Бройлер

19 Қараша 2013, 11:14

     Радик ішек-сілесі қатып, рақаттана күлді. Босағаны жауырынымен сырып, еденге бұратылып отыра кетті. Жалт қараған әкесінің сұсты қабағынан сескеніп, жым болған қалпы бұғып қалды да, созылып тұра беріп, кекілін сипады. Мұнысы, күлгенімді кешір деген сыңайы. Бірақ сыртқа шыға бере, аяғын киер-киместен жаңағы күлкі бұны қайта қысты. Өз күлкісіне өзі қақалып, шашалып жүріп, тауық қораның алдында жер шұқылап бездектеп жүрген ақ әтешті бас салды да, тұмсығынан шертіп-шертіп қалып еді, оның қап-қатты тұмсығы тық-тық етті. - Енді, папамды қуаласаң сен байғұс сойылып қаласың. Ол сені аямайды ғой... - Радиктің даусы көңілсіздеу шықты. Сыртқы есіктің ашылғанын сезген ақ әтеш мойнын созып, тағы да күдірейе қалды да, Радиктің қолын қанатымен серпіп тастап, жүгіре жөнелді. Көз ілеспес жылдамдықпен қыт-қыттап ағызып барып, шаңқ еткен болды. - Ойбай, мына бәле тағы... - Ебедейсіз қозғалған папасы: - Әй... әй... Мынау қайтеді, өзі! - деп жарқаштанған дауыспен, ақ әтештін, ата-бабасын, тіпті сол инкубатор дегенді ойлап тапқан бүкіл ғалым атаулының, тіпті осы бройлер деген пәлені сатып алып, асырап отырған әйелін де жерден алып, жерге салып, атойлап үйіне енді. - Ойбай, байғұс-ау не болды сонша, таусылып? Кімге ренжідің? - деп жайбарақаттана қараған әйеліне, тырналған шоқылған қолдарын көрсетіп жатып, ашуланған бойы, балаларына қалшылдай қарады. - Бұл ақ әтештен не сұрайсыңдар! Әке-шешенің не екенін білмей өскен, тәрбие көрмеген ата-анасыз қулар осылай болады. Адамның қасиетін білмейді-ау, қу аяқтар. Тарпа бас салып жүгіреді, одан қала берсе шоқиды. О заманда бұ заман адамды қуған тауықты кім көріпті. Естіген ел-жұртқа тірі мазақ қой, мынау. Василийдің тауығы өзін қуып жүр! Ал ендеше... Балалары ду күлді де, жылдам киініп, әкелерінің мына мүсәпір халіне жандары ашып кетті. - Папа, ақ әтешті тәрбиелейміз! - деді үлкені. - Оны сойып тастау керек! - деді екіншісі. - Әлі балапан емес пе, обал ғой. Союға ерте, - деп қынжылды біреуі. - Балапанды сойып... ес барма? - деп, мамалары тіксіне қарады. Демек, папалары мен почтальон қыздың әлі көретін күні алда деп ойлады Радик. Үйде ақ әтештің пайда болғаны қандай жақсы болды, айналайын мама-ай. Жалығып жүргенде мынау бір тамаша оқиға болды ғой, өзі. Кешкісін де күлесің, ертеңгісін де күлесің. Ақ әтеш папамды қуады, папам үйде кім күлсе, соны қуады. Бар байқағаным, кейінгі кезде маған шүйіліп тұрып кеп ескертетін болыпты. - Сонша неге мәз болдың? Көргенсіз неме! Бар әрі! Радик басын төмен салбыратып жібергенімен, сол баяғы әдемі, мазақ күлкі көкірегінде сайрап тұрды. Құрғыр, шыдататын емес. - Василийдің өз тауығы бүгін тағы қуады деп аяқтай берген әкесінің сөзіне Радик «кеңк» етіп барып тыйылып қалды. Бұл жолғы күлкісі әдеттегідей болмағансын, папасы да аса мән бермеген сыңай танытты. Ар жақтан реніш аралас дауыс шықты. - Әй, мынау қайсысының аяғының ізі. Шаңы бес елі болып еденге түскен. - Баяғы Радик шығар. - Иә, сол шығар. Бірін-бірі қостаған үлкенді-кішілі дауыстар жамырап кетті. Сол сәт үйдегілердің бәрін Радик соншалық жек көрді. Ол бұл жолы ешнәрсе естімегендей, міз бақпай отырып қалған. Сосын біраз уақыттан кейін барып, салғырт қана «мен емеспін» деген болды. Радик бір сәт өзінің жалыққанын сезінді. Өз үйінің бір-біріне ұқсас әр күні зәрезәп етті. Ешкімге айтпай алыс бір жаққа сапар шеккісі келеді. Және осы бір әдемі қиялды ұзақ уақыт ойлап отырып, сергіп қалатын. Иә, алысқа... А... ал...ыс бір жаққа жол жүргісі келеді. Сосын мынау бір жалықтырар күнделікті бәз тіршіліктен біржола қол үзіп, ұмыт етпек. Ешқашан да сағынып, оралмас едім дейді. Радик дәл бір балалық әлемінен әлдекім зорлап тұрып қайтіп алып кететіндей. Кейде түннің бір уағында оянып кетіп, ұзақ сарқылатын. Үйдегілерден ешкімді жақсы көрмеймін. Жалғыз мамамды... Ал папам... Ол өте тамаша адам дейді білетіндер. Меніңше қаталдау сияқты. Сосын әрбір ұсақ нәрсеге соншалықты терең мағына беріп, үлкен қорытынды жасайды. Бройлерді алғаш үйге әкелгенде-ақ папам: - Тектіден ешқашан тексіз туған емес. Ал тексізден ешқашан текті туған емес дегені бар. Сөйтіп папамның айтуынша ақ әтеш өзінің тексіздігін танытып жүр. Үйдегілерден жалыққаным соншалық - кешкісін бәріміз бірігіп тамақ ішетін сәттен мен кейінірек тамақтанғым келеді. Себебі олардың стол үстіндегі айтатын әңгімесі кешегісіне ұқсас. Терезе алдында тұрған Радик қабырғадағы айнаға келді. Екі бетінің ұшы албырап, қызарып тұр екен. Айнадағы өзінің кескініне көз қысты. Сөйтті де, айнадағы өзін дәл бір қарсыласынша әртүрлі қимылмен бокстай бастады. - Ей, ей, ей, не болды? Сен де бар ғой, Радик, торғайдың миындай ми жоқ. «Түу, құдай-ай, қайдан көріп қойып еді. Енді кешкісін бәріне айтып күлетін болды-ау»... Радик ұялып қалды. - Пап, кешірші... - Бар бол, ақымақ неме. Бала көңіл аласұрып, өзіне беймәлім бір жаққа елеңдейді. Емін-еркін жарқылдап, жадырап ойнақ салғанды аңсап, бейтаныс әлдекімді іздегендей болады. Өзінің туған үйі өзіне жат болып көрінгенде Радик шешесінің жанына жетіп баратын да, жұп-жұмыр әдемі мойнын құшақтап, қатты қысқан бойы, жібермей қоятын. - Мама, маматай, мам... Мен футболға кеттім. - Радик осындай желіккен сезіммен далаға жүгіре шығатын. Басқа балалардың еркелеген, ренжіген тұсына аса көңіл бөлмесе де, Радиктің әр қылығына, сөзіне, көңіл-күйіне соншалық мән беріп отыратын шешесі есіктен жүгіре шыққан ұлына ұрлана көз салды. - Ботақаным-ай, балалармен бірге ер жетіп өссе екен... Ол футбол алаңына қарай жүгіріп келеді. «Бүгін мен міндетті түрде «гол» соғамын». Оның жұп-жұмсақ кекілі жүгірген сайын желп-желп етеді. Радикпен бірге құйрығын бұлғаңдатып Белка да шықты. Радик асыққан сайын, Белка алға ершелене, қызбалана жүгіреді. Өз ағынынан өзі ауаға тіреіп барып, әрең тоқтады да иесіне қарады. Иесінің көзі сонау орман басындағы кішкентай үйге түседі. Онда Рома ағай тұрады...Белка да үйреншікті тұсқа көз тастап, кәукілдеп үрген болды.       Радик алғаш рет өз үйіне қонбауға тәуекел етті. Шынтақтап отырып шарап ұрттаған Рома баланың ойлы, мұңлы көзіне, сүп-сүйкімді жүзіне сынай қарайды. Мынау өмірде араласып жататын сұрқия бәле-жаладан, қиянат-кесапаттан, қулық-сұмдықтан сенің жаның таза деген тілегін айтқысы келеді. Бірақ үндемеді. Тәрбиелі семьяның ұйығынан шыққандықтан ба, әйтеуір, жан-дүниесі ғажап! - деп түйеді. Ауылда төбелес, жанжалмен қан қақсататын, жұмыссыз, жасы қырықтарды шамалап қалған Рома Радикке ұнайды. Өзіне Романың ұнайтынын айтса, әке-шешесін ренжітіп алатынын бала сезеді. Сондықтан да өзін үйдегілерден сырт ұстап, сыр сақтайды. Бүгін ол ұзақ уақыт Ромамен отырып, үйге қайтар шағында: - Кеткім келмейді, - деп қалды. Өзіне қадалып, таңырқаған Ромаға тағы да: - Рома ағай, менің үйге барғым келмей тұр! - деді. Рома ойланып қалды. Өмірі бала мейіріне беленбеген ол орнынан тұра беріп, көзіне жас алды. - Радька, өзімде сені біртүрлі жақсы көріп, саған әбден бауыр басып алыппын, білемісің? - Ол ебедейсіз алақанымен Радиктің маңдайынан сипағанда, жүрегіне түсініксіз бір сезім іспетті сызат түсті. - Тұра тұр, мен сені шығарып салайын... Олар тоғай шетіне жақындағанда бір-ақ қоштасты. Екеуі екі жақтағы өз үйлеріне бет алған. Ауласына жақындай бере, Радиктің жүрегі лүпілдеп, аузынан шығып кете жаздады. «Папам мен мамам тағы да ренжитін болды-ау... Сағат неше екен...»       Жарық сөнді. Демек, бәрі ұйқыға кетті. Жазғы түн сондай жылы. Әр жақтан бір кәукілдеп ит үрген болады, оған өзгелер қосылып шулап кетеді. Кейде тып-тыныш болып тына қалғаны сонша - малдың күйсегені, дем алғаны, бұлақтың сылдыр қаққан үні естіледі. Сол түнгі ай да жап-жарық. Әлі салынып бітпеген үлкен үйдің алдындағы тастардың біріне келіп, Радик жауырынын төседі. Үйге енгісі келмеді. Әрине, үйдегілер бүгін мұны іздеп таба алмай, дал болар. Мамасы дәрі-дәрмегін ішіп, басын тас қып буып, Радиктің қайда кеткенін уайымдап, әлі көз ілмеген де болар. «Енді үйге не айтамын, құдай-ай... Масқара! Біреу шам жағып, дәлізге шықты. - Папам ғой... Сыртқа шығатын болар»... Айтқандай-ақ әкесі есікті ашып, тысқа шықты. - Папа. - Қайда жүрсің, Радик? Ол тұрған бойы басын көтермеді. - Балам-ау, түні бойы дала кезіп саған не көрінген? Қайдан келдің? Радик тіл катпады. - Жүр, үйге кір. Жуын да ұйықта, дем ал. Бөлмесіне кіріп бара жатқан ұлына зер сала қарағанмен, ешнәрсе түсінбеді. Басын шайқап тағы да біраз сөйлемек болды да, есінеген қалпы, жатын бөлмесіне кіріп кетті. - Ертең шешелерің курортқа жүреді. Біз қайтіп күн көрер екенбіз? - деген әкесі қоңылтақсып. - Әкелеріңді тыңдаңдар, сосын үйдің әр жұмысын бөліп алыңдар. Радик, бройлерге сен өзің бас-көз боласың. Қырылып қалып жүрмесін, жарай ма? Радик шешесіне қарады. - Көзіңнен айналайын, балапаным менің. Сен неге жүдеп жүрсің, а?! Радик үнсіз қалды. «Мама, мен Рома ағайды жақсы көрем» - дей жаздап барып, «мама, оны жақсы көруге бола ма?» - деп қала жаздап, іштей тынған болатын. - Ертең соңғы қоңырау... Сөйтіп, Радик жетінші класқа ілгерілейтін жыл. Шешелері курортка кеткен күннен бастап, үйде бәрі би, бәрі қожа. He істегісі келсе, соны істейді. - Мен құймақ жасаймын! - деп Валя үйді көк түтін қылды. «Папам келсе тағы да маған ескертпе жасаудан бастайды-ау». - Бәрің жиналыңдар! - деді Радик үйдегілерге бұйырып, - Тезірек. - He болып қалды? Қойшы, мен бармаймын, - деді кішкентай қыз оның ересектігін мойындамай. - Жиналыс болады! - деді Радик қабағын шытып. - Түу, у, мамам кеткелі сенің жиналысың көбейіп кетті ғой өзі! - деді кішкентай қыз қуыршағын орап жатып. - Өздеріңе берілген жұмысты орындамайсыңдар. Еденді жуу, ыдыстарды жинау, кешке қарай тауықтарды қамау. Белкаға ас құю дегендерді ұмытып, немесе қашып кететінді шығардыңдар. Кім өзіне тиісті жұмысты істемесе, сол сөгіс алады. Сосын кешкісін папама айтам. Бәрі жым болды. Дереу жұмысқа кірісті. Тек қана тентектеу, ерке кішкентай қыз: - Ал, өзің ше?.. Өзің неге ешнәрсе істемейсің? - деп қадалып тұр. - Мен... мен сендердің не істегендеріңді тексеремін, - деп Радик қатқылдау қайырды. - Ой, сен өзің қусың! - деп басын шайқап, суырылып сөйлеп келе жатқан Надькаға: - Болды, бар! - деді Радик қабағын шытып. Амалсыз қалған кішкентай қыз Радикте дәл бір өші кеткендей жылтың еткізіп тілін көрсетті. Бұл қылығына Радиктің енді жыны келді. - Барсайшы, ойнамаймысың... - Екі, екі... - деп ол басын шайқап тұрып алды. Телевизор көріп отырған Радик орнына атып тұрды. Папасы үйге тағы да жүгіріп кірсе керек, аяғын шешіп жатып: - Ақ әтештің көзін қалай құртсақ екен? - деді ауызғы бөлмеден. - Радик, Радик үйдемісің? - Ау! - Бәрің бері келіңдерші.Балаларының ішінен Радикке назар аудара сөйледі. - Бүгін кешкісін ақ әтештен бастап, бройлер тауықтарды көршілерге таратыңдар. Әншейінде қызығып жүр еді ғой, қандай ірі, қандай әдемі тауықтар деп ауыздарының суы құриды. Сендер кешкісін әр көршіге екіден-үштен сыйлайсыңдар, мақұл ма? Бізге бройлер тауықтың керегі жоқ деп айтып, тарата беріңдер. - А, мама ше? - He, мама?.. - Мам... ренжиді ғой. - Ешнәрсе етпейді. Базарға апарып сатып жібердік дейміз. Бәрі бір ауыздан келісті. Тек қана Радик үнсіз қалған болатын. He істерін білмеді. Ол ақ әтешті ешкімге де қимаған. Бірақ, тапсырма орындалмаса папасы ашуға мінеді де, іс насырға шабады. «Қайран мамам-ай, несіне курортқа кете қалдың? Ақ әтеш...» - Папа, ақ әтештен басқаларын үлестірейікші. Әкесі Радикке ренжіп, ұнатпай қарады. - Керісінше, ақ әтештен бастаймыз, ұлым. - Мен ақ әтешті ешкімге бермеймін. - Бала болдың ба, Радик.       Тоғай шетіндегі баскалардан жырақта орналасқан кішкентай үйдің шамы әлі өшпепті. Демек, Рома ағай үйде. «Не істеп отыр екен?...» Баланың аңсары сол үйге ауды. Осы қалпымен жүгіріп барса, жылдам орала алар ма екен? Радик ойланып, алысқа көз жіберді де, енді солай қарай жүгіре жөнелді. Осы бір жасырын күштің өзіне қарай үнемі тартатынын ол әлі күнге дейін аса аңғара қоймаған. Романы сондай жақсы көреді. Мынау салпаң құлақ сары баланың анда-санда келіп, жанында үнсіз отырып кететін сәтін Рома да сағынған сияқты. «Күшіктің өзін бауырыма басып, үйреніп қалыппын. Өзі де бір адамға үйір бала екен! - деп, өткен бір жалғызсыраған тұста біраз ойланып қалып еді. Сыртқы есік шиық етіп ашылып, ар жағынан Радик көрінді. Рома үнсіз отырды да: - О, жігітім, келгенің дұрыс болды... Сенімен ақылдасатын жайт бар... деді жас баланы емексітіп. Романың жанына Радик тізерлеп отыра кетті. - Радик, ертең мен жолға жүремін. Сенің бүгін келгенің дұрыс болды. Жақсы азамат бол... Саған бауыр басып, үйреніп қалыппын. Мен сиякты болма, сүйкімді бол. Ол күрсініп барып, көзін жерге салды. Шынын айтсам, ел ішінен жалықтым. Қалаға барып, заводқа жұмысқа тұрамын. Сен қаланыц қандай екенін көріп пе едің, өзі? - Жоқ. Радик енді одан сайын Ромаға қызыға қарады. Сонда сіз, енді мүлде келмейсіз бе? - Әрине, қалаға бір үйренген соң ауылдың маңын көргің де келмес. - А-а... - деп таңырқады Радик. - Қала қызық шығар, ә? - Ғажап. - Мені де ала кетіңізші, Рома ағай! Ол бұл жолы жалынышты қарады. - Айтпақшы, сенің жазғы демалысың екен-ау. Екеуі сұрақтың шешуін тапқандай күлісіп алды да, тағы да үнсіз бір-біріне көз салды. - Ой, мен үйге тезірек баруым керек деп, Радик асығыс-үсігіс шалына басып, үйге барар жалғыз аяқ бұралаң жолға түсіп алып, жүгіре жөнелді. Жақындай бере аяңдап басып, есік алдында кідіріп қалды. Сосын қайтадан кеудесін әлдебір қуаныш сезім шарпып, есікті ашып қалған. - Қайда жүрсің? Қайдан келдің? - Футблдан... - Радиктің денесі калш-калш етті. Папасы оның қайдан келгенін біліп тұрғандай көрінген. - Шын айтамын, пaпa. - Радик әкесіне жалынышты сыңаймен қарады. Аяғын шешсе де, енді ешкім ешқандай сұрақ қоймаса екен деп, ішкі бөлмеге жылдам еніп кеткен. - Радик, Радик! Соңынан жүгіріп келген Надькаға ол тыжырына қарады. - Папам ақ әтешті... бере салды ғой, білесің бе? - Кімге? - Радик далаға жүгіріп шықты. Соңында калған Надька: - Мен білмеймін ғой. Әйтеуір, ақ әтеш жоқ! - деп, өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп қалған. Сол күні түнде ақ әтеш әлдекімнің қолында кетті. Радиктің үлкен көздері кенет жасаурап тауық қораға қарады. Бездектеп жүгіріп жүретін бройлердің бірде-бірі жоқ. Қоралар қаңырап, есігі ашық жатыр. «Қандай көңілсіз еді... Әсіресе ақ әтеш...» Сол күні жаңбыр сіркіреп ұзақ жауды. Радик біраз уакытқа дейін дөңбекшіп ұйықтай алмаған. Әлгібір сезім тағы да әуреледі-ау... Папасының орнында Рома болса, ақ әтешті ешкімге бермес еді. Радик енді бұл үйден тіпті тезірек кетуге асықты. Қайда, кімге баратыны белгісіз болса да көңілі құлазып, өзіне-езі ие бола алмады. Сол бір күдік пен үміт араласқан нәзік сезім оны одан сайын жігерлендіре түскен сияқты. Қымталып жатып қалғып кетті. Сыртта ұзақ уақыт сіркіреген жаңбыр да басылып, тыныштық орнады. - Рома ағай, Рома ағай! Радик терезе әйнектерін сартылдата ұрды. Бірақ ар жақтан ешкім тырс еткен дыбыс бермеді. Тек қана қарлығыңқырап шыққан көрші әйелдің: - Әй, жетпегір, таң атпай немене саңқылдап тұрсың?  Рома ағаң ертеңмен жиылып бір жаққа кетіп қалды емес пе? - деген қарлығыңкы кейіс дауыс естілді. - Әжей... Радик тағы бірдемелерді сұрамақ бола беріп есіне кешегі Романың қалаға кетемін деген сөздері түсті де, сол баяғы үйреншікті бұралаң жалғыз аяқ жолға түсіп алып, автостанцияға қарай тарта жөнелді. Орта жолда тамағы кеуіп, алқынып қалды. Шаршағаны сонша жерге отыра кеткісі келді. Бірақ, қалайда Рома ағайын кездестіруге асықты. Ығы-жығы автобустарға қарап, қабағын шытып, іздестірген болады. Жолаушылардың бірінен қалаға баратын автобусты сұрастыра бастады. - Радик! - Рома ағай! Екеуі бір-біріне қарай ұмтылған. - Қайдан жүрсің, Радька? - Сізді іздеп келдім! Баланың көзі қуаныштан бұл-бұл жанды. Кездескеңіне сондай қуанып тұр. Рома кішкентай ұлдың жүзіне сүйсіне қарады. - Сен мені шынымен іздеп келдің бе? - Иә, - Радик сенімді жауап қатты. - Радька, кеттік калаға, ә? Радик үнсіз басын изеді. Автобус орнына жырғалып барып қозғалды да, олар тұратын ауылдың шетіне шықты. Енді Радик бұл елден біржола кетіп бара жатканын сезді.Василийдің семьясы сырттан келген кірмелерден аяқ асты тазарып қалған. Тауықтарды қойшы, кез келген адамға үйренісіп кетеді ғой, Радикті айтсайшы, әлдекімнің соңынан еріп, үйінен қашып кеткенін. Туған әке-шешесінің кім екенінен мүлдем бейхабар өскен осы бала Василий мен оның әйелін өзімнің әке-шешем емес деп тіптен ойламаған. Бірақ, әлденеге көңілі қоңылтақсып, өзіне жаны жақындау біреуді іздеп елеңдей беретін. Кімнің соңынан не үшін еріп бара жатқанын да ол түсінбеген. Бала жанының бар сезетіні - өзінің жалғыздығы. Оның балғын сәби жүрегі лүпілдеп, аңсары ауып, әлдекіммен сырлас болып, шынайы сезімге бөленіп, сенімге енуге соншалықты құштар еді. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

     Радик ішек-сілесі қатып, рақаттана күлді. Босағаны жауырынымен сырып, еденге бұратылып отыра кетті. Жалт қараған әкесінің сұсты қабағынан сескеніп, жым болған қалпы бұғып қалды да, созылып тұра беріп, кекілін сипады. Мұнысы, күлгенімді кешір деген сыңайы. Бірақ сыртқа шыға бере, аяғын киер-киместен жаңағы күлкі бұны қайта қысты. Өз күлкісіне өзі қақалып, шашалып жүріп, тауық қораның алдында жер шұқылап бездектеп жүрген ақ әтешті бас салды да, тұмсығынан шертіп-шертіп қалып еді, оның қап-қатты тұмсығы тық-тық етті.

- Енді, папамды қуаласаң сен байғұс сойылып қаласың. Ол сені аямайды ғой... - Радиктің даусы көңілсіздеу шықты. Сыртқы есіктің ашылғанын сезген ақ әтеш мойнын созып, тағы да күдірейе қалды да, Радиктің қолын қанатымен серпіп тастап, жүгіре жөнелді. Көз ілеспес жылдамдықпен қыт-қыттап ағызып барып, шаңқ еткен болды.

- Ойбай, мына бәле тағы... - Ебедейсіз қозғалған папасы: - Әй... әй... Мынау қайтеді, өзі! - деп жарқаштанған дауыспен, ақ әтештін, ата-бабасын, тіпті сол инкубатор дегенді ойлап тапқан бүкіл ғалым атаулының, тіпті осы бройлер деген пәлені сатып алып, асырап отырған әйелін де жерден алып, жерге салып, атойлап үйіне енді.

- Ойбай, байғұс-ау не болды сонша, таусылып? Кімге ренжідің? - деп жайбарақаттана қараған әйеліне, тырналған шоқылған қолдарын көрсетіп жатып, ашуланған бойы, балаларына қалшылдай қарады.

- Бұл ақ әтештен не сұрайсыңдар! Әке-шешенің не екенін білмей өскен, тәрбие көрмеген ата-анасыз қулар осылай болады. Адамның қасиетін білмейді-ау, қу аяқтар. Тарпа бас салып жүгіреді, одан қала берсе шоқиды. О заманда бұ заман адамды қуған тауықты кім көріпті. Естіген ел-жұртқа тірі мазақ қой, мынау. Василийдің тауығы өзін қуып жүр! Ал ендеше... Балалары ду күлді де, жылдам киініп, әкелерінің мына мүсәпір халіне жандары ашып кетті.

- Папа, ақ әтешті тәрбиелейміз! - деді үлкені.

- Оны сойып тастау керек! - деді екіншісі.

- Әлі балапан емес пе, обал ғой. Союға ерте, - деп қынжылды біреуі.

- Балапанды сойып... ес барма? - деп, мамалары тіксіне қарады. Демек, папалары мен почтальон қыздың әлі көретін күні алда деп ойлады Радик. Үйде ақ әтештің пайда болғаны қандай жақсы болды, айналайын мама-ай. Жалығып жүргенде мынау бір тамаша оқиға болды ғой, өзі. Кешкісін де күлесің, ертеңгісін де күлесің. Ақ әтеш папамды қуады, папам үйде кім күлсе, соны қуады. Бар байқағаным, кейінгі кезде маған шүйіліп тұрып кеп ескертетін болыпты.

- Сонша неге мәз болдың? Көргенсіз неме! Бар әрі! Радик басын төмен салбыратып жібергенімен, сол баяғы әдемі, мазақ күлкі көкірегінде сайрап тұрды. Құрғыр, шыдататын емес. - Василийдің өз тауығы бүгін тағы қуады деп аяқтай берген әкесінің сөзіне Радик «кеңк» етіп барып тыйылып қалды. Бұл жолғы күлкісі әдеттегідей болмағансын, папасы да аса мән бермеген сыңай танытты. Ар жақтан реніш аралас дауыс шықты.

- Әй, мынау қайсысының аяғының ізі. Шаңы бес елі болып еденге түскен.

- Баяғы Радик шығар. - Иә, сол шығар. Бірін-бірі қостаған үлкенді-кішілі дауыстар жамырап кетті. Сол сәт үйдегілердің бәрін Радик соншалық жек көрді. Ол бұл жолы ешнәрсе естімегендей, міз бақпай отырып қалған. Сосын біраз уақыттан кейін барып, салғырт қана «мен емеспін» деген болды. Радик бір сәт өзінің жалыққанын сезінді. Өз үйінің бір-біріне ұқсас әр күні зәрезәп етті. Ешкімге айтпай алыс бір жаққа сапар шеккісі келеді. Және осы бір әдемі қиялды ұзақ уақыт ойлап отырып, сергіп қалатын. Иә, алысқа... А... ал...ыс бір жаққа жол жүргісі келеді. Сосын мынау бір жалықтырар күнделікті бәз тіршіліктен біржола қол үзіп, ұмыт етпек. Ешқашан да сағынып, оралмас едім дейді. Радик дәл бір балалық әлемінен әлдекім зорлап тұрып қайтіп алып кететіндей. Кейде түннің бір уағында оянып кетіп, ұзақ сарқылатын. Үйдегілерден ешкімді жақсы көрмеймін. Жалғыз мамамды... Ал папам... Ол өте тамаша адам дейді білетіндер. Меніңше қаталдау сияқты. Сосын әрбір ұсақ нәрсеге соншалықты терең мағына беріп, үлкен қорытынды жасайды. Бройлерді алғаш үйге әкелгенде-ақ папам:

- Тектіден ешқашан тексіз туған емес. Ал тексізден ешқашан текті туған емес дегені бар. Сөйтіп папамның айтуынша ақ әтеш өзінің тексіздігін танытып жүр. Үйдегілерден жалыққаным соншалық - кешкісін бәріміз бірігіп тамақ ішетін сәттен мен кейінірек тамақтанғым келеді. Себебі олардың стол үстіндегі айтатын әңгімесі кешегісіне ұқсас. Терезе алдында тұрған Радик қабырғадағы айнаға келді. Екі бетінің ұшы албырап, қызарып тұр екен. Айнадағы өзінің кескініне көз қысты. Сөйтті де, айнадағы өзін дәл бір қарсыласынша әртүрлі қимылмен бокстай бастады.

- Ей, ей, ей, не болды? Сен де бар ғой, Радик, торғайдың миындай ми жоқ. «Түу, құдай-ай, қайдан көріп қойып еді. Енді кешкісін бәріне айтып күлетін болды-ау»... Радик ұялып қалды.

- Пап, кешірші...

- Бар бол, ақымақ неме.

Бала көңіл аласұрып, өзіне беймәлім бір жаққа елеңдейді. Емін-еркін жарқылдап, жадырап ойнақ салғанды аңсап, бейтаныс әлдекімді іздегендей болады. Өзінің туған үйі өзіне жат болып көрінгенде Радик шешесінің жанына жетіп баратын да, жұп-жұмыр әдемі мойнын құшақтап, қатты қысқан бойы, жібермей қоятын.

- Мама, маматай, мам... Мен футболға кеттім. - Радик осындай желіккен сезіммен далаға жүгіре шығатын. Басқа балалардың еркелеген, ренжіген тұсына аса көңіл бөлмесе де, Радиктің әр қылығына, сөзіне, көңіл-күйіне соншалық мән беріп отыратын шешесі есіктен жүгіре шыққан ұлына ұрлана көз салды.

- Ботақаным-ай, балалармен бірге ер жетіп өссе екен... Ол футбол алаңына қарай жүгіріп келеді. «Бүгін мен міндетті түрде «гол» соғамын». Оның жұп-жұмсақ кекілі жүгірген сайын желп-желп етеді. Радикпен бірге құйрығын бұлғаңдатып Белка да шықты. Радик асыққан сайын, Белка алға ершелене, қызбалана жүгіреді. Өз ағынынан өзі ауаға тіреіп барып, әрең тоқтады да иесіне қарады. Иесінің көзі сонау орман басындағы кішкентай үйге түседі. Онда Рома ағай тұрады...Белка да үйреншікті тұсқа көз тастап, кәукілдеп үрген болды.

      Радик алғаш рет өз үйіне қонбауға тәуекел етті. Шынтақтап отырып шарап ұрттаған Рома баланың ойлы, мұңлы көзіне, сүп-сүйкімді жүзіне сынай қарайды. Мынау өмірде араласып жататын сұрқия бәле-жаладан, қиянат-кесапаттан, қулық-сұмдықтан сенің жаның таза деген тілегін айтқысы келеді. Бірақ үндемеді. Тәрбиелі семьяның ұйығынан шыққандықтан ба, әйтеуір, жан-дүниесі ғажап! - деп түйеді. Ауылда төбелес, жанжалмен қан қақсататын, жұмыссыз, жасы қырықтарды шамалап қалған Рома Радикке ұнайды. Өзіне Романың ұнайтынын айтса, әке-шешесін ренжітіп алатынын бала сезеді. Сондықтан да өзін үйдегілерден сырт ұстап, сыр сақтайды. Бүгін ол ұзақ уақыт Ромамен отырып, үйге қайтар шағында:

- Кеткім келмейді, - деп қалды. Өзіне қадалып, таңырқаған Ромаға тағы да: - Рома ағай, менің үйге барғым келмей тұр! - деді.

Рома ойланып қалды. Өмірі бала мейіріне беленбеген ол орнынан тұра беріп, көзіне жас алды.

- Радька, өзімде сені біртүрлі жақсы көріп, саған әбден бауыр басып алыппын, білемісің? - Ол ебедейсіз алақанымен Радиктің маңдайынан сипағанда, жүрегіне түсініксіз бір сезім іспетті сызат түсті. - Тұра тұр, мен сені шығарып салайын... Олар тоғай шетіне жақындағанда бір-ақ қоштасты. Екеуі екі жақтағы өз үйлеріне бет алған. Ауласына жақындай бере, Радиктің жүрегі лүпілдеп, аузынан шығып кете жаздады. «Папам мен мамам тағы да ренжитін болды-ау... Сағат неше екен...»

      Жарық сөнді. Демек, бәрі ұйқыға кетті. Жазғы түн сондай жылы. Әр жақтан бір кәукілдеп ит үрген болады, оған өзгелер қосылып шулап кетеді. Кейде тып-тыныш болып тына қалғаны сонша - малдың күйсегені, дем алғаны, бұлақтың сылдыр қаққан үні естіледі. Сол түнгі ай да жап-жарық. Әлі салынып бітпеген үлкен үйдің алдындағы тастардың біріне келіп, Радик жауырынын төседі. Үйге енгісі келмеді. Әрине, үйдегілер бүгін мұны іздеп таба алмай, дал болар. Мамасы дәрі-дәрмегін ішіп, басын тас қып буып, Радиктің қайда кеткенін уайымдап, әлі көз ілмеген де болар. «Енді үйге не айтамын, құдай-ай... Масқара! Біреу шам жағып, дәлізге шықты. - Папам ғой... Сыртқа шығатын болар»... Айтқандай-ақ әкесі есікті ашып, тысқа шықты.

- Папа.

- Қайда жүрсің, Радик?

Ол тұрған бойы басын көтермеді.

- Балам-ау, түні бойы дала кезіп саған не көрінген? Қайдан келдің?

Радик тіл катпады.

- Жүр, үйге кір. Жуын да ұйықта, дем ал. Бөлмесіне кіріп бара жатқан ұлына зер сала қарағанмен, ешнәрсе түсінбеді. Басын шайқап тағы да біраз сөйлемек болды да, есінеген қалпы, жатын бөлмесіне кіріп кетті.

- Ертең шешелерің курортқа жүреді. Біз қайтіп күн көрер екенбіз? - деген әкесі қоңылтақсып.

- Әкелеріңді тыңдаңдар, сосын үйдің әр жұмысын бөліп алыңдар. Радик, бройлерге сен өзің бас-көз боласың. Қырылып қалып жүрмесін, жарай ма?

Радик шешесіне қарады.

- Көзіңнен айналайын, балапаным менің. Сен неге жүдеп жүрсің, а?!

Радик үнсіз қалды. «Мама, мен Рома ағайды жақсы көрем» - дей жаздап барып, «мама, оны жақсы көруге бола ма?» - деп қала жаздап, іштей тынған болатын.

- Ертең соңғы қоңырау... Сөйтіп, Радик жетінші класқа ілгерілейтін жыл. Шешелері курортка кеткен күннен бастап, үйде бәрі би, бәрі қожа. He істегісі келсе, соны істейді.

- Мен құймақ жасаймын! - деп Валя үйді көк түтін қылды. «Папам келсе тағы да маған ескертпе жасаудан бастайды-ау».

- Бәрің жиналыңдар! - деді Радик үйдегілерге бұйырып, - Тезірек.

- He болып қалды? Қойшы, мен бармаймын, - деді кішкентай қыз оның ересектігін мойындамай.

- Жиналыс болады! - деді Радик қабағын шытып.

- Түу, у, мамам кеткелі сенің жиналысың көбейіп кетті ғой өзі! - деді кішкентай қыз қуыршағын орап жатып.

- Өздеріңе берілген жұмысты орындамайсыңдар. Еденді жуу, ыдыстарды жинау, кешке қарай тауықтарды қамау. Белкаға ас құю дегендерді ұмытып, немесе қашып кететінді шығардыңдар. Кім өзіне тиісті жұмысты істемесе, сол сөгіс алады. Сосын кешкісін папама айтам. Бәрі жым болды. Дереу жұмысқа кірісті. Тек қана

тентектеу, ерке кішкентай қыз:

- Ал, өзің ше?.. Өзің неге ешнәрсе істемейсің? - деп қадалып тұр.

- Мен... мен сендердің не істегендеріңді тексеремін, - деп Радик қатқылдау қайырды.

- Ой, сен өзің қусың! - деп басын шайқап, суырылып сөйлеп келе жатқан Надькаға:

- Болды, бар! - деді Радик қабағын шытып. Амалсыз қалған кішкентай қыз Радикте дәл бір өші кеткендей жылтың еткізіп тілін көрсетті. Бұл қылығына Радиктің енді жыны келді.

- Барсайшы, ойнамаймысың...

- Екі, екі... - деп ол басын шайқап тұрып алды. Телевизор көріп отырған Радик орнына атып тұрды. Папасы үйге тағы да жүгіріп кірсе керек, аяғын шешіп жатып:

- Ақ әтештің көзін қалай құртсақ екен? - деді ауызғы бөлмеден. - Радик, Радик үйдемісің?

- Ау!

- Бәрің бері келіңдерші.Балаларының ішінен Радикке назар аудара сөйледі. - Бүгін кешкісін ақ әтештен бастап, бройлер тауықтарды көршілерге таратыңдар. Әншейінде қызығып жүр еді ғой, қандай ірі, қандай әдемі тауықтар деп ауыздарының суы құриды. Сендер кешкісін әр көршіге екіден-үштен сыйлайсыңдар, мақұл ма? Бізге бройлер тауықтың керегі жоқ деп айтып, тарата беріңдер.

- А, мама ше?

- He, мама?..

- Мам... ренжиді ғой.

- Ешнәрсе етпейді. Базарға апарып сатып жібердік дейміз. Бәрі бір ауыздан келісті. Тек қана Радик үнсіз қалған болатын. He істерін білмеді. Ол ақ әтешті ешкімге де қимаған. Бірақ, тапсырма орындалмаса папасы ашуға мінеді де, іс насырға шабады. «Қайран мамам-ай, несіне курортқа кете қалдың? Ақ әтеш...»

- Папа, ақ әтештен басқаларын үлестірейікші.

Әкесі Радикке ренжіп, ұнатпай қарады.

- Керісінше, ақ әтештен бастаймыз, ұлым.

- Мен ақ әтешті ешкімге бермеймін.

- Бала болдың ба, Радик.

      Тоғай шетіндегі баскалардан жырақта орналасқан кішкентай үйдің шамы әлі өшпепті. Демек, Рома ағай үйде. «Не істеп отыр екен?...» Баланың аңсары сол үйге ауды. Осы қалпымен жүгіріп барса, жылдам орала алар ма екен? Радик ойланып, алысқа көз жіберді де, енді солай қарай жүгіре жөнелді. Осы бір жасырын күштің өзіне қарай үнемі тартатынын ол әлі күнге дейін аса аңғара қоймаған. Романы сондай жақсы көреді. Мынау салпаң құлақ сары баланың анда-санда келіп, жанында үнсіз отырып кететін сәтін Рома да сағынған сияқты. «Күшіктің өзін бауырыма басып, үйреніп қалыппын. Өзі де бір адамға үйір бала екен! - деп, өткен бір жалғызсыраған тұста біраз ойланып қалып еді. Сыртқы есік шиық етіп ашылып, ар жағынан Радик көрінді. Рома үнсіз отырды да:

- О, жігітім, келгенің дұрыс болды... Сенімен ақылдасатын жайт бар... деді жас баланы емексітіп. Романың жанына Радик тізерлеп отыра кетті.

- Радик, ертең мен жолға жүремін. Сенің бүгін келгенің дұрыс болды. Жақсы азамат бол... Саған бауыр басып, үйреніп қалыппын. Мен сиякты болма, сүйкімді бол. Ол күрсініп барып, көзін жерге салды. Шынын айтсам, ел ішінен жалықтым. Қалаға барып, заводқа жұмысқа тұрамын. Сен қаланыц қандай екенін көріп пе едің, өзі?

- Жоқ. Радик енді одан сайын Ромаға қызыға қарады. Сонда сіз, енді мүлде келмейсіз бе?

- Әрине, қалаға бір үйренген соң ауылдың маңын көргің де келмес.

- А-а... - деп таңырқады Радик. - Қала қызық шығар, ә?

- Ғажап.

- Мені де ала кетіңізші, Рома ағай! Ол бұл жолы жалынышты қарады.

- Айтпақшы, сенің жазғы демалысың екен-ау. Екеуі сұрақтың шешуін тапқандай күлісіп алды да, тағы да үнсіз бір-біріне көз салды.

- Ой, мен үйге тезірек баруым керек деп, Радик асығыс-үсігіс шалына басып, үйге барар жалғыз аяқ бұралаң жолға түсіп алып, жүгіре жөнелді. Жақындай бере аяңдап басып, есік алдында кідіріп қалды. Сосын қайтадан кеудесін әлдебір қуаныш сезім шарпып, есікті ашып қалған.

- Қайда жүрсің? Қайдан келдің?

- Футблдан... - Радиктің денесі калш-калш етті.

Папасы оның қайдан келгенін біліп тұрғандай көрінген. - Шын айтамын, пaпa. - Радик әкесіне жалынышты сыңаймен қарады. Аяғын шешсе де, енді ешкім ешқандай сұрақ қоймаса екен деп, ішкі бөлмеге жылдам еніп кеткен.

- Радик, Радик!

Соңынан жүгіріп келген Надькаға ол тыжырына қарады.

- Папам ақ әтешті... бере салды ғой, білесің бе?

- Кімге? - Радик далаға жүгіріп шықты. Соңында калған Надька:

- Мен білмеймін ғой. Әйтеуір, ақ әтеш жоқ! - деп, өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп қалған. Сол күні түнде ақ әтеш әлдекімнің қолында кетті. Радиктің үлкен көздері кенет жасаурап тауық қораға қарады. Бездектеп жүгіріп жүретін бройлердің бірде-бірі жоқ. Қоралар қаңырап, есігі ашық жатыр. «Қандай көңілсіз еді... Әсіресе ақ әтеш...» Сол күні жаңбыр сіркіреп ұзақ жауды. Радик біраз уакытқа дейін дөңбекшіп ұйықтай алмаған. Әлгібір сезім тағы да әуреледі-ау... Папасының орнында Рома болса, ақ әтешті ешкімге бермес еді. Радик енді бұл үйден тіпті тезірек кетуге асықты. Қайда, кімге баратыны белгісіз болса да көңілі құлазып, өзіне-езі ие бола алмады. Сол бір күдік пен үміт араласқан нәзік сезім оны одан сайын жігерлендіре түскен сияқты. Қымталып жатып қалғып кетті. Сыртта ұзақ уақыт сіркіреген жаңбыр да басылып, тыныштық орнады.

- Рома ағай, Рома ағай!

Радик терезе әйнектерін сартылдата ұрды. Бірақ ар жақтан ешкім тырс еткен дыбыс бермеді. Тек қана қарлығыңқырап шыққан көрші әйелдің:

- Әй, жетпегір, таң атпай немене саңқылдап тұрсың?  Рома ағаң ертеңмен жиылып бір жаққа кетіп қалды емес пе? - деген қарлығыңкы кейіс дауыс естілді.

- Әжей... Радик тағы бірдемелерді сұрамақ бола беріп есіне кешегі Романың қалаға кетемін деген сөздері түсті де, сол баяғы үйреншікті бұралаң жалғыз аяқ жолға түсіп алып, автостанцияға қарай тарта жөнелді. Орта жолда тамағы кеуіп, алқынып қалды. Шаршағаны сонша жерге отыра кеткісі келді. Бірақ, қалайда Рома ағайын кездестіруге асықты. Ығы-жығы автобустарға қарап, қабағын шытып, іздестірген болады. Жолаушылардың бірінен қалаға баратын автобусты сұрастыра бастады.

- Радик!

- Рома ағай!

Екеуі бір-біріне қарай ұмтылған.

- Қайдан жүрсің, Радька?

- Сізді іздеп келдім!

Баланың көзі қуаныштан бұл-бұл жанды. Кездескеңіне сондай қуанып тұр. Рома кішкентай ұлдың жүзіне сүйсіне қарады.

- Сен мені шынымен іздеп келдің бе?

- Иә, - Радик сенімді жауап қатты.

- Радька, кеттік калаға, ә?

Радик үнсіз басын изеді. Автобус орнына жырғалып барып қозғалды да, олар тұратын ауылдың шетіне шықты. Енді Радик бұл елден біржола кетіп бара жатканын сезді.Василийдің семьясы сырттан келген кірмелерден аяқ асты тазарып қалған. Тауықтарды қойшы, кез келген адамға үйренісіп кетеді ғой, Радикті айтсайшы, әлдекімнің соңынан еріп, үйінен қашып кеткенін. Туған әке-шешесінің кім екенінен мүлдем бейхабар өскен осы бала Василий мен оның әйелін өзімнің әке-шешем емес деп тіптен ойламаған. Бірақ, әлденеге көңілі қоңылтақсып, өзіне жаны жақындау біреуді іздеп елеңдей беретін. Кімнің соңынан не үшін еріп бара жатқанын да ол түсінбеген. Бала жанының бар сезетіні - өзінің жалғыздығы. Оның балғын сәби жүрегі лүпілдеп, аңсары ауып, әлдекіммен сырлас болып, шынайы сезімге бөленіп, сенімге енуге соншалықты құштар еді.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: