Советтік қазақ поэзиясын жасаушылар

19 Қараша 2013, 12:12

Бейімбет Майлин поэзиясынан қазақ даласына революция орнатқан шындықтың сипатын танимыз. Оның шығармалары - еңбекшілердің тұңғыш рет алған азаттығын берік сеніммен, теңдесі жоқ табыс деп қалтқысыз жырлаудың үлгісі. Ол өзінің туындыларымен халыққа жаңа заманның түбірлі ақиқатын айтты; тарихта бұрын болмаған дәуір басталғанын мадақ етті. Бейімбет шығармалары еңбекшілерді коммунистік мұраттарға баулып, тәрбиелеуде өз міндетін атқарды. Ақынның қандай мәселені бас тақырып етіп алғандығы мына жолдардан да көрінгендей: Кедей деп туғам, кедей деп өлем, Не көрсем де кедеймен көрем. Кедей қуанса, кедей жұбанса, Бір елі көкке тимейді төбем... Қазақ совет әдебиетінің басталу, орнығу кезеңінде әрбір өлең, дастан, әңгімеге ерекше міндет артылатын. Оларда белгілі құбылыстар мен ойлар хабарланып, тізіліп айтылу мүлде жеткіліксіз болатын. Әрбір сөз нысанаға дөп тиюі, халықты тәрбиелеуге нақты, жедел қызмет атқаруы қажет еді. Сондықтан да оларда танытқыштық пен тәрбиелік «жүк» катар көтерілетін. Мұндай жағдайда шығарманың жалаң үгіттеме, әсерсіз қайталама болып кету қаупі туатын. Кейінгі ақындарда кейде жаттанды шындық сияқтанып естілген бостандық, теңдік деген создер Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Сәбит шығармаларында табиғи, татымды лебіз болып шыққан. Советтік қазақ поэзиясын жасап, жетілдіруде үздік еңбек еткен   әйгілі   ақын   Сәбит   Мұқанов   шығармалары   да   - халқымызға қалаулы. Оның 1919 жылы жазған «Бостандық» атты өлеңі қазақтың революциялық поэзиясыңда ерекше орын алады.       Идеялық      анықтығы,       бүтіндігі,      тұтастығы, нысанасының   биіктігі   жағынан   «Бостандық»   С.Мұқанов творчествосында ғана емес, бүкіл 20 жылдар әдебиетіндегі елеулі ескерткіш болып саналады.  Мұнда жалпы еңбекші қауымның үстем таптан көрген көп корлығы, ақирет-азабы  мен    азары  санап   келтірілген.    Бұрынғы   заманның   бас қайшылығы - таптар арасындағы аңыраған алшақтық өленде жан-жақты қамтылған. Ақын ертеде еңбегі көп, есесі жоқ болып келген жамағатшылық өкіліне  барлық сырды баян етеді. Бай, мырзаға басыңды иіп жалынып, Терелерге «құдайым» деп табынып Ақысыз, пұлсыз, бір аяқ асқа жұмыс қып, Жүруші едің қысы-жазы сарылып. Көріп ылғи ауыр тұрмыс қиынын, Көк желке боп, салбырап екі иығың. Өмір бойы жүрсең-дағы құлдықта. Шығып көрген жоқ-ты сенің бүйірің. Өзің адам, тұрмысында мал едің, Күшің адал, сүтің арам жан едің Тырнағына жуандардың ілігіп, Азаттыққа өміріңше зар едің... Міне, ақын осынша ауырлық астында езіліп келген еңбекшіге бостандықтың таңы атқанын, ақ жарылқап, күн туғанын қуана хабарлайды, азаттық жемісін татуға шақырады, кеңшілік, теңшілік правосын толық пайдалануға үндейді. Қазақтың бейнетқор қауымына «аузына шайнап салғандай» етіп ұран тастаудың өзіндік себептері бар еді. Өйткені, қазақ адамына ғасырлар бойында қорлықтан басқаны бұйыртпаған билер мен болыстар, хандар мен сұлтандар жатжұрттық жаулар елдің абыройын арттырарлық іске аяқ аттамаған. Сондыктан да кедей атаулы ел болып бірігіп, ұйымшылдық көрсететін әрекеттерге онша жетіліп, даярланған емес-ті. Олар үшін әрдайым ресми сөзді алпауыттар, тектілер мен тырнақтылар айтып келген. Осы себептен де кедейлердің өзіне төтелей арнап сөйлеу керек. С.Мұқановтың ақыңдық таланты шарықтаған шақ -жиырмасыншы, отызыншы жылдарда ескі дүниенің залалды сарқыншағын жою, жаңа, әділетті қоғам орнату идеясы негізгі желі болып тартылған. Ақын поэзиясының биігі - «Сұлушаш» романына да таудай тірек болған, куат дарытқан осы идея. Дүниеде теңдік, жарастық, еңбек, достық салтанатын орнатуға болады деген берік сенім мен дүниетаным ақынның ескі аңыз оқиғаны жаңа мазмұнға бөлеп, барлық жағынан жаңашыл дастан жасауына мүмкіндік берген. Бірсыпыра өлеңдері мен поэмаларында С.Мұқанов социалистік қоғам құрылысын өз қолымен нығайтып жатқандар еңбегін жырлайды, оның лирикалық қаһарманы көпшілік мұратына қуана білетін, Отан мүддесі үшін орасан жігерлі істерге даяр азамат болып елестейді. «Майға сәлем!» деген өленде ақын өзінің алдындағы парызын жаңаша түсінеді. «Мен өзгедей емеспін жалаң әнші, мен әншімін егінші, ұста, малшы», - дейді ол. Ақын поэзиясындағы ұйқастық, ырғақтық, балама жаңалықтардың бәрі - оқушыға неғұрлым жетімді, ұғымды, жақын болу міндетінен туған. Қазақтың советтік замандағы даңғайыр ақыны Ілияс Жансүгіровтің творчестволық қанатын қатайтқан да - жаңа дәуір шындығы. Өлең сапарын төңкерістен бұрын қазақтың демократиялық әдебиет үлгісінде бастаған ақын советтік поэзия корифейлерінің бірі болып қалыптасты. Оның өлең, дастандарында өмір құбылыстарын коммунистік дүниетаным мұнарасынан қарап бағалайтын суреткер тұлғасы танылады. Қырғи тілді, көздегенге тигізетін сөз мергені - І.Жансүгіров советтік замаңда әр салада туып жатқан жаңалықтарды жатық тілмен түсіндіре, поэзияға бөлей білді. Ол Қазақстан экономикасын өзгертетін алып кәсіпорындарын, ондағы еңбек адамдарын, ауыл шаруашылығын коллективтендіруді алғашқылар қатарында қуатты жырлады. Ақын халық поэзиясының бай мүмкіншіліктерін жаңғырта пайдалана отырып, тың сөз кестелерін, теңемелерді тапты. Бұл ізденулер мен табулар поэзияның бұдан кейінгі дамуы үшін сәтті бастамадай, үлгідей із қалдырды. Ілияс Жансүгіровтің ең әйгілі шығармалары тарихи тақырыптарға арналған. «Күйшіде» де, «Қүлагерде» де ақын өткен заман оқиғаларын сөз етеді. Бірақ бұл дастандар дүниені коммунистік тұрғыдан пайымдайтын ақын қарымын айқын көрсетеді. Алып отырған дәуірі ғана ескі демесек, идея да, авторлық ажар да, көздеген нысана да жаңаша. Социалистік реализм әдебиеті өткеннен бүгінгінің мүддесі-не орайлас оқиғалар таба алады дейтінге «Күйші» мен «Құлагер» куә. Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы суреткерлерге ілесе үлкен толқын қаламгерлер қосылған. Олар да өздерінің шығармаларын еліміздегі ұлы оқиға - Октябрь революциясының жеңісін, азаттық алған халықтың қуанышын, еңбекші табыньщ табыстарын жырлаудан бастаған. Бұл қатарда Б.Ізтөлин, Ш.Иманбаева, Ө.Тұрманжанов, Қ.Әбдіқадыров, И.Байзақов, Ж.Сыздықов, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов секілді творчестволық тағдыры мен таланты әр қилы ақындар аталады. Бұлардың кейбіреулері (Б.Ізтөлин, Ш.Иманбаева) өнерпаздық сапарын жаңа бастаған кезде дүние салып, барлық мүмкіншілігін көрсете алмады. Қалғандары талант қуатын толық ' ашып, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері есебінде қалыптасты. Аталған ақындар шығармаларынан Қазақстандағы ірі жаңарулардың көркем ізі көрінеді. Бұлардың ішінен Ә.Тәжібаев, АТоқмағамбетов, Т.Жароков, Ғ.Орманов -бүкілодақтық көлемге танылған суреткерлер. Өлеңді әрі ауызша, әрі жазып шығарған майталман ж^йрік ақын Иса болса көкте кім», «Он екінші декабрь», «Кавказ», «Мұнай бер» секілді өлеңдері кезінде поэзиямыздың бәйшешек бағынан орын алған шығармалар. Сатира саласында еңбек етіп келе жаткан санаулы қаламгерлеріміздің көшбасшысы да - А.Тоқмағамбетов. Сын-сықақ өлеңдерінің таңдаулыларыңда ақын қоғам дамуына кедергі болып жүрген кесапаттарды дәл танып, өлтіре шенейді. Бұған мысалға автордың әр кезде жарық көрген екі-үш шығармасын алып қарасақ та жеткілікті. «Честное слово> деген өлеңінде ақын адамдар арасындағы сақталып келе жатқан кедергі құбылыс - ішітарлық, қызғаншақтык. арызқойлық секілді зарарлы әдеттерді әшкерелейді Адамгершіліктің берік негіздерін бойына сіңіре алмаған. ойлағаны әманда күншіддік болып дағды алған, елге, көпке еңбек ету деген түсініктен алыс жүргендер бұл өлеңде таңбаланған. Ақынның кырағы көзінен жағымпаз жалақорлардың ен-таңбасы қағыс қалмай, жіті байқалған Сойқан, лаң жандардың алғашқы белгілері быпай сипатталады: Бетіңе қарай күлімдей келеді, Күле қарасаң, күлімдей береді. Майпаздап жүріп, мәпелеп сөйлеп, Жыландай жылжып, білінбей келеді. Жаныңа жайлап жағына келеді Жай-күйін айта, шағына келеді. Жақындай түсіп, жағымпазданып, Саулығыңды айтып, сағына келеді... Бірақ, мұның бәрі алдамшы, сырт керіністер екен. Әлп жылмаң қу еңбек етіп, өз ісімен айналысу дегенді дағдь етпеген. Ол «ауырдың үстімен, жеңіддің астымен» жүріг күнелтуді әдет еткен, өзінің рухани бейшаралығын дө-айбатпен жасырып үйренген. Сондықтан да оңдай залымда: қапелімде байқалмай, тіпті, «пысық жігіт», «тәуір жігіттік санатында есептеліп жүре береді. Ал күндердің кунінде ауа райы бұзылып, аласапыран жағдайлар туа қалса, әлгі азғындар өздерінің шын кескінін көрсетеді. Олардың: .. .Етегін сіліксең «акты» шығады. Жеңін сіліксең «факты» шығады Қойнын ақтарсаң, колаба-қоржын, Сүрленген арыз папка шығады. Мұндай типтер еңбекке үйренбеген, алдында нұрлы мақсаты жоқ, тек күн көру үшін ғана білім жиған немесе белгілі ортада нашар үлгі көріп, өмірдің жақсысы мен жаманы дегенді ауыл, аймақ көлемімен ғана өлшеп үйренген, шаһари, отырықшы мәдениет, салт, дағды, өнегеден бейхабар адамдар арасынан көбірек табылады. Не жасында, не есейгенде жақсы, биік мұраттар жолында не қиялданып, не қажыр жұмсап көрмегендер легінен мұндайлар жиірек кездеседі. Жинақтаушылық мәнге ие сықақ өлеңнің бірі -«Желіккен жеңгейлерге». Бұдан отыз жылдан артык уақыт бұрын жазылған бұл өлеңнің сын, тәрбие күші әлі де кемімеген. Әдемілік пен әсіре қызылдықтың парқын айыра алмай, іс орнына сән куып жүрген әйелдерге бұл сөздер мірдің оғындай қадалады. .. .Модадан мода таңдайды келіп, Тастайды қас пен маңдайды керіп. Өзі бір басқа, киімі басқа Не көрсе соның бәріне жерік... адамдар жеке меншікті психологияға, дүниеқорлыққа, қырымпоздыққа түгелдей беріліп кетсе, коллектив мүддесі, ортақ мұрат, қоғам алдындағы парыз ұмытылатыны сөзсіз. Ақын сәнді киінуге қарсы емес, дүние жиюды бас мақсат еткендерге қарсы. Қазақтың қазіргі аса көрнекті ақыны - Әбділдә Тәжібаевтың поэзиялық әлемі де мейлінше бай, мағыналы. Алғашқы творчестволық жолын таптық идеясы анық, үгіттік өлеңдерден бастаған ақын өнерпаздық жемісті жол кешті. Ол - көптеген нәзік, ойлы, сырлы лириканың, жалынды, арынды, публицистикалық   серпіні   күшті,   азаматтық   астары   берік өлеңдердің, татымды толғаулардың, философиялык түйіндеулерге құрылған дәмді дастандардың авторы. Ақындық талант ерекшелігі отызыншы жыддардың өзінде танылып, көзге түскен Ә.Тәжібаев - үнемі ізденіп, батыл барлау жасап, тың табыстарға жетіп жүрген ақын. Өмірден түсінгенін, түйсіктенгенін айтудағы ақиқатшылдығы мен тасқындап, жалындап, түйдектеп төгетін оттылығы қатар қосылған ақынның тек өзіне тән келбетін құрайды. Сонау отызыншы жылдардың орта кезінде жазылған «Сырдариядан» бастап кейін шыққан «Жартас» атты жинақтағы өлеңдеріне дейін осы сипаттарға толы. Ақынның таланты елуінші жылдарда жаңа биіктерге көтеріледі, ол Қазақстандык көлемнен асып, бүкіл Совет Одағы атынан сөйлерлік кемелдікке жетеді. Осы іспеттес өлендердің бірсыпырасы «Аралдар» деген жинақта жарияланған. Мұнда автор Европаны аралаудан туған ойларын зор патетикаға бөлеп көрсетеді. Дүниедегі ең озық идеялы елдің, Совет Одағынын азаматы - ақын капитал құрсауында тұншығып жатқак жұрттардың тағдырына көз салады, олардың өмір құбылыстарына төрелік пікір айтады. Ақын толғаныстарь: озық ойлы, интеллектуал совет адамының сырындай... Өркені өскен әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі - ақын Тайыр Жароков шығармалары да өзіндік ерекше бітімімек көзге түседі. Совет жылдарында жан-жақты білім алып. әлемдік әдебиеттің тұнығынан сусындаған ақын замак талабына лайық, кезінде ясұртшылық кәдесіне жарағак туындылар қалдырды. Бесжылдықтар дәуірінде туғак «Бесжылдықтың балғасы», «Мың-мың қолдар» әнмек айтылып, халық арасына кең таралып кеткен еді. Оның «Күк тіл қатты», «Тасқын» тәрізді дастандары да даңқты болған Т.Жароков социалистік өміріміздің мәнді мәселелеріне арнап көптеген поэмалар жазды. Ақынның көрнекті шығармась: «Тасқынға тосқын» оның көп ясылдық өнерпаздық жолы: лайықты түйіндеген ойы терең, жасалуы шебер туынды. Сырт көзге онша жалтыддап көрінбейтін, бірақ қарапайым тереңдікке толы, іші алтын, сырты куміс өлеңдер Ғали Орманов қаламынан да аз тумаған. Жатықтық, жарасым, үйлесім, келісім ізденгіштік, тіл байлығын мол меңгергендік, сыпайылық, тартымдылық тәрізді қасиеттер ақын өлеңдеріне табиғи дарыған. Ғ.Ормановтың идеясы жоғары, көркемдігі кемел өлеңдерінің бірсыпырасы - ¥лы Отан соғысы кезінің туындылары. «Емен», «Қарағай» сияқты өлеңдер ақын творчествосында жаңа сапалық өрлеу басталғанын байқатып еді. Туған жердің табиғатын суреттеуде Ғ.Ормановтың табысы айтарлықтай. Үстірт қарағанда елеусіз көрінетін табиғат құбылыстарына жан бітіріп, оның кереметтерін қайталанбас бояуымен елестете білу оңай шаруа болмаса керек. Сахарадан қалаға беттеп, ұзақ жолдың сарсаңына түскен жас шәкірт көңіл күйін поэзия тілімен бере білген. Сараң басып сар тайым, Сабылды бой алдырып: Жол бойында жантайып, Жаттым талай шалдырып. Сағыныштай сарғайьш, Сары белден таң атты. Сахарада шалқайып, Сарғая бір жол жатты... «Қарт анамдай Алатау» деген өлеңде ақын әсем таудың ерекшелігін танытуға халықтық баламалар табады: .. .Шоқылары көкке жеткен, Көрінді ыстық күн козіндей, Сахараға салып кеткен Ата-бабам кумбезіндей... Ақын жинақтарынан әдемі ойлар, ажарлы оралымдар, ұлттық өрнектер жиі кездеседі. Солары ана тілінің дәмін татуға, тереңіне бойлауға, бейнелеп ойлауға үйрететін қымбат ғибрат. Мысалы, Абай туралы айтылған «көгінде көңіліміздің маздайды ылғи, ақынның жырмен соққан мұнарасы» деген жолдар өлеңді зорлықпен жұмбаздап соғатындардын дастанынан бағалы... Әдебиет әлеміне отызыншы жылдардың орта шенінде қосылған немесе осы топқа ілесе келген буын өкілдерінен Д.Әбілев,        Ж.Саин,        Қ.Аманжолов,        Ә.Сәрсенбаев. М.Хакімжанова, Қ.Бекхожин, А.Жұмағалиев секілді көрнекті ақындар шықты. Бұлардың әрқайсысының қазақ поэзиясына қосқан тиісті сыбағасы бар. Аталған ақындардың көпшіліп Ұлы Отан соғысы кезінде майдан шебінде, оқ пен оттык ортасында жүрді. Олар жауынгерлік, азаматтық парызын қарумен де, қаламмен де атқарысты. Еліміздің басына түскен ауыр сын шағы - Отан соғысы кезінде ақындардың таланты ұшталып, қаламы өткірленді, қымбатты, елеулі туындылар берді. Соғысқа дейін өзінің дарынын толық танытып үлгермегек Қасым Аманжолов майданнан толысқан ақын ретінде оралды Оның қаламынан қаһарлы жылдар бейнесін елестетерлік тартымды шығармалар туды. Әсіресе, «Абдолла» жауынгерлік ерлік, отаншылдық туралы биік патетикаға бөленіп жырланған ескерткіш. Ақын бұл шығармасында Отак мүддесін жеке басының мүддесінен артық санайтын, туғак елдің намысы мен бостандығы үшін ақырғы демі біткенше алысатын каһарманның кесек келбетін жасады ҚАманжоловтың көптеген лирикалық өлеңдері идеялык өткірлігі, көркемдік кемелдігі жағынан қазақ поэзиясын бір саты жоғары көтерді. Ақын шығармалары кейінгі жас буык ақындарға күшті әсер етті. Әсіресе, дастаншы ретінде шоқтығы биік көрінетін Қалижан Бекхожиннің Сәкен Сейфуллин, Мариям Жагог қызына, күй аңызына арналған дастандарында үлкен ой мек тың сезім қатар қоныс тепкен. Ақын замандастар парасатык байытарлық түбірлі оқиғалар мен биік мұраттарды таба білед; Қ.Бекхожиннің «Махаббат ғаламаты» атты поэмасы - тұр мен мазмұны келісімді, кемелденген ақындық қуатты ой мен сезіу жаратындысы. Біз бүгінгі поэзиямыздьвд қарымды қаламгерлері қатарында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, ақындар ағасы ретінде танылған Х.Ерғалиев,- С.Мәуленов, Т.Әлімқұлов, Ж.Молдағалиев, М.Әлімбаев сиякты есімдерді өзгеше бір леппен атаймыз. Бұларға иық сүйесе, сап түзеп, өлең жүгін көтерісіп жүрген үлкен бір топ ақындарымыз тагы бар. Осылардың өкшесін басып келе жатқан жас ақындар жасағы да көз тойдырарлық. Өлеңнің өмірлі болуы - халық тарихының қайталанбас күрделі, мәнді шындығын, замана құбылысын, жан толғанысын табиғи ақиқат әрі әсем етіп бейнелеуіңде. Қазақ совет поэзиясы замана алға тартқан міндеттерді әр кезеңде абыроймен атқарып келген. Ол тарихта тұнғыш рет еңбекшілерге азагтық әкелген Октябрь революциясының, азамат соғысының оқиғаларын, елді советтендіру жолындағы күрестерді, жаңа социалистік қоғам орнату үшін қажырлы істерді, жасампаз совет адамын, халықтар достығын, отаншылдықты, ерлікті, еңбекті талмай жырлады, өсуімізге кедергі келтіретіннің бәрін де аяусыз сын отымен қарыды. Поэзия алдындағы міңдет орасан биік. Ескі, таптық теңсіздікке негізделген құрылыстардың құлауға тиістілігін, жаңа әлем орнату қажеттігін ұлы сеніммен, жалынды жігермен жырлаған поэзия коммунистік құрылыс заманы адамының өскелең талабына сай парасатты, байтақ болуы шарт. 1969

Бейімбет Майлин поэзиясынан қазақ даласына революция орнатқан шындықтың сипатын танимыз. Оның шығармалары - еңбекшілердің тұңғыш рет алған азаттығын берік сеніммен, теңдесі жоқ табыс деп қалтқысыз жырлаудың үлгісі. Ол өзінің туындыларымен халыққа жаңа заманның түбірлі ақиқатын айтты; тарихта бұрын болмаған дәуір басталғанын мадақ етті. Бейімбет шығармалары еңбекшілерді коммунистік мұраттарға баулып, тәрбиелеуде өз міндетін атқарды. Ақынның қандай мәселені бас тақырып етіп алғандығы мына жолдардан да көрінгендей:

Кедей деп туғам, кедей деп өлем,

Не көрсем де кедеймен көрем.

Кедей қуанса, кедей жұбанса,

Бір елі көкке тимейді төбем... Қазақ совет әдебиетінің басталу, орнығу кезеңінде әрбір өлең, дастан, әңгімеге ерекше міндет артылатын. Оларда белгілі құбылыстар мен ойлар хабарланып, тізіліп айтылу мүлде жеткіліксіз болатын. Әрбір сөз нысанаға дөп тиюі, халықты тәрбиелеуге нақты, жедел қызмет атқаруы қажет еді. Сондықтан да оларда танытқыштық пен тәрбиелік «жүк» катар көтерілетін. Мұндай жағдайда шығарманың жалаң үгіттеме, әсерсіз қайталама болып кету қаупі туатын. Кейінгі ақындарда кейде жаттанды шындық сияқтанып естілген бостандық, теңдік деген создер Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Сәбит шығармаларында табиғи, татымды лебіз болып шыққан.

Советтік қазақ поэзиясын жасап, жетілдіруде үздік еңбек еткен   әйгілі   ақын   Сәбит   Мұқанов   шығармалары   да   - халқымызға қалаулы. Оның 1919 жылы жазған «Бостандық»

атты өлеңі қазақтың революциялық поэзиясыңда ерекше орын алады.       Идеялық      анықтығы,       бүтіндігі,      тұтастығы, нысанасының   биіктігі   жағынан   «Бостандық»   С.Мұқанов творчествосында ғана емес, бүкіл 20 жылдар әдебиетіндегі елеулі ескерткіш болып саналады.  Мұнда жалпы еңбекші қауымның үстем таптан көрген көп корлығы, ақирет-азабы  мен    азары  санап   келтірілген.    Бұрынғы   заманның   бас қайшылығы - таптар арасындағы аңыраған алшақтық өленде жан-жақты қамтылған. Ақын ертеде еңбегі көп, есесі жоқ болып келген жамағатшылық өкіліне  барлық сырды баян етеді.

Бай, мырзаға басыңды иіп жалынып,

Терелерге «құдайым» деп табынып

Ақысыз, пұлсыз, бір аяқ асқа жұмыс қып,

Жүруші едің қысы-жазы сарылып.

Көріп ылғи ауыр тұрмыс қиынын, Көк желке боп, салбырап екі иығың. Өмір бойы жүрсең-дағы құлдықта. Шығып көрген жоқ-ты сенің бүйірің.

Өзің адам, тұрмысында мал едің,

Күшің адал, сүтің арам жан едің

Тырнағына жуандардың ілігіп,

Азаттыққа өміріңше зар едің... Міне, ақын осынша ауырлық астында езіліп келген еңбекшіге бостандықтың таңы атқанын, ақ жарылқап, күн туғанын қуана хабарлайды, азаттық жемісін татуға шақырады, кеңшілік, теңшілік правосын толық пайдалануға үндейді. Қазақтың бейнетқор қауымына «аузына шайнап салғандай» етіп ұран тастаудың өзіндік себептері бар еді. Өйткені, қазақ адамына ғасырлар бойында қорлықтан басқаны бұйыртпаған билер мен болыстар, хандар мен сұлтандар жатжұрттық жаулар елдің абыройын арттырарлық іске аяқ аттамаған. Сондыктан да кедей атаулы ел болып бірігіп, ұйымшылдық көрсететін әрекеттерге онша жетіліп, даярланған емес-ті. Олар үшін әрдайым ресми сөзді алпауыттар, тектілер мен тырнақтылар айтып келген. Осы себептен де кедейлердің өзіне төтелей арнап сөйлеу керек.

С.Мұқановтың ақыңдық таланты шарықтаған шақ -жиырмасыншы, отызыншы жылдарда ескі дүниенің залалды сарқыншағын жою, жаңа, әділетті қоғам орнату идеясы негізгі желі болып тартылған. Ақын поэзиясының биігі - «Сұлушаш» романына да таудай тірек болған, куат дарытқан осы идея. Дүниеде теңдік, жарастық, еңбек, достық салтанатын орнатуға болады деген берік сенім мен дүниетаным ақынның ескі аңыз оқиғаны жаңа мазмұнға бөлеп, барлық жағынан жаңашыл дастан жасауына мүмкіндік берген. Бірсыпыра өлеңдері мен поэмаларында С.Мұқанов социалистік қоғам құрылысын өз қолымен нығайтып жатқандар еңбегін жырлайды, оның лирикалық қаһарманы көпшілік мұратына қуана білетін, Отан мүддесі үшін орасан жігерлі істерге даяр азамат болып елестейді. «Майға сәлем!» деген өленде ақын өзінің алдындағы парызын жаңаша түсінеді. «Мен өзгедей емеспін жалаң әнші, мен әншімін егінші, ұста, малшы», - дейді ол. Ақын поэзиясындағы ұйқастық, ырғақтық, балама жаңалықтардың бәрі - оқушыға неғұрлым жетімді, ұғымды, жақын болу міндетінен туған.

Қазақтың советтік замандағы даңғайыр ақыны Ілияс Жансүгіровтің творчестволық қанатын қатайтқан да - жаңа дәуір шындығы. Өлең сапарын төңкерістен бұрын қазақтың демократиялық әдебиет үлгісінде бастаған ақын советтік поэзия корифейлерінің бірі болып қалыптасты. Оның өлең, дастандарында өмір құбылыстарын коммунистік дүниетаным мұнарасынан қарап бағалайтын суреткер тұлғасы танылады. Қырғи тілді, көздегенге тигізетін сөз мергені - І.Жансүгіров советтік замаңда әр салада туып жатқан жаңалықтарды жатық тілмен түсіндіре, поэзияға бөлей білді. Ол Қазақстан экономикасын өзгертетін алып кәсіпорындарын, ондағы еңбек адамдарын, ауыл шаруашылығын коллективтендіруді алғашқылар қатарында қуатты жырлады. Ақын халық поэзиясының бай мүмкіншіліктерін жаңғырта пайдалана отырып, тың сөз кестелерін, теңемелерді тапты. Бұл ізденулер мен табулар поэзияның бұдан кейінгі дамуы үшін сәтті бастамадай, үлгідей із қалдырды.

Ілияс Жансүгіровтің ең әйгілі шығармалары тарихи тақырыптарға арналған. «Күйшіде» де, «Қүлагерде» де ақын өткен заман оқиғаларын сөз етеді. Бірақ бұл дастандар дүниені коммунистік тұрғыдан пайымдайтын ақын қарымын айқын көрсетеді. Алып отырған дәуірі ғана ескі демесек, идея да, авторлық ажар да, көздеген нысана да жаңаша. Социалистік реализм әдебиеті өткеннен бүгінгінің мүддесі-не орайлас оқиғалар таба алады дейтінге «Күйші» мен «Құлагер» куә.

Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы суреткерлерге ілесе үлкен толқын қаламгерлер қосылған. Олар да өздерінің шығармаларын еліміздегі ұлы оқиға - Октябрь революциясының жеңісін, азаттық алған халықтың қуанышын, еңбекші табыньщ табыстарын жырлаудан бастаған. Бұл қатарда Б.Ізтөлин, Ш.Иманбаева, Ө.Тұрманжанов, Қ.Әбдіқадыров, И.Байзақов, Ж.Сыздықов, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов секілді творчестволық тағдыры мен таланты әр қилы ақындар аталады. Бұлардың кейбіреулері (Б.Ізтөлин, Ш.Иманбаева) өнерпаздық сапарын жаңа бастаған кезде дүние салып, барлық мүмкіншілігін көрсете алмады. Қалғандары талант қуатын толық ' ашып, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері есебінде қалыптасты.

Аталған ақындар шығармаларынан Қазақстандағы ірі жаңарулардың көркем ізі көрінеді. Бұлардың ішінен Ә.Тәжібаев, АТоқмағамбетов, Т.Жароков, Ғ.Орманов -бүкілодақтық көлемге танылған суреткерлер. Өлеңді әрі ауызша, әрі жазып шығарған майталман ж^йрік ақын Иса болса көкте кім», «Он екінші декабрь», «Кавказ», «Мұнай бер» секілді өлеңдері кезінде поэзиямыздың бәйшешек бағынан орын алған шығармалар.

Сатира саласында еңбек етіп келе жаткан санаулы қаламгерлеріміздің көшбасшысы да - А.Тоқмағамбетов. Сын-сықақ өлеңдерінің таңдаулыларыңда ақын қоғам дамуына кедергі болып жүрген кесапаттарды дәл танып, өлтіре шенейді. Бұған мысалға автордың әр кезде жарық көрген екі-үш шығармасын алып қарасақ та жеткілікті. «Честное слово> деген өлеңінде ақын адамдар арасындағы сақталып келе жатқан кедергі құбылыс - ішітарлық, қызғаншақтык. арызқойлық секілді зарарлы әдеттерді әшкерелейді Адамгершіліктің берік негіздерін бойына сіңіре алмаған. ойлағаны әманда күншіддік болып дағды алған, елге, көпке еңбек ету деген түсініктен алыс жүргендер бұл өлеңде таңбаланған. Ақынның кырағы көзінен жағымпаз жалақорлардың ен-таңбасы қағыс қалмай, жіті байқалған Сойқан, лаң жандардың алғашқы белгілері быпай сипатталады:

Бетіңе қарай күлімдей келеді,

Күле қарасаң, күлімдей береді.

Майпаздап жүріп, мәпелеп сөйлеп,

Жыландай жылжып, білінбей келеді.

Жаныңа жайлап жағына келеді

Жай-күйін айта, шағына келеді.

Жақындай түсіп, жағымпазданып,

Саулығыңды айтып, сағына келеді... Бірақ, мұның бәрі алдамшы, сырт керіністер екен. Әлп жылмаң қу еңбек етіп, өз ісімен айналысу дегенді дағдь етпеген. Ол «ауырдың үстімен, жеңіддің астымен» жүріг күнелтуді әдет еткен, өзінің рухани бейшаралығын дө-айбатпен жасырып үйренген. Сондықтан да оңдай залымда: қапелімде байқалмай, тіпті, «пысық жігіт», «тәуір жігіттік санатында есептеліп жүре береді. Ал күндердің кунінде ауа райы бұзылып, аласапыран жағдайлар туа қалса, әлгі азғындар өздерінің шын кескінін көрсетеді. Олардың:

.. .Етегін сіліксең «акты» шығады.

Жеңін сіліксең «факты» шығады

Қойнын ақтарсаң, колаба-қоржын,

Сүрленген арыз папка шығады. Мұндай типтер еңбекке үйренбеген, алдында нұрлы мақсаты жоқ, тек күн көру үшін ғана білім жиған немесе белгілі ортада нашар үлгі көріп, өмірдің жақсысы мен жаманы дегенді ауыл, аймақ көлемімен ғана өлшеп үйренген, шаһари, отырықшы мәдениет, салт, дағды, өнегеден бейхабар адамдар арасынан көбірек табылады. Не жасында, не есейгенде жақсы, биік мұраттар жолында не қиялданып, не қажыр жұмсап көрмегендер легінен мұндайлар жиірек кездеседі.

Жинақтаушылық мәнге ие сықақ өлеңнің бірі -«Желіккен жеңгейлерге». Бұдан отыз жылдан артык уақыт бұрын жазылған бұл өлеңнің сын, тәрбие күші әлі де кемімеген. Әдемілік пен әсіре қызылдықтың парқын айыра алмай, іс орнына сән куып жүрген әйелдерге бұл сөздер мірдің оғындай қадалады.

.. .Модадан мода таңдайды келіп,

Тастайды қас пен маңдайды керіп.

Өзі бір басқа, киімі басқа

Не көрсе соның бәріне жерік... адамдар жеке меншікті психологияға, дүниеқорлыққа, қырымпоздыққа түгелдей беріліп кетсе, коллектив мүддесі, ортақ мұрат, қоғам алдындағы парыз ұмытылатыны сөзсіз. Ақын сәнді киінуге қарсы емес, дүние жиюды бас мақсат еткендерге қарсы.

Қазақтың қазіргі аса көрнекті ақыны - Әбділдә Тәжібаевтың поэзиялық әлемі де мейлінше бай, мағыналы. Алғашқы творчестволық жолын таптық идеясы анық, үгіттік өлеңдерден бастаған ақын өнерпаздық жемісті жол кешті. Ол - көптеген нәзік, ойлы, сырлы лириканың, жалынды, арынды, публицистикалық   серпіні   күшті,   азаматтық   астары   берік өлеңдердің, татымды толғаулардың, философиялык түйіндеулерге құрылған дәмді дастандардың авторы. Ақындық талант ерекшелігі отызыншы жыддардың өзінде танылып, көзге түскен Ә.Тәжібаев - үнемі ізденіп, батыл барлау жасап, тың табыстарға жетіп жүрген ақын. Өмірден түсінгенін, түйсіктенгенін айтудағы ақиқатшылдығы мен тасқындап, жалындап, түйдектеп төгетін оттылығы қатар қосылған ақынның тек өзіне тән келбетін құрайды. Сонау отызыншы жылдардың орта кезінде жазылған «Сырдариядан» бастап кейін шыққан «Жартас» атты жинақтағы өлеңдеріне дейін осы сипаттарға толы. Ақынның таланты елуінші жылдарда жаңа биіктерге көтеріледі, ол Қазақстандык көлемнен асып, бүкіл Совет Одағы атынан сөйлерлік кемелдікке жетеді. Осы іспеттес өлендердің бірсыпырасы «Аралдар» деген жинақта жарияланған. Мұнда автор Европаны аралаудан туған ойларын зор патетикаға бөлеп көрсетеді. Дүниедегі ең озық идеялы елдің, Совет Одағынын азаматы - ақын капитал құрсауында тұншығып жатқак жұрттардың тағдырына көз салады, олардың өмір құбылыстарына төрелік пікір айтады. Ақын толғаныстарь: озық ойлы, интеллектуал совет адамының сырындай...

Өркені өскен әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі - ақын Тайыр Жароков шығармалары да өзіндік ерекше бітімімек көзге түседі. Совет жылдарында жан-жақты білім алып. әлемдік әдебиеттің тұнығынан сусындаған ақын замак талабына лайық, кезінде ясұртшылық кәдесіне жарағак туындылар қалдырды. Бесжылдықтар дәуірінде туғак «Бесжылдықтың балғасы», «Мың-мың қолдар» әнмек айтылып, халық арасына кең таралып кеткен еді. Оның «Күк тіл қатты», «Тасқын» тәрізді дастандары да даңқты болған Т.Жароков социалистік өміріміздің мәнді мәселелеріне арнап көптеген поэмалар жазды. Ақынның көрнекті шығармась: «Тасқынға тосқын» оның көп ясылдық өнерпаздық жолы: лайықты түйіндеген ойы терең, жасалуы шебер туынды.

Сырт көзге онша жалтыддап көрінбейтін, бірақ қарапайым тереңдікке толы, іші алтын, сырты куміс өлеңдер Ғали Орманов қаламынан да аз тумаған. Жатықтық, жарасым, үйлесім, келісім ізденгіштік, тіл байлығын мол меңгергендік, сыпайылық, тартымдылық тәрізді қасиеттер ақын өлеңдеріне табиғи дарыған. Ғ.Ормановтың идеясы жоғары, көркемдігі кемел өлеңдерінің бірсыпырасы - ¥лы Отан соғысы кезінің туындылары. «Емен», «Қарағай» сияқты өлеңдер ақын творчествосында жаңа сапалық өрлеу басталғанын байқатып еді.

Туған жердің табиғатын суреттеуде Ғ.Ормановтың табысы айтарлықтай. Үстірт қарағанда елеусіз көрінетін табиғат құбылыстарына жан бітіріп, оның кереметтерін қайталанбас бояуымен елестете білу оңай шаруа болмаса керек. Сахарадан қалаға беттеп, ұзақ жолдың сарсаңына түскен жас шәкірт көңіл күйін поэзия тілімен бере білген.

Сараң басып сар тайым,

Сабылды бой алдырып:

Жол бойында жантайып,

Жаттым талай шалдырып.

Сағыныштай сарғайьш,

Сары белден таң атты.

Сахарада шалқайып,

Сарғая бір жол жатты... «Қарт анамдай Алатау» деген өлеңде ақын әсем таудың ерекшелігін танытуға халықтық баламалар табады:

.. .Шоқылары көкке жеткен,

Көрінді ыстық күн козіндей,

Сахараға салып кеткен

Ата-бабам кумбезіндей... Ақын жинақтарынан әдемі ойлар, ажарлы оралымдар, ұлттық өрнектер жиі кездеседі. Солары ана тілінің дәмін татуға, тереңіне бойлауға, бейнелеп ойлауға үйрететін қымбат ғибрат. Мысалы, Абай туралы айтылған «көгінде көңіліміздің маздайды ылғи, ақынның жырмен соққан мұнарасы» деген жолдар өлеңді зорлықпен жұмбаздап соғатындардын дастанынан бағалы...

Әдебиет әлеміне отызыншы жылдардың орта шенінде
қосылған немесе осы топқа ілесе келген буын өкілдерінен
Д.Әбілев,        Ж.Саин,        Қ.Аманжолов,        Ә.Сәрсенбаев.

М.Хакімжанова, Қ.Бекхожин, А.Жұмағалиев секілді көрнекті ақындар шықты. Бұлардың әрқайсысының қазақ поэзиясына қосқан тиісті сыбағасы бар. Аталған ақындардың көпшіліп Ұлы Отан соғысы кезінде майдан шебінде, оқ пен оттык ортасында жүрді. Олар жауынгерлік, азаматтық парызын қарумен де, қаламмен де атқарысты. Еліміздің басына түскен ауыр сын шағы - Отан соғысы кезінде ақындардың таланты ұшталып, қаламы өткірленді, қымбатты, елеулі туындылар берді.

Соғысқа дейін өзінің дарынын толық танытып үлгермегек Қасым Аманжолов майданнан толысқан ақын ретінде оралды Оның қаламынан қаһарлы жылдар бейнесін елестетерлік тартымды шығармалар туды. Әсіресе, «Абдолла» жауынгерлік ерлік, отаншылдық туралы биік патетикаға бөленіп жырланған ескерткіш. Ақын бұл шығармасында Отак мүддесін жеке басының мүддесінен артық санайтын, туғак елдің намысы мен бостандығы үшін ақырғы демі біткенше алысатын каһарманның кесек келбетін жасады ҚАманжоловтың көптеген лирикалық өлеңдері идеялык өткірлігі, көркемдік кемелдігі жағынан қазақ поэзиясын бір саты жоғары көтерді. Ақын шығармалары кейінгі жас буык ақындарға күшті әсер етті.

Әсіресе, дастаншы ретінде шоқтығы биік көрінетін Қалижан Бекхожиннің Сәкен Сейфуллин, Мариям Жагог қызына, күй аңызына арналған дастандарында үлкен ой мек тың сезім қатар қоныс тепкен. Ақын замандастар парасатык байытарлық түбірлі оқиғалар мен биік мұраттарды таба білед; Қ.Бекхожиннің «Махаббат ғаламаты» атты поэмасы - тұр мен мазмұны келісімді, кемелденген ақындық қуатты ой мен сезіу жаратындысы.

Біз бүгінгі поэзиямыздьвд қарымды қаламгерлері қатарында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, ақындар ағасы ретінде танылған Х.Ерғалиев,- С.Мәуленов, Т.Әлімқұлов, Ж.Молдағалиев, М.Әлімбаев сиякты есімдерді өзгеше бір леппен атаймыз. Бұларға иық сүйесе, сап түзеп, өлең жүгін көтерісіп жүрген үлкен бір топ ақындарымыз тагы бар. Осылардың өкшесін басып келе жатқан жас ақындар жасағы да көз тойдырарлық.

Өлеңнің өмірлі болуы - халық тарихының қайталанбас күрделі, мәнді шындығын, замана құбылысын, жан толғанысын табиғи ақиқат әрі әсем етіп бейнелеуіңде.

Қазақ совет поэзиясы замана алға тартқан міндеттерді әр кезеңде абыроймен атқарып келген. Ол тарихта тұнғыш рет еңбекшілерге азагтық әкелген Октябрь революциясының, азамат соғысының оқиғаларын, елді советтендіру жолындағы күрестерді, жаңа социалистік қоғам орнату үшін қажырлы істерді, жасампаз совет адамын, халықтар достығын, отаншылдықты, ерлікті, еңбекті талмай жырлады, өсуімізге кедергі келтіретіннің бәрін де аяусыз сын отымен қарыды.

Поэзия алдындағы міңдет орасан биік. Ескі, таптық теңсіздікке негізделген құрылыстардың құлауға тиістілігін, жаңа әлем орнату қажеттігін ұлы сеніммен, жалынды жігермен жырлаған поэзия коммунистік құрылыс заманы адамының өскелең талабына сай парасатты, байтақ болуы шарт.

1969

Бөлісу: