«Манас» туралы маңызды зерттеу

20 Қараша 2013, 11:50

Орта Азия мен Қазақстан халықтарының аса бай эпостык мұраларының ішінде өзінің көлемімен де, көркемдігімен де, тарихи мол дерегімен де ерекше тұлғаланып тұратын жырдың бірі - «Манас». Қырғыз халқы өмірінің көп ғасырлар бойындағы елеулі оқиғаларының көркемдік шежіресі, «дәуірлер ақиқатының жаңғырығы тәрізді мұғал эпопея «Манастың» бүтін бітімін де, жеке бөлшектерін де сөз ету, зерттеу таразысына салу ғалымдар үшін аса қастерлі тақырыптың бірі болып келеді. Әрбір үлкен эпикалық туынды секілді «Манасты» зерттеу де жеке өзіндік мақсат болып табылмайды; бұл ұланғайыр көркем ескерткіштің қасиетін жан-жақты ашу тарихтың да, мәдениеттің де алуан мәселелерін тануға комектеседі, бұрынғы өткен бұлдыр заманның бұл кезге дейін көмескі жатқан сырларын ашуға септеседі. «Манас» сынды әлемдік даңққа ие болған бірегей туындыны тексеру ғылымның көп саласын қамтитын білімпаздардың бірлесе күш қосуын да қажет етеді. Бұл эпопея әдебиетшіні де, тілшіні де, этнографты да, тарихшыны да, экономисті де, құқықшыны да (юристі) бірдей қызықтырып жүргені де осыдан болса керек. «Манасты» тануға, зерттеуге қазақ ғалымдарының ат салысуы мейлінше табиғи құбылыс. Сан ғасырлар бойында аралас-құралас өмір сүрген, тілі де, мәдениеті де бір-біріне өте жақын қазақ пен қырғыз халықтарының өзара айырып болмастай етене туыстығы әмбеге аян. Ұзын тарихтың ұрымтал тұстарында бұл елдердің тағдыры қарайлас, мақсаты орайлас келмеген кезін табу қиын. Революциядан бұрынғы ресми жазуларда қазақты да, қырғызды да «қырғыз» деп атаған патша әкімдерінің жаңылысуы да осындай өте күрделі ортақ нышандардың көптігіне байланысты болса керек... Қырғыз ауыз әдебиетінің Алатаудай биік жәдігерін тұңғыш зерттеуші, оны әлемдік көлемде таныстырушы халқымыздың данышпан перзенті Шоқан Уәлиханов болғанын заңды мақтаныш етеміз. Өзге көп қымбат шығармаларын қоспағанда Ш.Уәлихановтың «Манас» дастанын тұңғыш жазып алып, европа жұртшылығына таныстыруы, терең талдаулар жасауы, парасатты бағалар беруі, «Манасқа» берген сипаттамасы күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ... Совет заманында «Манасты» түбірлі, тиянақты зерттеушінің бірі - ұлы суреткер һәм озық ойшыл Мұхтар Әуезов болды. Ғылымдағы түрлі асыра сілтеушілердің кесірінен «Манастың» басына қилы-қилы кінәраттар тағылып құбыжық саналған кездерде М.Әуезов өзінің биік беделімен, көсем пікірлерімен эпопеяны жат жаладан арашалап қалуға таудай тірек болғанын тарих ұмытпайды. Біз қазақтың екі кемеңгері екі дәуірде «Манастың» ең жетік білгірі де, дуалы ауыз насихатшысы да болып, мәңгілік мәнін жоймас еңбек қалдырғанын әрдайым есте сақтаймыз. «Манас» жырының ғажайып құпиясын ашып, ғылыми қауым игілігі ету жөнінде Шоқаннан басталып, Мұхтар еңбегі арқылы жалғаса түскен тамаша дәстүр ізі суымаған екен. Оның жарқын да жанды куәлігін телегей теңіз білім иесі -тарихшы, этнограф, археолог, әдебиетші академик Әлкей Марғұланның «Шоқан және Манас» атты монографиясынан көреміз. Ғылымның бірнеше саласы бойынша жарияланып жүрген әрбір зерттеу мақаласында талай тың тұжырым, сирек деректер тұнып тұратын энциклопедист ғалымның бұл еңбегі тарих пен әдебиетті сүйетін жамағатқа қымбат тарту болады. «Шоқан және Манас» бүкіл советтік фольклористика ғылымына өз жаңалығымен, қайталанбас сом бітімімен қосылатын үлес екендігіне күмән жоқ. Кітаптың әр тарауы ғана емес, әрбір беті бағалы мағлұматтарға толы. Еңбекті ұқыпты оқыған кісі ғылыми ізденіс дегеннің, фактыларды қадірлей білудің, өзгелердің шығармаларына ілтипат жасаудың, қажет жерінде сын көзімен қарай білудің бір ғана емес, бірнеше ғылымның тұтас жетістік деңгейін есепке ала отырып пікір түюдің, кесек қорытындылар жасаудың үлгісін көреді. Әрбір маман ғылымның жеке бір тарауын ғана куалап жүрген қазіргі дәуірде әлденеше пәннің басын қосып, белгілі, белес ойлар айту бақыты тиген осынау ғұламаның каһарман қайраткерлігіне таңданбасқа болмайды. Сөз болып отырған кітап «Манас» жырын жазып алу тарихынан» «Жырдың мазмұны, сюжет құрылысы», «Жырдағы ерлік бейнелер, кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі», «Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы» деген төрт тараудан тұрады. Кітап сонында «Көкетай ханның ертегісі» (факсимиле) берілген. Аталған тараулардың қай-қайсысында да оқушы ойын байытарлық сан тарап деректер, салыстырулар, білікті болжамдар мол. Тек әдебиетші немесе тарихшы көзімен қарап қоймай, автор қоғамдық ғылымның түрлі саласын меңгерген әмбебап (универсальды) оқымысты биігінен шолып, екінің бірінің ойы да, бойы да жете бермейтін тереңдерге барады. «Манасты» тікелей зерттей отырып, Орта Азия халықтарының тарихына ортақ қанша құбылыстар заңдылығын ашады. Ең алдымен, Ә.Марғұланның қазақ ғылымының өткендегі жарық жұлдыздарының бірі - Шоқан Уәлихановтың ғылыми, әдеби мұрасын жинап, жариялаудағы ұланасыр қызметін ерекше атап өту шарт. Ш.Уәлихановтың сан архивте шашылып жатқан, жоғалдыға саналып келген қолжазбаларын тірнектеп тауып, оларды бүгінгі жұртшылыққа ұсынуы -ғалымдык,   азаматтық   ерлік.   Міне,   сол   Шоқан   мұрасын жыддар бойы сарыла ізденудің және бір күрделі нәтижесі -«Көкетай ханның ертегісі» табылуы. Шоқан архивінен табылған «Көкетай ханның ертегісі» қашан және қандай жағдайда, кімнен жазып алынғанын анықтауға ғалым көп уақыт сарп еткені сезіледі. Қырғыз манасшыларының айтуында жырдың түрлі айырмашылықтары бар екенін ескерген автор Шоқан жазып алған нұсқа дәл кімнен келгенін тексеруді үлкен ғылыми міндет етіп қойған. Автор Шоқанның қырғыз әдебиеті мен тарихына байланысты жазған материалдарын: аңыздар, шежірелер, жырлар деп негізгі үш топқа бөліп қарайды; осылардың әрқайсысына қатысты қыруар қызғылықты мысаддар келтіріп, байтақ білімін байқатады. «Манас» жырының тұтас тұлғасын таныған Ш.Уәлиановтың «Көкетай ханның ертегісін» ғана жазып алу себебін аса дәлелді, ғибратты етіп кемел әңгімелейді. Ә.Марғұланның пайымдауынша, «Көкетай ханның ертегісі» -қырғыз тарихы мен тұрмысының бұрынғысынан бейқисап дерек беретін аса көркем жыр. Шоқанның жыр кестесін неғұрлым анық та табиғи қалпында жазып алуын автор кемел тарихи іс деп бағалайды. Бұл бағаның әділдігіне кітаптың келесі тарауларында көз жетеді. «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінің одан кейінгі жазулардан көп ерекшелігін де Ә.Марғұлан қапысыз дәлелдеген. Дәл Шоқан жазған «Көкетай ханның ертегісін» кейінірек В.В.Радлов та хатқа түсіргені белгілі. Бірақ бұл екі нұсқаның алғашқысы анағұрлым бай да, көркем де екенін автор өте үйлесімді түсіндіреді. Ә.Марғұлан «Көкетай ханның ертегісін» Ш.Уәлиханов та, В.В.Радлов та бір жыршыдан жазып алғанын анықтаған. «Мазмұн жағынан екі жырдың арасында көп өзгешелік жоқ. Айырмашылық тек қана жыршының қандай шабытпен айтуынан, жазып алушының қолданған әдісімен ғана аңғарылады. В.В.Радлов жазуында кейбір әдемі суреттермен бірге, жырдың ағымы жүйелі түрде суреттелмей, кейде үзіліп, кейде кібіртіктеніп отырады. Шоқанның жазуындағы аңқып тұрған хош иісті көркем бейнелер мұнда сараң кездеседі. Тегінде Шоқанға ашқан кеудесін жыршы аяулы ғалымға кең ашпаған, қулыққа салып, «Көкетай» жырының көп жерін қалдырып айтқан, оның ішінде Көкетайдың өсиет сөзі бүтіндей жоқ; көш жолы, ас беру, асқа шақыру, ат сынау суреттері Шоқанның жазуындағыдай шалқыта айтылмай, қысқа-қысқа кібіртік түрде жазылған. Бұлай болудың себебі: жыршы В.В.Радловты «ақ патшаның ұлығы» деп түсініп, оған басқа сезіммен қараған. Жырдың тарихи құрылысын өзгерте айтып, оның көп жерін «ақ патшаны» мақтауға арнаған, оның бас алыбы -Манасты «ақ патшаның қарауындағы батыр» деп суреттеген. Мұның бәрі, әрине, «ақ патша ұлығына» жағынып, оның көңілін алдап, тағы да сый-сияпат көрсем деген оймен істелген. Сондықтан В.В.Радловтың жазуында жырдың тарихи заманнан қалыптасқан түріне қайшы келетін... бұрмалап айтқан, бояма сөздер жиі кездесіп отырады» (23 б.). Терең тексеруден туған осы анықтаманың өзі аталған еңбектің салдарлы ізденулер нәтижесінде туғанын аңғарта түседі. Біз Шоқан жазып алған нұсқаның айрықша қымбаты неде екеніне монография бойында талай рет көз жеткіземіз. Уақыт өткен сайын «Манасты» айтушылар жырдың кестесіне елеулі өзгерістер енгізіп, байырғы қалпынан коп алыстатып әкеткен көрінеді. Бұл пікірді дәлелдеу үшін автор тағы да коп мысалдар келтіреді. Жырдың өзгермеген түпнұсқасы және оның ғылым үшін пайдасы деген қағиданы Ә.Марғұлан кітаптың келесі тарауларында жіліктеп шешеді. Монографияның алғашқы тарауында автор «Манас» жырының ғасыр бойында зерттелу жайын шолады; бұл саладағы белгілі еңбектердің сипатын ашады, ерекшелігін ескертеді. Шоқан қолжазбасының табылуы «Манастың» шығу тарихын, қай заман туыңдысы екенін, қандай ақиқатты озіне арқау еткенін анықтауға теңдесі жоқ беделді негіз болатынын тағы да тұжырымдай келіп, жұртшылық назарын ескі «түркі» жазуының ғылым үшін, тарихты тану үшін айрықша қадірлі екеніне аударады. «Манас» жырын Шоқан ғасырлар бойы Орта Азия мен Қазақстан жерінде қолданылған, «түрік» деп аталатын, дәстүрлі араб емлесімен жазған. Мың жылдық тарихы бар, көп ғасырлар ішінде қалыптаскан бұл жазудың тарихи дәуірлерде болған саяси, мәдени тіршіліктегі маңызы зор болатын. Оныншы ғасырдан бастап, соңғы дәуірге дейінгі Орта Азия мен Қазақстанда, Орал, Еділ бойыңда жасаған саңлақ, көзі ашық адамдардың барлығы өзінің ойларын қағаз бетіне осы жазумен ғана түсірген. Шағатай ақындарының өлеңдері, атақты Бабырдың, Қадырғали Жалаиридің, Әбілғазының тарихи жазулары. Бұхар жыраудың, Абайдың өлеңдері, Сырым Датовтың нақылдары осы жазу арқылы бізге жетті. Бұл жазумен сақталған тарих, шежіре, әдебиет, тіл мұралары аз емес. Оның мысалына «Қорқыт» әңгімесін, «Оғызнаме», «Мұхаббатнаме», «Шайбанинаме», «Шыңғыс-наме», «Абушка», «Саңлақ» тағы басқа қолжазбаларды келтіруге болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғайлар айтатын XII-XVI ғасырдағы ерлік, махаббат жырларының көбі осы жазумен сақталып келеді. Олардың ішіңде «Қозы Көрпеш -Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Едіге», «Ер Сайын», «Ер Тарғын» тағы баскалар бар. Олардың ертеректе жазылған нұскалары қолжазба турінде осы күнге дейін дүние жузінің атақты кітапханаларында сақталып келеді. Олармен қатар ХУІ-ХГХ ғасырдағы қазақ халқының Орта Азия, Россия, Қытай мемлекеттерімен елшілік, жұртаралық қатынастары да бір ғана осы жазумен жүргізілген. Шоқан жазып алған «Манас» жыры соңдай тарихи жазулардың бірі» (31-32 беттер)... Ардақты ғалым жинақтап, көсілтіп айтқан бұл ойлары арқылы революциядан бұрын халкымыз пайдаланып келген араб жазуын үйренудің қажеттігіне, бұл мәселеге лайықты мән беру парызымыз екеніне көз жеткізеді. «Шоқан және Манас» атты кітаптың әр тарауында үлкен ғылыми қорытындылар мен танытқыштық мәні зор пайымдаулардың көптігі сонша - оларды мақала көлемінде түгел келтіру мумкін емес. Сондықтан ғылым үшін жаңа сөз, соны тұжырым болып табылатын бірнеше мәселеге ғана кідіріп өту ләзім. Ә.Марғұлан «Көкетай ханның ертегісі» жырының мазмұнын талдай келіп, қырғыз халқының тарихына байланысты өте маңызды байқаулар айтады. Бұл жерде баяндалатын ел басшысы Көкетайдың қартайып өлер шағында елімен қоштасуы; Көкетай өлген соң билік үшін таластар, халықтың дана жолбасшы іздеуі, ас беруге даярлық ресімдері; Алатаудан Алтай, Қантайға дейінгі көш жолының суреттері; Енесей бойында «Түпкі ханға» барып, Көкетайға ас берудің түрлі көріністері, мал сойыс, ойын, ат шабыс, мереке салтанаты - бәрі де халық өмірінің аса қызғылықты тұстарын мәдениет ұғым-наным, әдет-ғұрып, дәрежесін бейнелейтін куәліктер ретінде қаралады. Автор «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінің екі түрлі айрықша белгісін бөліп көрсетеді. Соның бірі - еддің бір замандағы патриархалдық салт-санасының қоспасыз, «таза» қалпында көрінуі; екіншісі -халықтың көне дәуірдегі тіл ерекшелігінің алғашқы көркімен сақталуы. Автор Шоқан жазып алған «Көкетай ханның ертегісі» «Манас» жырының бір бөлегі ғана болғанымен, эпопеяның бас идеясы бұдан анық аңғарылатынын ескертеді. Ол - сыртқы жаулар, ішкі алауыздықтар қырсығын жоюға едді бастай алатын ерді аңсау, халық бірлігі мен тәуелсіздігін жоғалтпау идеясы. Көкетайдың асына байланысты көл-көсір салтанат бір жағынан халықтың сол дәуірдегі дарқан мінезін, ерлікке толы тарихын көрсетсе, екінші жағынан қырғыз қауымының ішкі қайшылықтарын да сездіреді. Жырдың әуелгі нұсқасы сақталуы деген қандай ғажайып нәрсе екенін Ә.Марғұлан бізге көп керемет жаңалықтар тауып ұқтырады. «...Тарих-география көзімен қарағанда жырдағы ең маңызды суреттің бірі - ерте замандағы көш жолы, оның ішінде қырғыз халқының Алатаудан Алтай, Саян тауларына көшіп бара жатқандағы жойқын көш суреті. Көш Ыссық көл жағасынан - Қозы басынан (Қопа) шығып, ең соңында Кем-кемжік (Енесей) өлкесіндегі Түпкі ханға барып тоқтайды. Ол жерге барған соң Көкетайға ас беру жабдығына кіріседі. Сөйтіп көштің жолы кейбір жазушылардың түсінуі сияқты Шығыс Түркістаннан батысқа қарай емес, Ыссық көлден Оңтустік Сібірге, Алтай, Саян тауларына карай бағытталған. Оны жырда кездесетін көш жолының суреттері мен ондаған жер аттары айқын сипаттайды. Оның үстіне мұндағы жер аттары тарихи заманнан бүгінге дейін қолданылып келе жатқан географиялық атаулар екенін көрсетеді» (43 б.) дейді автор. Қырғыздар ерте заманда Енисей мен Алатаудың арасында көшіп-қонып жүрген үлкен айбарлы ел болғандығы «Манас» жыры арқылы осылай дәлелденеді. Көп білімділер талай рет қайталап айтқан кағида - эпос, ауыз әдебиеті, белгілі дәрежеде, халықтың тарихынан да хабардар ететіндігі бұл мысалмен де құптау тапқандай. Ә.Марғұлан келтірген фактілердің әр тобы жеке-жеке зерттеулерге тақырып болғандай. Мәселен, Көкетай ханның асына, сонау алыстағы Енесей өзенінің бойына шақырылған елдің аумағы мен құрамына көз жіберсек, Түрік Қағанаты кезіндегі бірлестіктер еске түседі. Батыс Қазақстаннан бастап, Үргеніш, Самархан, Бұхара, Сыр бойы, Орталық Қазақстан, Жетісу, Ертіс, Алтай өлкелері халықтарының асқа шақырылуы да кездейсоқ болмаса керек. Ел басына түскен ірі оқиғалар кезінде тек бір-бірімен тығыз байланысты, мүдделес, мұраттас жұрттар ғана бас қоспақ, бірлесе мәміле таппақ. Сөйтіп, Көкетай ханның асы тарихтың шаңы басқан көп сырды жаңғырта баяндай алады екен. Монографияда «Манас» жырының қаһармандары, олардың тарихи негізі туралы да өте мәнді, ғибратты әңгіме қозғалған. Автор бас қаһарман - Манастың өмірбаяны мен ерлік суреттеріне талдау бере отырып, жалпы түркі халықтарының эпосындағы ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Манастың туысына, тәлім-тәрбиесіне, ел бастауына қатысты деректердің бәрі де түркі халықтарының, соньщ ішінде кырғыз халқының қадім ғасырлардағы шындығына сәйкес келетінін дәледдейді. Бір тамаша жері - автор «Манастың» түпкі нұсқасына кейінгі заманда қосылған түрлі қаттамаларды білгір ажыратады. «Манас» жырындағы қаһармандардың біразы (Ер Төстік, Ер Қосай, Ер Көкше, Ер Едіге т.б.) қазақ эпосында кездесетінін ескерте келіп, автор бұндай құбылыстың терен сырын ұғындыратын қызғылықты мағлұматтар келтіреді. Ғалым жекелеген адам аттарындағы ұқсастықтарды ғана емес, тұтас-тұтас қазақ руларының сол замандағы бірлестік құрамында жүргенін нұсқайды. «...жалпы айтқанда «Манас» жырындағы геройлардың көпшілігі кейін қазақ ұлысына қосылған тайпалардың өкілдері, сол тайпалардың өздері... «Манас» жырының уақиғасына қазақ тайпалары тегіс қатысады десе де болады. Мәселен, ¥лы жүзден - Үйсін. Жалайыр, Қаңлы; Орта жүзден - Арғын, Қыпшақ, Керей, Найман, Қоңырат, Уақ; Кіші жүзден - Алшын, Тама, Телеу. Керейіт, Шеркеш, Кердері тағы басқалар. Бұлардың барлығы монғол дәуірінен көп бұрын жасаған, тек XV ғасырдан былай қарай қазақ қауымын құра бастаған тайпалар» (81 б.).

Орта Азия мен Қазақстан халықтарының аса бай эпостык мұраларының ішінде өзінің көлемімен де, көркемдігімен де, тарихи мол дерегімен де ерекше тұлғаланып тұратын жырдың бірі - «Манас». Қырғыз халқы өмірінің көп ғасырлар бойындағы елеулі оқиғаларының көркемдік шежіресі, «дәуірлер ақиқатының жаңғырығы тәрізді мұғал эпопея «Манастың» бүтін бітімін де, жеке бөлшектерін де сөз ету, зерттеу таразысына салу ғалымдар үшін аса қастерлі тақырыптың бірі болып келеді. Әрбір үлкен эпикалық туынды секілді «Манасты» зерттеу де жеке өзіндік мақсат болып табылмайды; бұл ұланғайыр көркем ескерткіштің қасиетін жан-жақты ашу тарихтың да, мәдениеттің де алуан мәселелерін тануға комектеседі, бұрынғы өткен бұлдыр заманның бұл кезге дейін көмескі жатқан сырларын ашуға септеседі. «Манас» сынды әлемдік даңққа ие болған бірегей туындыны тексеру ғылымның көп саласын қамтитын білімпаздардың бірлесе күш қосуын да қажет етеді. Бұл эпопея әдебиетшіні де, тілшіні де, этнографты да, тарихшыны да, экономисті де, құқықшыны да (юристі) бірдей қызықтырып жүргені де осыдан болса керек.

«Манасты» тануға, зерттеуге қазақ ғалымдарының ат салысуы мейлінше табиғи құбылыс. Сан ғасырлар бойында аралас-құралас өмір сүрген, тілі де, мәдениеті де бір-біріне өте жақын қазақ пен қырғыз халықтарының өзара айырып болмастай етене туыстығы әмбеге аян. Ұзын тарихтың ұрымтал тұстарында бұл елдердің тағдыры қарайлас, мақсаты орайлас келмеген кезін табу қиын. Революциядан бұрынғы ресми жазуларда қазақты да, қырғызды да «қырғыз» деп атаған патша әкімдерінің жаңылысуы да осындай өте күрделі ортақ нышандардың көптігіне байланысты болса керек...

Қырғыз ауыз әдебиетінің Алатаудай биік жәдігерін тұңғыш зерттеуші, оны әлемдік көлемде таныстырушы халқымыздың данышпан перзенті Шоқан Уәлиханов болғанын заңды мақтаныш етеміз. Өзге көп қымбат шығармаларын қоспағанда Ш.Уәлихановтың «Манас» дастанын тұңғыш жазып алып, европа жұртшылығына таныстыруы, терең талдаулар жасауы, парасатты бағалар беруі, «Манасқа» берген сипаттамасы күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ... Совет заманында «Манасты» түбірлі, тиянақты зерттеушінің бірі - ұлы суреткер һәм озық ойшыл Мұхтар Әуезов болды. Ғылымдағы түрлі асыра сілтеушілердің кесірінен «Манастың» басына қилы-қилы кінәраттар тағылып құбыжық саналған кездерде М.Әуезов өзінің биік беделімен, көсем пікірлерімен эпопеяны жат жаладан арашалап қалуға таудай тірек болғанын тарих ұмытпайды. Біз қазақтың екі кемеңгері екі дәуірде «Манастың» ең жетік білгірі де, дуалы ауыз насихатшысы да болып, мәңгілік мәнін жоймас еңбек қалдырғанын әрдайым есте сақтаймыз.

«Манас» жырының ғажайып құпиясын ашып, ғылыми қауым игілігі ету жөнінде Шоқаннан басталып, Мұхтар еңбегі арқылы жалғаса түскен тамаша дәстүр ізі суымаған екен. Оның жарқын да жанды куәлігін телегей теңіз білім иесі -тарихшы, этнограф, археолог, әдебиетші академик Әлкей Марғұланның «Шоқан және Манас» атты монографиясынан көреміз. Ғылымның бірнеше саласы бойынша жарияланып жүрген әрбір зерттеу мақаласында талай тың тұжырым, сирек деректер тұнып тұратын энциклопедист ғалымның бұл еңбегі тарих пен әдебиетті сүйетін жамағатқа қымбат тарту болады. «Шоқан және Манас» бүкіл советтік фольклористика ғылымына өз жаңалығымен, қайталанбас сом бітімімен қосылатын үлес екендігіне күмән жоқ. Кітаптың әр тарауы ғана емес, әрбір беті бағалы мағлұматтарға толы. Еңбекті ұқыпты оқыған кісі ғылыми ізденіс дегеннің, фактыларды қадірлей білудің, өзгелердің шығармаларына ілтипат жасаудың, қажет жерінде сын көзімен қарай білудің бір ғана емес, бірнеше ғылымның тұтас жетістік деңгейін есепке ала отырып пікір түюдің, кесек қорытындылар жасаудың үлгісін көреді. Әрбір маман ғылымның жеке бір тарауын ғана куалап жүрген қазіргі дәуірде әлденеше пәннің басын қосып, белгілі, белес ойлар айту бақыты тиген осынау ғұламаның каһарман қайраткерлігіне таңданбасқа болмайды.

Сөз болып отырған кітап «Манас» жырын жазып алу тарихынан» «Жырдың мазмұны, сюжет құрылысы», «Жырдағы ерлік бейнелер, кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі», «Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы» деген төрт тараудан тұрады. Кітап сонында «Көкетай ханның ертегісі» (факсимиле) берілген. Аталған тараулардың қай-қайсысында да оқушы ойын байытарлық сан тарап деректер, салыстырулар, білікті болжамдар мол. Тек әдебиетші немесе тарихшы көзімен қарап қоймай, автор қоғамдық ғылымның түрлі саласын меңгерген әмбебап (универсальды) оқымысты биігінен шолып, екінің бірінің ойы да, бойы да жете бермейтін тереңдерге барады. «Манасты» тікелей зерттей отырып, Орта Азия халықтарының тарихына ортақ қанша құбылыстар заңдылығын ашады.

Ең алдымен, Ә.Марғұланның қазақ ғылымының өткендегі жарық жұлдыздарының бірі - Шоқан Уәлихановтың ғылыми, әдеби мұрасын жинап, жариялаудағы ұланасыр қызметін ерекше атап өту шарт. Ш.Уәлихановтың сан архивте шашылып жатқан, жоғалдыға саналып келген қолжазбаларын тірнектеп тауып, оларды бүгінгі жұртшылыққа ұсынуы -ғалымдык,   азаматтық   ерлік.   Міне,   сол   Шоқан   мұрасын жыддар бойы сарыла ізденудің және бір күрделі нәтижесі -«Көкетай ханның ертегісі» табылуы. Шоқан архивінен табылған «Көкетай ханның ертегісі» қашан және қандай жағдайда, кімнен жазып алынғанын анықтауға ғалым көп уақыт сарп еткені сезіледі. Қырғыз манасшыларының айтуында жырдың түрлі айырмашылықтары бар екенін ескерген автор Шоқан жазып алған нұсқа дәл кімнен келгенін тексеруді үлкен ғылыми міндет етіп қойған. Автор Шоқанның қырғыз әдебиеті мен тарихына байланысты жазған материалдарын: аңыздар, шежірелер, жырлар деп негізгі үш топқа бөліп қарайды; осылардың әрқайсысына қатысты қыруар қызғылықты мысаддар келтіріп, байтақ білімін байқатады. «Манас» жырының тұтас тұлғасын таныған Ш.Уәлиановтың «Көкетай ханның ертегісін» ғана жазып алу себебін аса дәлелді, ғибратты етіп кемел әңгімелейді. Ә.Марғұланның пайымдауынша, «Көкетай ханның ертегісі» -қырғыз тарихы мен тұрмысының бұрынғысынан бейқисап дерек беретін аса көркем жыр. Шоқанның жыр кестесін неғұрлым анық та табиғи қалпында жазып алуын автор кемел тарихи іс деп бағалайды. Бұл бағаның әділдігіне кітаптың келесі тарауларында көз жетеді. «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінің одан кейінгі жазулардан көп ерекшелігін де Ә.Марғұлан қапысыз дәлелдеген. Дәл Шоқан жазған «Көкетай ханның ертегісін» кейінірек В.В.Радлов та хатқа түсіргені белгілі. Бірақ бұл екі нұсқаның алғашқысы анағұрлым бай да, көркем де екенін автор өте үйлесімді түсіндіреді. Ә.Марғұлан «Көкетай ханның ертегісін» Ш.Уәлиханов та, В.В.Радлов та бір жыршыдан жазып алғанын анықтаған. «Мазмұн жағынан екі жырдың арасында көп өзгешелік жоқ. Айырмашылық тек қана жыршының қандай шабытпен айтуынан, жазып алушының қолданған әдісімен ғана аңғарылады. В.В.Радлов жазуында кейбір әдемі суреттермен бірге, жырдың ағымы жүйелі түрде суреттелмей, кейде үзіліп, кейде кібіртіктеніп отырады. Шоқанның жазуындағы аңқып тұрған хош иісті көркем бейнелер мұнда сараң кездеседі. Тегінде Шоқанға ашқан кеудесін жыршы аяулы ғалымға кең ашпаған, қулыққа салып, «Көкетай» жырының көп жерін қалдырып айтқан, оның ішінде Көкетайдың өсиет сөзі бүтіндей жоқ; көш жолы, ас беру, асқа шақыру, ат сынау суреттері Шоқанның жазуындағыдай шалқыта айтылмай, қысқа-қысқа кібіртік түрде жазылған. Бұлай болудың себебі: жыршы В.В.Радловты «ақ патшаның ұлығы» деп түсініп, оған басқа сезіммен қараған. Жырдың тарихи құрылысын өзгерте айтып, оның көп жерін «ақ патшаны» мақтауға арнаған, оның бас алыбы -Манасты «ақ патшаның қарауындағы батыр» деп суреттеген. Мұның бәрі, әрине, «ақ патша ұлығына» жағынып, оның көңілін алдап, тағы да сый-сияпат көрсем деген оймен істелген. Сондықтан В.В.Радловтың жазуында жырдың тарихи заманнан қалыптасқан түріне қайшы келетін... бұрмалап айтқан, бояма сөздер жиі кездесіп отырады» (23 б.). Терең тексеруден туған осы анықтаманың өзі аталған еңбектің салдарлы ізденулер нәтижесінде туғанын аңғарта түседі. Біз Шоқан жазып алған нұсқаның айрықша қымбаты неде екеніне монография бойында талай рет көз жеткіземіз. Уақыт өткен сайын «Манасты» айтушылар жырдың кестесіне елеулі өзгерістер енгізіп, байырғы қалпынан коп алыстатып әкеткен көрінеді. Бұл пікірді дәлелдеу үшін автор тағы да коп мысалдар келтіреді. Жырдың өзгермеген түпнұсқасы және оның ғылым үшін пайдасы деген қағиданы Ә.Марғұлан кітаптың келесі тарауларында жіліктеп шешеді.

Монографияның алғашқы тарауында автор «Манас» жырының ғасыр бойында зерттелу жайын шолады; бұл саладағы белгілі еңбектердің сипатын ашады, ерекшелігін ескертеді. Шоқан қолжазбасының табылуы «Манастың» шығу тарихын, қай заман туыңдысы екенін, қандай ақиқатты озіне арқау еткенін анықтауға теңдесі жоқ беделді негіз болатынын тағы да тұжырымдай келіп, жұртшылық назарын ескі «түркі» жазуының ғылым үшін, тарихты тану үшін айрықша қадірлі екеніне аударады. «Манас» жырын Шоқан ғасырлар бойы Орта Азия мен Қазақстан жерінде қолданылған, «түрік» деп аталатын, дәстүрлі араб емлесімен жазған. Мың жылдық тарихы бар, көп ғасырлар ішінде қалыптаскан бұл жазудың тарихи дәуірлерде болған саяси, мәдени тіршіліктегі маңызы зор болатын. Оныншы ғасырдан бастап, соңғы дәуірге дейінгі Орта Азия мен Қазақстанда, Орал, Еділ бойыңда жасаған саңлақ, көзі ашық адамдардың барлығы өзінің ойларын қағаз бетіне осы жазумен ғана түсірген. Шағатай ақындарының өлеңдері, атақты Бабырдың, Қадырғали Жалаиридің, Әбілғазының тарихи жазулары. Бұхар жыраудың, Абайдың өлеңдері, Сырым Датовтың нақылдары осы жазу арқылы бізге жетті. Бұл жазумен сақталған тарих, шежіре, әдебиет, тіл мұралары аз емес. Оның мысалына «Қорқыт» әңгімесін, «Оғызнаме», «Мұхаббатнаме», «Шайбанинаме», «Шыңғыс-наме», «Абушка», «Саңлақ» тағы басқа қолжазбаларды келтіруге болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғайлар айтатын XII-XVI ғасырдағы ерлік, махаббат жырларының көбі осы жазумен сақталып келеді. Олардың ішіңде «Қозы Көрпеш -Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Едіге», «Ер Сайын», «Ер Тарғын» тағы баскалар бар. Олардың ертеректе жазылған нұскалары қолжазба турінде осы күнге дейін дүние жузінің атақты кітапханаларында сақталып келеді. Олармен қатар ХУІ-ХГХ ғасырдағы қазақ халқының Орта Азия, Россия, Қытай мемлекеттерімен елшілік, жұртаралық қатынастары да бір ғана осы жазумен жүргізілген. Шоқан жазып алған «Манас» жыры соңдай тарихи жазулардың бірі» (31-32 беттер)... Ардақты ғалым жинақтап, көсілтіп айтқан бұл ойлары арқылы революциядан бұрын халкымыз пайдаланып келген араб жазуын үйренудің қажеттігіне, бұл мәселеге лайықты мән беру парызымыз екеніне көз жеткізеді.

«Шоқан және Манас» атты кітаптың әр тарауында үлкен ғылыми қорытындылар мен танытқыштық мәні зор пайымдаулардың көптігі сонша - оларды мақала көлемінде түгел келтіру мумкін емес. Сондықтан ғылым үшін жаңа сөз, соны тұжырым болып табылатын бірнеше мәселеге ғана кідіріп өту ләзім.

Ә.Марғұлан «Көкетай ханның ертегісі» жырының мазмұнын талдай келіп, қырғыз халқының тарихына байланысты өте маңызды байқаулар айтады. Бұл жерде баяндалатын ел басшысы Көкетайдың қартайып өлер шағында елімен қоштасуы; Көкетай өлген соң билік үшін таластар, халықтың дана жолбасшы іздеуі, ас беруге даярлық ресімдері; Алатаудан Алтай, Қантайға дейінгі көш жолының суреттері; Енесей бойында «Түпкі ханға» барып, Көкетайға ас берудің түрлі көріністері, мал сойыс, ойын, ат шабыс, мереке салтанаты - бәрі де халық өмірінің аса қызғылықты тұстарын мәдениет ұғым-наным, әдет-ғұрып, дәрежесін бейнелейтін куәліктер ретінде қаралады. Автор «Манастан» Шоқан жазып алған үзіндінің екі түрлі айрықша белгісін бөліп көрсетеді. Соның бірі - еддің бір замандағы патриархалдық салт-санасының қоспасыз, «таза» қалпында көрінуі; екіншісі -халықтың көне дәуірдегі тіл ерекшелігінің алғашқы көркімен сақталуы. Автор Шоқан жазып алған «Көкетай ханның ертегісі» «Манас» жырының бір бөлегі ғана болғанымен, эпопеяның бас идеясы бұдан анық аңғарылатынын ескертеді. Ол - сыртқы жаулар, ішкі алауыздықтар қырсығын жоюға едді бастай алатын ерді аңсау, халық бірлігі мен тәуелсіздігін жоғалтпау идеясы. Көкетайдың асына байланысты көл-көсір салтанат бір жағынан халықтың сол дәуірдегі дарқан мінезін, ерлікке толы тарихын көрсетсе, екінші жағынан қырғыз қауымының ішкі қайшылықтарын да сездіреді.

Жырдың әуелгі нұсқасы сақталуы деген қандай ғажайып нәрсе екенін Ә.Марғұлан бізге көп керемет жаңалықтар тауып ұқтырады. «...Тарих-география көзімен қарағанда жырдағы ең маңызды суреттің бірі - ерте замандағы көш жолы, оның ішінде қырғыз халқының Алатаудан Алтай, Саян тауларына көшіп бара жатқандағы жойқын көш суреті. Көш Ыссық көл жағасынан - Қозы басынан (Қопа) шығып, ең соңында Кем-кемжік (Енесей) өлкесіндегі Түпкі ханға барып тоқтайды. Ол жерге барған соң Көкетайға ас беру жабдығына кіріседі. Сөйтіп көштің жолы кейбір жазушылардың түсінуі сияқты

Шығыс Түркістаннан батысқа қарай емес, Ыссық көлден Оңтустік Сібірге, Алтай, Саян тауларына карай бағытталған. Оны жырда кездесетін көш жолының суреттері мен ондаған жер аттары айқын сипаттайды. Оның үстіне мұндағы жер аттары тарихи заманнан бүгінге дейін қолданылып келе жатқан географиялық атаулар екенін көрсетеді» (43 б.) дейді автор. Қырғыздар ерте заманда Енисей мен Алатаудың арасында көшіп-қонып жүрген үлкен айбарлы ел болғандығы «Манас» жыры арқылы осылай дәлелденеді. Көп білімділер талай рет қайталап айтқан кағида - эпос, ауыз әдебиеті, белгілі дәрежеде, халықтың тарихынан да хабардар ететіндігі бұл мысалмен де құптау тапқандай. Ә.Марғұлан келтірген фактілердің әр тобы жеке-жеке зерттеулерге тақырып болғандай. Мәселен, Көкетай ханның асына, сонау алыстағы Енесей өзенінің бойына шақырылған елдің аумағы мен құрамына көз жіберсек, Түрік Қағанаты кезіндегі бірлестіктер еске түседі. Батыс Қазақстаннан бастап, Үргеніш, Самархан, Бұхара, Сыр бойы, Орталық Қазақстан, Жетісу, Ертіс, Алтай өлкелері халықтарының асқа шақырылуы да кездейсоқ болмаса керек. Ел басына түскен ірі оқиғалар кезінде тек бір-бірімен тығыз байланысты, мүдделес, мұраттас жұрттар ғана бас қоспақ, бірлесе мәміле таппақ. Сөйтіп, Көкетай ханның асы тарихтың шаңы басқан көп сырды жаңғырта баяндай алады екен.

Монографияда «Манас» жырының қаһармандары, олардың тарихи негізі туралы да өте мәнді, ғибратты әңгіме қозғалған. Автор бас қаһарман - Манастың өмірбаяны мен ерлік суреттеріне талдау бере отырып, жалпы түркі халықтарының эпосындағы ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Манастың туысына, тәлім-тәрбиесіне, ел бастауына қатысты деректердің бәрі де түркі халықтарының, соньщ ішінде кырғыз халқының қадім ғасырлардағы шындығына сәйкес келетінін дәледдейді. Бір тамаша жері - автор «Манастың» түпкі нұсқасына кейінгі заманда қосылған түрлі қаттамаларды білгір ажыратады.

«Манас» жырындағы қаһармандардың біразы (Ер Төстік, Ер Қосай, Ер Көкше, Ер Едіге т.б.) қазақ эпосында кездесетінін ескерте келіп, автор бұндай құбылыстың терен сырын ұғындыратын қызғылықты мағлұматтар келтіреді. Ғалым жекелеген адам аттарындағы ұқсастықтарды ғана емес, тұтас-тұтас қазақ руларының сол замандағы бірлестік құрамында жүргенін нұсқайды. «...жалпы айтқанда «Манас» жырындағы геройлардың көпшілігі кейін қазақ ұлысына қосылған тайпалардың өкілдері, сол тайпалардың өздері... «Манас» жырының уақиғасына қазақ тайпалары тегіс қатысады десе де болады. Мәселен, ¥лы жүзден - Үйсін. Жалайыр, Қаңлы; Орта жүзден - Арғын, Қыпшақ, Керей, Найман, Қоңырат, Уақ; Кіші жүзден - Алшын, Тама, Телеу. Керейіт, Шеркеш, Кердері тағы басқалар. Бұлардың барлығы монғол дәуірінен көп бұрын жасаған, тек XV ғасырдан былай қарай қазақ қауымын құра бастаған тайпалар» (81 б.).

Бөлісу: