20 Қараша 2013, 09:48
Қазақ совет әдебиеті қаламгерлерінің сапына сона жиырмасыншы жылдардың өзінде С.Сейфуллин, Б.Майлин. С.Мұқановтардың ізін баса қосылған көрнекті ақын, жазушы. балалар әдебиетінің ірі қайраткері Өтебай Тұрманжановтык әдеби туындылары мол да, мәнді де. Екі бірдей жанрда - әр; поэзияда, әрі прозада қалам тербеп, отыздан астам кітап шығарған авторлардың күллі творчестволық өмірін терең де түбегейлі тексеру үлкен, арнаулы монографияға лайық міндет. Біз бұл мақалада Ө.Тұрманжановтың ақындық еңбегіне, оның туындыларына тән басты сарындар мен бағыттарды қысқаша шолып өтуді жөн көреміз. Ақынның ұзақ әдеби сапарында қаламынан шыққан өлең, дастан, мысалдардың таңдаулысы 1965 жылы жеке кітап болып басылды. «Бозша торғай» (1970), «Жауқазын» (1973) деген жинақтарына соңғы оншақты жыл ішіндегі еңбектері енген. Суреткер шығармаларының ең шырайлысы осы кітаптарда көрініс тапқан.
Ақын шығармаларының тақырыбы мен идеясын өзі неғұрлым жете таныған құбылыстардан алады. Бұл ретте қаламгердің өмір тәжірибесі мен әлеуметтік ортасының берер тағылымы мол болмақ.
Ол барлық пен жоқтық, еңбек, күрес дегеннің мәнін ерте ұққан. Он бес жасына дейін Ө.Тұрманжанов «өмір университетінің» біраз белесінен өтеді.
Жоқшылық пен тапшылық қыспағынан Өтекең тек Совет өкіметінің қамқорлығы арқасында ғана құтылады. Ол 1919 жылы Ташкент қаласындағы мектеп-интернатқа орналасады, 1922-25 жылдар арасында Москваның Күншығыс елдері университетінде оқиды. Мұнан кейін Ташкентке қайта оралып келіп, университетте мұғалім болады, қазақ-қырғыз әдебиет кафедрасынДа профессор ретінде дәріс оқиды. Сонымен қатар осы кезден бастап ол газет-журналдарда жауапты қызмет атқарады. Ол 1931 жылы Алматыға шақырылып, Қазақтың мемлекеттік педагогика институтында әдебиеттен сабақ берді. Мұнан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында редактордың орынбасары болады.
Ө.Тұрманжановтың творчестволық жолын шолып қарасақ, өзінің негізгі жанры мен іздену өрісін ерте бастан анықтап алған үлкен мақсаттылықты көреміз. Ол ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, өңдеуші, насихаттаушы есебінде де бір кісідей іс тындырған. Өзгелерін айтпаганда, ауыз әдебиетінің інжу-маржаны - мақал-мәтелдерді жинап жариялауының өзі өшпес мәні бар еңбегі дер едік. Өгекең поэзиясында еңбекшілдіктің үлгісі ретінде бал арасынын. тынымсыз әрекетін жиі суреттеп, оны балаларға ғибрат етіп ұсынатынын білеміз. Шындығында, Өтекеңнің өзі де халықтың даналық қазынасынан ерінбей нәр жинайтын, ізденуден, үйренуден жалықпайтын нағыз еңбекші суреткер. Саналы өмірін адам тәрбиесіне бағыштаған азамат қайраткер өмірдің асыл мұраты мен мәні туралы айтуға әбден хақы бар.
Ол кейде үлкен заманалық ойлар мен идеяларды өлеуметтік поэзия деңгейінде көтеріп жырласа, екінші жерде төтелей үгіт-насихат айтады, енді бір тұста мысал түрінде өрнектейді. Бірақ түптеп келгенде азаматтық, саяси поэзиясының да, дидактикасының да, мысалдарының да құятын арнасы біреу - ол жас қауымды адамдық кәмелетке жеткізу, болашаққа болымды ұрпақ тәрбиелеу мүддесі.
Ғибратшылдық - әлем поэзиясында ежелден қалыптасқан өміршең дәстүр. Шығыстың аты жаһанға жайылған шаирларының жамағатқа кемел кеңес, үйренер үлгі айтпағаны бар ма екен? Жүздеген жылдар бойында сөзі өлмеген Сағдн ақынның күллі шығармалары мысал-ғибраттан тұратын. Өтебай Тұрманжанов поэзиясының бас жанры мен тақырыбы да - ұстаздық шарттар мен мұраттар. Оның өлеңдерінің жүрек жарды аңсары жан-жақты жетілген нағыз адам тәрбиелеуге бағышталған.
«Жан-жануардың баласын сүюі», «Төрт түліктің төлдерін сүюі» деген өлендерде тың деректер берілген. Қай өлеңнін ақырында да жарасымды түйін беріліп отырады. Ол табиғат әлемінің жарастығын, келісімін бұзбауға үндейді, көбелектід де, гүлдің де өмірі қиылмасын, «гүлдің досы көбелек, доссыз өмір не керек» деп қорытындылайды.
Өтекеңнің көп өлеңдері халқымыздың ежелден бергі ата кәсібі - төрт түлік мал өсіру тақырыбына жазылған. Бұл түста ол елдің ұғымына қанықты кейбір көне тақпақ сөздерді өңдеп, жаңғыртып, жетілдіріп суреттейді. Жалпы алғанда, Ө.Тұрманжановтың осы тектес «өңдеулері» керемет мәнді, дәмді шығармалар. Дәстур мен жаңашылдық дегеннің парқын жақсы айыратын ақын ертеден ел аузында жүрген сөздер мен тіркестердің қажетті нәрін ала біледі, сол ұғымдардың ескірмес мазмұнын жаңа талапқа сай етіп шығарады. Соның арқасында көне баламалар жаңаша сипат алып отырады. «Қошақан», «Ешкі деген жануар», «Әукім, әукім ақ бұзау», «Ақ ешкіні баптап бак» секілді тақпақ өлеңдер үлкен ойды жатық тілмен жеткізген.
Ақын жылдың әр мезгілінің өзіндік қайталанбас ерекшелігін, ғажайып сұлулығын көре де, айта да біледі. Мұндай шығармалар жас отандастың елге, жерге деген мақтаныш сезімін тудырады. Ақын үшін табиғаттың қысы да, құсы да, қызғылықты тақырып. «Төрт аққу», «Тоғыз үйрек -топ үйрек», «Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр», «Қарағайдың қайда кеткен бұтағы», «Осы біздің Оңтүстік», «Көктем көріністері» тәрізді өлеңдер мазмұнына түрі сай. Ауыз әдебиеті дәстүріне тән үлгімен кейде әсірелеп өлең мазмұнының шырқын бұзбай, оқуға жеңіл, жаттауға қолайлы болып шыға береді.
«Сүйейік табиғатты, аялайық», «Жалаң аяқ жүрейікші жолменен», «Асам деп таудан ақ бұлт» секілді өлеңдерінің әрқайсысы поэзиялық мәдениеті, тапқырлығы табиғилылығы жағынан поэтикалық шығармалардың ең жақсылары қатарында тұрады. Аз сөзге мағына сыйғызу, адамның ең нұрлы аңсарын мейлінше нақты, нәшті етіп айта білу -Ө.Тұрманжанов туындыларына тән белгі.
Әр гүл саған елжіреп сыр шертеді,
Таң-тамаша ол қызық бір ертегі,
Еркіндікті, кеңдікті көңілің сезіп,
Қиянаттан, қыспақтан жирентеді, -деген жолдар ақындық толғаныстан ғана тумақ.
Ө.Тұрманжанов қазақ елінің ежелгі мәдениетін, ерте дәуірдегі Фараби сынды ұлы ғүламалардың өмірін бүгінгі қауымның есіне салады, көне цивилизация ошағы болған Отырар, Сыр, Қаратау өлкесін тебірене жырға қосады. Ол, әсіресе, күллі жақсылықты, жаңалықты жаратушы еңбек адамдарын айрықша бағалайды, «темірге жан бітіріп, құрал соққан, тас қиып, сарай салған» ұсталарды ұлықтайды.
Талаптың мініп алып пырағына,
Ғылымның май тамызып шырағына.
Алдынан ақыл сарай есік ашып, Ақыры жетті іздеген мұрадына...
Ақынның ғибрат кітабының күрделі бөлегі мысали өлеңдерден тұрады. Қазақ әдебиетінде мысал жанрын жетілдіріп, дамытып жүрген санаулы қаламгердің де бірі - Өтекең екенін атап өту ләзім. Кілтін тауып айта білсе, бұл көне жанрдың да мүмкіндігі көп екенін көреміз. «Шырша мен шеңгел» деген мысалда өмірдің биік мұраты елге, көпке найдалы болу екендігі соз болады. Енді бір мысалда («Жеке ағаш пен топ ағаш») бірлік пен ынтымақтың күдіретті күші айтылады. «Мысық пен жолбарыс», «Түйе мен тышқан», «Терек пен жиде» секілді мысаддардың да ұқтырарлық ойы, өнегесі бар.
Халықтың ертегі, аңыздары негізінде жазылған шығармаларында ақын әлеуметтік мәні үлкен көптеген, мәселелерді котереді. Олардың біразы мультфильмдер жасауға дад-дайын материал. Мәселен, «Жеке-дай» деген аңыз-поэмада ағайынды төрт бауырынан болек қонып, оңаша өмір кешпек болған Жеке-дай деген жігіттің ісі оңға баспағаны, коп азап, қиыншылыққа ұшырағаны әңгімеленген.
Кейбір ертегі-хикаялар аңдар тіршілігін сөз ете отырып, адамдар арасында болатын қайшылық, тартыстардан хабарбереді. Сондай ертегінің бірі - «Аңғал бұғы, алдамшы түлкі, аң патшасы ауру арыстан туралы хикая». Бұл өзінің тереңдігі, мәнділігі жағынан даңқы жер жүзіне жайылған «Калила мен Димнаның» бір тарауы секілді жасалған шыгарма.
Аңыздық, ертегілік негізде жасалған тамаша тағлымды туындылар ішінде шоқтығы биік тұрғандардың енді бірі -«Құмырсқалар, аралар қиыспас дос құдалар». Бала ұғымына өте қонымды, әрі тартымды берілген бұл ертегінің айтпақ ойы үлкен. Дүниедегі ең зор мәртебе - еңбекшілік деген ұғымды ақын аңдардың өнер жарысын келістіре суреттеу арқылы айқын елестете алған. Жәндік атаулының ішінде ең қадірлісі құмырсқа болып шығуы әрі тосын, әрі ұтқыр қорытынды. Шынында, құмырсқалардың мына «сездері» кімді де болса еңбек құдіретіне иландырарлық.
Қоңырқай қара шаруамыз,
Астыққа толы ауламыз.
Біз кәдімгі құмырсқа,
Туған жанбыз жұмысқа... Ақынның «Төрт өгіз туралы ертегі», «Қарлығаш», «Дәуіт, жылан», «Жолаушы мен жеті қасқыр», «Жолбарыс», «Хан қызының мысығы болды», «Орман ертегі», «Алтын мен нан», «Сауысқан, сауысқан», «Ғажайып бағбанның алтын алмасы мен Асан бала туралы ертегі», «Алтын балта» секілді ертегілік дастандардың әрқайсысында салмақты ой, салдарлы кеңес бар. Әдебиет жанрларының жоғарысы не төмені болмайды, мәселе жанрдың ішкі мүмкіншіліктерін толық жарыққа шығара білуде ғой. Ө.Тұрманжановтың балаларға арналған мысал, ертегі, өлең, дастандарының дені өз жанрында ең таңдаулы нұсқалар деп айтуға болады. Балалар әдебиетін кемеліне келтіру жолында сіңірген еңбектері Өтекеңді тек Қазақстан ғана емес, бүкіл еліміздегі көрнекті суреткерлердің бірі дегізеді.
Ақсақал ақындарымыздың көптеген шығармасының идеялық-көркемдік мәнділігі соншалық - оларды суретті кітапша етіп, көп тиражбен жеке-жеке шығаруға да әбден лайық. Бізде «балалар әдебиеті» деген жалпы жанр онша жіктеле қоймаған. Мектеп жасына дейінгілер, төменгі класс оқушылары үшін шығарылатын әдебиеттің өзіндік ерекшелік-тері кейде ескеріле бермейтіні осыдан. Өтекең шығармалары-нан дәл осы екі топтағы жеткіншектер жасына, қабылдауына лайық еңбектер көп табылады демекпіз. Ө.Тұрманясановтың көп туындылары ана тілі, әдебиет хрестоматияларынан әлі де тиісті орын алмай келе жатқаны өкінішті.
Қазақ совет балалар әдебиетінің классигі көрнекті ақын. жазушы, фольклорист Өгебай Тұрманжанов өзінің жетпіс жылдығына өмірлі, өнегелі еңбектерімен суреткерлік кемелдік тапқан кезінде келіп отыр.
Өтекең жасаған шыншыл, ғибратшыл шығармалар бір қауымның емес, сан қауымның қажетіне жарайтын, шебер ұсталықтан, халықтың жарқын болашағына, асыл мұраттардың жүзеге асатындығына, тіліміздің құдіретті, қасиетті тәрбие құралы екендігіне зор сенімнен туған.
1970