Күй - халық мұрасы

20 Қараша 2013, 12:03

Күй - халқымыздың рухани асыл байлығының бір саласы. Ол өз тарапынан тарихтың алуан белестерін, ел шежіресінде орын тепкен ұлы оқиғалар сырын, адам өмірінің қат-қабат шындығын елестетеді. Өзінің көркемдігі, көлемі, мазмұны, әсері жағынан күй музыкалық мұра ішінде кұрделі орын иеленеді. Оның танытқыштық тағлымы айрықша күшті. Қазақ жерінде замандар бойында болып өткен ұлылы-кішілі істердің өркеш-өркеш сілемдері күймен бейнеленген. Зерттеушілердің көрсетуінше, біздің жыл санауымыздан бұрынғы оқиғалардың да жаңғырығы күй арқылы із қалдырған. Дүние жүзін жаулап алуға ұмтылған, бірақ скиф-сақ далаларында тегеурінді қарсылыққа кездескен атышулы Ескендір Зұлхарнайын туралы куәлік те сол күйде сақталыпты. Халқымыздың ғасырлар бойында қытай басқыншыларына қарсы   күресінің   елесі   де   «Сарыөзен»   сынды   куйлерден көрінеді. Қазақ жерінің данышпан перзенті, кезінде әлемнің ; музыка     ұстазы     атанған     Әбунасыр     Фараби     музыка теориясының негізін салғанын, оның қаншама музыкалық аспаптар жасағанын, тамаша күйлер шығарғанын кім білмейді? Асылы Фарабидің музыка дамытудағы еңбегі -зерттеушілерін күтіп тұрған ұлан-ғайыр тақырып. Ал күй атасы - Қорқыттың оғыз-қыпшақ бірлестігі кезінде Сырдария бойында өмір кешкен тарихи адам екені де көпке мәлім. Өмірдің мәңгілік болуын аңсап, қобызды аңыратқан Қорқыттың шығармалары ғасырларды аралап. біздің заманымызға жетті. Қобызда ойналып келген «Қорқыт» атты күй, сөз жоқ, сол дәуірдің жәдігері. Ал, соңғы жылдарда музыка зерттеушілері Қызылордада тұратын, жасы тоқсаннан асқан Нышан қариядан Қорқыттыкі аталған жеті күй жазып алды. Бұл күйлердің кейбіреулері қазір ойналып жүр. Олардын өзі-ақ қобыз күйінің мың жылдан астам тарихы бар екендігін көрсетеді. Қорқыт дәстүрін жалғастырғандар қай ғасырда да аз болмаған. Өкінішке қарай, музыкалық тарихымыздың тым шалағай сөз болып келгендігі себепті, ол өнерпаздардын көбінің аты белгісіз. Қорқыттың тікелей шәкірттерінің бірі Құлқара деген кісі болған деседі. Көп қобызшының ішінен бізге мәлім XIX ғасырда өмір кешкен Ықылас, Молықбайлар ғана. Әрине, қобыз оньіншы ғасырларда ойналып, XIX ғасырға дейін ізсіз жоғалып кеткен деуге келмейді. Қобыз да, қобызшы да әр кезенде-ақ болған, тек соларды іздеп, тауып, зерттеп білуіміз мардымсыз. Қорқыт туралы аңыздардың терең мәнін М.Әуезов арнайы сөз етіп, талдап берген еді. Бірақ Қорқыттын күйшілік дәстүрі деген мәселе қозғалмаған қалпында жатыр... Ертедегі ақын, жыршы, жыраулардың көбі қобызда ойнай білген тәрізді. Жалпы «қобыз» деген сөздің көп елге жайылып кеткендігінің өзі оның көнелігіне сыпаттаманың бірі. Сондай-ақ шаңқобыздың да ертеден келе жатқандығы кәміл. Ұлы Отан соғысына дейін Оңтүстік Қазақстанның әрбір үйінде дерлік шаңқобыз кездесетін еді. Соғыстан кейін шаңқобызда ойнау үрдісі үзіліп қалды. Бұл аспаптың жанға жайлы, нәзік үні бізге, әзірше, қайтадан жете   қойған  жоқ.   Қырғыздарда,   башқұрттарда,   сахаларда (яхуттер) шаңқобыз куйі өзінің байырғы үлгісінде ойналып келеді. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыхан атына байланысты сақталған «Ақсақ құлан» күйі де бізді тарихтың терең түкпірлеріне қадалтады. Домбыра күйінің биік туындысы -«Ақсақ құлан» өзінің ғажайып көркемдігімен ерекшеленеді. (Бұл күйді қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрінің негізін қаласқан домбырашының бірі - Медетов Қамбар жеткізген). Жер жаһанға көз алартып, көп елді қырғынға ұшыратқан айбатты әмір Ақсақ Темір туралы да күй сақталған. Міне, осылайша, ыждағатпен іздеген адамға соңғы екі жарым, екі мың жыл мұғдарында өткен оқиғалардың соқпағы күйден аңғарылады екен. Кейде тарихы жазылып қалмаған істердің ұштығын тануға музыкалық шығарма көмекке келеді. «Көрұғылы», «Боғда», «Ел айрылған», «Нарату» тектес күйлердің әрқайсысы шежіредей «сөйлей» алады. Бұл айтылғандар күйдің әсем сазымен ғана емес, тарихымен де қымбат екендігін сипаттаса керек. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл кезге дейін көбінше өлең сөздер ғана жиналып, аңыздарға, қарасөзге онша көп көңіл бөлінбегенге ұқсайды. Сол себептен де күйге байланысты аңыз әңгімелер арнайы тексерілмеген. Шындығында, күйдің табиғатын анықтауға септігі тиетін ауызекі әңгімелер аса мол. Күйге қатысты аңыз сөздердің зерттеушілер назарынан тыс қалуы -музыка тарихымызды тануға қанша кедергі келтіретіні айтпаса да түсінікті.

Күй - халқымыздың рухани асыл байлығының бір саласы. Ол өз тарапынан тарихтың алуан белестерін, ел шежіресінде орын тепкен ұлы оқиғалар сырын, адам өмірінің қат-қабат шындығын елестетеді. Өзінің көркемдігі, көлемі, мазмұны, әсері жағынан күй музыкалық мұра ішінде кұрделі орын иеленеді. Оның танытқыштық тағлымы айрықша күшті. Қазақ жерінде замандар бойында болып өткен ұлылы-кішілі істердің өркеш-өркеш сілемдері күймен бейнеленген. Зерттеушілердің көрсетуінше, біздің жыл санауымыздан бұрынғы оқиғалардың да жаңғырығы күй арқылы із қалдырған. Дүние жүзін жаулап алуға ұмтылған, бірақ скиф-сақ далаларында тегеурінді қарсылыққа кездескен атышулы Ескендір Зұлхарнайын туралы куәлік те сол күйде сақталыпты.

Халқымыздың ғасырлар бойында қытай басқыншыларына қарсы   күресінің   елесі   де   «Сарыөзен»   сынды   куйлерден көрінеді. Қазақ жерінің данышпан перзенті, кезінде әлемнің ; музыка     ұстазы     атанған     Әбунасыр     Фараби     музыка теориясының негізін салғанын, оның қаншама музыкалық аспаптар жасағанын, тамаша күйлер шығарғанын кім білмейді? Асылы Фарабидің музыка дамытудағы еңбегі -зерттеушілерін күтіп тұрған ұлан-ғайыр тақырып.

Ал күй атасы - Қорқыттың оғыз-қыпшақ бірлестігі кезінде Сырдария бойында өмір кешкен тарихи адам екені де көпке мәлім. Өмірдің мәңгілік болуын аңсап, қобызды аңыратқан Қорқыттың шығармалары ғасырларды аралап. біздің заманымызға жетті. Қобызда ойналып келген «Қорқыт» атты күй, сөз жоқ, сол дәуірдің жәдігері. Ал, соңғы жылдарда музыка зерттеушілері Қызылордада тұратын, жасы тоқсаннан асқан Нышан қариядан Қорқыттыкі аталған жеті күй жазып алды. Бұл күйлердің кейбіреулері қазір ойналып жүр. Олардын өзі-ақ қобыз күйінің мың жылдан астам тарихы бар екендігін көрсетеді. Қорқыт дәстүрін жалғастырғандар қай ғасырда да аз болмаған. Өкінішке қарай, музыкалық тарихымыздың тым шалағай сөз болып келгендігі себепті, ол өнерпаздардын көбінің аты белгісіз. Қорқыттың тікелей шәкірттерінің бірі Құлқара деген кісі болған деседі. Көп қобызшының ішінен бізге мәлім XIX ғасырда өмір кешкен Ықылас, Молықбайлар ғана. Әрине, қобыз оньіншы ғасырларда ойналып, XIX ғасырға дейін ізсіз жоғалып кеткен деуге келмейді. Қобыз да, қобызшы да әр кезенде-ақ болған, тек соларды іздеп, тауып, зерттеп білуіміз мардымсыз. Қорқыт туралы аңыздардың терең мәнін М.Әуезов арнайы сөз етіп, талдап берген еді. Бірақ Қорқыттын күйшілік дәстүрі деген мәселе қозғалмаған қалпында жатыр...

Ертедегі ақын, жыршы, жыраулардың көбі қобызда ойнай білген тәрізді. Жалпы «қобыз» деген сөздің көп елге жайылып кеткендігінің өзі оның көнелігіне сыпаттаманың бірі. Сондай-ақ шаңқобыздың да ертеден келе жатқандығы кәміл. Ұлы Отан соғысына дейін Оңтүстік Қазақстанның әрбір үйінде дерлік шаңқобыз кездесетін еді.

Соғыстан кейін шаңқобызда ойнау үрдісі үзіліп қалды. Бұл аспаптың жанға жайлы, нәзік үні бізге, әзірше, қайтадан жете   қойған  жоқ.   Қырғыздарда,   башқұрттарда,   сахаларда (яхуттер) шаңқобыз куйі өзінің байырғы үлгісінде ойналып келеді.

Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыхан атына байланысты сақталған «Ақсақ құлан» күйі де бізді тарихтың терең түкпірлеріне қадалтады. Домбыра күйінің биік туындысы -«Ақсақ құлан» өзінің ғажайып көркемдігімен ерекшеленеді. (Бұл күйді қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрінің негізін қаласқан домбырашының бірі - Медетов Қамбар жеткізген). Жер жаһанға көз алартып, көп елді қырғынға ұшыратқан айбатты әмір Ақсақ Темір туралы да күй сақталған. Міне, осылайша, ыждағатпен іздеген адамға соңғы екі жарым, екі мың жыл мұғдарында өткен оқиғалардың соқпағы күйден аңғарылады екен. Кейде тарихы жазылып қалмаған істердің ұштығын тануға музыкалық шығарма көмекке келеді. «Көрұғылы», «Боғда», «Ел айрылған», «Нарату» тектес күйлердің әрқайсысы шежіредей «сөйлей» алады. Бұл айтылғандар күйдің әсем сазымен ғана емес, тарихымен де қымбат екендігін сипаттаса керек. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл кезге дейін көбінше өлең сөздер ғана жиналып, аңыздарға, қарасөзге онша көп көңіл бөлінбегенге ұқсайды. Сол себептен де күйге байланысты аңыз әңгімелер арнайы тексерілмеген. Шындығында, күйдің табиғатын анықтауға септігі тиетін ауызекі әңгімелер аса мол. Күйге қатысты аңыз сөздердің зерттеушілер назарынан тыс қалуы -музыка тарихымызды тануға қанша кедергі келтіретіні айтпаса да түсінікті.

Бөлісу: