VIII БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 10:59

Жаздың аяқ кезі, бала алты айлық болған кезде Балайым тағы ойға қалды. Сосын бір күні Әбдібекке:           Сезіп жүрсің бе?- деген. -        Шамасы аяғың ауырлай бастаған білем. -        Иә. -        Е, несі бар, бір-біріне серік болар. -        Оқуымды қайтемін?          Әбдібек ызыңдап мазаны алған шыбынды қағып тастағандай: -        Co да сөз боп па? Бір реті келер, - дей салды тағы да. Онсыз да тығылып отырған Балайым: -        Зәуімде бір жолыға қалған көңілжықпас жамағайын сияқты бер жағыңмен жұбатқансығаның - қай тапқаның. Осы үйдің отағасысың. Біздің жайымызды да бірауық ойласаң қайтеді, - деген. -        Несіне түрткілей бересің, - деген Әбдібек жайбарақат. -        Институттан шығарып жіберуі де кәдік. -        Шығара алмайды. Ол - бір. Екіншіден, мына баланы кім қарайды, соны ойладың ба?          Балайым бұл жолы да жартымды уәж таба алмай, көкірегіндегі күйініші қыж-қыж қайнап, төмен қараған күйі үнсіз қала берген.             Балайым оқудан біржола қол үзді. Екі жыл үйден ұзап шықпаған соң ба, енді анау-мынауға елеңдеуді де қойған. Бар білетіні - екі баласына қарау. Сосын үй ішінің таусылмайтын күйбеңі. Кей-кейдегі Әбдібектің реніші де, кей-кейдегі оның кешігіп келетіні де, ішіп келетіні де әбден үйреншікті болып кеткен.           Баяғыда оның бәрін ойлай-ойлай әбден таусылып біткен. Әлгі бір күні-түні сыздап ауыратын жараның аузы бұл күндері бітеліп, мүйіз боп қалғандай. Мүйіз боп қалғаны ғой, зәуіммен бірдеңені аңсап, алабұртқан сәттерде де өз-өзін тежеуі оп-оңай. Содан болар, ілбіп өтіп жатқан қоңырқай күндерге біржола мойынсұнып алған сияқты.           Олар баяғы аядай бөлмеде екі жыл тұрған соң жаңа пәтер алды. Үй кеңіп, қол ұзарған соң да Балайым оншалықты селт ете қойған жоқ. Heгe екені белгісіз, жұрт сияқты қызметке бару, әйтпесе, жүртпен әмпей-жәмпей араласу онша қызықтырмайтын секілді. Әйтеуір, есікпе-есік екі көршісімен сіз-біз десіп тұрады. Сол екі үйдегі өзі қатарлы келіншектер жиі келіп-кетіп жүреді. Кейде сырларын айтады. Соның бәрінде де Балайым ештеңеге елігіп кете қоймайды. «Иә-иәмен» қала береді.          Әнебір күні көрші келіншектердің бірі әдейілеп үйіне шақырып, меймандарымен таныстырып, «аз-кем көңіл көтеріп отырайық» дегенде де оны қонақтарының алдында ұялтқысы келмей бір сәтке ғана бөгелді. Соның өзіне әрең-әрең шыдаған. -        Ал, сау болыңдар, - деп асығыс кетіп бара жатқан Балайымға: -        Осы сенің ішің неге пыспайды?- деді көршісі күліп. -        Балаларым ше?- деген ол таңданған пішінмен.              Айдың аяқ кезі болатын. Кеңседе тез құнттайтын шаруа көбейш кетті, Әбдібектер сенбі күні де қызметке келген. Әдетінше тағат таба алмай, көрші бөлменің есігін ашып еді, бухгалтериядағылар да түп-түгел екен - тойға жиналғандай-ақ шетінен өсем киініп алған. Әбдібектің амандасуы мұң екен, бәрі күлімсірей қарап қалыпты. Тек Жамал ғана болмашы бас изеген боп, бей-жай отыра берген.          Кабинетіне келген соң «Жамалдың мұнысы несі» деп ойлаған. «Әлде біреу-міреу бірдеңе деді ме екен?». Сосын бір сәттері «әншейін, көптің көзінше ұялғаны шығар» деп өз-өзін жұбатқан болды.          Әбдібек тиесілі шаруасын асығыс оңтайлап боп, әрі-бері Жамалды күтіп еді, келмеді. Өзі бухгалтерияға баруға именді. Бәрі қағаздан бас алмай жатқанда - ұят қой. Қанша байыптанса да көңілі тыншымай қойды. Қызыл көйлегімен жарыса сұлу жүзі алаулап, Жамал қазір жүгіріп келетіндей, алаңдай берген. Алаңдап отырып: «Бұ қалай өзі? Мазақ қылғаны ма?» деп ойлады.         Әрі-беріден кейін үй ішіне де бір соғып өткен. Әлгі бала жылап Балайым түні бойы көз ілмеген. Манна таңертеңгілік әбден шыдамы таусылған соң бір мезгіл жұбатпақшы боп, әуреленіп көріп еді, одан сайын шырылдап, тіптен көнбей қойды. Содан: -        Жағы сенбейтін бұ не пәле өзі!- деп төсегіне топ еткізіп жатқыза салған.           Күн өткен сайын Балайымнан да, балаларынан да бірте-бірте қашықтап бара жатқанын сезеді. Кейінгі кездері ондай сәттерде дереу Жамалды іздейтін боп жүр. Құлазыған көңіліне сол ғана медеу бола алатындай. Міне, қазір де Жамалды көруге, онымен жылы-жылы сөйлесіп, сыр ашуға ынтық боп отыр. Сәті түссе, қатпар-қатпар әңгіменің бар тізгінін бос жіберуге әбден бекініп алған.              Түс қайта жұмыс бітті. Жұрт бір-бірлеп тарай бастады. Бухгалтериядағылардан ертерек шыққан Әбдібек жақын көшенің қиылысына кеп аялдаған - Жамалды күтпекші. Ойы әрі-сәрі. «Мені қайтесіз, әйеліңіздің екі көзі төрт боп отыр ғой, ертерек барсаңызшы», деп өте шықса қайтем» деп те қиналады. Қинала тұрып - қимайды. «Өйтпейтін шығар. Өйтпеуге тиіс». Әлден уақыттан кейін Жамал жанынан өте бергенде: -        Сәл кідіре тұршы, - деген ентіге. -        Бір-бірімізді жаңа көргендей қалт тұра қалғанша, жүр сөйлесейік те. -        Анада бір «шақырғанмен бармайтыныңызды білем», деп ең. Сол ықыласыңнан айнып қалған жоқпысың? -        Айнымасам қайтеді. -        Шақырғанға бармасаң - шақыруға зар боларсың демеуші ме еді. -        Оған зар болмай-ақ қойыңыз. -        Heгe? -        Шынымен-ақ қалауыңыз сол болса, шақыруым қашпас. Бірақ бүгін болмайды. -        Heгe? -        Әзірленуім керек. -        Маған қара су да жетеді. -        Мен үшін ең қымбат мейман екеніңізді ұмытпаңыз. -        Сонда да. -        Жоқ, болмайды. Ертең күтемін.          Жамалдың «ертең күтем» дегені Әбдібекке соншалық жылы естілген. Co сөзді тағы естігісі кеп: -        Күтесің ғой, - деген балаша тақақтап. -        Күтем, - деді кенет ауыр күрсінген Жамал. Әбдібек сол «күтем» деген сөзді құшақтап қала берген. Жамал қызыл көйлегі алаулап, жеңіл басып ұзап барады.          Әбдібек әлден соң анадай жердегі қисық орындыққа отырып алып, ұзақ керілді. Сосын сағатына қарады. Үштен асып барады екен. Сосын «әлгі Балайым жаңа костюмім мен ақ көйлегімді өтектеп қойды ма екен» деп күбірледі. Сосын ертең Жамалдың үйіне мұп-мұздай киініп ап, гүл ұстап баратынын ойлап, тағы да рахатгана керілген.             Кешкілік Әбдібек ертең Жамалдың үйіне баратынын ойлап, көңілі өсіп, дүрдиіп жатқан-тын. Қазан-табақты жуып, сүртіп, керекті киімнің бәрін өтектеп, балаларын ұйықтатып болған соң, Балайым бір қиялмен күйеуінің жанына кеп: -        Мені күтіп жатырсың ба?- деп еркелей еңкейе беріп еді, Әбдібек: -        Осы сенің үсті-басыңнан күлімсі бір иіс шығады. Жүректі айнытатын, -      деді қатқыл дауыспен.         Біреу дәл төбесінен оңдырмай қойып қалғандай Балайым сүйретіле, кейін қарай ысырыла берген. Сол сәт шыт көйлегінің кір-кір өңіріне екі-үш ыстық тамшы үзіліп-үзіліп түсті... Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Жаздың аяқ кезі, бала алты айлық болған кезде Балайым тағы ойға қалды. Сосын бір күні Әбдібекке:

          Сезіп жүрсің бе?- деген.

-        Шамасы аяғың ауырлай бастаған білем.

-        Иә.

-        Е, несі бар, бір-біріне серік болар.

-        Оқуымды қайтемін?

         Әбдібек ызыңдап мазаны алған шыбынды қағып тастағандай:

-        Co да сөз боп па? Бір реті келер, - дей салды тағы да. Онсыз да тығылып отырған Балайым:

-        Зәуімде бір жолыға қалған көңілжықпас жамағайын сияқты бер жағыңмен жұбатқансығаның - қай тапқаның. Осы үйдің отағасысың. Біздің жайымызды да бірауық ойласаң қайтеді, - деген.

-        Несіне түрткілей бересің, - деген Әбдібек жайбарақат.

-        Институттан шығарып жіберуі де кәдік.

-        Шығара алмайды. Ол - бір. Екіншіден, мына баланы кім қарайды, соны ойладың ба?

         Балайым бұл жолы да жартымды уәж таба алмай, көкірегіндегі күйініші қыж-қыж қайнап, төмен қараған күйі үнсіз қала берген.

 

          Балайым оқудан біржола қол үзді. Екі жыл үйден ұзап шықпаған соң ба, енді анау-мынауға елеңдеуді де қойған. Бар білетіні - екі баласына қарау. Сосын үй ішінің таусылмайтын күйбеңі. Кей-кейдегі Әбдібектің реніші де, кей-кейдегі оның кешігіп келетіні де, ішіп келетіні де әбден үйреншікті болып кеткен.

          Баяғыда оның бәрін ойлай-ойлай әбден таусылып біткен. Әлгі бір күні-түні сыздап ауыратын жараның аузы бұл күндері бітеліп, мүйіз боп қалғандай. Мүйіз боп қалғаны ғой, зәуіммен бірдеңені аңсап, алабұртқан сәттерде де өз-өзін тежеуі оп-оңай. Содан болар, ілбіп өтіп жатқан қоңырқай күндерге біржола мойынсұнып алған сияқты.

          Олар баяғы аядай бөлмеде екі жыл тұрған соң жаңа пәтер алды. Үй кеңіп, қол ұзарған соң да Балайым оншалықты селт ете қойған жоқ. Heгe екені белгісіз, жұрт сияқты қызметке бару, әйтпесе, жүртпен әмпей-жәмпей

араласу онша қызықтырмайтын секілді. Әйтеуір, есікпе-есік екі көршісімен сіз-біз десіп тұрады. Сол екі үйдегі өзі қатарлы келіншектер жиі келіп-кетіп жүреді. Кейде сырларын айтады. Соның бәрінде де Балайым ештеңеге елігіп

кете қоймайды. «Иә-иәмен» қала береді.

         Әнебір күні көрші келіншектердің бірі әдейілеп үйіне шақырып, меймандарымен таныстырып, «аз-кем көңіл көтеріп отырайық» дегенде де оны қонақтарының алдында ұялтқысы келмей бір сәтке ғана бөгелді. Соның өзіне әрең-әрең шыдаған.

-        Ал, сау болыңдар, - деп асығыс кетіп бара жатқан Балайымға:

-        Осы сенің ішің неге пыспайды?- деді көршісі күліп.

-        Балаларым ше?- деген ол таңданған пішінмен.

   

         Айдың аяқ кезі болатын. Кеңседе тез құнттайтын шаруа көбейш кетті, Әбдібектер сенбі күні де қызметке келген. Әдетінше тағат таба алмай, көрші бөлменің есігін ашып еді, бухгалтериядағылар да түп-түгел екен - тойға жиналғандай-ақ шетінен өсем киініп алған. Әбдібектің амандасуы мұң екен, бәрі күлімсірей қарап қалыпты. Тек Жамал ғана болмашы бас изеген боп, бей-жай отыра берген.

         Кабинетіне келген соң «Жамалдың мұнысы несі» деп ойлаған. «Әлде біреу-міреу бірдеңе деді ме екен?». Сосын бір сәттері «әншейін, көптің көзінше ұялғаны шығар» деп өз-өзін жұбатқан болды.

         Әбдібек тиесілі шаруасын асығыс оңтайлап боп, әрі-бері Жамалды күтіп еді, келмеді. Өзі бухгалтерияға баруға именді. Бәрі қағаздан бас алмай жатқанда - ұят қой. Қанша байыптанса да көңілі тыншымай қойды. Қызыл

көйлегімен жарыса сұлу жүзі алаулап, Жамал қазір жүгіріп келетіндей, алаңдай берген. Алаңдап отырып: «Бұ қалай өзі? Мазақ қылғаны ма?» деп ойлады.

        Әрі-беріден кейін үй ішіне де бір соғып өткен. Әлгі бала жылап Балайым түні бойы көз ілмеген. Манна таңертеңгілік әбден шыдамы таусылған соң бір мезгіл жұбатпақшы боп, әуреленіп көріп еді, одан сайын шырылдап, тіптен көнбей қойды. Содан:

-        Жағы сенбейтін бұ не пәле өзі!- деп төсегіне топ еткізіп жатқыза салған.

          Күн өткен сайын Балайымнан да, балаларынан да бірте-бірте қашықтап бара жатқанын сезеді. Кейінгі кездері ондай сәттерде дереу Жамалды іздейтін боп жүр. Құлазыған көңіліне сол ғана медеу бола алатындай. Міне, қазір де Жамалды көруге, онымен жылы-жылы сөйлесіп, сыр ашуға ынтық боп отыр. Сәті түссе, қатпар-қатпар әңгіменің бар тізгінін бос жіберуге әбден бекініп алған.

  

          Түс қайта жұмыс бітті. Жұрт бір-бірлеп тарай бастады. Бухгалтериядағылардан ертерек шыққан Әбдібек жақын көшенің қиылысына кеп аялдаған - Жамалды күтпекші. Ойы әрі-сәрі. «Мені қайтесіз, әйеліңіздің екі көзі төрт боп отыр ғой, ертерек барсаңызшы», деп өте шықса қайтем» деп те қиналады. Қинала тұрып - қимайды. «Өйтпейтін шығар. Өйтпеуге тиіс».

Әлден уақыттан кейін Жамал жанынан өте бергенде:

-        Сәл кідіре тұршы, - деген ентіге.

-        Бір-бірімізді жаңа көргендей қалт тұра қалғанша, жүр сөйлесейік те.

-        Анада бір «шақырғанмен бармайтыныңызды білем», деп ең. Сол ықыласыңнан айнып қалған жоқпысың?

-        Айнымасам қайтеді.

-        Шақырғанға бармасаң - шақыруға зар боларсың демеуші ме еді.

-        Оған зар болмай-ақ қойыңыз.

-        Heгe?

-        Шынымен-ақ қалауыңыз сол болса, шақыруым қашпас. Бірақ бүгін болмайды.

-        Heгe?

-        Әзірленуім керек.

-        Маған қара су да жетеді.

-        Мен үшін ең қымбат мейман екеніңізді ұмытпаңыз.

-        Сонда да.

-        Жоқ, болмайды. Ертең күтемін.

         Жамалдың «ертең күтем» дегені Әбдібекке соншалық жылы естілген. Co сөзді тағы естігісі кеп:

-        Күтесің ғой, - деген балаша тақақтап.

-        Күтем, - деді кенет ауыр күрсінген Жамал. Әбдібек сол «күтем» деген сөзді құшақтап қала берген. Жамал қызыл көйлегі алаулап, жеңіл басып ұзап барады.

         Әбдібек әлден соң анадай жердегі қисық орындыққа отырып алып, ұзақ керілді. Сосын сағатына қарады. Үштен асып барады екен. Сосын «әлгі Балайым жаңа костюмім мен ақ көйлегімді өтектеп қойды ма екен» деп күбірледі. Сосын ертең Жамалдың үйіне мұп-мұздай киініп ап, гүл ұстап баратынын ойлап, тағы да рахатгана керілген.

            Кешкілік Әбдібек ертең Жамалдың үйіне баратынын ойлап, көңілі өсіп, дүрдиіп жатқан-тын. Қазан-табақты жуып, сүртіп, керекті киімнің бәрін

өтектеп, балаларын ұйықтатып болған соң, Балайым бір қиялмен күйеуінің жанына кеп:

-        Мені күтіп жатырсың ба?- деп еркелей еңкейе беріп еді, Әбдібек:

-        Осы сенің үсті-басыңнан күлімсі бір иіс шығады. Жүректі айнытатын, -      деді қатқыл дауыспен.

        Біреу дәл төбесінен оңдырмай қойып қалғандай Балайым сүйретіле, кейін қарай ысырыла берген. Сол сәт шыт көйлегінің кір-кір өңіріне екі-үш ыстық тамшы үзіліп-үзіліп түсті...

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: