VI БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 11:06

Бір күні Үрия кешкі газетті қарап отыр еді, екінші беттегі Нұржанның келісті суреті көзіне оттай басылды. «Мені көрдің бе» дегендей, күле қарап тұр. Содан «Инженер тұлпары - ұшқыр ой» деп көсіліп жатқан очеркті бас салып оқи жөнелді. Әдемілеп-ақ мақтаған екен. Оның қолынан талай игілік өтіпті - «талантты жетекші, тапқыр жаңашыл. Көптің құрметтісі». Ақыр-аяғында келіп-келіп: «Осындай жаны сүұу, жайсаң жігіттің жары қандай бақытты еді», деп тамсаныпты.           Енді Үрия тыным таба алушы ма еді. Көршілеріне жүгірді. «Қазір өзі де кеп қалар. Бүгін біздің үйге мейман болыңыздар», - деді. Деді де, дүкенге жүгірді. Жолай «Осы күнге дейін жаңағының бірін маған білдірген жоқ-ау, әлде сенбей ме» деп ойлады. «Тіптен осы күнге дейін менің қызметімнің қалай жүріп жатқанын бір сұрамапты-ау. О несі екен? Қуаныш үстінде осының бәрін айтып, ұялтсам қайтеді өзін». Дүкеннен қайтып келе жатып: «Әлгі газеттегіге қарағанда Нұржан мені мақтаған-ау» деп ойлады. «Шынымен мақтады ма екен?». -        Қане, газетті көрсетші, - дейді Әсем. -        Сондай мақтапты, - деп Үрия қысыла күлімсірейді. -        Папамның суретіне қараңыздаршы. Қандай сұлу, - деп Айдын жер-көкте тұра алар емес.           Бәрі жапырлай очеркті оқуға кірісті. Ac үйде абыр-сабыр болып жүрген Үрия әлсін-әлсін сыртқа көз салып қояды. Өйткені Нұржанның келетін уағы әлдеқашан өтіп кеткен. Оның үстіне Айдын да бір жағынан «папам қайда жүр» деп дегбірсізденіп бітті. -        Әлгі ұшқыр ойлы инженерге не болды, - деп Әсем да әзілдеп жатыр. Нұржан әлі жоқ. -        Кеп қалар. Директорлары демалыста жүр еді. Шұғыл бір шаруа киіп кетті ме, кім білсін, - деп Үрия көршілеріне жалтақ-жалтақ қарай береді. -        Кешігем десе, сылтау табылады ғой, - деп Әсем тағы бір шымшып алды. -        Сылтау іздейтін әдеті жоқ еді, - деп Үрия онан сайын дегбірсізденеді.        Әрі-бері қысыр әңгімені тамызық қып отырғанда әлден уақыт өтті. Нұржан әлі жоқ. Болмаған соң қонақтарды қолқалап, әзер дегенде асқа қаратты. Нұржан әлі жоқ. Бір кезде Балайымның балалары қыңқылдап, жұрттың тынышын ала бастады. Нұржан әлі жоқ. Көп ұзамай көршілер «рақмет» десіп жатты. -        Кешіргейсіздер, тығыз шаруасы боп қалған ғой. Әйтпесе, мұншалық кешікпейтін еді, - деп Үрия бәйек боп жүр. -        Мұнымен құтылмайсың. Ұшқыр ойлы инженерді ертең келіп құттықтаймыз, - деп Әсем манағы әзілінен жаңылысар емес. -        Жо-жоқ, ертең қайта жиналамыз, - дейді Үрия одан сайын бәйек боп. -        Осындай сызылып тұрған сұлу келіншектерді жұрт қайдан ғана тауып ала қояды екен, - деп Балайымның күйеуі де тақымдай түседі. -        Оны Нұржаннан оңашада сұрарсыз, - деп Үрия да зілсіз қалжыңға бой алдырғансиды. -        Біздің күткенімізді бұлдап, Нұржанға ұрсып жүрме, - дейді Балайым бірдеңеден секем алғандай. -        Иі жұмсақ жігіт сияқты еді ғой, қайда барар дейсің. Үриясыз-ақ өзіміз тәртіпке шақырып аламыз, - деп Әсемнің күйеуі де майдан қыл суырғансыған. -        Рақмет, жақсы жатып, жәй тұрыңыздар, - деді Үрия асығыстап.         Түн ортасынан ауып кеткен. Үрияның дастарқанды жиып, ыдыс-аяқты жуып, сүртіп біткені де қашан. Нұржан әлі жоқ.         ...Айдын енді-енді қалғып бара жатыр еді, есіктің қоңырауы баж ете түсті. Сол-ақ екен: -        Папам келді, - деп ол селк ете калған. Нұржан аяғын әзер басады. Айдын жүгіріп барып оны құшақтай алды: -        Сені күтіп-күтіп... -        Айна-а-лайын, кешір! Әнебір жігіттермен отырып қалыппын. -        Қан-ша күттік, - дейді Айдын одан сайын бұртандап. -        Солай ма? -        Папа, аузыңнан қалай жаман иіс шығады.         Маналы бері ыза буып, жыларман болып тұрған Үрия Айдынның мына сөзінен кейін басылыңқырап қалғандай еді. Сосын ол: -        Манағы газетті папаңа көрсетші, - деді. -        Қазір. Ой, сенің суретің сондай әдемі шыққан. -        Е, көрдің бе? Папаң қалай екен? Сонда да Үрия ұрса береді.          Нұржанның қайтып сөйлеуге шамасы келмеді. Шешінді де, жатып қалды.          Сол түн Үрия көз ілмей шықты. Талай ой келіп, талай ой кетті. Қайдағы бір күдік біткен де топырлап көп қинаған. Бірақ ертеңіне ләм-мим демеді. Бір-екі рет оқталғанда Нұржанның баяғыда қиыла айтқан «кінәраттаспайықшы» деген сөзі кесе-көлденең тұрып алған.

Бір күні Үрия кешкі газетті қарап отыр еді, екінші беттегі Нұржанның келісті суреті көзіне оттай басылды. «Мені көрдің бе» дегендей, күле қарап тұр. Содан «Инженер тұлпары - ұшқыр ой» деп көсіліп жатқан очеркті бас салып оқи жөнелді. Әдемілеп-ақ мақтаған екен. Оның қолынан талай игілік өтіпті - «талантты жетекші, тапқыр жаңашыл. Көптің құрметтісі». Ақыр-аяғында келіп-келіп: «Осындай жаны сүұу, жайсаң жігіттің жары қандай бақытты еді», деп тамсаныпты.

          Енді Үрия тыным таба алушы ма еді. Көршілеріне жүгірді. «Қазір өзі де кеп қалар. Бүгін біздің үйге мейман болыңыздар», - деді. Деді де, дүкенге жүгірді. Жолай «Осы күнге дейін жаңағының бірін маған білдірген жоқ-ау, әлде сенбей ме» деп ойлады. «Тіптен осы күнге дейін менің қызметімнің қалай жүріп жатқанын бір сұрамапты-ау. О несі екен? Қуаныш үстінде осының бәрін айтып, ұялтсам қайтеді өзін».

Дүкеннен қайтып келе жатып: «Әлгі газеттегіге қарағанда Нұржан мені мақтаған-ау» деп ойлады. «Шынымен мақтады ма екен?».

-        Қане, газетті көрсетші, - дейді Әсем.

-        Сондай мақтапты, - деп Үрия қысыла күлімсірейді.

-        Папамның суретіне қараңыздаршы. Қандай сұлу, - деп Айдын жер-көкте тұра алар емес.

          Бәрі жапырлай очеркті оқуға кірісті. Ac үйде абыр-сабыр болып жүрген Үрия әлсін-әлсін сыртқа көз салып қояды. Өйткені Нұржанның келетін уағы әлдеқашан өтіп кеткен. Оның үстіне Айдын да бір жағынан «папам қайда жүр» деп дегбірсізденіп бітті.

-        Әлгі ұшқыр ойлы инженерге не болды, - деп Әсем да әзілдеп жатыр.

Нұржан әлі жоқ.

-        Кеп қалар. Директорлары демалыста жүр еді. Шұғыл бір шаруа киіп кетті ме, кім білсін, - деп Үрия көршілеріне жалтақ-жалтақ қарай береді.

-        Кешігем десе, сылтау табылады ғой, - деп Әсем тағы бір шымшып алды.

-        Сылтау іздейтін әдеті жоқ еді, - деп Үрия онан сайын дегбірсізденеді.

       Әрі-бері қысыр әңгімені тамызық қып отырғанда әлден уақыт өтті. Нұржан әлі жоқ. Болмаған соң қонақтарды қолқалап, әзер дегенде асқа қаратты. Нұржан әлі жоқ. Бір кезде Балайымның балалары қыңқылдап, жұрттың тынышын ала бастады. Нұржан әлі жоқ. Көп ұзамай көршілер «рақмет» десіп жатты.

-        Кешіргейсіздер, тығыз шаруасы боп қалған ғой. Әйтпесе, мұншалық кешікпейтін еді, - деп Үрия бәйек боп жүр.

-        Мұнымен құтылмайсың. Ұшқыр ойлы инженерді ертең келіп құттықтаймыз, - деп Әсем манағы әзілінен жаңылысар емес.

-        Жо-жоқ, ертең қайта жиналамыз, - дейді Үрия одан сайын бәйек боп.

-        Осындай сызылып тұрған сұлу келіншектерді жұрт қайдан ғана тауып ала қояды екен, - деп Балайымның күйеуі де тақымдай түседі.

-        Оны Нұржаннан оңашада сұрарсыз, - деп Үрия да зілсіз қалжыңға бой алдырғансиды.

-        Біздің күткенімізді бұлдап, Нұржанға ұрсып жүрме, - дейді Балайым бірдеңеден секем алғандай.

-        Иі жұмсақ жігіт сияқты еді ғой, қайда барар дейсің. Үриясыз-ақ өзіміз тәртіпке шақырып аламыз, - деп Әсемнің күйеуі де майдан қыл суырғансыған.

-        Рақмет, жақсы жатып, жәй тұрыңыздар, - деді Үрия асығыстап.

        Түн ортасынан ауып кеткен. Үрияның дастарқанды жиып, ыдыс-аяқты жуып, сүртіп біткені де қашан. Нұржан әлі жоқ.

        ...Айдын енді-енді қалғып бара жатыр еді, есіктің қоңырауы баж ете түсті. Сол-ақ екен:

-        Папам келді, - деп ол селк ете калған. Нұржан аяғын әзер басады. Айдын жүгіріп барып оны құшақтай алды:

-        Сені күтіп-күтіп...

-        Айна-а-лайын, кешір! Әнебір жігіттермен отырып қалыппын.

-        Қан-ша күттік, - дейді Айдын одан сайын бұртандап.

-        Солай ма?

-        Папа, аузыңнан қалай жаман иіс шығады.

        Маналы бері ыза буып, жыларман болып тұрған Үрия Айдынның мына сөзінен кейін басылыңқырап қалғандай еді. Сосын ол:

-        Манағы газетті папаңа көрсетші, - деді.

-        Қазір. Ой, сенің суретің сондай әдемі шыққан.

-        Е, көрдің бе? Папаң қалай екен? Сонда да Үрия ұрса береді.

         Нұржанның қайтып сөйлеуге шамасы келмеді. Шешінді де, жатып қалды.

         Сол түн Үрия көз ілмей шықты. Талай ой келіп, талай ой кетті. Қайдағы бір күдік біткен де топырлап көп қинаған. Бірақ ертеңіне ләм-мим демеді. Бір-екі рет оқталғанда Нұржанның баяғыда қиыла айтқан «кінәраттаспайықшы» деген сөзі кесе-көлденең тұрып алған.

Бөлісу: