Әлеуметтік әуен

19 Қараша 2013, 12:11

Қазақ поэзиясы совет жылдарында сан жағынан да, сапа жағынан да ерекше өсті. Бұрынғы әдебиетте көтерілмеген тақырып, айтылмаған идея, тұр байлығы, ырғақтық, ұйқастық, бунақтық сонылықтар бұл дәуірде көптеп көрінді. Бұған мысалды біз жаңа әдебиетіміздің жарты ғасырлық тарихынан да, осы мерзім ішінде поэзиямыздың жалпы бағдары мен мұғдарын аңғартатын «Қазақ совет поэзиясы антологиясының» екі томдығынан да, жыл сайын шығып келе жатқан алуан жинақтардан да мол табамыз. Сан ғасырлық тарихы, дәстүрі бар қазақ поэзиясы жаңа заманда қандай сапалар тапқаны - жан-жақты зерттеулерге лайық. Қазақ совет поэзиясын әлденеше ақындар буыны жасаған. Олардың әрбір легінің, жекелеген ірі шайырлардың әкелген жаңалығы да қызғылықты мәселе. Біз сол мәселелердің бәріне емес, бірер тармағына, атап айтқанда, қазақ совет поэзиясы халқымызға қандай үлкен ақиқаттарды айтты, нені насихаттады дегенге, оның әлеуметтік әуеніне ғана қысқаша кідіріп өтеміз. Революциядан бұрынғы поэзия болмысты, өмір құбылыстарын түсіндіруші болатын. Негізінде, ауызша шығарып айтатын ақындардың толғау, термелерінде өмірдің мәні мен мұраты, жақсылық пен жамандық, жастық пен кәрілік, барлық пен жоқтық секілді толып жатқан тіршілік сұраулары көтерілетін. Соларға дәуір ұғымы тұрғысынан шешім, жауап айтылатын. Қазақ өлеңінің Бұхар, Шортанбай, Дулат, Майлы, Базар секілді сараман жүйріктері шығармаларынан осы саладағы үздік үлгілер кездеседі. Ал қоғамдағы қайшылықтар мен кемшіліктерді көре біліп, соларды сынап-мінеуді мақсат еткен ақындар (Абай, Сұлтанмахмұт т.б.) үлкен күрескерлік қорытындыларға барғанымен, сол күрес тәсілі мен нысанасын анықтап көрсете алмайтын еді. Революцияға дейінгі поэзияда лирикалық қаһарман көп дегенде әлеуметтік әділетсіздіктерге наразылық білдіруші ролінде ғана көрінетін. Сонымен ғасырлар бойғы поэзияның басты сарыны «Тағдырға риза, бәлеге сабыр» деп келетін мәмілегер, дәрменсіз философияға тірелетін. Қазақ совет поэзиясы о бастан мүлде жаңа сипаттағы поэзия ретінде дүниеге келді. Үстем таптың ғасырлар бойғы билігін құлатып, еңбекшілер бостандығына жол ашқан революция заманының өршіл, өктем мінезі әдебиеттен де көрінеді. Ендігі жерде адамды адам қанайтын қоғам әділетсіз, заңсыз, сол үшін ол күйреуге тиіс дейтін жалпы идея ашық айтылатын болды; «Заман біздікі» дейтінді еңбекшілер өкілі батыл естіртті. Жаңа дәуір шындығы поэзияның алдына койылатын міндетті өзгертті, ақындар енді жалпы дүние мәселесін жайбарақат суреттеуден, түсіндіруден, ғибрат айтудан нақтылы уақыт міндетін көрсетуге ойысты. Төңкеріс заманында қазақ совет поэзиясының туын көтеріп шыққан дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллин еді. Сәкен жаңа ақиқатты жырлауды бастаушы ғана емес, мүлде тың дәстүрдің негізін салушы да болды. Оның олеңдері мен дастандарынан дүние кұбылыстарын революционер көзімен бағалайтын, коммунистік партия мұратын өз мұратым деп санаған, қанаушылық, теңсіздік атаулыға қаны қас, еңбекшілер ісі үшін ақырына деііін күрссуге даяр қаһарман ақын тұлғасы елестейді. Ақынның кезінде халық арасыпа ұрандай тараған өлеңдерінің бірі - «Жас қазақ марсельезасында» күрескерлік шақыру, ескі қоғамды сынау, жаңаны жасауға үндеу мейлінше толық та анық естіледі. «Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос, ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос» деп революцияшыл идеяны бас сарын етіп алады да, ақын бұрынғы әлеуметтік құрылыстың жарамсыздығын дәлелдейді. Атап көрсетерлік нәрсенің бірі - С.Сейфуллинің қашан да таптық   мүдде   күрескері   болып   көрінетіндегі.   Ол   бұрын отаршылдық қыспағында езілген қазақ халқының азаттыққа жету жолын таптық мүддемен бірлікте қарайды. Бұл оның шығармашылығына    кең   тыныстылық,    идеялық    саралық дарытады. Тікелей қазақ бұқарасына арнау болып саналатын жолдарда ақын таптық нысананы биік ұстайды, бірлік пен ынтымақтың ең тазасы осы бағытта жасалады деп сенеді. .. .Қайырсыз байларың көп еді, Жауыздың мейірі жоқ еді. Жауыздың тамырын қияйық, Қулардың аранын тияйық. Ақ ниет азамат ерлерді, Бір тудың астына жияйық... Күрес   заманы  ойдың  анықтығын,   сөздің  қысқалығын керек етеді. Қозғалысқа түскен халыққа алдындағы нысанасын түйіндеп айтатын тұжырымды тапқыр, ұрандай өткір, терең мағыналы сыйымды создер қажет. Революңия жолына саналы түрде түскен, бостандық үшін күрсстің ауырлық азабын өз басынан кешкен азамаг ақыи сңбекіпіге ең керекті ойларды қанатты    сөздей    қысқа    да    қанықгы    етіп    айта    біледі. «Жойылсын әлсіздік, кемшілік! Жасасын әділдік, теңшілік!» деп түйіндейді ол. С.Сейфуллиннің көп өлеңдерінде осы сарын қайталанып отырады. Ақынның сөздері жалаң угіттеме болмай, оның өмірдегі ең аңсаған арманы, шырқау шындығы болып шығады. Бірталай өлеңдер күрескер ақынның әр кездегі көңіл күйі мен жан толқындарының жауынгерлік күнделігі секілді әсер қалдырады. Төңкеріс дәуірінің жырларында өктем, өршіл, көтеріңкі лебіздер болуы табиғи. Өйткені, революция деген қоғам дамуының белгілі белестерінде, көптеген шиеленіс ширыққан, әлеуметтік дағдарыс асқынған тұста пайда болатын құбылыс қой. Ескі дүниені төңкеріп, жаңа дүниені орнату нысанасы каңдай аскақ міндет болса, сол идеяны поэзияда жеткізіп айту да өзіндік жаңа шешімдер, соны бейнелер, тың ырғақтар қажет ететіндігі сөзсіз. «Ғашығым менің бостаңдық, келді алдыма жарқылдап», -дейді С.Сейфуллин бір өлеңінде. Биік идеялар биік сөз туғызатынына бұл жарқын мысал. Халыққа азаттық әперу жолына бел байлап кіріскен, саналы, табанды қайраткерді ешқандай қиындық, тосқауыл мойыта алмайтынын ақын анық ұқтырады. Отырмын күзет-қамауда Дұшпаннан тәнім жеңілді. Жеңе алмас бірақ еш пенде Асау, еркін көңілді... Сәкеннің «Жолдастар» атты өлеңі рухы жағынан «Интернационалмен» үндес екені байқалады. Теңдікті сұрап, жалынып, жағынып алуға болмайды, теңдік тек күреспен келеді деген пікір өлеңнің өн бойына таралған. «Балғын білек күшімен аламыз біз, неше мың жыл құдайдан сұрағанды» деген жолдарда қанша сенімділік, қайсарлық жатқанын сезу қиын емес. «Жолдастардың» арнаулы әнмен айтылуы оның ел арасына кеңінен тарап, халықты коммунистік мұрат-бағдарға тәрбиелеуде зор қызмет атқаруына себепші болған. .. .Кедей ұлы жігерлі Бірігіп ұран салып қал. Қызыл тулы майданда Бостандықты алып қал... деген ән қайырмасын сан мыңдаған адам қайталап айтып, серпілгені анық. Өлеңге койылатын түрлі шарттар бар. Соньщ ішінде ен бастыларының бірі - шығарманың уақыт, заман талабына, мезгілдің ең зәру сауалына дәл жауап бере білетіндігі. С.Сейфуллиннің «Жолдастары» іспеттес өлеңді қазіргі ақын жазса, онша ұтымды шықпас еді. Өйткені, заман басқа, талап басқа. Ал, бірақ жиырмасыншы жылдарда «Жолдастардай» ықпалды, даңқты өлеңдер сирек болатын. Ол өлең бұрынғы езілген еңбекші таптың сан ғасырлық арманыньщ шешімін тапқандай, көптің көкейіндегіні дөп басқандай әсер қалдырған. Сұлулық пен құштарлықты жырлауда да С.Сейфуллин Шығыс пен Батыстың ірі ақыңдарымен иықтаса алғандай. Дегенмен, оның қазақ поэзиясының тарихындағы орны мен өзгешелігі - тарихта тұңгыш рет еңбекшілер үстемдігін орнатқан заманның өктем үнді жыршысы, жаңа сыпаттағы әдебиетті бастаушы, жетекші, негізгі принциптерін салушы болуында. Революция, күрес дәуірінің түбірлі, терен шындығын қайталанбас, шынайы қалыпта, қайратты шумақтарда суреттей білуі - ақынның ұмытылмас еңбегі. Революция дәуірінің дабыл, ұраны Сәкенмен үзеңгілес шыққан өзге ірі ақындар шығармаларынан да естіледі. Әрбір ақынның талант ерекшелігіне, өмір тәжірибесіне байланысть: бұл ортақ тақырыптың өзі түрліше жырланады. Мәселен. Бейімбет Майлин өлеңдерінде төңкеріске шақыру, әлемді жаңарту сарындары көп кездеспегенімен, заман ырғағымек өзгерген адам мінезін елестету жағы кем соқпайды. 0.; дүниені дүбірлеткен жаңалықтар қазақ ауылына да жеткенін көп қаналып, шексіз зәбірленіп жасыған сахара кедейінік санасына   азаттық   сәулесі   кіре   бастағанын   қарапайым, қанықты етіп көрсетеді. «Қарынға», «Шал мен қыз», «Кедей», «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз», «Құр жылама», «Ұлы күн», «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» деген өлендерде ұлы езгерістер сыры әр қырынан таныстырылған. Бостандық сарыны адамдарды жаңа әрекеттерге түсіргені «Шал мен қыз» атты өленде айқын көрінеді. Мұнда мал беріп айттырып алмақ болған шал мен шалды сүймейтін жас қыздың арасындағы қайшылық диалог түрінде берілген. Қалың малы төленсе, іс бітті деп есептейтін шалға қыз өршіл жауап айтады («Қайтып ал малыңды, тимеймін, еркім бар, өзімді билеймін»).

Қазақ поэзиясы совет жылдарында сан жағынан да, сапа жағынан да ерекше өсті. Бұрынғы әдебиетте көтерілмеген тақырып, айтылмаған идея, тұр байлығы, ырғақтық, ұйқастық, бунақтық сонылықтар бұл дәуірде көптеп көрінді. Бұған мысалды біз жаңа әдебиетіміздің жарты ғасырлық тарихынан да, осы мерзім ішінде поэзиямыздың жалпы бағдары мен мұғдарын аңғартатын «Қазақ совет поэзиясы антологиясының» екі томдығынан да, жыл сайын шығып келе жатқан алуан жинақтардан да мол табамыз.

Сан ғасырлық тарихы, дәстүрі бар қазақ поэзиясы жаңа заманда қандай сапалар тапқаны - жан-жақты зерттеулерге лайық. Қазақ совет поэзиясын әлденеше ақындар буыны жасаған. Олардың әрбір легінің, жекелеген ірі шайырлардың әкелген жаңалығы да қызғылықты мәселе. Біз сол мәселелердің бәріне емес, бірер тармағына, атап айтқанда, қазақ совет поэзиясы халқымызға қандай үлкен ақиқаттарды айтты, нені насихаттады дегенге, оның әлеуметтік әуеніне ғана қысқаша кідіріп өтеміз.

Революциядан бұрынғы поэзия болмысты, өмір құбылыстарын түсіндіруші болатын. Негізінде, ауызша шығарып айтатын ақындардың толғау, термелерінде өмірдің мәні мен мұраты, жақсылық пен жамандық, жастық пен кәрілік, барлық пен жоқтық секілді толып жатқан тіршілік сұраулары көтерілетін. Соларға дәуір ұғымы тұрғысынан шешім, жауап айтылатын. Қазақ өлеңінің Бұхар, Шортанбай, Дулат, Майлы, Базар секілді сараман жүйріктері шығармаларынан осы саладағы үздік үлгілер кездеседі. Ал қоғамдағы қайшылықтар мен кемшіліктерді көре біліп, соларды сынап-мінеуді мақсат еткен ақындар (Абай, Сұлтанмахмұт т.б.) үлкен күрескерлік қорытындыларға барғанымен, сол күрес тәсілі мен нысанасын анықтап көрсете алмайтын еді. Революцияға дейінгі поэзияда лирикалық қаһарман көп дегенде әлеуметтік әділетсіздіктерге наразылық білдіруші ролінде ғана көрінетін. Сонымен ғасырлар бойғы поэзияның басты сарыны «Тағдырға риза, бәлеге сабыр» деп келетін мәмілегер, дәрменсіз философияға тірелетін.

Қазақ совет поэзиясы о бастан мүлде жаңа сипаттағы поэзия ретінде дүниеге келді. Үстем таптың ғасырлар бойғы билігін құлатып, еңбекшілер бостандығына жол ашқан революция заманының өршіл, өктем мінезі әдебиеттен де көрінеді. Ендігі жерде адамды адам қанайтын қоғам әділетсіз, заңсыз, сол үшін ол күйреуге тиіс дейтін жалпы идея ашық айтылатын болды; «Заман біздікі» дейтінді еңбекшілер өкілі батыл естіртті. Жаңа дәуір шындығы поэзияның алдына койылатын міндетті өзгертті, ақындар енді жалпы дүние мәселесін жайбарақат суреттеуден, түсіндіруден, ғибрат айтудан нақтылы уақыт міндетін көрсетуге ойысты.

Төңкеріс заманында қазақ совет поэзиясының туын көтеріп шыққан дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллин еді. Сәкен жаңа ақиқатты жырлауды бастаушы ғана емес, мүлде тың дәстүрдің негізін салушы да болды. Оның олеңдері мен дастандарынан дүние кұбылыстарын революционер көзімен бағалайтын, коммунистік партия мұратын өз мұратым деп санаған, қанаушылық, теңсіздік атаулыға қаны қас, еңбекшілер ісі үшін ақырына деііін күрссуге даяр қаһарман ақын тұлғасы елестейді.

Ақынның кезінде халық арасыпа ұрандай тараған өлеңдерінің бірі - «Жас қазақ марсельезасында» күрескерлік шақыру, ескі қоғамды сынау, жаңаны жасауға үндеу мейлінше толық та анық естіледі. «Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос, ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос» деп революцияшыл идеяны бас сарын етіп алады да, ақын бұрынғы әлеуметтік құрылыстың жарамсыздығын дәлелдейді.

Атап көрсетерлік нәрсенің бірі - С.Сейфуллинің қашан да таптық   мүдде   күрескері   болып   көрінетіндегі.   Ол   бұрын отаршылдық қыспағында езілген қазақ халқының азаттыққа жету жолын таптық мүддемен бірлікте қарайды. Бұл оның шығармашылығына    кең   тыныстылық,    идеялық    саралық дарытады. Тікелей қазақ бұқарасына арнау болып саналатын жолдарда ақын таптық нысананы биік ұстайды, бірлік пен ынтымақтың ең тазасы осы бағытта жасалады деп сенеді. .. .Қайырсыз байларың көп еді, Жауыздың мейірі жоқ еді. Жауыздың тамырын қияйық, Қулардың аранын тияйық. Ақ ниет азамат ерлерді, Бір тудың астына жияйық... Күрес   заманы  ойдың  анықтығын,   сөздің  қысқалығын керек етеді. Қозғалысқа түскен халыққа алдындағы нысанасын түйіндеп айтатын тұжырымды тапқыр, ұрандай өткір, терең мағыналы сыйымды создер қажет. Революңия жолына саналы түрде түскен, бостандық үшін күрсстің ауырлық азабын өз басынан кешкен азамаг ақыи сңбекіпіге ең керекті ойларды қанатты    сөздей    қысқа    да    қанықгы    етіп    айта    біледі. «Жойылсын әлсіздік, кемшілік! Жасасын әділдік, теңшілік!» деп түйіндейді ол.

С.Сейфуллиннің көп өлеңдерінде осы сарын қайталанып отырады. Ақынның сөздері жалаң угіттеме болмай, оның өмірдегі ең аңсаған арманы, шырқау шындығы болып шығады. Бірталай өлеңдер күрескер ақынның әр кездегі көңіл күйі мен жан толқындарының жауынгерлік күнделігі секілді әсер қалдырады. Төңкеріс дәуірінің жырларында өктем, өршіл, көтеріңкі лебіздер болуы табиғи. Өйткені, революция деген қоғам дамуының белгілі белестерінде, көптеген шиеленіс ширыққан, әлеуметтік дағдарыс асқынған тұста пайда болатын құбылыс қой. Ескі дүниені төңкеріп, жаңа дүниені орнату нысанасы каңдай аскақ міндет болса, сол идеяны поэзияда жеткізіп айту да өзіндік жаңа шешімдер, соны бейнелер, тың ырғақтар қажет ететіндігі сөзсіз. «Ғашығым менің бостаңдық, келді алдыма жарқылдап», -дейді С.Сейфуллин бір өлеңінде. Биік идеялар биік сөз туғызатынына бұл жарқын мысал. Халыққа азаттық әперу жолына бел байлап кіріскен, саналы, табанды қайраткерді ешқандай қиындық, тосқауыл мойыта алмайтынын ақын анық ұқтырады.

Отырмын күзет-қамауда

Дұшпаннан тәнім жеңілді.

Жеңе алмас бірақ еш пенде

Асау, еркін көңілді... Сәкеннің «Жолдастар» атты өлеңі рухы жағынан «Интернационалмен» үндес екені байқалады. Теңдікті сұрап, жалынып, жағынып алуға болмайды, теңдік тек күреспен келеді деген пікір өлеңнің өн бойына таралған. «Балғын білек күшімен аламыз біз, неше мың жыл құдайдан сұрағанды» деген жолдарда қанша сенімділік, қайсарлық жатқанын сезу қиын емес. «Жолдастардың» арнаулы әнмен айтылуы оның ел арасына кеңінен тарап, халықты коммунистік мұрат-бағдарға тәрбиелеуде зор қызмет атқаруына себепші болған.

.. .Кедей ұлы жігерлі

Бірігіп ұран салып қал.

Қызыл тулы майданда

Бостандықты алып қал... деген ән қайырмасын сан мыңдаған адам қайталап айтып, серпілгені анық.

Өлеңге койылатын түрлі шарттар бар. Соньщ ішінде ен бастыларының бірі - шығарманың уақыт, заман талабына, мезгілдің ең зәру сауалына дәл жауап бере білетіндігі. С.Сейфуллиннің «Жолдастары» іспеттес өлеңді қазіргі ақын жазса, онша ұтымды шықпас еді. Өйткені, заман басқа, талап басқа. Ал, бірақ жиырмасыншы жылдарда «Жолдастардай» ықпалды, даңқты өлеңдер сирек болатын. Ол өлең бұрынғы езілген еңбекші таптың сан ғасырлық арманыньщ шешімін тапқандай, көптің көкейіндегіні дөп басқандай әсер қалдырған.

Сұлулық пен құштарлықты жырлауда да С.Сейфуллин Шығыс пен Батыстың ірі ақыңдарымен иықтаса алғандай. Дегенмен, оның қазақ поэзиясының тарихындағы орны мен өзгешелігі - тарихта тұңгыш рет еңбекшілер үстемдігін орнатқан заманның өктем үнді жыршысы, жаңа сыпаттағы әдебиетті бастаушы, жетекші, негізгі принциптерін салушы болуында. Революция, күрес дәуірінің түбірлі, терен шындығын қайталанбас, шынайы қалыпта, қайратты шумақтарда суреттей білуі - ақынның ұмытылмас еңбегі.

Революция дәуірінің дабыл, ұраны Сәкенмен үзеңгілес шыққан өзге ірі ақындар шығармаларынан да естіледі. Әрбір ақынның талант ерекшелігіне, өмір тәжірибесіне байланысть: бұл ортақ тақырыптың өзі түрліше жырланады. Мәселен. Бейімбет Майлин өлеңдерінде төңкеріске шақыру, әлемді жаңарту сарындары көп кездеспегенімен, заман ырғағымек өзгерген адам мінезін елестету жағы кем соқпайды. 0.; дүниені дүбірлеткен жаңалықтар қазақ ауылына да жеткенін көп қаналып, шексіз зәбірленіп жасыған сахара кедейінік санасына   азаттық   сәулесі   кіре   бастағанын   қарапайым, қанықты етіп көрсетеді. «Қарынға», «Шал мен қыз», «Кедей», «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз», «Құр жылама», «Ұлы күн», «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» деген өлендерде ұлы езгерістер сыры әр қырынан таныстырылған. Бостандық сарыны адамдарды жаңа әрекеттерге түсіргені «Шал мен қыз» атты өленде айқын көрінеді. Мұнда мал беріп айттырып алмақ болған шал мен шалды сүймейтін жас қыздың арасындағы қайшылық диалог түрінде берілген. Қалың малы төленсе, іс бітті деп есептейтін шалға қыз өршіл жауап айтады («Қайтып ал малыңды, тимеймін, еркім бар, өзімді билеймін»).

Бөлісу: