ІV БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 11:05

Ел орынға отыра Үрия құрбысына: -        Біздің үйге телефон соқшы, - деген. -        Е, немене? -        Сағынып кеттім. -        Шының ба? -        Оның несі айып? -        Осыныңды біледі-дағы, ойына келгенін істейді. -        Нұржан ба? -        Енді кім деп ең? -        Қайдағыны айтпашы. Одан да тез барып телефон соқшы. He дер екен?! -        Манағыға шыдамай, саған айтпастан-ақ жаңа ғана қоңырауды аямай шылдыратқам. Ешкім жауап қатпады. -        Әлгі бір жолдасының үйіне кеткен ғой, - деп Үрия күлген болды.          Босануына байланысты мерзімді демалысы біткен соң Үрия көп кешікпей қызметіне шыққан. Өйткені, кішкентай Айдынды ауылдағы әжесі қоярда-қоймай алып кеткен-тұғын.         Үлкен кісінің жүрерде бір айтқаны: -        Осы күнгі жас біткен ересен балажан ғой. Қимай тұрғандарыңды білем. Мен де осы күнді талай жыл сарғая күтіп едім. Бауырыма басып, екі-үш жасқа жеткенше бейнетін көрейін. Уайымдамай-ақ қойыңдар, сосын сендерді өзі-ақ тауып алады. -        Жо-жоқ. Бала - сіздікі, - деп екеуі де жік-жапар болған.         Қайда-ан! Алғашында Үрияға тіптен қиын тиді. Ылғи да бір нәрсені ұмыт қалдырғандай - алаңдап жүреді. Әсіресе, Айдынның езу тартқаны көз алдынан кетпейді. Ешқандай сөзбен жеткізіп болмайтын сағыныш сезімі өзін әбден билеп алған сәттері: «Нұржан мені баяғыша неге еркелетпейді екен», - деп ойлайды. «Бір ауық еркелетсе қайтеді. Төбем көкке жетіп қалар еді». Сөйтіп жүргенде бір күні Нұржан: -        Сенің бойыңнан соңдай бір мұрынды жаратын сүт иісі бұрқырап түрады. Жұта бергім келеді, - деген. Көптен күйеуінің мұндай еркелеткенін көрмеген Үрия көзіне жас алғанын сезбей де қалған. Сонсоңғы айтқаны: -        Мені еркелетуден неге именесің? -        Қойшы. Қайдағы жоқты ойлайтының не? -        Кейде көпшіліктің көзінше менімен билеуді де ерсі көресің. -        Апырай, кез келген жерде бір-бірімізге жымыңдай бергеніміз жөн бола ма? -        Оның несі айып. Әлде... -        Бәрін түсінетін сияқтысың. -        Әсіресе, босанғалы бері сенің еркелеткеніңді ылғи да сағынып жүретін болдым, - деді Үрия босаңсып. -        Айналайын, Үрияш! Кінәраттаспайықшы. Арамыздағы бір сәткі кірбіңнің өзі кісіні ойсыратып кетеді екен. Саған дегеннің бәрі көкірек сарайымда сайрап ұүр. Оны мезгілсіз суырып алып, қайта берген соң әрі кететін шығар.              Айдын үш жасқа толғанда әжесі оны қолдарына әкеп берді. Үлкен кісінің ауылға қайтарда тағы бір айтқаны: -        Садағаң кетейінді қимай-ақ барамын. Бірақ сендердің екеуден-екеу шошайып жүргендерің жараспайды. Бала дегеннің орны бөлек қой. Тек, еркелетіп жібермеңдер. Абдыраған Үрия: -        Апам біліп айтады, біліп айтады, - деп Нұржанға қарап күле берген. -        Бала дегенді қойсаңшы бұл, - деп үлкен кісі де Нұржанға қарап езу тартты. -        Апа, қиын болды-ау, өзі - деген Нұржан әбіржіп. -        Қайтеміз енді. Жассыңдар, мына Айдынжанның жалғыз жүріп қалмауын бірауық ойласаңдар, маған тағы бір ермек табылар да.          Үрия қып-қызыл боп кетті. Оның нарттай жүзіне көзі түскен Нұржан: Ұялғаны қандай әдемі еді. Әсте, әйел затына ұялған жарасады-ау» деп ойлады.           Айдын әкесіне тез үйірсек болып кетті. Тіптен кейде Үрияны елемейді де. Нұржан кешкілік кешігіп қалса, сірә, ұйықтамайды. Көзін тырналап ашып, түн ортасына дейін сығырайып отыра береді. Аяқ тықырынан-ақ Нұржанның жоғары көтеріліп келе жатқанын айнытпай таниды. Сол аяқ тықырынан-ақ оның не көңілді, не көңілсіз екенін де айнытпай біліп отырады. Ондай кезде: -        Соның бәрін қайдан білесің?- деп Үрияның әдейі сұрайтыны бар. Айдын да іркілмейді. -        Ол - құпия. Екеуіміздің құпиямыз. Біз ер адамдармыз ғой. -        Қап, сені ме... - Үрия күліп жіберді. Айдын болса, одан сайын мәз.

Ел орынға отыра Үрия құрбысына:

-        Біздің үйге телефон соқшы, - деген.

-        Е, немене?

-        Сағынып кеттім.

-        Шының ба?

-        Оның несі айып?

-        Осыныңды біледі-дағы, ойына келгенін істейді.

-        Нұржан ба?

-        Енді кім деп ең?

-        Қайдағыны айтпашы. Одан да тез барып телефон соқшы. He дер екен?!

-        Манағыға шыдамай, саған айтпастан-ақ жаңа ғана қоңырауды аямай шылдыратқам. Ешкім жауап қатпады.

-        Әлгі бір жолдасының үйіне кеткен ғой, - деп Үрия күлген болды.

         Босануына байланысты мерзімді демалысы біткен соң Үрия көп кешікпей қызметіне шыққан. Өйткені, кішкентай Айдынды ауылдағы әжесі қоярда-қоймай алып кеткен-тұғын.

        Үлкен кісінің жүрерде бір айтқаны:

-        Осы күнгі жас біткен ересен балажан ғой. Қимай тұрғандарыңды білем. Мен де осы күнді талай жыл сарғая күтіп едім. Бауырыма басып, екі-үш жасқа жеткенше бейнетін көрейін. Уайымдамай-ақ қойыңдар, сосын сендерді өзі-ақ тауып алады.

-        Жо-жоқ. Бала - сіздікі, - деп екеуі де жік-жапар болған.

        Қайда-ан! Алғашында Үрияға тіптен қиын тиді. Ылғи да бір нәрсені ұмыт қалдырғандай - алаңдап жүреді. Әсіресе, Айдынның езу тартқаны көз алдынан кетпейді. Ешқандай сөзбен жеткізіп болмайтын сағыныш сезімі өзін

әбден билеп алған сәттері: «Нұржан мені баяғыша неге еркелетпейді екен», - деп ойлайды. «Бір ауық еркелетсе қайтеді. Төбем көкке жетіп қалар еді».

Сөйтіп жүргенде бір күні Нұржан:

-        Сенің бойыңнан соңдай бір мұрынды жаратын сүт иісі бұрқырап түрады. Жұта бергім келеді, - деген. Көптен күйеуінің мұндай еркелеткенін көрмеген Үрия көзіне жас алғанын сезбей де қалған. Сонсоңғы айтқаны:

-        Мені еркелетуден неге именесің?

-        Қойшы. Қайдағы жоқты ойлайтының не?

-        Кейде көпшіліктің көзінше менімен билеуді де ерсі көресің.

-        Апырай, кез келген жерде бір-бірімізге жымыңдай бергеніміз жөн бола ма?

-        Оның несі айып. Әлде...

-        Бәрін түсінетін сияқтысың.

-        Әсіресе, босанғалы бері сенің еркелеткеніңді ылғи да сағынып жүретін болдым, - деді Үрия босаңсып.

-        Айналайын, Үрияш! Кінәраттаспайықшы. Арамыздағы бір сәткі кірбіңнің өзі кісіні ойсыратып кетеді екен. Саған дегеннің бәрі көкірек сарайымда сайрап ұүр. Оны мезгілсіз суырып алып, қайта берген соң әрі кететін шығар.

   

         Айдын үш жасқа толғанда әжесі оны қолдарына әкеп берді. Үлкен кісінің ауылға қайтарда тағы бір айтқаны:

-        Садағаң кетейінді қимай-ақ барамын. Бірақ сендердің екеуден-екеу шошайып жүргендерің жараспайды. Бала дегеннің орны бөлек қой. Тек, еркелетіп жібермеңдер.

Абдыраған Үрия:

-        Апам біліп айтады, біліп айтады, - деп Нұржанға қарап күле берген.

-        Бала дегенді қойсаңшы бұл, - деп үлкен кісі де Нұржанға қарап езу тартты.

-        Апа, қиын болды-ау, өзі - деген Нұржан әбіржіп.

-        Қайтеміз енді. Жассыңдар, мына Айдынжанның жалғыз жүріп қалмауын бірауық ойласаңдар, маған тағы бір ермек табылар да.

         Үрия қып-қызыл боп кетті. Оның нарттай жүзіне көзі түскен Нұржан: Ұялғаны қандай әдемі еді. Әсте, әйел затына ұялған жарасады-ау» деп ойлады.

          Айдын әкесіне тез үйірсек болып кетті. Тіптен кейде Үрияны елемейді де. Нұржан кешкілік кешігіп қалса, сірә, ұйықтамайды. Көзін тырналап ашып, түн ортасына дейін сығырайып отыра береді. Аяқ тықырынан-ақ Нұржанның жоғары көтеріліп келе жатқанын айнытпай таниды. Сол аяқ тықырынан-ақ оның не көңілді, не көңілсіз екенін де айнытпай біліп отырады. Ондай кезде:

-        Соның бәрін қайдан білесің?- деп Үрияның әдейі сұрайтыны бар. Айдын да іркілмейді.

-        Ол - құпия. Екеуіміздің құпиямыз. Біз ер адамдармыз ғой.

-        Қап, сені ме... - Үрия күліп жіберді. Айдын болса, одан сайын мәз.

Бөлісу: