20 Қараша 2013, 09:40
Қазіргі қазақ әдебиетінің биік деңгейін байқататын шығарманың бірі - Т.Ахтановтың «Боран» романы кетерген идеясымен де, қызғылықты характерлерімен де арнайы әңгімелерлік туынды. Біз романның кейбір ерекшеліктерін жинақтап, екшеп көрсету қажет деп білеміз.
«Боранда» жазушының бұрынғы шағармаларынд: («Қаһарлы күндер», «Махаббат мұңы» т.б.) бой көрсеткеь стильдік өрнек калыптаса, тереңдей түскен. Ол - тұлғаларды өсу-өзгеру, диалектикалық дамуы үстінде көрсету, адал мінезіндегі құбылыстарды бейнелеп отыру. Мәселесі романның орталық қаһармандары: Қоспан мен Қасболаттын Жаңыл мен Қаламүштың әр кезендегі кескін-келбетін, міне айырымын қапысыз аңғарып отырамыз.
Т.Ахтанов романында табиғат көрінісі қаһарманны-көзімен, көңіл түйсігімен орайлас беріледі. Баяндау ме кейіпкердің көңіл күйлері астарласа, қатарласа жүр отырады. Көлемі шағын романға бірталай тұлғаның өм тәжірибесі, тағдыры, күрес-тайталасы, өзара араласу тари: сыйып ісетуі кейіпкерлердің сыртқы, ішкі кескінін қат ғармониялы бірлікте беруге байланысты. Қаһарманн бүгінгісі мен бұрынғысын жымдастырып көрсетуі шына; шеберлікті дәлелдейді. Европа романдарының жак. тәжірибесін творчестволық жолмен пайдалана білу, б. көркем, қою тіл, суреттеп отырған оқиға мен ситуацияны же:. тексеріп білгендік, азаматтык тұрғының берікт. характерлерді әлеуметтік тип дәрежесіне көтеріп, жан-жак: мінездеу - жазушы романын бүгінгі әдебиеттің жаңа, жак.: жетістігі дегізеді.
«Боран» романы арқылы келген тың тұлғалардың өзіше ерекшелігі, көркемдік сонылығы әдебиетіміз үшін жаңа деп есептеу керек. Сол үшін олардың бірнешеуіне жвкелс тоқталып өтпекпіз.
Әдебиетімізге «таныс, бейтаныс» болып енген кей тұлғаның бірі - Қоспаң. Бұл кезге дейін де шығармаларда малшы адамның бейнесі кездесетін. Бірақ Қоспан солардың бәрінен де оқшау тұр. Мұның нег.: құпиясы - жазушының сендірмей қоймайтын көркем шындыққа жетуінен, тұлғаның түсін де, ісін де шеберлік аша білуінен. Біз Қоспанның түр ажарынан бастап әр кезле көңіл толқындарының да растығына сенеміз.
Қоспан тек алдындағы семьясын ғана біліп, алаңсыз тіршілік кешіп жүрген жан емес. Оның көңілін теңіздей шайқайтын, жүрегін сыздататын оқиғалар өткен екен. Жаңа ғана қызметке араласып, ел қатарына қосыла бергенде соғыс басталып кетіп, Қоспан майданға аттаныпты. Онда борышын абыроймен атқарып, ақырында ауыр жарақаттанып, фашист тұтқынынан бір-ақ шығыпты. Қоспанның тұтқындағы өмірі де баяндалған. Сырт көзге қимылы, сөзі сараң осы адамның әр іс-әрекетінде қорғасындай салмақ, табандылық, адамгершілік ерлігі сезіліп тұрады. Әскерден қайтып, еліне келгенде, мұның алдынан «тұтқында болған» деген сөз кес-кестеп жүргізбейді. «Қайда барса Қорқыттың кері» дегендей Қоспанды қызметке алуға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Оның қойшылыққа ауысу себебі осыдан. Автор қаһарманның басындағы шырғалаң мен сергелдеңді уақыт шындығына сәйкес етіп, ақиқат көрсеткен. Төрт күнге созылған боран өтінде бір қора қой соңынан өлермендікпен жүріп отырған, өлім мен өмір бёлдескен шақта, Қоспанның ойына ауық-ауық өткен тіршіліктің үздік-үздік эпизодтары келеді. Сонан біз оның үйлену тарихын, майдангерлік істерін, соғыстан кейінгі жай-күйлерін танимыз.
Мейірімсіз дала боранының ішінде жалғыз қалған Қоспаңға өмірдің, адамдықтың, достыкгың, адалдықтың бағасы мен қадірі ерекше екшеліп елестейді; ол өткен емірінің белестеріне ой жүгіртіп қана қоймайды, істерінің сипатына да сын көзімен қарайды. Осындай кезде оның өмірінің ең нәрлі, мәнді тұстары қайта тізіліп келеді, жақсы дегенінің, жаман дегенінің айырым, парқы таразыға түседі. Оңашада өз ойымен өзі қалғанда, көлденең куә жоқ жерде жалғыз үкімші сана мен ар ғана болады. Бейнеті, қиындығы көп өмірдің қай беткейін алып қарағанда да, Қоспанның ешқашан ұжданын саудаға салмағандығы, адал өмір кешкендігі көрінеді. Ол майданда сылтау дегенді білмейтін таза жауынгер болыпты. Өз командирі Қасболатты аман қүтқару үшін, оққа кеудесін төсеп, жауды кідіртуге қалып қояды. Тұтқында жүргенде ол Отанына оралу үшін қолдан келген әрекеттщ бәрш жасайды. Еліне келгеңде ол «бұрынғы тұтқыннан» үркіп, қызмет бермегендерге жалынбайды; үнсіз, іштей шерленіп. маңдайына жазғанды болаттай берік сабырмен көтереді. Онын басынан кешкен хикаялар өз аузымен ешкімге айтылмаған. Ол өмірдің қандай да болсын кездейсоқтығына үйреніп, сырын сыртқа шашпайтын, жағдайдың шытырманын санамек пайымдап, ең қарапайым жолмен жүруге дағдыланған адам Қоспанның жүрегіне жазылған тарихы әлгіндей бораь: сүрапылы кездесіп, өлім табалдырығы жақындағанда ғанг еріксіз айтылған өсиеттей, ыршып шыққан сырлар, ақтык. адал түйіндер мен бағалар.
Бұрын өмірдің қанша ауыртпалығын көрсе де, оны мойымай, қажырлылықпен көтеретін Қоспан боран кезінде іштей түлегендей жаңа бір рухани серпіліске түседі. Өмірде ақиқат пен жалғанның, қымбат пен арзанның парқы анықталып, бүкпесіз сырымен танылады. Қоспаннык санасындағы төңкерістің бірі - кейде араз, кейде дос болып жүрген Қасболаттың шын келбетін танып, оның нағыз сырын; көз жеткізгендей болуы. Ол сөз жүзінде бәрін тындырып жататын, бірақ елге, іске шындап беріліп қызмет істемейтік қысылтаяң кезде тайқып шығатын, ұятты белден басып кете беретін Қасболаттар ең залалды тип екенін көңілмен түсінел аз өмірінде көп алапатты, аумалы-төкпелі күндерді бастап өткізген, тағдыр салмағынан езіліп қалмай, өмірге сүйіспеншілік қабілетін сақтай білген, пәленің көбіне:-сабырмен, шыдамдылықпен, рухани таза қайратпен, адал еңбекпен құтылып отырған емендей берік еңбекші адау бейнесін жасауы - суреткердің ірі табысы.
«Боран» романындағы аса қызғылықты, соны тұлғаны:-бірі - Қасболат. Мұны дағдылы әдетпен не ұнамды, н ұнамсыз кейіпкердің тобына қоса салу қиын. Мұның ~. өзіндік сыры, шыны бар, шытырман тағдырлы адам. Қасбола-бір кезде кәдімгідей іскер белсенді, ауылда советтік жак: тәртіптер тарату үшін білек сыбанып шыққан қызметкер болыпты. Туралық үшін табан тіреп күресерлік сенімі де болғанға ұқсайды. Ол бір заманда өзінің Әлиасқаров секілді ұстазының басына жат жала үймелегенде ағынан жарылып, араша түсіпті. Бірақ мұның бәрі өткен күннің елестері. Қазіргі Қасболат - мүлде басқа мінездегі адам. Қасболатшылық -өмірде кездесетін, қоғам бойындағы дерттің бірі. Жақсы қаулы алып, әдемі сөз сөйлеп, артынша ол қаулыны ұмытып кететіндер, протокол, документ жағын түгелдегенмен, қоғам, адам мұқтажын елемейтіндер аз емес. Щығарманың идеялық нысанасы осы келеңсіз құбылысты әшкерелеуге бағытталған.
Қасболаттың өмір жолы, іс-әрекеті оның шын келбетін тануға мүмкіндік береді. Біз суреткердің ұсынған түсініктерімен ғана шектеліп қалмай, кейіпкердің ішкі қалтарыстарына да қаныққандай боламыз. Қасболаттың бір кезде адал жас болғандығына құп сенейік. Бірақ оның әккі, жылпос болып қалыптасуы тек кысаң атмосферадан, кінәсіз шеккен көп жаладан деу аздық етеді. Қиындық дегеннің неше атасын көрген Қоспандар адамгершілікті сақтай алғанда, ылғи белгілі қызметте, өмір бетінде қалқып жүрген Қасболаттарға не көрінген? Мұндағы басты себеп - Қасболаттың өз басын қорғау үшін ішкі сенімін аздырып, жағдайға бейімделуінде. Оның қара басының ғана қамын ойлаумен дағдылануы, халықтан, еңбектен қол үзуі, көпшілік мүддесінен әлде қашан аулақтап кеткендігіне байланысты. Оның тілегін, жанын халықпен байланыстыратын дәнекер жоқ. Ол таза еңбек етіп, шекесі терлемеген, нағыз еңбекші адамның көңіл күйін, арманыы түсініп жетпегегі әкім. Оның қамқормын, білемін дегені тілдің ұшы ғана. Мұндай тәсілмен Қасболаттар колхоз совхозға айналса да, совхоз өзгеріп тағы басқаша аталса да селт етпейді. Тек бас пайдасын ойлайтыңдар үшін мұрат, коммунизм, халық бақыты деген ұғымдар құр сөздер ғана. Міне Қасболат - совет қызметкері деген құр атқа ие, заты бөлекке айналған адам.
Жалпы алғанда, тұлғалардың толық ашыларлық кезеңін, оқиғасын дәл екшеп көрсете білуі бұл шығарманың жинақтаушылық қуатын арттырған. Қай қаһарманды алып қарасақ та, мінез анықтығымен дараланғанын көреміз.
Шығармада бастан-аяқ аты аталып, түсі түстелетін .кейіпкердің бірі - Жашіасбай. Белгілі қызметі жоқ, бірак аласапыран, алмағайып кездерде елге бүйіндей тиген. жақсылар үстінен арыз жаудырған, кесапат, бәлеқорлықты кәсіпке айналдырған, ішінің арамдығына қарамастан, керекті адам, қырағы ролінде келген Жаппасбайлар - елге келген жеті жұттың бірі. Жаппасбайлар әр кезде науқан, айқай-шу кезеңін күтіп отырады да, тыныш адамдарға өрттей тиеді. Олар Отан тыныштығы мен мүддесін көздеп қабырғасы қайысқан болып көрініп, ең төмен пиғылдарын орындап шығады. Сондағы олардың негізгі мүддесі - өзгелерді ажалға итеріп, дүниені еркін кешу. Барынша жаһил Жаппасбай тұлғасы да - өмірден алынған бейне.
Революция кезеңі күрестерін өз басынан кешірген Әлиасқаров та, өмір табалдырығын жаңа аттаған Қаламұш та үлкен идеялық жүк көтерген бейнелер. Бұлардың ойларымен. сөздерімен автор көп шындықтың бетін ашады Әлиасқаровтың халық тағдыры туралы толғаныстарь: философиялық ойға толы. Автор қаһармандар аузымен қоғамдық ірі сұрауларға көркемдік жауап айтпақ болады.
«Боран» - характерлер мен жағдайды нанымды бірлестікте көрсете алған татымды туынды.
1970