«Манас» жыры оқушыны кең ойлауға баулиды

20 Қараша 2013, 12:01

Жырдағы әрбір қаһарманның түп негізін, шежіресін арнайы әңгімелеп, қыруар жазба, ауызша туындылармен салыстыра қарайтын, өз пікірін түйетін жерлерде ғалымнын ағыл-тегіл білімі еркін аңғарылады. Тіпті, белгілі бір мәселе жөнінде автор кесіп-пішіп түйін жасамаған кезде де, оқушының алар білімі олқы болмайды; ол талай ғылыми гипотеза мен батыл барлаудың, ақиқатқа жету жолындағы байсалды ізденістердің жолын көреді. Ең бастысы - бұл зерттеу еңбек оқушыны кең ойлауға баулиды, ғылымның асыл-мұраты - объективтік шындықты ашу екенін үйретеді. «Манас» жырында  беретін мағлұматтары бір ғана қырғыз халқының аумағымен шектелмей, Қазақстан, Орта Азия, Алтай түріктерінің бәріне де қатысты екенін дәлелдеуі -монографияның мықты қорытындыларының бірі. Әдебиет мұраларын тарихи ғылым жетістігіне сүйене отырып зерттеу қаншалық жемістер бере алатындығын аталған еңбек сипаттай түседі. Тек қана қазақ, қырғыз тарихымен қымталып қалмай, қытай, монғол, қалмақ, араб халықтарының   жазбаша   деректерін   де   қажетті   жерінде пайдалана білетіндігі Ә.Марғұлан еңбегінің танытқыштық, ғылымдық шоқтығын биіктете түседі. Атап көрсетерлік тағы бір мәселе - автор «Манас» геройларының тегін іздегенде, кейінгі кезде ғана анықталып, тексеріліп болған Орхон-Енесей тас жазуларының дәлелдемелеріне де арқа сүйейді. Жырдағы ұнамсыз кейіпкер Жолайдың белгілі ұйғыр ханы, қытай басқыншыларының қолшоқпары - Иоллықтан алынғанын айтатын тұстар да сенімді естіледі. Түркі халықтарының қас жаулары тек сырттан келген жат жұрттықтар ғана емес, өз ішінен шыққан мансапқор, дүниеқор, сатылғыштар лаңы бәрінен де зарарлы болғанын жырақ заман жәдігерлігі «Манас» та ескертіп тұрғандай. Түбі бірге туыстықтың, үлкен мүдделер жолында бірлесе күресудің сол арқылы халықтың гасырлар бойы тәуелсіздігін сақтап келген ынтымақтың жойқын мысалы -«Манас» жырының тек тарихи факті ретінде ғана емес, келешек қауымдар үшін де маңызы әсте кемімейді. «Манас» жырынан үзіндіні орта мектеп, жоғары оқу орындары оқулықтарына енгізсе де жарасар еді. Бұл жыр бір «қырғыз» халқының емес, күллі түркі халықтарының да, белгілі көлемде шежіресін шертеді. «Шахнаме» тек парсы жұртының дастаны болып есептелмей, тәжік және басқа иран халықтарының қымбат мұрасы саналатыны сияқты, «Манас»-та  түрік қағанаты дәуірінің идеясын көбірек жырлайтын эпопея. Ә.Марғұлан еңбегінде болашақ ғалымдар арнайы зерттеуге тиісті қаншама тақырыптар мен идеялардың шоғыры бар. Манастану жөнінде Шоқаннан бері тартылған дәстүр аталған еңбекпен сарқылып' қалмауы керек екенін әдеби мұраны бағалай білетін естияр азамат қауым түсінсе керек...Кітапта сөз болған ірі ғылыми проблеманың бірі -«Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы мәселе. «Манас» - бір дәуірдің туындысы емес. Ол - көп заманның уақиғаларын, көп аңыздарын, эпикалы сарындарын тұтастырып айтқан жойқын эпопея. Оның сюжет құрылысы мың жыл ішінде Орта Азия көлемінде болған уақиғалардан тізіліп, соны сәулетті түрде көп ақындар ұрпағы ежелг: заманның алып ері Манастың төңірегіне топтастырып айтқан (876.). Жырдың оқиғалық негізі VІІ-ІХ ғасырларда Орт: Азиядан Сібірге дейінгі ұлан-байтақ өлкеде өткенін, әг дәуірдің ақындары белгілі жағдайларға байланысты сол еск түбір сарынды құбылтып, өзгертіп, толықтырып, өз кезінік қажетіне жақындатып жырлағанын кітап авторы өте нанымді баяндайды. Монографияда жырдың бас идеясы не деген сауалға да жауап айтылған. Кейбір шет ел ғалымдарының «Манас шапқыншылықты дәріптейді-міс» деген долбарынын шындыққа жанаспайтынын, ондай тұжырымның түрк. халықтарының тарихи даму процесін білмеуден туғанын аңғарта келіп, Ә.Марғұлан былай дейді: «Жырдың негізг: идеясы шапқыншылық емес, қайта сыртқы жаудын шапқыншылығына қарсы тұрып, көп тайпалар қоныстайтын қадірлі отанды қорғау, өз ұлысының еркіндігін, тәуелсіздігік мұрат етіп, ол үшін күресу, соның жолында бар өмірін сарп ету, сол үшін өлу. «Манас» сияқты ұлы. жырға сюжет болған мұндай ұлы уақиғалар Орта Азия қыраты мен даласында аз болмаган. Оған ауық-ауық шығыс жақтан қаулаған басқыншылық сүрендері айқын дәлел бола алады» (87 б.). Бұл қысқаша тұжырымда терең мағына жатыр. «Манастағы» басты тартыстың бірі Бесбалық (Бейжін) өлкесі үшін түрік халықтарының, тайпаларының бірлесе күш жұмсауы, күресуі төңірегінде болады. Негізгі жау түркі елдерінің жерін, суын еркіндігін басып алмақшы болған қытай басқыншылары болып көрінеді. Жазба тарихтың дерегіне үңілсек те, жүздеген жылдар бойы Шығыс Түркістан мен Орта Азияның түркі халықтары өз тәуелсіздігі үшін Қытай озбырларына қарсы жан аямай күрес жүргізіп келгенін, соның арқасыңда ғана Сібір. Алтайдан бастап Кавказға дейінгі көз жеткісіз өлкенін азаттығын сақтай алғанын оқимыз. Ендеше «Манас» - сол күрестің ең бір жанды тұстарын елестететің, шындығы мен қиялы аралас көркем ескерткіш. Түрік қағанаты, Қарахандар мемлекеті оқиғаларына казіргі түркі тілдес халыктардың көбі ортақ болатыны секілді сол ғасырлардың қаһармандық шежіресі де көп ретте ортақ мұрадай. «Манасқа» мәңгілік өмір беріп тұрған идея - елдік, отаншылдық, ынтымақ идеясы... Ә.Марғұлан кітабының соңында «Көкетай ханның ертегісі» атты қолжазбаның тұңғыш рет факсимилесі жарияланған. Бұл - «Манасты» зерттеушілер үшін аса бағалы жаңалық болып табылады. Академик Ә.Марғұланның «Шоқан және Манас» атты кітабы - кемел оқымыстының көп жылдық ізденістері нәтижесінде туған шын мәніндегі терең ғылыми еңбек. Бұл -манастану ғылымына қосылған күрделі үлес. 1972

Жырдағы әрбір қаһарманның түп негізін, шежіресін арнайы әңгімелеп, қыруар жазба, ауызша туындылармен салыстыра қарайтын, өз пікірін түйетін жерлерде ғалымнын ағыл-тегіл білімі еркін аңғарылады. Тіпті, белгілі бір мәселе жөнінде автор кесіп-пішіп түйін жасамаған кезде де, оқушының алар білімі олқы болмайды; ол талай ғылыми гипотеза мен батыл барлаудың, ақиқатқа жету жолындағы байсалды ізденістердің жолын көреді. Ең бастысы - бұл зерттеу еңбек оқушыны кең ойлауға баулиды, ғылымның асыл-мұраты - объективтік шындықты ашу екенін үйретеді. «Манас» жырында  беретін мағлұматтары бір ғана қырғыз халқының аумағымен шектелмей, Қазақстан, Орта Азия, Алтай түріктерінің бәріне де қатысты екенін дәлелдеуі -монографияның мықты қорытындыларының бірі.

Әдебиет мұраларын тарихи ғылым жетістігіне сүйене отырып зерттеу қаншалық жемістер бере алатындығын аталған еңбек сипаттай түседі. Тек қана қазақ, қырғыз тарихымен қымталып қалмай, қытай, монғол, қалмақ, араб халықтарының   жазбаша   деректерін   де   қажетті   жерінде пайдалана білетіндігі Ә.Марғұлан еңбегінің танытқыштық, ғылымдық шоқтығын биіктете түседі.

Атап көрсетерлік тағы бір мәселе - автор «Манас» геройларының тегін іздегенде, кейінгі кезде ғана анықталып, тексеріліп болған Орхон-Енесей тас жазуларының дәлелдемелеріне де арқа сүйейді. Жырдағы ұнамсыз кейіпкер Жолайдың белгілі ұйғыр ханы, қытай басқыншыларының қолшоқпары - Иоллықтан алынғанын айтатын тұстар да сенімді естіледі. Түркі халықтарының қас жаулары тек сырттан келген жат жұрттықтар ғана емес, өз ішінен шыққан мансапқор, дүниеқор, сатылғыштар лаңы бәрінен де зарарлы болғанын жырақ заман жәдігерлігі «Манас» та ескертіп тұрғандай. Түбі бірге туыстықтың, үлкен мүдделер жолында бірлесе күресудің сол арқылы халықтың гасырлар бойы тәуелсіздігін сақтап келген ынтымақтың жойқын мысалы -«Манас» жырының тек тарихи факті ретінде ғана емес, келешек қауымдар үшін де маңызы әсте кемімейді. «Манас» жырынан үзіндіні орта мектеп, жоғары оқу орындары оқулықтарына енгізсе де жарасар еді. Бұл жыр бір «қырғыз» халқының емес, күллі түркі халықтарының да, белгілі көлемде шежіресін шертеді. «Шахнаме» тек парсы жұртының дастаны болып есептелмей, тәжік және басқа иран халықтарының қымбат мұрасы саналатыны сияқты, «Манас»-та  түрік қағанаты дәуірінің идеясын көбірек жырлайтын эпопея.

Ә.Марғұлан еңбегінде болашақ ғалымдар арнайы зерттеуге тиісті қаншама тақырыптар мен идеялардың шоғыры бар. Манастану жөнінде Шоқаннан бері тартылған дәстүр аталған еңбекпен сарқылып' қалмауы керек екенін әдеби мұраны бағалай білетін естияр азамат қауым түсінсе керек...Кітапта сөз болған ірі ғылыми проблеманың бірі -«Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы мәселе. «Манас» - бір дәуірдің туындысы емес. Ол - көп заманның уақиғаларын, көп аңыздарын, эпикалы сарындарын тұтастырып айтқан жойқын эпопея. Оның сюжет құрылысы мың жыл ішінде Орта Азия көлемінде болған уақиғалардан тізіліп, соны сәулетті түрде көп ақындар ұрпағы ежелг: заманның алып ері Манастың төңірегіне топтастырып айтқан (876.). Жырдың оқиғалық негізі VІІ-ІХ ғасырларда Орт: Азиядан Сібірге дейінгі ұлан-байтақ өлкеде өткенін, әг дәуірдің ақындары белгілі жағдайларға байланысты сол еск түбір сарынды құбылтып, өзгертіп, толықтырып, өз кезінік қажетіне жақындатып жырлағанын кітап авторы өте нанымді баяндайды.

Монографияда жырдың бас идеясы не деген сауалға да жауап айтылған. Кейбір шет ел ғалымдарының «Манас шапқыншылықты дәріптейді-міс» деген долбарынын шындыққа жанаспайтынын, ондай тұжырымның түрк. халықтарының тарихи даму процесін білмеуден туғанын аңғарта келіп, Ә.Марғұлан былай дейді: «Жырдың негізг: идеясы шапқыншылық емес, қайта сыртқы жаудын шапқыншылығына қарсы тұрып, көп тайпалар қоныстайтын қадірлі отанды қорғау, өз ұлысының еркіндігін, тәуелсіздігік мұрат етіп, ол үшін күресу, соның жолында бар өмірін сарп ету, сол үшін өлу. «Манас» сияқты ұлы. жырға сюжет болған мұндай ұлы уақиғалар Орта Азия қыраты мен даласында аз болмаган. Оған ауық-ауық шығыс жақтан қаулаған басқыншылық сүрендері айқын дәлел бола алады» (87 б.). Бұл қысқаша тұжырымда терең мағына жатыр. «Манастағы» басты тартыстың бірі Бесбалық (Бейжін) өлкесі үшін түрік халықтарының, тайпаларының бірлесе күш жұмсауы, күресуі төңірегінде болады. Негізгі жау түркі елдерінің жерін, суын еркіндігін басып алмақшы болған қытай басқыншылары болып көрінеді. Жазба тарихтың дерегіне үңілсек те, жүздеген жылдар бойы Шығыс Түркістан мен Орта Азияның түркі халықтары өз тәуелсіздігі үшін Қытай озбырларына қарсы жан аямай күрес жүргізіп келгенін, соның арқасыңда ғана Сібір. Алтайдан бастап Кавказға дейінгі көз жеткісіз өлкенін азаттығын сақтай алғанын оқимыз. Ендеше «Манас» - сол күрестің ең бір жанды тұстарын елестететің, шындығы мен қиялы аралас көркем ескерткіш. Түрік қағанаты, Қарахандар мемлекеті оқиғаларына казіргі түркі тілдес халыктардың көбі ортақ болатыны секілді сол ғасырлардың қаһармандық шежіресі де көп ретте ортақ мұрадай. «Манасқа» мәңгілік өмір беріп тұрған идея - елдік, отаншылдық, ынтымақ идеясы...

Ә.Марғұлан кітабының соңында «Көкетай ханның ертегісі» атты қолжазбаның тұңғыш рет факсимилесі жарияланған. Бұл - «Манасты» зерттеушілер үшін аса бағалы жаңалық болып табылады.

Академик Ә.Марғұланның «Шоқан және Манас» атты кітабы - кемел оқымыстының көп жылдық ізденістері нәтижесінде туған шын мәніндегі терең ғылыми еңбек. Бұл -манастану ғылымына қосылған күрделі үлес.

1972

Бөлісу: