VII БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 11:08

Үрияның ауруханаға түстен кейін баратын күні еді. Нұржан қызметіне кетісімен, Әсем жетіп келді. -        Әйда, біздікіне барып, шай ішеміз. -        Дастарқанды жинағаным осы. -        Жүрсеңші. Әңгімелесіп отырамыз. -        Үйлеріңде біреу бар ма? -        Кім болушы еді. Ал, тез кел.           Әсем асығыс шығып кетті. Онша заукы соқпаса да «қой, көңілі қалар» деп Үрия үйінен шығып, кершісінің есігін аша беріп еді, қара көлеңке дәлізде екі жігіт күбірлесе сөйлесіп, темекі тартып тұр екен - қапелімде селк ете қалғаны. -        О-о! Келіңіз. Күте-күте көзіміз төрт болды ғой, - деді домаланған біреу.          Аяқ астынан не айтарын білмей: -        Селеметсіздер ме, - деген Үрия. Сол мезет арғы жақтан Әсем жүгіріп шықты. -        Мінеки, басымыз түгел қосылды. Енді бастаңғыға кірісейік.         Үрия бұрылып бара жатыр еді, Әсем қолынан шап беріп ұстай алды.             Немене соншалық, - дейді. Даусында діріл бар. Ac үйде екеуі оңаша қалған соң Үрия: -        Бастаңғың не, мыналарың кім?- деді абдырап. -        Таныс жігіттер еді. Қонаққа келіпті. -        Таң атпай жатып қыдырғандары қызық екен? -        Бәрінен бұрын есебін тауып қыдырғанды айтсайшы. Асыққанды қой. Ұят емес пе. Дастарқан дайын. Оңашада күліп-ойнап отырамыз. -        Жо-жоқ, мен кетейін. Мұны білгенде келмеуші ем. Үрия кідірместен шығып жүре берген. Үйіне келгесін «күйеуі жоқта Әсемнің мұнысы несі?» деп ойлады. Сосын осы ойын Балайымға барып айтқысы келді де, артынша іркіліп қалды... XV          Бір күні таңертеңгілікте Нұржан: -        Ертең командировкаға жүретін шығармын. Керектінің бәрін әзірлеп қоярсың, - деген. -        Қай жаққа? -        Ақкенттен әрі жаңа бір аудан құрылған екен. Көктем шығып келе жатыр. Көмек қажет көрінеді. Біраз кісі бармақшымыз. -        Қанша күнге? -        Бір-екі апта болар. -        Қап... - деді Үрия. -        He болды? -        Сенбі, жексенбіге қарай барсақ деп жүр ем. Оған болатын емес қой. Бүгін қолың тие ме? -        Қайда? -        Айтып ем ғой. Ленинград әншілерінің концертіне. -        Е, мейлі. -        Айналайын, тек кешікпегейсің. -        Оны несіне пысықтай бересің? -        Енді кайтем, күнделік әдетің сол. -        Кейінгі кездері тым сөзшең боп бара жатырсың. -        Енді қайт дейсің? -        Әйелдің көп сөйлегені - көңілге қонбайды. -        Білем, білем, бірақ шыдамның да шегі бар емес пе? -        Ірке сөйлейік те. Сол жақсы. Ірке сөйлеген жақсы. Үрия не дерін білмеді.       ...Түс қайта ауруханадан қайтқан Үрия әдейілеп дүкенге соғьш, жолда Нұржанға керекті майда-шүйденің бәрін алды. Содан асығыстап үйге кеп, ас камына кіріскен. Әп-сәтте бәрі де әзір болды. Содан әдемілеп таранып, жаңа тіктірген көйлегін киді. Содан Нұржанды ал кеп күтсін. «Дәл бүгін кешігер» деген қаперінде жоқ. Содан бір сәт көптен бері екеуінің еш жаққа шықпағанын ойлады. «Қалада тұрамыз» дейміз. Ал, осындай қалада тұрып, ең болмаса жылына екі-үш рет театрға барудың ретін таппаймыз. Бұ қалай?».          Қызметтен қайтатын уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Нұржан әлі жоқ. Әбден шыдамы таусылған соң «ендігі концерт басталған да шығар» деп ойлады. «Нұржан әлі жоқ...». Ақыры амал нешік, бәрін қойып Балайымның үйінен Айдынды ертіп келді. Келді де, солқылдап жылап жіберді. Ұлы аң-таң.          Сәлден кейін үн-түнсіз жатып қалды. Ойы сан-саққа жүгіреді. «Бір емес, екі емес, мұнысы несі? Менің қас-қабағыма қарап отыратын адам бар-ау деп бір ауық есіне алса қайтеді? Өстіп жүргенде Үрия суынып кетер деп бір ауық ойланса қайтеді. Бұл не өмір сонда?». -        Мама, ұйықтап қалдың ба?- деді бір кезде Айдын. Үрия үндемеді. -        Ұйықтаған жоқсың, ә... - деді ол тағы да. Үрия үндемеді. -        Папама өкпеледің бе?          Үрия үндемеді. -        Қасыңа барып жатсам ұрыспайсың ба? -        Келе ғой, жаным. -        Бірақ жыламайтын бол. -        Жарайды, жаным.          Айдын еппен басып кеп, Үрияның құшағына қойып кетті.           Нұржан көптен қарауға мұршасы келмей жүрген қағаздарын реттеп болып, түн ортасынан ауа үйге келгенде, тұңғыш рет Айдынның ұйықтап қалғанын көрді.           Үрия да селт етпеді.          Аяқ астынан абдырап, не істерін білмеді. Үйдің іші сұп-суық көрінді. «Бұларға не болған?». Таңертеңгілік Үрияның «театрға барамыз, кешікпегейсің» дегені қаперінде де жоқ.          Таң алагеуімде оянған Нұржан асығыс киініп, Айдынның маңдайынан бір иіскеп, шығып кетті. Ол әлгіде әр нәрсені бір іздеп, түртінектеп жүргенде Үрия тұңғыш рет төсегінен тұрған жоқ.

Үрияның ауруханаға түстен кейін баратын күні еді. Нұржан қызметіне кетісімен, Әсем жетіп келді.

-        Әйда, біздікіне барып, шай ішеміз.

-        Дастарқанды жинағаным осы.

-        Жүрсеңші. Әңгімелесіп отырамыз.

-        Үйлеріңде біреу бар ма?

-        Кім болушы еді. Ал, тез кел.

          Әсем асығыс шығып кетті. Онша заукы соқпаса да «қой, көңілі қалар» деп Үрия үйінен шығып, кершісінің есігін аша беріп еді, қара көлеңке дәлізде екі жігіт күбірлесе сөйлесіп, темекі тартып тұр екен - қапелімде селк ете қалғаны.

-        О-о! Келіңіз. Күте-күте көзіміз төрт болды ғой, - деді домаланған біреу.

         Аяқ астынан не айтарын білмей:

-        Селеметсіздер ме, - деген Үрия. Сол мезет арғы жақтан Әсем жүгіріп шықты.

-        Мінеки, басымыз түгел қосылды. Енді бастаңғыға кірісейік.

        Үрия бұрылып бара жатыр еді, Әсем қолынан шап беріп ұстай алды.

            Немене соншалық, - дейді. Даусында діріл бар. Ac үйде екеуі оңаша қалған соң Үрия:

-        Бастаңғың не, мыналарың кім?- деді абдырап.

-        Таныс жігіттер еді. Қонаққа келіпті.

-        Таң атпай жатып қыдырғандары қызық екен?

-        Бәрінен бұрын есебін тауып қыдырғанды айтсайшы. Асыққанды қой. Ұят емес пе. Дастарқан дайын. Оңашада күліп-ойнап отырамыз.

-        Жо-жоқ, мен кетейін. Мұны білгенде келмеуші ем. Үрия кідірместен шығып жүре берген. Үйіне келгесін «күйеуі жоқта Әсемнің мұнысы несі?» деп ойлады. Сосын осы ойын Балайымға барып айтқысы келді де, артынша іркіліп қалды...

XV

         Бір күні таңертеңгілікте Нұржан:

-        Ертең командировкаға жүретін шығармын. Керектінің бәрін әзірлеп қоярсың, - деген.

-        Қай жаққа?

-        Ақкенттен әрі жаңа бір аудан құрылған екен. Көктем шығып келе жатыр. Көмек қажет көрінеді. Біраз кісі бармақшымыз.

-        Қанша күнге?

-        Бір-екі апта болар.

-        Қап... - деді Үрия.

-        He болды?

-        Сенбі, жексенбіге қарай барсақ деп жүр ем. Оған болатын емес қой. Бүгін қолың тие ме?

-        Қайда?

-        Айтып ем ғой. Ленинград әншілерінің концертіне.

-        Е, мейлі.

-        Айналайын, тек кешікпегейсің.

-        Оны несіне пысықтай бересің?

-        Енді кайтем, күнделік әдетің сол.

-        Кейінгі кездері тым сөзшең боп бара жатырсың.

-        Енді қайт дейсің?

-        Әйелдің көп сөйлегені - көңілге қонбайды.

-        Білем, білем, бірақ шыдамның да шегі бар емес пе?

-        Ірке сөйлейік те. Сол жақсы. Ірке сөйлеген жақсы.

Үрия не дерін білмеді.

      ...Түс қайта ауруханадан қайтқан Үрия әдейілеп дүкенге соғьш, жолда Нұржанға керекті майда-шүйденің бәрін алды. Содан асығыстап үйге кеп, ас камына кіріскен. Әп-сәтте бәрі де әзір болды. Содан әдемілеп таранып, жаңа тіктірген көйлегін киді. Содан Нұржанды ал кеп күтсін. «Дәл бүгін кешігер»

деген қаперінде жоқ. Содан бір сәт көптен бері екеуінің еш жаққа шықпағанын ойлады. «Қалада тұрамыз» дейміз. Ал, осындай қалада тұрып, ең болмаса жылына екі-үш рет театрға барудың ретін таппаймыз. Бұ қалай?».

         Қызметтен қайтатын уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Нұржан әлі жоқ. Әбден шыдамы таусылған соң «ендігі концерт басталған да шығар» деп ойлады. «Нұржан әлі жоқ...». Ақыры амал нешік, бәрін қойып Балайымның үйінен Айдынды ертіп келді. Келді де, солқылдап жылап жіберді. Ұлы аң-таң.

         Сәлден кейін үн-түнсіз жатып қалды. Ойы сан-саққа жүгіреді. «Бір емес, екі емес, мұнысы несі? Менің қас-қабағыма қарап отыратын адам бар-ау деп бір ауық есіне алса қайтеді? Өстіп жүргенде Үрия суынып кетер деп бір ауық ойланса қайтеді. Бұл не өмір сонда?».

-        Мама, ұйықтап қалдың ба?- деді бір кезде Айдын. Үрия үндемеді.

-        Ұйықтаған жоқсың, ә... - деді ол тағы да. Үрия үндемеді.

-        Папама өкпеледің бе?

         Үрия үндемеді.

-        Қасыңа барып жатсам ұрыспайсың ба?

-        Келе ғой, жаным.

-        Бірақ жыламайтын бол.

-        Жарайды, жаным.

         Айдын еппен басып кеп, Үрияның құшағына қойып кетті.

          Нұржан көптен қарауға мұршасы келмей жүрген қағаздарын реттеп болып, түн ортасынан ауа үйге келгенде, тұңғыш рет Айдынның ұйықтап қалғанын көрді.

          Үрия да селт етпеді.

         Аяқ астынан абдырап, не істерін білмеді. Үйдің іші сұп-суық көрінді. «Бұларға не болған?». Таңертеңгілік Үрияның «театрға барамыз, кешікпегейсің» дегені қаперінде де жоқ.

         Таң алагеуімде оянған Нұржан асығыс киініп, Айдынның маңдайынан бір иіскеп, шығып кетті. Ол әлгіде әр нәрсені бір іздеп, түртінектеп жүргенде

Үрия тұңғыш рет төсегінен тұрған жоқ.

Бөлісу: