І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 11:01

     Ол бейтаныс табалдырықтан әрең-әрең аттағандай болған. Жүрегі дүрс-дүрс соғып, аяғына тас байлап қойғандай енді ілгері баса алсашы. Баса алмаған соң: «Осы жүрісім қалай өзі» деп іштей тағы күдіктенген. Сол-ақ екен, Нұржан «әуп» деп қаңбақ құрлы көрмей көтеріп әкетті. Көтеріп әкеткен бойы жорта жыламсыраған ерке сәбиді алдаусыратқандай епетейсіз дөңгелене берген.          ...Сәлден кейін екеуі шүйіркелесе шай ішіп отырды. Үрия іштей қуанып-ақ отыр. Нұржанға әлсін-әлсін қарай береді. Қараған сайын сонау алғаш кездескен күннен бастап көңіл түкпіріне ұялағанның бәрін ақтарып салғысы келеді. Сонда ол ең алдымен: «Екеуіміздің өстіп құп табысқанымызға әлі күнге дейін таң-тамаша қалам», - дер еді. «Саған жолықпасам ғой, өмір бойы ешкімге көз салмай-ақ өтер ем. Ешкімге де. Міне, екеуіміз қатар отырмыз. Әлгі айта беретін бақыт осы шығар да. Өйткені, «сендікпін», деп ойлағанның өзінде өртеніп кете жаздаймын... Үии, айта берсем таусылар ма...». Бірақ Үрия қанша оқталса да, біреу әдейі қой-қойлап тұрғандай іркіле берген. Бір кезде Нұржан: - Осы үйге алғаш келгендей боп отырғаным, - деген. Сенің қолың тиген бұйым біткеннің бәрі жалтырап кетті білем. -        Мазақтамай-ақ қой. -        Саған мазақ?! Жан-жағыңа қарашы өзің. -        Қай-дам?! -        Бұ жұртқа шынынды айтсаң да жақпайсың. -        Heгe, - деді Үрия. - Әйел заты мақтағанды шет көрмейді. Әйтсе де... -        Семіздікті қой ғана көтереді демекшімісің? -        Жоқ. Тек, көңілімізге титтей де қаяу түспесінші. Тілегім - сол-ақ. -        Үй болған соң анда-санда кесе-шайнек сынып жатпағасын... - деді Нұржан. -        Қойшы, осы әзіліңді, - деді Үрия бәсең үнмен. -        Әйтпесе от басының сәні келе ме? -        Қазір орнымнан тұрам да, шығып жүре берем. -        Айналайын-ау, жаңағы «әйтседеңнің» ар жағында «оқта-текте» әйелге көз алартып қойған да теріс болмайды» дейтін ескертпе жатқан шығар деп шатасып отырмын ғой, - деп Нұржан тағы да тақымдай түскен. Үрияның көзінен жас шығып кетті. -        Әзілге осыншалық осал ма едің, - деп Нұржан оны алды да, тағы ілесе көтеріп әкетті. -        Жіберші. Нұржан оны жайлап қана орнына отырғызды. Сосын: -        Әлгі ательеге берген ақ көйлегіңді алдың ба?- деді. -        Өзің бірге барамыз деген соң... -        Кеттік онда, - деп Нүржан кесе-шайнекті жинамақшы болып ұмтыла беріп еді, Үрия орнынан ұшып тұрды. -        Отыра бер. Өзім-ак,. Содан көп ұзамай олар той жасаған.          Үрия оянғанда кереуеттің тұсындағы дәу терезеден күн сәулесі сығалай бастаған екен. «Маған не болған» деп орнынан ұшып тұрды. Ұшып тұрды да, бұрыла беріп тәтті ұйқыда жатқан Нұржанға қарап еді - беті ду ете қалды. Жалма-жан өткен күні үй ішіне кием деп әзірлеп қойған кең көйлегін қолына алды да, қайтадан тастай салды.        Тастай салғаны - оңаша қалған алғашқы күні-ақ оны сусылдата киіп, күйеуінің алдында көстеңдеп жүруді мүлдем ұят көрген. Состиып қашанғы тұра береді - аяғының ұшымен басып, екінші бөлмеге өтті.       Жалаң аяқ, іш көйлекшең селтиіп тұрғаны есіне түсті. «Ұяттағы-ай» деп, кең жадағайын иығына іле салды. Нұржанның үйде киетін дәу сүйретпе кебісі диванның астында жатыр екен, апыл-ғүпыл түнемел бөлменің есігінің алдына апарып қойды. «Қазір іздейді ғой» деп ойлады. Сосын көшеге қараған терезенің бір жақтауын ашып кеп жіберіп еді, салқын леп үйге лап қойды. «Рақат-ай» деп қалды. Іле көкірек сарайы күмбірлеп жүре берген. Сол-ақ екен, бойы жеңілденіп, алып-ұшқан бір алапат сезім аяқ-қолын жерге тигізбей әкетіп барады. Рақат-ай» деп ойлаған Үрия. «Осы бойымен төсекке қойып кетіп, Нұржанды құшақтай алсам ба екен!». Артынша «маған не болған», деп күбірлегенін байқамай қалған еді.        Кенет күліп жіберді. Сосын «Әй, Үрия-ай, қарадай әбіржи бергенің не?» - деді өзіне-өзі. Сосын ашық терезеден сыртқа көз тастады. Сол сәт бәрі де оған өзгеше көрінген. Тротуарды бойлай тізіліп тұратын теректер кешегіге қарағанда әлдеқайда биіктей түскен тәрізді. Дәу көшемен жарыса тас арықтан асып-төгіліп ағып жататын лай су, бүгін жаңа түскен келіндей, мөлдірей қалыпты. «Жаңа түскен келіндей...» деп ойлады Үрия. Сосын қарсыдағы алты кабатты үйдің төбесіндегі: «Қымбат мүлік сатып алғыларыңыз келсе, яки курортта демалғыларыңыз келсе, ақшаларыңызды сақтық кассаларында сақтаңыздар! Бұл әрі тиімді, әрі ыңғайлы» деп айқайлап тұрған ашамай-ашамай жазуларға қарап: «Мінеки, күйеуге шықтың. Ендігі өмір-тірлігіңнің бұрынғыдан өзгеше болатыны есіңен шықпасын» деп ойлаған тағы да. Сосын: «Нұржанның ұйқысы қандай қатты еді. Әлі оянбағаны-ау...» деп күбірледі. «Оятсам ба екен?».           Үрия жалма-жан ас үйге келді де, тездетіп шай қойды. Сол мезет төменнен «сү-ү-үт» деп айқайлаған әйел даусын естіп, апыл-ғұпыл сыртқа қарай жүгірді. Қапелімде қолына ілінгені - жайпақтау табақ екен, көршілерінен қатты қысылғаны. Әсіресе, имек мұрын, қатпа қара кемпірдің әлсін-әлсін қарағыштай бергені - әбден дегбірін алды. Қанша ұялғанымен амал жоқ, кезегі жеткенше төмен қарап тұра берген. -        Келін шырақ, кідіріп қалдың-ау, - деді сүт сататын әйел. - Біздің әңгімеміз таусылмайды, өстіп.         Маналы бері бұрылып жүре берудің ретін таппай қысылып тұрған Үрия: -        Рақмет, - деген. -        Ендігіде үйден шыға алмай қалсаң, қиналма. Өзім-ақ апарып берем, - деді сүт сататын әйел. -        Рақмет, апа. Үлгеретін шығармын. -        Анау-мынау бірдеңелерің жетпей жатса - он сегізінші пәтердемін, - деді кара кемпір. - Ұялма!         Жоғары қарай алып-ұшып келе жатып: «Осы кісілердейтбола алар ма екенбіз» деп ойлаған Үрия. «Енді күнделік сүттен қалмайыншы». Сосын үлкен кісілерді шайға шақырмағанына өкінді. Қатты өкінді.           Ол табалдырықтан аттасымен шай қамына кіріскен. Кіріскен бойы әлі бүктеуі жазылмаған су жаңа ақшаңқан дастарқанды стол үстіне жайып жіберіп, тойға келген меймандардың тартуы - небір әдемі кесе-шайнек, қасық-шанышқыларды жарқыратып тізе берген. Қызық болды. Лезде бәрін орын-орнына қойып болған соң «қуанышымызға қаншама жақсы кісілер ортақтасты. Қаншама жақсы тілектер айтылды» деп ойлады. «Нұржан екеуіміз қандай бақытты едік!»           Оттағы шайнек бүрқылдай бастаған кезде Нұржан жатқан бөлменің есігінен жай ғана сығалап еді, ол әлі оянбапты да. Оятуға именді, әлде ұялды ма? Сөйтіп тұрып екеуінің таң алдында ғана көз ілгенін ойлады.          Нұржан сәскеде бір-ақ оянды. Орнынан қарғып тұрып, екінші бөлмеге өтіп еді, Үрия алтын жалатқан шай қасықтарды сүртіп отыр екен. Дастарқанды сықап қойыпты. Жүгіріп барып, құшақтай алғысы кеп тұрды да, неге екені белгісіз: -        Түу, ұйықтап қалыппын ғой, - деді. -        Шай әзір, сүт пісіріп қойдым, - деді Үрия орнынан ұшып тұрып. -        Мұның бәріне қалай үдебара шыққансың, жаным-ау! -        Үстіңе бірдеңе киші. Ұят емес пе? -        Қазір, қазір... -        Үйде киетін киімдерінді кереуеттің жанындағы орындықтың үстіне қойғам. -        Қазір, қазір...           Нұржан асығыс киінді де, жуынып ап дастарқан басына келді. Келді де, жайпай берді. Бұған Үрияның қуанғаны соншалық - өзінің кесесіне шай құюды да ұмытып кетті. Бар тапқаны - ас біткеннің бәрін Нұржанның алдына қарай жылжыта берді, жылжыта берді. -        Өзің ше. -        Мені қойшы, - деді Үрия. - Шайдан гөрі бір-екі кесе ыстық сүт ішсең қайтеді. -        Бүйте берсең, тіпті ерке боп кетермін, - дейді Нұржан. -        Е, несі бар. Саған еркелік жарасады. -        Үш жылдан бері осының бәрін неге айтпай жүрсің? -        Әр жағдаяттың өз кезегі бар емес пе?!          Шайдан кейін кесе-шайнекті жуып, сүртіп болған соң Үрия кір жумақшы еді, Нұржан жібермеді. Екеуі диванға кеп отырды. -        Сен ұйықтап жатқанда екі кісімен таныстым, - деді Үрия. -        О кімдер? -        Біреуі - көршіміз. Екіншісі... -        Қарсыдағы үйде тұратын кылжақпас біреу бар еді. Қызылды көзі шалып қалып, алып-ұрып жеткен екен де. -        He айтып кеттің? -        Әй, өзі оңбаған-ау. Ұят-аят дегенді мүлдем ұмытқан.          Үрия оған таңдана қарап қалыпты. - Әйтеуір соны суханым сүймейді. -        He айтып кеттің? Он сегізінші пәтердегі... -        Ә-ә! Құртақандай қара кемпір ме? Ал, екіншісі? -        Сүт сататын апай. Екеуі де сені жер-көкке тигізбей мақтай жөнелгенде, не дерімді білмедім. -        Түу, сонша... «Табалдырықтан аттамай жатып, таныс іздей бастағаны несі» деп ойлап ем. Бәсе... -        Нұржан, өтінем. Ендігәрі мұндай сөзді маған айтпа. -        Қызғанғанның несі айып? Қызғанбаған соң қызығы бола ма? -        He деп кеттің, жаным-ау? -        Шын сөзім, - деді Нұржан күліп. -        Мүмкін емес, мүмкін емес, - дейді Үрия. - Сенбеймін. Сенгім келмейді.          Үрияның мұңайып қалғанын сезген Нұржан: -        Әшейінгі әзілге сонша малданып, - деп келе жатыр еді: -        Бүйтіп әзілдеуге болмайды, - деген Үрия.         Нұржан аяқ астынан ыңғайсызданып қалды. «Heгe өйттім» деп ойлады. Күн сөулесі терезеден ауып кетіпті. Жайлап орнынан тұрған Үрия: -        Түстікке не дайындайын, - деді. Селқос айтты. -        Іш пысып кетті ғой. Қыдырып қайтайық та, - деді Нұржан.         Мына сөз Үрияға шаншудай қадалды. Әсіресе, «Іш пысып кетті ғой» дегені. «Мұнысы несі» деп қиналды. -        He ойлап отырсың, - деген Нұржан. - Үндемей қалдың... -        Сенің осы үйден қаша жөнелгің кеп, тыпырши бастағаныңа қарағанда... -        Бізге не болды бұл, - деді Нұржан әлдеқалай тобарсып!- Сөз баққаннан не шығады. -        Өзің ғой, осы үйге от алуға келген кісіше алаңдай бергенің...           Нұржан орнынан тұрып, қолға ұстап жүретін жеңіл радиоқабылдағыштың тетігін басып қалды. Сол-ақ екен, шаң-шұң, салдыр-гүлдір бір әуен өңмендей жөнелді. Жаңағы әлгіде аяқ астынан қоңылтақсып қалған Нұржанға осының бәрі өзгеше әсер еткендей еді. Содан болар-ау.   -        Институттан кейін төрт-бес жыл салт жүріп қалғандықтан шығар, осы күнге дейін үйде тағат тауып отыра алмай-ақ келем, - деген.          Мына сөз Үрияға тіптен шаншудай қадалды. «Мұны неге айтты екен» деп ойлайды. «Енді ол дәурен өтті, мәңгілікке тұсалдым», - дегені ме? Өйтіп несіне қинала береді. Үш жыл бойы үлпілдеп келіп-келіп, енді бүгін бүйтіп көлгірсігені - қай тапқаны? Қой, мұның бәрін әшейінгі әзілге жетектетіп жібере берсем...». -        Тағы не боп қалды?- деген Нұржан сол екі ортада.          Қабағынан қар ұшқындай бастады білем. Үрия үн-түнсіз, өз ойымен өзі боп отыра берген.

     Ол бейтаныс табалдырықтан әрең-әрең аттағандай болған. Жүрегі дүрс-дүрс соғып, аяғына тас байлап қойғандай енді ілгері баса алсашы. Баса алмаған соң: «Осы жүрісім қалай өзі» деп іштей тағы күдіктенген. Сол-ақ екен, Нұржан «әуп» деп қаңбақ құрлы көрмей көтеріп әкетті. Көтеріп әкеткен бойы жорта жыламсыраған ерке сәбиді алдаусыратқандай епетейсіз дөңгелене берген.

         ...Сәлден кейін екеуі шүйіркелесе шай ішіп отырды. Үрия іштей қуанып-ақ отыр. Нұржанға әлсін-әлсін қарай береді. Қараған сайын сонау алғаш кездескен күннен бастап көңіл түкпіріне ұялағанның бәрін ақтарып салғысы келеді. Сонда ол ең алдымен: «Екеуіміздің өстіп құп табысқанымызға әлі күнге дейін таң-тамаша қалам», - дер еді. «Саған жолықпасам ғой, өмір бойы ешкімге көз салмай-ақ өтер ем. Ешкімге де. Міне, екеуіміз қатар отырмыз. Әлгі айта беретін бақыт осы шығар да. Өйткені, «сендікпін», деп ойлағанның өзінде өртеніп кете жаздаймын... Үии, айта берсем таусылар ма...». Бірақ Үрия қанша оқталса да, біреу әдейі қой-қойлап тұрғандай іркіле берген.

Бір кезде Нұржан:

- Осы үйге алғаш келгендей боп отырғаным, - деген. Сенің қолың тиген бұйым біткеннің бәрі жалтырап кетті білем.

-        Мазақтамай-ақ қой.

-        Саған мазақ?! Жан-жағыңа қарашы өзің.

-        Қай-дам?!

-        Бұ жұртқа шынынды айтсаң да жақпайсың.

-        Heгe, - деді Үрия. - Әйел заты мақтағанды шет көрмейді. Әйтсе де...

-        Семіздікті қой ғана көтереді демекшімісің?

-        Жоқ. Тек, көңілімізге титтей де қаяу түспесінші. Тілегім - сол-ақ.

-        Үй болған соң анда-санда кесе-шайнек сынып жатпағасын... - деді Нұржан.

-        Қойшы, осы әзіліңді, - деді Үрия бәсең үнмен.

-        Әйтпесе от басының сәні келе ме?

-        Қазір орнымнан тұрам да, шығып жүре берем.

-        Айналайын-ау, жаңағы «әйтседеңнің» ар жағында «оқта-текте» әйелге көз алартып қойған да теріс болмайды» дейтін ескертпе жатқан шығар деп шатасып отырмын ғой, - деп Нұржан тағы да тақымдай түскен.

Үрияның көзінен жас шығып кетті.

-        Әзілге осыншалық осал ма едің, - деп Нұржан оны алды да, тағы ілесе көтеріп әкетті.

-        Жіберші.

Нұржан оны жайлап қана орнына отырғызды. Сосын:

-        Әлгі ательеге берген ақ көйлегіңді алдың ба?- деді.

-        Өзің бірге барамыз деген соң...

-        Кеттік онда, - деп Нүржан кесе-шайнекті жинамақшы болып ұмтыла беріп еді, Үрия орнынан ұшып тұрды.

-        Отыра бер. Өзім-ак,.

Содан көп ұзамай олар той жасаған.

         Үрия оянғанда кереуеттің тұсындағы дәу терезеден күн сәулесі сығалай бастаған екен. «Маған не болған» деп орнынан ұшып тұрды. Ұшып тұрды да, бұрыла беріп тәтті ұйқыда жатқан Нұржанға қарап еді - беті ду ете қалды.

Жалма-жан өткен күні үй ішіне кием деп әзірлеп қойған кең көйлегін қолына алды да, қайтадан тастай салды.

       Тастай салғаны - оңаша қалған алғашқы күні-ақ оны сусылдата киіп, күйеуінің алдында көстеңдеп жүруді мүлдем ұят көрген. Состиып қашанғы тұра береді - аяғының ұшымен басып, екінші бөлмеге өтті.

      Жалаң аяқ, іш көйлекшең селтиіп тұрғаны есіне түсті. «Ұяттағы-ай» деп, кең жадағайын иығына іле салды. Нұржанның үйде киетін дәу сүйретпе кебісі диванның астында жатыр екен, апыл-ғүпыл түнемел бөлменің есігінің алдына апарып қойды. «Қазір іздейді ғой» деп ойлады. Сосын көшеге қараған терезенің бір жақтауын ашып кеп жіберіп еді, салқын леп үйге лап қойды. «Рақат-ай» деп қалды. Іле көкірек сарайы күмбірлеп жүре берген. Сол-ақ екен, бойы жеңілденіп, алып-ұшқан бір алапат сезім аяқ-қолын жерге тигізбей әкетіп барады. Рақат-ай» деп ойлаған Үрия. «Осы бойымен төсекке қойып кетіп, Нұржанды құшақтай алсам ба екен!». Артынша «маған не болған», деп күбірлегенін байқамай қалған еді.

       Кенет күліп жіберді. Сосын «Әй, Үрия-ай, қарадай әбіржи бергенің не?» - деді өзіне-өзі. Сосын ашық терезеден сыртқа көз тастады. Сол сәт бәрі де оған өзгеше көрінген. Тротуарды бойлай тізіліп тұратын теректер кешегіге қарағанда әлдеқайда биіктей түскен тәрізді. Дәу көшемен жарыса тас арықтан асып-төгіліп ағып жататын лай су, бүгін жаңа түскен келіндей, мөлдірей қалыпты. «Жаңа түскен келіндей...» деп ойлады Үрия. Сосын қарсыдағы алты кабатты үйдің төбесіндегі: «Қымбат мүлік сатып алғыларыңыз келсе, яки курортта демалғыларыңыз келсе, ақшаларыңызды сақтық кассаларында сақтаңыздар! Бұл әрі тиімді, әрі ыңғайлы» деп айқайлап тұрған ашамай-ашамай жазуларға қарап: «Мінеки, күйеуге шықтың. Ендігі өмір-тірлігіңнің бұрынғыдан өзгеше болатыны есіңен шықпасын» деп ойлаған тағы да. Сосын: «Нұржанның ұйқысы қандай қатты еді. Әлі оянбағаны-ау...» деп күбірледі. «Оятсам ба екен?».

          Үрия жалма-жан ас үйге келді де, тездетіп шай қойды. Сол мезет төменнен «сү-ү-үт» деп айқайлаған әйел даусын естіп, апыл-ғұпыл сыртқа қарай жүгірді. Қапелімде қолына ілінгені - жайпақтау табақ екен, көршілерінен қатты қысылғаны. Әсіресе, имек мұрын, қатпа қара кемпірдің әлсін-әлсін қарағыштай бергені - әбден дегбірін алды. Қанша ұялғанымен амал жоқ, кезегі жеткенше төмен қарап тұра берген.

-        Келін шырақ, кідіріп қалдың-ау, - деді сүт сататын әйел. - Біздің әңгімеміз таусылмайды, өстіп.

        Маналы бері бұрылып жүре берудің ретін таппай қысылып тұрған Үрия:

-        Рақмет, - деген.

-        Ендігіде үйден шыға алмай қалсаң, қиналма. Өзім-ақ апарып берем, - деді сүт сататын әйел.

-        Рақмет, апа. Үлгеретін шығармын.

-        Анау-мынау бірдеңелерің жетпей жатса - он сегізінші пәтердемін, - деді кара кемпір. - Ұялма!

        Жоғары қарай алып-ұшып келе жатып: «Осы кісілердейтбола алар ма екенбіз» деп ойлаған Үрия. «Енді күнделік сүттен қалмайыншы». Сосын үлкен кісілерді шайға шақырмағанына өкінді. Қатты өкінді.

          Ол табалдырықтан аттасымен шай қамына кіріскен. Кіріскен бойы әлі бүктеуі жазылмаған су жаңа ақшаңқан дастарқанды стол үстіне жайып жіберіп, тойға келген меймандардың тартуы - небір әдемі кесе-шайнек, қасық-шанышқыларды жарқыратып тізе берген. Қызық болды. Лезде бәрін орын-орнына қойып болған соң «қуанышымызға қаншама жақсы кісілер ортақтасты. Қаншама жақсы тілектер айтылды» деп ойлады. «Нұржан екеуіміз қандай бақытты едік!»

          Оттағы шайнек бүрқылдай бастаған кезде Нұржан жатқан бөлменің есігінен жай ғана сығалап еді, ол әлі оянбапты да. Оятуға именді, әлде ұялды ма? Сөйтіп тұрып екеуінің таң алдында ғана көз ілгенін ойлады.

         Нұржан сәскеде бір-ақ оянды. Орнынан қарғып тұрып, екінші бөлмеге өтіп еді, Үрия алтын жалатқан шай қасықтарды сүртіп отыр екен. Дастарқанды сықап қойыпты. Жүгіріп барып, құшақтай алғысы кеп тұрды да, неге екені белгісіз:

-        Түу, ұйықтап қалыппын ғой, - деді.

-        Шай әзір, сүт пісіріп қойдым, - деді Үрия орнынан ұшып тұрып.

-        Мұның бәріне қалай үдебара шыққансың, жаным-ау!

-        Үстіңе бірдеңе киші. Ұят емес пе?

-        Қазір, қазір...

-        Үйде киетін киімдерінді кереуеттің жанындағы орындықтың үстіне қойғам.

-        Қазір, қазір...

          Нұржан асығыс киінді де, жуынып ап дастарқан басына келді. Келді де, жайпай берді. Бұған Үрияның қуанғаны соншалық - өзінің кесесіне шай құюды да ұмытып кетті. Бар тапқаны - ас біткеннің бәрін Нұржанның алдына қарай жылжыта берді, жылжыта берді.

-        Өзің ше.

-        Мені қойшы, - деді Үрия. - Шайдан гөрі бір-екі кесе ыстық сүт ішсең қайтеді.

-        Бүйте берсең, тіпті ерке боп кетермін, - дейді Нұржан.

-        Е, несі бар. Саған еркелік жарасады.

-        Үш жылдан бері осының бәрін неге айтпай жүрсің?

-        Әр жағдаяттың өз кезегі бар емес пе?!

         Шайдан кейін кесе-шайнекті жуып, сүртіп болған соң Үрия кір жумақшы еді, Нұржан жібермеді. Екеуі диванға кеп отырды.

-        Сен ұйықтап жатқанда екі кісімен таныстым, - деді Үрия.

-        О кімдер?

-        Біреуі - көршіміз. Екіншісі...

-        Қарсыдағы үйде тұратын кылжақпас біреу бар еді. Қызылды көзі шалып қалып, алып-ұрып жеткен екен де.

-        He айтып кеттің?

-        Әй, өзі оңбаған-ау. Ұят-аят дегенді мүлдем ұмытқан.

         Үрия оған таңдана қарап қалыпты. - Әйтеуір соны суханым сүймейді.

-        He айтып кеттің? Он сегізінші пәтердегі...

-        Ә-ә! Құртақандай қара кемпір ме? Ал, екіншісі?

-        Сүт сататын апай. Екеуі де сені жер-көкке тигізбей мақтай жөнелгенде, не дерімді білмедім.

-        Түу, сонша... «Табалдырықтан аттамай жатып, таныс іздей бастағаны несі» деп ойлап ем. Бәсе...

-        Нұржан, өтінем. Ендігәрі мұндай сөзді маған айтпа.

-        Қызғанғанның несі айып? Қызғанбаған соң қызығы бола ма?

-        He деп кеттің, жаным-ау?

-        Шын сөзім, - деді Нұржан күліп.

-        Мүмкін емес, мүмкін емес, - дейді Үрия. - Сенбеймін. Сенгім келмейді.

         Үрияның мұңайып қалғанын сезген Нұржан:

-        Әшейінгі әзілге сонша малданып, - деп келе жатыр еді:

-        Бүйтіп әзілдеуге болмайды, - деген Үрия.

        Нұржан аяқ астынан ыңғайсызданып қалды. «Heгe өйттім» деп ойлады.

Күн сөулесі терезеден ауып кетіпті. Жайлап орнынан тұрған Үрия:

-        Түстікке не дайындайын, - деді. Селқос айтты.

-        Іш пысып кетті ғой. Қыдырып қайтайық та, - деді Нұржан.

        Мына сөз Үрияға шаншудай қадалды. Әсіресе, «Іш пысып кетті ғой» дегені. «Мұнысы несі» деп қиналды.

-        He ойлап отырсың, - деген Нұржан. - Үндемей қалдың...

-        Сенің осы үйден қаша жөнелгің кеп, тыпырши бастағаныңа қарағанда...

-        Бізге не болды бұл, - деді Нұржан әлдеқалай тобарсып!- Сөз баққаннан не шығады.

-        Өзің ғой, осы үйге от алуға келген кісіше алаңдай бергенің...

          Нұржан орнынан тұрып, қолға ұстап жүретін жеңіл радиоқабылдағыштың тетігін басып қалды. Сол-ақ екен, шаң-шұң, салдыр-гүлдір бір әуен өңмендей жөнелді. Жаңағы әлгіде аяқ астынан қоңылтақсып қалған Нұржанға осының бәрі өзгеше әсер еткендей еді. Содан болар-ау.

 

-        Институттан кейін төрт-бес жыл салт жүріп қалғандықтан шығар, осы күнге дейін үйде тағат тауып отыра алмай-ақ келем, - деген.

         Мына сөз Үрияға тіптен шаншудай қадалды. «Мұны неге айтты екен» деп ойлайды. «Енді ол дәурен өтті, мәңгілікке тұсалдым», - дегені ме? Өйтіп несіне қинала береді. Үш жыл бойы үлпілдеп келіп-келіп, енді бүгін бүйтіп көлгірсігені - қай тапқаны? Қой, мұның бәрін әшейінгі әзілге жетектетіп жібере берсем...».

-        Тағы не боп қалды?- деген Нұржан сол екі ортада.

         Қабағынан қар ұшқындай бастады білем. Үрия үн-түнсіз, өз ойымен өзі боп отыра берген.

Бөлісу: