  атқарар  еді.   Қазіргі   көзі   тірі   атақты күйшілердің орындау өрнегін студенттерге үйретуді де ұйымдасгыру керек. Ел арасынан музыкалық фольклорды жинауды жүйелі, жоспарлы түрде жүргізу мәселесі үдайы алғы кезекте түру керек екендігі өзінен-өзі түсінікті. Күй тағдырын сара, жетік талдайтын ғалым мамандар әзірлеуді шұғыл шараның бірі деп қарамай іс жөнделмейді. Атақты композиторлар юбилейін өткізу музыка зерттеушілердің насихаттаушылық жұмыстарын жаңа серпіліске түсіріп отырар еді. Өкінішке орай, Құрманғазының да, Тоттімбеттің де туғанына 150 жыл толған жылдары атаусыз өтті. Айтып-айтпай не керек, музыкалық мұраны жинау, насихаттау, зерттеудің мұқтажы - үлкен көлемде сөз болатын-ақ тақырып.

Күй гуралы, күй тарихы туралы бүгінгі мәжілісте тәуір әңгіме болды. Күй төңірегінде сан алуан мұқтажды, толғағы толық мәселелер қозғалды. Бұған істің тағдырына қатысы бар көп азаматтар қатысып, толғана сөйлеп отыр.

«Дөңгелек столдың» мақсаты баспасөз бетінде арагідік қозғалған мәселелерді жинақтап, түйінді де тұжырымды идея тудыру еді. Бұл біршама өз дәрежесінде орындалды-ау деген ойдамыз. Әрі музыка мамандары, әдебиетші қауым және журналдың көпшілік оқырмандары да ат салысады деген сеніміміз мол. Өйткені, бұтінгі әңгіме - туған халқымыздың асыл мұрасы - күй өнері туралы келелі сөздің басы ғана деген тоқтамға келіп отырмыз.

1972

Бөлісу: