Бүгін - Дүниежүзілік балалар күні

20 Қараша 2013, 05:19

20 қараша күні БҰҰ Ассамблеясы 1959 жылы Балалар құқы декларациясын,  1959 жылы Балалар құқы декларациясын және 1989 жылы Балалар құқы Конвенциясын қабылдаған. 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың аман-саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы пен өзара түсіністігі күні ретінде «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды. Жыл сайын 11 миллион бала өзінің бесінші туған күніне жетпей қайтыс болып жатса, тағы ондаған миллион бала өсуге, дамуға, өмір сүруге деген құштарлығы жоқ физикалық не ақыл-ой кемтарлығына душар болады. Балалар өлімінің көбі алдын алуға болатын аурулардың нәтижесінде орын алса, одан өзгесі жоқшылық, дискриминация мен зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Қазақстанда балалар құқығын қорғау, жетім балаларды қамқорлыққа алу ісінде “Бөбек” қоры жемісті жұмыстар атқарды. Астана қаласында Ана мен бала ғылыим-зерттеу орталығы балалар денсаулығын қорғауда жұмыс істейді. Сонымен қатар, елімізде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына, ақыл-есі кеміс, жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға, соқыр және нашар көретін балаларға, психикалық, интеллектуалдық дамуы тежелген балаларға, саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттар жұмыс істейді.

20 қараша күні БҰҰ Ассамблеясы 1959 жылы Балалар құқы декларациясын,  1959 жылы Балалар құқы декларациясын және 1989 жылы Балалар құқы Конвенциясын қабылдаған. 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың аман-саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы пен өзара түсіністігі күні ретінде «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды.

Жыл сайын 11 миллион бала өзінің бесінші туған күніне жетпей қайтыс болып жатса, тағы ондаған миллион бала өсуге, дамуға, өмір сүруге деген құштарлығы жоқ физикалық не ақыл-ой кемтарлығына душар болады. Балалар өлімінің көбі алдын алуға болатын аурулардың нәтижесінде орын алса, одан өзгесі жоқшылық, дискриминация мен зорлық-зомбылықтан көз жұмады.

Қазақстанда балалар құқығын қорғау, жетім балаларды қамқорлыққа алу ісінде “Бөбек” қоры жемісті жұмыстар атқарды. Астана қаласында Ана мен бала ғылыим-зерттеу орталығы балалар денсаулығын қорғауда жұмыс істейді. Сонымен қатар, елімізде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына, ақыл-есі кеміс, жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға, соқыр және нашар көретін балаларға, психикалық, интеллектуалдық дамуы тежелген балаларға, саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттар жұмыс істейді.

Бөлісу: